СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Гимнастикалық жаттығулар

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары оқушыларға тапсырмалардың орындалуын көрсетеді

Просмотр содержимого документа
«Гимнастикалық жаттығулар»

Сабақ жоспары 17-18


Ұзақ мерзімді жоспар бөлім 3

Мектеп: Шымкент каласы ФМБ НЗМ

Күні: 6-11.11.2017

Сынып: 7 Мұғалімнің аты-жөні: Гасанов Н.А

Сабақ тақырыбы: Гимнастикалық жабдықтардағы жаттығулардың түрлілігі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1. Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Гимнастикалық жабдықтардағы түрлі жаттығулар орындауды үйрету


Кәсіби даму мақсаты

Белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың қозғалыс әрекетін дамыту.

Бағалау критерилері

Гимнастикалық жабдықтардағы түрлі жаттығуларда қозғалыс әрекеттерін орындауды қолданады.

Тілдік мақсаттар

акробатика және ырғақты гимнастика элементтерін білуді көрсете және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • бұрылулар, аударылып түсулер, тік тұрулар

  • гинастикалық снарядтар

  • арқан, саты, кермелер

  • гимнастикалық жабдық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

    • Сендер тағы қандай бірлескен жаттығулар орындай алар едіңдер?

    • Ұсынылған оқу тапсырмаларында сендерге қандай ерекше қозғалыс әрекеттерін орындауға тура келді?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Командалық жұмыс жүргізуге дағдыландыру

Пәнаралық байланыстар

Адам ағзасындағы өзгерістерді анықтау.

Бастапқы білім

Гимнастика туралы жалпы түсінік

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут


Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу

Сабақтың мақсатын түсіндіру .

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Топтық, жұптық, командалық сергіту ойындары. Оқушыларды екі топқа бөліп баскетбол ойынының балама түрін ұсыну Сынып екі топта доппен шектелген алаңқайда ойнайды.

Допты бір-біріне тұрған күйде беруге болады. Ойыншылар алаңда тек доп болмаған жағдайда қозғала алады. Ұпайды допты анықталған жерге жеткізген команда алады. Анықталған жер – сызық сыртында (сызықты төсеніш, шеңбер алмастыра алады).


Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10 минут








15 минут

(Ж, Б) Оқушылар жұптарда және шағын топтарда жұмыс істеп, гимнастикалық снарядтардағы элементтерді кешенде орындайды және қауіпсіздік ережесімен танысады.

(Ж, Қ) Кіші ағаш аттан секіру тапысырмалары.

Әрбір секіру кезінде мына төмендегі секіру элементтері орындалады: аяқты жерге тіреп серпілуге дайындалу, серпілу, ұшу, жерге түсу.

Саралау

Оқушылардың физиалогиялық ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды орындау.

- секіргіште секіріп матрас үстіне екі аяқпен қону.

-кіші ағаш атты екі қолмен үстап түрып секіргіште жоғары сермелу.

-екі аяқпен секіргіш көмегімен кіші ағаш аттан оң немесе сол жанға өте секіру

Дескриптор
-секіру кезінде қауіпсіздік ережесін біледі.

-кіші ағаш атты екі қолмен үстап түрып секіргіште жоғары сермеледі.

-екі аяқпен секіргіш көмегімен кіші ағаш аттан оң немесе сол жанға өте секіреді

Бағалау

Оқушылар берілген дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, гимнастикалық маттар, таяқтар, әр түрлі доптар, құрсаулар, гимнастикалық көпір, батут


15 минут
























15 минут

2 сабақ

Оқушыларға сергіту сәтін өткізу үшін, мұғалім гимнастикалық элементтерден құралған эстафеталық ойынды ұсынады.

(Б, Ф) Командалардан 10 м арақашықтықтар екі оқушы тұрады және құрсауларды еденде тік күйінде ұстайды. Құрсаудың артында гимнастикалық маттар жатады және одан әрі бағандар тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша командалардағы бірінші ойыншылар жүгіреді, құрсауға алға қарай аударылып түсіп секіреді, одан әрі бағандарды айналып өтеді және кері құрсаудан өтеді (жүгіріп өтеді) де, эстафетаны келесі ойыншыға береді.

Тапсырма 1

(Ж, Қ) Сыныпты бірнеше топтарға бөлу, еденде гимнастикалық элементтер құрастыру бойынша тапсырма беру

-аударылып түсу,

-бұрылу,

-домалау,

-тік тұру,

-тепе-теңдік.


Саралау

Оқушылардың физиалогиялық ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды орындау.

  • Оқушылар етбетінен жатып жанға домалайды

  • Оқушылар төсеніш үстінен екі тізені құшақтап жұмыртқа тәрізді домалайды.

  • Төсеніш үстінде артқа домалау.

Дескриптор

-алға домалау жаттығу жасаушы жиырылып отыра алады,

-бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіп тұрады.

-аяқты тіреп итеріліп алға домалап түседі.

-домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұрады

-артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіреді және аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түседі.

Бағалау

Оқушылар бірін бірі «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалау.

Оқушылардың қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту мақсатында жеңілдетілген ережемен спорттық ойындар үсыну.



Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, гимнастикалық маттар, арқан











Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

-Тапсырманы толық менгере алмаған оқушыларға көмектесу үшін топтық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

- Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беріледі.

- Оқушыларға физикалық жүктемелер беру кезінде санын көбейту.

-Оқушылардың физиалогиялық ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды орындау.

Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

Бірін брі бағалау.

Топтық бағалау.

Мұғалімнің бағалауы.

Гимнастикалық жабдықтарда тапсырмаларды орындау кезінде көмешінің көмегімен орындау керек .

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?