| Grammatical features of the english language» атты авторлық бағдарламасында грамматикалық, ережелер мен құрылымдарды сауатты қолданып, оқушыларға қазақ тілінің негізінде шетел тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс, еркін баяндай білуге дағдыландыру сияқты іскерлік дағдыларын қалыптастыруға және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамытуға ықпалын тигізеді. Ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы басқа да көптеген белгілердің болуымен сипатталады: көсемшелердің көп мағыналы-лығы мен түрленуі, субъектіні предикат етістігімен дұрыс үйлестіру қажеттілігі, бір болымсыздықты қолдану және т.б. нормаларды жүйелі түрде зерделеу, оларға тән бірнеше ерекшеліктерді ескере отырып, шет тілін меңгеруге және кез келген лексикалық құрылымдарды дұрыс түсіндіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның өзектілігі: Бұл материалдың мақсаты оқушыларға шартты сөйлемдердің негізгі түрлерін түсінуге және оларды сөйлеу мен жазуда дұрыс қолдануды үйренуге көмектесу болып табылады. Материалды оқу барысында оқушылар шартты сөйлемнің әр түрінің ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды қолдану мысалдарын біледі. Оқушыларға ағылшын тілінің грамматикасын үйрету, ағылшын тіліндегі грамматикалық ережелерді ескере отырып, грамматикалық айтылымдар мен құрылымдарды сауатты пайдалануға машақтандыру болып табылады. Бұл бағдарлама оқушыларға граммати-калық талдаулардың әртүрлі түрлерін сенімді түрде қолдануға көмектеседі және грамматиканы үйрену процесін қызықты әрі түсінікті етеді деп күтілуде. Бұл бағдарламаны жасаудың негізгі мақсаты жалпы білім беретін мектепің орта буын оқушыларының тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, құрамында ағылшын тілінде грамматикалық түсініктімелер, жаттығулар, сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін арттыруға шумақ өлеңдер, логикалық тұрғыда дамытуға түрлі тақырыптағы тапсырмалар енгізілген. Жұмыс барысында оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуге, жоба жұмыстарын қорғау барысында бір-бірлерін бағалап, талдауға дағдыланады. Бағдарламаның тиімділігі оқушыны жан жақты дамыту болып табылады. Әрбір алынған тақырып оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жасалған. Білім алушылардың ағылшын тілінің грамматикасын оқуға деген ынтасын арттыру. Авторлық әзірлеменің олардың оқуына оң әсерін көрсететін білім алушылардың пікірлері мен реакциялары. Бағдарлама 9-сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаның қажеттілігі оның оқуы оқушыларға өзінің әлеуетін білім беру тұрғысынан бағалауға көмектесетіндігінде.Бұл курс оқу процесін дараландыруға ықпал етеді. Ол оқушылардың ағылшын тілін меңгерудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттал-ған, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Курс ағылшын тілінің грамматикасын білуді кеңейтеді және тереңдетеді, қызығушылықты сақтайды, болашақ мамандығы үшін оны одан әрі оқу қажеттілігін сезінеді, ынтасын арттырады. Курсты оқу 8 - сыныпта 34 академиялық сағатқа есептелген. Бағдарламаның міндеттері: 1. Оқушылар ақпаратты оңай игере алатындай етіп материал құрылымдалған және логикалық түрде ұйымдастырылған болуы керек. 2. Оқу процесін ынталандыру үшін материал қызықты және аудиторияға қатысты болуы керек. 3. Материал әр түрлі болуы керек және әр түрлі тапсырмаларды қамтуы керек, сонда оқушылар жан-жақты дағдыларды дамыта алады. 4. Материал барлық оқушыларға тілдік дайындық деңгейіне қарамастан түсінікті және қол жетімді болуы керек. 5. Оқушылар өздерінің жетістіктерін оңай қадағалап, алға қойған мақсаттарына жетуі үшін материал жүйелі түрде құрылымдалған болуы керек. «Grammatical features of the english language» курсының міндеттері: Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу. Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту. Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту. |