СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Грамматикалық тапсырмалар

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

в этой разработке даны задания для учащихся 3-4 классов по казахскому языку.Также в конце определенных заданий тесты  и диктанты.

Просмотр содержимого документа
«Грамматикалық тапсырмалар»

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым

Айтылым

Оқу мақсаттары

2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/ сипаттау

2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді

• Сюжетті суреттер бойынша қарапайым мәтін құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.





2.3.4.1 - мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру.

4-бөлім: Туған өлкем

Менің аулам

2.2.2.1 - сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)

2.4.5.1 - мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді дұрыс жазу.

1

Аулада ойнаймын

2.1.5.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздері, сөз тіркесі бойынша мазмұнын болжау .

2.4.4.1 - бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазу.

Тазалық сақтаймыз

2.1.4.1 - тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, мұғалімнің қолдауымен жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау

2.2.5.1 - мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір («мен ...деп ойлаймын», «мен...деп санаймын», «маған... сияқты»,» маған... тәрізді») білдіру.

Ағаш отырғызамыз

2.2.2.1 - сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)

2.2.6.1 - ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау.

2.3.1.1 - шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып)/рөлге бөліп оқу.

Ауылға барамын

2.2.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану.

2.3.1.1 - шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып)/рөлге бөліп оқу.

Атамның ауылы үлкен

2.1.2.1 - баяу және анық айтылған жиі қолда-нылатын сөздерден құралған қарапайым фраза-лардың мағынасын түсіну

2.3.4.1 - мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/ постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру.

Астана-таза қала

2.1.5.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздері, сөз тіркесі бойынша мазмұнын болжау.

2.4.2.1 - оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркес-терін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу

Қазақ тілінен  2 сыныпқа арналған  жұмыс дәптері 

 Жұмыс дәптерінің спецификасы: 

1.Тақырыбы: Қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі төмен оқушыларға арналған тапсырмалар топтамасы. 

2.Мақсаты: Арнайы дайындалған тапсырмалармен жүйелі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы үлгерімі төмен оқушыларға материалды меңгерту. 

3.Міндеттері:1.Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын көтеру.

2. Қазақ тілі пәнінен оқушының білім деңгейін анықтау.

4. Тапсырмалар мазмұны: Тапсырмалардың қиындығы әр тақырып бойынша үш деңгейде беріледі, мемлекеттік стандарт негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай бағыттағы тапсырмалардан тұрады. Бірақ бала үлгерімі ескеріліп, тапсырмалар міндетті түрде үлгісімен, бір-екі дұрыс жауабымен жалғастыру мақсатында беріледі. 

5. Тапсырма жоспары: Әр сабақта 3 тапсырмадан орындайды. 

6. Күтілетін нәтиже: 
1. Қазақ тілі пәнінен меңгерілуі қиын материалды міндетті деңгейде үйреніп шығады. 
2. Жекелей берілген тапсырмаларды орындау арқылы үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасы артады. 
3. Сауатты жаза алатын, сөздік қоры молайған оқушы тәрбиеленеді. 

1-сабақ. 1 тапсырма 

1.У дыбысының қай сөзде дауысты, қай сөзде дауыссыз етіп екіге топтастыр. 

Ауа, тау, улы, айту, дауыс, тоқу, оқу, отау, сауысқан, егеу, керуен, сурет, елу, зәулім, сатушы, сусын, келу. 
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 

Оқушылар сер..енге шықты. 2. Қонақтардың қолына с... құйды. 3. Олар қолдарын ж...ды. 4. Қымыз – шипалы с...сын. 5. Аш...дастың емдік қасиеті көп. 

2 тапсырма 1. Сый, тый және бұлардан таралған сөздер құрастыр. 

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 


Күр...к, Ақт...бе, өск...ле..., күнд...з, ұз...н, үск...р...к, жұлд...з, түй...нш...к, күңг...рт, бүт...ндей, құм...рсқа, қ...лақ, алаб...ға, б...лб...л, м...хит, ала...ай, та...ертең, к...тер...л...п. 

3 тапсырма 1.Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз: 


Еңбекті... на... ы тәтті, Жалқауды... жа... ы тәтті. 

  1. Ңғ, нг,ңг әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. 


Жауы(ңғ, нг)ер, се(нг, ңғ)іш, бұры(нг, нғ, ңғ)ы, ша(нг, ңғ)ы, ә(ңғ, ңг)іме, үзе(нг, ңғ, ңг)і, қара(ңғ, нғ)ы. 

2- сабақ.  1-тапсырма.  Сөздердегі дауыссыз дыбыстарды дөңгелет. 
Үтір, нүкте, сызықша, тырнақша, жол, оқиға, сабақ, парақ, тақырып, мәтін. 

2-тапсырма. Төмендегі шарттарды орында 

а)Жуан және жіңішке буынды сөздерді тап 

ә) Қатаң,ұяң, үнді дыбыстарға біткен түбір сөздерді тап 

б)Ашық, бітеу, тұйық буынды сөздерді ажырат 
Кеше нөсерлеп жаңбыр жауды. Жаңбырдан кейін кемпірқосақты көрдім. Кемпірқосақ алуан түсті екенін байқадым. Аспаннан күн сәулесі түскенде, сен оны аппақ жарық ретінде көресің. Кемпірқосақтың жеті жолағы бар. Кемпірқосақ жолақтары қызыл,қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін түсті болады. 
3-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастыр. 
Үлгі: Мен бесінші сыныпта оқимын. 
Екінші, жаңа, қызыл, барамын, ертең.

3-сабақ. 1-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. 

  1. Аяғын, басады, әрең, құлыншақ 

  2. Адамға, пайда, құстар, келтіреді, көп. 

  3. Үйлер, көрінді, биік, алыстан. 

  4. Бар, кітаптар, қызық кітапханада. 

2-тапсырма. Сөйлем соңындағы ма, ме, па, пе, ба, бе бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма? Жақшаны ашып, дұрысын жаз.

1.Түскі тамаққа кешік(пе). 2. Орталыққа кеткендер келіп(пе). 3. Айтқанды түсіндің(бе). Қараңғыға қал(ма). 4. Күн суытты(ма). 5. Әрқашан қатарыңнан қал(ма). 6. Қосымша сабаққа қалды(ма).

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.

Ернардың жазуы әдемі. Әнші болсам ба екен? Менің туған жерімнің табиғаты сұлу. Мен көк аспанға самғайтын ғарышкер болғым келеді.

4-сабақ. 1-тапсырма. Ашық буынға 10 мысал келтір.Ол жалғыз дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады. М: а-на. 
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
2-тапсырма. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жаз.

Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер).

3-тапсырма. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жаз.

Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы. Кім?.......Не? .......Кімдер?........Нелер?........ 

5-сабақ. 1-тапсырма.Төменде берілген тұйық буынды сөздерді аудар. 
Он, ұн, ел, ән, аң, ол, ұлт, өрт, ет, үн. 
..................................................................................................... 
2-тапсырма. Төмендегі етістіктерді оқып, сұрақтарын қой. 
Орындадым, барамын, көрдім, көремін, жүгіремін, секіремін, ойнайды, есептейді, сұрайды, келесің. 

3-тапсырма. Осы етістіктерден 3 сөйлем құрастыр. 
Үлгі: Мен үй жұмысын орындадым. 
...........................................................................................
 6-сабақ.  1-тапсырма. Бітеу буын мысалдарын толықтыр. 
Нан, шаң, қаң-тар, күз, ....................................... 
........................................................................................... 
2-тапсырма. Берілген сөздерге жұрнақтар қосып жаз және түбірмен жұрнақтарды белгілерімен көрсет. 
ас – аспаз, сурет - суретші

ән - ... заң - ... күй - ... сәулет - ...жылқы - ... зер - ...


3-тапсырма. Сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын тап.Үлгі: Арман сабақ оқып отыр
Айнұр сурет салып отыр. Мен жүгіремін. Біз мұражайға барамыз. Сендер ән айтыңдар. 
7-сабақ. 1-тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрастыр. 

  1. Жылы, 2016, ол, салынған. 

  2. Арал, үлкен, көлдің, кіші, және, ортасы, бар. 

  3. Суы, тұзды, көлдің. 

  4. Келеді, жылда, мұнда, адамдар. 

2-тапсырма. Жақша ішіндегі сұраққа жауап беріп, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Алма ...(қайда?) өседі. Ай сәулесі суға ...(қайтті?). (Кім?) ... шелекке су құйды. Мерей ...(қандай?) кітаптарды көп оқиды. Самал ...(немен?) ойнады.

Керекті сөздер: түсті, бақта, Әлижан, қызықты, күшікпен. 
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойыңдар.

.. көз, .....нан, ......ет, .........көйлек, ..........сүт, ..............тамақ, ..............сорпа, ......айран, ............бауырсақ,

Керекті сөздер: жұмсақ, жасыл, ақ, әдемі, жылы, дәмді, сұйық, тәтті, 

 8-сабақ. 1-тапсырма.Қатаң дауыссыздарды жазып шық. 
П,С,Т......................................................................................... 

2-тапсырма. Керекті сөздермен сөйлемдерді аяқта. 
Біз ертең ................... Олар киноға ................. Айнұр ........... 
сыныпта оқиды. Мен ............... сыныпта оқимын.

Керек сөздер: екінші, барамыз, барады,бесінші.

3-тапсырма. «Адасқан әріптер » ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар. 

  1. Р, О, Б (бор) 

  2. П, А, Т, І, К (кітап) 

  3. М, А, Л, А, Қ (қалам) 

  4. Р, Е, Т, П, Ә, Д (дәптер) 

  5. Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш) 

  6. Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш) 

9-сабақ. 1-тапсырма. Үнді дауыссыздардан тұратын сөз жаз. 
Үнділер: р, л, м, н, ң, й 
................................................................................. 
................................................................................ 
2-тапсырма. -ау,-еу жұрнақтарымен жинақтық сан есімдер жаса. 
Бір...., ек/і/....., үш...., төрт...,бес...,алт/ы/....,жет/і/...

3-тапсырма. Сөздерді салыстыра отырып, екі топқа бөліп жаз .

Бейнекамералар, тоғай, сөз таптары, дауысты дыбыс, сағат, терезелер, ата, бауыр, құстар, түбір . 

10-сабақ.1-тапсырма. Әсемпаз, мектеп, оқушы сөздеріне дыбыстық талдау жаса.


2-тапсырма. Жалқы есімдерге жататын кісі аттарын жаз. 
3-тапсырма. Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздер тауып жаз. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде. -тер -дар -лар 

11-сабақ. 1-тапсырма. Сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жаз.

Жуас, таза, биік, сұйық, жүйрік, ұзын.

Үлгі: жуас ат, ... 
2-тапсырма. Жапырақтар қандай болады? Жапырақ....... 

3- тапсырма. Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.

Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай?) кітап оқыдым. Бізге (қандай?) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай?) үйлер көбейді.

12-сабақ.  1-тапсырма. Ұяң дауыссыздардан тұратын сөз жаз. 
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з.

2-тапсырма. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемді көшір. 
Ерасыл 9 жаста. Ағасы Азамат 11 жаста. Ал қарындасы Назира 7 жаста. 

3-тапсырма. Сан есім + зат есім сызбасына 5 мысал жаз. 
Екінші пәтер............................................................................. 

 13 – сабақ. 1-тапсырма. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Айдана (мектеп) барды. (Театр) адам көп. Ол (дүкен) нан сатып алды. (Бала) аула тазалады.

2-тапсырма. Дене шынықтыру пәнінде қандай іс қимыл жасайсың, етістіктермен дәлелде.

3-тапсырма. Сан есімдерге -ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жаз. Сонда оларға қандай сұрақ қойылады?

Үш күн, екі ай, алты бала, жеті ата, тоғыз пәтер.

Үлгі: үш күн – үшінші күн, ... 

 
Тіл және сөйлеу 1.Сөз не үшін қажет?  а) ойнау      ә) сөйлеу             б) ән айту 

2.Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?  а)тіл            ә) ауыз                  б) көз 
3.Тіл арқылы не үйренуге болады?  оа) білім алады, ғылымды үйренеді ә) ойнайды, жүгіреді, б) көреді,билейді

4.Қай сөйлем дұрыс байланысып, жазылған? 

а) Қыс қызығы басталды. ә) Ұнады сабақ бәрімізге. б) Кірді мектепке оқушылар. 

5.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:  а) құл-ын-шақ   ә) құ-лын-шақ   б) құ-лы-нш-ақ 

6.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап: а) ба-уырсақ   ә) бау-ырсақ    б) бауы-расақ
7. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған? 

а) кітаб      ә) кітап         б) кітәп 

8.Бір буынды сөзді тап  а) жер                   ә) кітап                б) күнделік 

9.Екі буынды сөзді тап  а) тал                 ә) Отан                 б) жауқазын 

10.Үш буынды сөзді тап  а) қала                ә) балалық            б) ақын 

11.Мәтінде неше сөйлем бар? 

Көктем келді. Күн жылынды. Жаңбыр жауды. Жер беті көгерді.

а)  5           ә)  9               б)  4
12.«Аққала» сөзінде неше дыбыс бар?  а)  3               ә)  5                 б)  6 

13.Мына сөздің дұрыс жазылуын тап.  а)  жұлдүз         ә)  жұлдыз      б)  жұлдұз 

14.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?  а) 36 әріп            ә) 40 әріп            б) 42 әріп 

15.Сөйлем неден құралады?  а) Сөзден      ә) әріптен     б) дыбыстан 

16.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап  а) о – қу — шы        ә) оқ – у – шы           б) оқу — шы 

17.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?  а) бөлек       ә) бірге           б) жұптасып 

18. Жуан айтылатын сөзді тап  а) оқушылар           ә) әншілер       б) күйшілер 

19. Жіңішке айтылатын сөзді тап  а) теңізшілер      ә) малшылар       б) доптар 

20.Тиісті сөзді тауып белгіле  Біздің туымыздың түсі … а) қызыл                ә) ақ            б) көгілдір

Дыбыс және әріпті қайталауға арналған  тест сұрақтары 

1 нұсқа 

1.Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. 

а) тау               ә) сусын                   б) әуен 

2.Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап. 

а) қауын           ә) сурет                      б) елу 

3.Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап. 

а) мал                  ә) бұлақ                       б) кітап 

4.Ұяң дыбыстан басталған сөді тап. 

а) ғарыш         ә) ұршық                      б) парақ 

5.Үнді дыбыстан басталған сөзді тап. 

а) бұзау                ә) қозы               б) лақ 

6.Дұрыс жазылған сөзді тап. 

а) сайа                 ә) сая                  б) саий 

7.Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады? 

а) Ұ              ә) У                б) Ү 

8.Жұп дауысты дыбыстар қатарын көрсет:

а) а-ә,ұ-ү,о-ө,ы-і.            ә) а-я,у-ұ,о-е,и-ы        б) ю-у,о-ө,с-з.

9.И қандай дыбыс? 

а) дауысты              ә) дауыссыз                б) ашық

  1. нұсқа

1.Дауысты дыбыстан басталған сөзді белгіле. 

А) қалта            В) етік         С) шөп 

2.Дауыссыз дыбыстан басталған сөзді белгіле.  А) аспан           В) әке          С) бала 

3.У дыбысы дауысты болатын сөзді белгіле.  А) улану          В) уық          С) уәде 

4.У дыбысы дауыссыз болатын сөзді белгіле.  А) сурет         В) дәулет         С) қурай 


5.Қате жазылған сөзді тап.  А) сайман           В) кйік          С) ойын 

6.Дұрыс нұсқаны белгіле  А) силық               В) сиылық            С) сыйлық 

7.Дұрыс жазылған сөзді белгіле.  А) қоян                   В) қойан                С) қойян 

8.Дұрыс жазылған сөзді белгіле.  А) қойу                  В) қоу             С) қою 

9.Қатаң дауыссыздар қатарын белгіле 

А) б, в, г, ж                В) п, с, т, ц                С) н, ң, р, л 

10.Бірыңғай ұяң дыбыстардан тұратын қатарды белгіле 

А) ч, ж, з, м В) л, м, д, ф С) ж, з, ғ, в

  Мәтін 1.Мына ережеге сәйкес сөзді тап: … мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады, Оған ат қоюға болады.  а) сөйлем ә) мәтін  б)   сөз 

2.Мәтіннің қандай түрлері болады?  а) әңгімелеу, сипаттау, хабарлау

ә) пайымдау, сипаттау, лепті б) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау 

3.Мына сөйлемдер мәтіннің қай түріне жатады? 

Асан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысынқы, шашы бұйра. Мінезі салмақты, қағылез, тіл алғыш. Сыныпта оқу озаты.

а) әңгімелеу ә) сипаттау б) пайымдау

4.Мына сөздер қай мәтіннің тірек сөздері болып табылады? 


Қыс, қар, аяз, мұзайдын, шана, шаңғы, коньки, балалар, аққала, төбе, шырша.

а) Ақ боран       ә)  Қысқы ойындар         б)  Қыс

5.Сөйлемнің ережесін тап.  а) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

ә) Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. б) Сөйлемнен соң тек қана нүкте қойылады. 

6.Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай тексереміз? 

а) оқып тексереміз ә)  сұрақ қойып тексереміз б) жазып тексереміз 

7.Мәтін дегеніміз не? 

а) Ұзақ бір сөйлем ә) Мағына жағынан байланысқан екі не одан да көп сөйлем

б) Байланыспаған бірнеше сөйлем. 

8.Мәтінді көрсет:  а) Отан ә) Отан оттан да ыстық б) Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол – оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады. 

9.Мәтін дегеніміз не? 

а) сөйлем ә) жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. б) адамдардың хабарды жазып беруі. 

10.Мәтіннің құрылымын көрсет 

а) Басы ә) басы, негізгі бөлім, соңы б) соңы 

11.Сөйлемді қайталауға арналған  тест тапсырмалары 

1-нұсқа 

1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді. а)2   ә)3   б)4                                    

2. Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап.  а) сұраулы ә) хабарлы б) лепті

3. Лепті сөйлем дегеніміз не?

а) білу және жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем     ә) адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем     б) бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем  

4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?     а) лепті   ә) хабарлы  б) сұраулы

5.Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап. Қуану, ренжу, өкіну, Мақсатым – соны сездіру. Ұранды да айтамын, Қарқындап барып қайтамын.

а) нүкте ә) сұрау  б) леп   

6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.  а) көтерді ә) неге б) айтпа 

7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді тап.  а) барма  ә) сүртпе б) бар ма

8.Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?

а) бірқалыпты    ә) бәсең дауыспен    б) көтеріңкі дауыспен

9.Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді? а) сұраулы ә) лептік (өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран) б) біреу, бір нәрсе туралы хабарлау

10.Қантқа сипаттама бер :    а) үлкен, ауыр ә) тәтті, ерігіш б) ақ, жеңіл

 2-нұсқа

1.Мәндес сөздер қатарын белгіле:  А) қала, ауыл; В) ақ, қара; С) көрікті, сұлу. 

2.Бірінің орнына бірі қолданыла беретін сөздер – 

А) мәндес сөздер        В) әртүрлі мағыналы сөздер С) қарама-қарсы мағыналы сөздер 

3.Мағыналары қарама-қарсы сөздер қатарын белгіле. 

А) ат, жылқы В) арзан, қымбат С) жол, жолаушы 

4.«Терең» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап: А)  тұнық В) шұңқыр С) таяз 

5.Қой – үй жануарыКітапты орнына қой. 


Сөйлемдердегі қарамен берілген сөздер – …..

А) дыбысталуы бірдей, мағыналы әртүрлі сөздер;

В) мәндес сөздер; С) қарама-қарсы мағыналы сөздер.

6.«Қалың» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді көрсет: 

а) үлкен ә) жұқа  б) жылы 

7.Мақал-мәтелді толықтыр: Жақсы бала - қуаныш, … бала – өкініш.   

а) жаман ә) кішкентай б) үлкен 

8.«Әдемі» сөзіне мәндес сөзді көрсет:           

а) сұлу ә) жазық  б) айлакер 

9.Төмендегі сөзге қарсы мәндес сөздер тауып жаз 

Қатты- Ауыр-  Кең- 

10.Ақсақал, қария (бұл сөздер қалай аталады?) 

А) Мәндес сөздер Ә) Қарама – қарсы мағыналы сөздер Б) Әртүрлі мағыналы сөздер 

Сөз құрамын қайталауға арналған  тест тапсырмалары 

1 нұсқа 

1.Түбір сөзді тап.  а) жаңалық ә) күй  б) құрылысшы 

2.Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады? 

а) қосымша   ә) түбір  б) жалғау 

3.Қосымшаның неше түрі бар?  а) 4 ә) 2  б) 3 

4.Жұрнақ жалғанған сөзді тап.  а) көлдер ә) батырлық б) досым 

5.Жалғау жалғанған сөзді тап.  а) зейнеткер ә) қобызшы   б) гүлді 

6.Түбірге жалғау мен жұрнақтан бұрын қайсысы жалғанады? а) жұрнақ  ә) жалғау б)қосымша 

7.Жұрнақ деген не? 

а) сөз бен сөзді байланыстыратын  қосымша ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша     

б) түбір сөзге жалғанатын қосымша 

8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.1.жылы, құс, ұш, жақ.

9.Жалғау…  А) Сөздің мағынасын өзгертпейді Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді

10. Жұрнағы бар сөздерді белгіле. а) биші  ә) балалар в) іскер 

2- нұсқа 

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі – … .А) түбір  В) жалғау С) жұрнақ

2.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша –  …    . А) жалғау В) буын С) жұрнақ

3.Түбірлес сөздер қатарын белгіле.

А) оқулық, оқушы; В) кітап, оқулық; С) оқушы, шәкірт.

4.Сөз мағынасын өзгертпейтін қосымшаның атауын белгіле.А) жалғау В) жұрнақ С) қосымша

5.Түбірге қосымшалардың жалғану ретін көрсет.

А) түбір + жалғау + жұрнақ; В) түбір + жұрнақ + жалғау; 
6.Түбір сөзді белгіле. А) орын  В) бастық С) атақты

7.Жұрнақ… А) Сөздің мағынасын өзгертпейді Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді 
8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз. Айгүл, бар, дүкен.

9.Мақалды аяқта  Оқу - білім ..., білім – өмір ... .А. Бұлағы, шырағы Ә. Асылы, өткелі Б. Қайығы, бұлағы


10.Түбір дегеніміз не? А.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі Ә. Сөзге қосылатын жалғау

Б. Жұрнақсыз сөз


Сөз таптарын қайталауға арналған  тест тапсырмалары      

1-нұсқа    

1.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?  а) қашан? қайда?   ә) кім? не?            б) неше? қанша? 

2.Зат есімнің көпше түрін тап.  а) өсімдік   ә) кітап   б) ағаштар 

3.Жалқы есімді тап.  а) құс   ә) Абай     б) орман 

4.Жалпы есімді тап.  а) Тараз   ә) Іле    б) қайың 

5.Етістік нені білдіреді?  а) заттың қимылын, іс-әрекетін     ә) заттың санын, сынын      б) заттың мөлшерін, көлемін 

6.Етістіктің сұрақтарын тап.  а) қалай? қашан?     ә) не істеді? қайтті?  б) кімдер? нелер? 

7.Күрделі етістікті тап.  а) жазды ә) көрді   б) оқып отыр 

8.Дара етістікті көрсет.  а) сүзіп жатыр ә) оқып жүр      б) ойнады 

9.Сын есім нені білдіреді?  а) Заттың түрін, түсін, сапасын

ә) заттың қимылын, іс-әрекетін      б) қимылдың қашан, қайда болғанын 

10.Сын есім қай сөз табымен байланысады?  а) етістікпен ә) сан есіммен   б) зат есіммен

2-нұсқа 1.Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.  а) жіңішке  ә) жұқа   б) жуан 

2.Сын есімнің сұрағын көрсет.  а) неліктен? қалай?  ә) қандай? қай?  б) қайтті, неғылды? 

3.Қайсысы сын есім?  а) дала, құм   ә) ертең, биыл  б) жүйрік, әдемі 

4.Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.  а) жетінші   ә) тоғыз     б) жиырма 

5.Сан есім қай сөз табымен байланысады?  а) етістікпен  ә) зат есіммен    б) сын есіммен 

6.Сан есімнің сұрағын тап.  а) кім? не? кімдер? нелер? ә) неше? қанша? нешінші?  б) қалай? қанша? 

7.Сан есімді тап.  а) елік, емен     ә) елу, жетеу     б) бүгін, ертең 

8.Заттың қимылын білдіретін сөз табы:          а) етістік ә) сан есім б) сын есім

9.Етістіктің сұрақтары:   а) кім? не? ә) қандай? Б) не істеді?  не қылды?

10.Қимылды білдіретін сөзді көрсет:    а) оқыды  ә) гүл  б) жасыл






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!