СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ғұмар Қараш тарихи тұлға"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Ғұмар Қараш тарихи тұлға"»

Ғұмар Қараш-тарихи тұлға

Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі Алаш қозғалысы,оған қатысқан қазақ зиялылардың өмірімен тығыз байланыста қарастыруды қажет етеді.

Өйткені XX ғасыр басында ұлт азаттық қозғалысқа қатысқан интеллигенция өкілдерінің дені ұлттық мәселені шешуді бірінші орынға қойған еді. Осы мақсатта бүкіл қазақтың зиялылары мүмкіндіктерінше құлшыныс жасады.

Сол қатарда Ғұмар Қараш та болды. Оның қоғамдық-саяси көзқарастары мен дәріптемелері жариялаған әртүрлі формада жазған шығармаларында көрініс тауып жатты. Оған кезінде кереғар пікірлер айтылып,әрқилы баға берілген болатын.XX ғасырдың 30 жылдары жарық көрген тарихи-саяси әдебиеттерде қайраткер ақынның қазақ әдебиетіндегі алатын орны туралы айтыла бастады.

Өкінішке орай,оның есімі мен халық үшін атқарған қызметі ұзақ уақыт көмбеде қалып қалды.

Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқан саяси тұлға екендігін бүгінгі ұрпақ білуге тиіспіз.

Бізге жеткен деректерге қарағанда,Ғұмар Қараш 1875 жылы Ішкі Бөкейлікте Құрқұдық деген жерде туған. Бұл қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарайды. Әкеден жастай жетім қалса да, әуелі ауыл молдасынан оқып, хат танып, сауат ашады. Кейін Жалпақтал қаласында Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып,медрессе бітіреді.

1902-1910 жылдары өзі туып-өскен ауылда,Тіленшісай,Борсы мекендерінде жәдитше(жаңаша) бала оқытады. Елдің әлеуметтік өміріне араласып, халық мұратын көздейтін істерге белсене атсалысады. 1911-1913 жылдарда әуелі Ордада, кейін Оралда шығып тұрған «Қазақстан» газетін шығаруға,оның жұмысын жолға қоюға белсенді қызмет етеді.

Ғұмар Қараш 1910-1913 жылдар аралығында «Қазақстан»газетінде қызмет атқара жүріп, Орынбор, Уфа, Қазан қалаларында «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар» «Қарлығаш», «Өрнек» , «Тумыш», «Бәдел қажы» сияқты прозалық және поэзиялық жинақтарын бастырып шығарады. 1914 жылы Орынборда оның «Аға тұлпар» атты өлең кітабы жарық көрді.

Қоғам қайраткерінің бұл шығармашылығының барлығында патша үкіметінің озбырлық әрекеті, жер-су мәселелеріндегі әділетсіздіктер философиялық толғаныс арқылы батыл әшкереленіп отырады.

Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов сияқты қазақтың зиялы топ өкілдерімен бірге Ғұмар Қараш та қазақ халқын азаттыққа, тәуелсіздікке шақырады.Оны «Көреміз бе?» деген өлеңінде:

«Жарық жолға бастаушыға ереміз бе,

Ақ жүректі шын ерлерге сенеміз бе?

Таза қанды, кірсіз жанды қазақ жұрты

Өз алдына ел болғанын көреміз бе?» деп қазақ елінің бүгінгі тәуелсіз өмірін күтеді.

Ел- жұртының ұлттық мүддесін ойлап, қоғамда болып жатқан өзгерістерге белсене араласқан Ғұмар Қараш 1919 жылы Ордада Ишанғали Меңдіханов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Бисен Жәнекешов, Нұғман Манаев, Ғабдіғали Сұлтанов, Ғали Бегалиев, Халел Есенбаев сияқты жәдид мұғалімдер тобымен «Жазушылар құрамы»деген атпен ұйым құрады.Кейбір зерттеушілер «Жазушылар құрамасын»,қазақ жазушыларын құрған алғашқы одақ деп санайды.

Ғұмар Қараштың XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси қызметі оның белсене араласуымен 1917 жылы «Ұран», 1918 жылы «Қазақ дұрыстығы»газеттері және 1919 жылы «Мұғалім»атты жарық көрген басылымдармен тікелей байланысты.Газеттерде сол дәуірдің көкейкесті мәселелері хақында өлеңдер мен мақалалар жариялап, мерзімді баспасөз бетінде жиі көрінеді.

Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және «Алаш» партиясына үмітпен қарайды.

Ақын 1918 жылы діни мансабын біржола тастап,әлеуметтік өмірге белсене араласу жолына ойысады.Ордадағы педтехникумда сабақ береді.1918 жылғы 24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің I сьезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің I-IVсьездеріне делегат боп қатынасып, сьезде хатшы қызметін атқарады.Мәжілісте ұлт қатынастары, таптық мәселе тұрғысында өз ой-пікірлерін батыл ұсынып отырады.

Шынында да, Ғұмар Қараш өмірінің соңғы жылдары большевиктер партиясына кіріп, қызыл үкіметтің орнауына ерекше үлес қосқандай көрінеді. 1920 жылы 21 маусымда ІІ Бөкей губерниялық партия конференциясында губкомның пленум мүшесі болып сайлануы,сол жолғы Іпленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі- азамат ақынға халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді.

Халық арасында беделі зор Ғұмар үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, өзінің кір жуып, кіндік кескен жерінде шаруалардан «Құрқұдық»деп аталатын ауыл шаруашылығы артелін ұйымдастырады және оған өзі тікелей басшылық жасайды.

Ғ.Қараштың осындай белсенді еңбегі,қызу да қарбалас жұмыстары,ел ішіндегі әрқилы зиянкестермен күресуі -жауларының ызасын келтірмей қоймады.1921 жылы 12 сәуірде ақын Құнаншапқан деген жерде азаптап өлтірілді.

Қорыта келгенде, Ғұмар Қараш- Қазақстанның XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ой-пікірлердің дамуына ерекше үлес қосқан, ұлт мүддесін көздеп, патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы батыл пікірлерін білдірген тарихи тұлға.Ғұмар жалынды, жарқын ақын. Ол өз ұлтының мерейін көтеруге қызмет істеп,өз ұлтының болашағын ойлаған.

Ғұмар Қараштың ұлт перзенті, ұлы тұлға екенін,өнегелі екенін жас ұрпаққа «Ғұмартану» қолданбалы курс бойынша ұғындырылуда. Оның қазіргі ұрпағына,тәуелсіздігімізді нығайтып,мемлекетімізді күшейтуде, халқымыздың бірлігін арттыруда берері тым көп. Тек сол мұраларды игеруіміз керек. Тағы да іздеу,зерттеу жұмысын жүргізіп,шығармашылығының толық жинағын шығару қажет. Мектеп бағдарламасына Ғұмар Қараштың бір туындысы болса да енгізілу керек. Туған жері Борсы және Жәнібек елінде мұражай ашып, Ғұмардың құнды мұраларын ел кәдесіне жарату қажет деп ойлаймын. Себебі, Ғұмардың өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеу барысында көз жеткізетін бір шындық- оның өз заманындағы қазақ халқының «Тіл болмаса, ұлт та болмайды» деп қазақ ұлтының тілін, дінін сақтау, әйел теңдігі, отырықшылық сияқты сан-салалы әлеуметтік келелі мәселелері төңірегінде айтылған құнды пікірлері және бұл идеяларының бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда іске асыру қажеттілігі бар екенін айқын байқалады.

Ғұмар Қараштың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесі әлі толық өз бағасын алған жоқ.

Ғұмар Қараш сияқты алаш азаматтары армандап өткен тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстау бүгінгі жас ұрпақтың міндеті болмақ.



Қымбат ОСАТОВА,

Ғұмар Қараш атындағы ЖОББМ қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!