СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғылыми жоба "Ертегі -тәрбие көзі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми жоба  "Ертегі тәрбие көзі" 

орындаған 3"Ә" сынып оқушысы: Ирубаева Аянат 

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жоба "Ертегі -тәрбие көзі"»

МАЗМҰНЫ


Жоба тақырыбы: «Ертегі –тәрбие көзі»


І КІРІСПЕ ....................................................................................................

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Ертегі - ерекше жанр...........................................................................

2.2 Ертегі терапия әдісін қолдану..............................................................

2. 3 Ертегі балаларды тәрбиелі болуға жетелейді..............................

ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................




























Түйіндеме

Зерттеу жобамның тақырыбы: «Ертегі –тәрбие көзі» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ой туындады. Мектепте кітап оқып үйренгеннен бастап ертегі оқу арқылы тәрбиелі, тәртіпті, сенімді болып өсуге тырыстым. Ертегі бала қиялын ұштайтын таңғажайып туынды. Халық ауыз әдебиетінде ерекше қызықты, көркемделіп, қиялдан туған жанр. Ертегіні оқыған әрбір бала ондағы жағымды кейіпкерлерге ұқсауға әрекет жасап, жағымсыз кейіпкерлердің мінез-құлықтарынан жиренеді.

Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады:

1. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, яғни ертегілер арқылы оқушыларды өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін білуге және ой өрісі қиялының дамуына және адамгершілікке тәрбиленуге мүмкіндік беретіндігі айтылады.

2. Негізгі бөлімде ертегінің қазақ әдебиетінде алатын орны, ертегі түрлері, ақын-жазушыларымыздың бала тәрбиесіне қосқан еңбектері, электронды кітапханадан, ғаламтордан оқыған ертегілерді электронды ертегілер жинағы , сыныптастарымнан сауалнама, ертегі кейіпкерлерінің сюжетті бейнесін бояу дәптерге топтау, оқушыларға, бала-бақша балаларына үлестіріп, жасаған іс-әрекеттер туралы баяндалады.

3.Қорытындыда ертегінің тәрбиелік маңызы ашылады. Балалардан алған сауалнаманың қорытындысы. Ғылыми жобаны зерттеу кезеңдеріндегі жұмыс түрлері, аудиотаспаға жазылған ертегі, «Сиқырлы әлем» ертегі кітапшасы, «Ғажайып бейнелер» бояу дәптері. Ертегі оқудың пайдасы туралы ереже ұсынамын.






Кіріспе

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға

нағыз адамгершілікпен қарасаңыз,

сөз жоқ жеңіске жетесіз.

Қаныш Сәтбаев

Ертегі – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Ертегі жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді.

Зерттеу тақырыбымның өзектілігі:

Электронды түрде ертегілерді оқу арқылы өзіндік жұмыс жасауға тәрбиелеу. Осы орайда ертегілерді тілші, әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қарастырып, тәрбие көзін ертегіден алу.

Тақырыптың мақсат-міндеттері:

  1. Ертегілердің тәрбиелеу жолын ашу;

  2. Балалар өзіне қазіргі заманда ертегіні қолдану аясын анықтау.

  3. Ертегілерді мазмұны жағынан топтастыру,талдау


Тақырыпты зерттеу әдістері:

Тақырыпты зерттеу барысында ертегіні саралау, олардың мағынасына, назар аудару. Ақын-жазушылардың ортақ мақсат-міндетін айқындай отырып, ертегінің тәрбиелеу түрлеріне, ертегі терапия әдістері сыныпта жүргізілді.








ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Ертегі - ерекше жанр

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял. Адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құралы ретінде қолданылады.

Ертегі адамның рухани азығы болған. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Ертегілер жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) жануарлар туралы ертегілер;

2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;

3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;


Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады.Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.

Ертедегі қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері аңшы мергендер, мақташы – малшылар десек, олардың бәрі еңбек адамы болып суреттеледі. Бұларды халық ертегісі ақыл – айласы, асқан күші бар батыр етіп бейнелейді. Мысалы ретінде “Ер Төстік”, “Керқұла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегілерін келтіруге болады.

Тұрмыс-салт ертегілерінде өмірде болған немесе болуға тиісті уақиғалар басты орын алады. Оның кейіпкерлері қиял-ғажайып ертегілеріндегідей жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ, т. б. бейнелерде емес, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдар болып келеді. Тұрмыс-салттан туған ертегілердің тақырыптары — үй іші, отбасы, жақсылық пен жамандық, ұрлық пен аярлық жайында болып келеді. Бұларды ертегіге айналдырған халық өзінің отбасына деген көзқарасын білдіруді максат еткен. Жараскан ынтымак, тату-төттілік бар жерде бірлік, ырыс бар дегенді білдіреді.

Аңыз ертегілерінің ерекшелігі барлығы тарихта болған адамдар жайнан айтылған,халық шығарған көркем әңгіме. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялынан туған.Ерекше аңыз ертегінің адамы Асанқайғы.


2.2 Ертегі терапия әдісін қолдану

Ертегімен терапия жүргізу – адамзат дамуындағы тәрбиелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибиесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып табылады. Ертегі терапиясы  тәрбие арқылы баланың көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ертегі терапиясы арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш беру шарт деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата-анаңды сыйла, үлкенмен керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді. Ал, ертегі терапия ең бірінші оған болашақ туралы сұраққа жауап береді. Ертегінің финалында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді. Қазір заман талабына сай көп балалар ертегілерді оқығаннан гөрі теледидардан шетелдік мультфильмдерді көргенді ұнатады. Ал ертегілер оқымаған бала ешқашан өз елін, жерін шын жүрегімен жақсы көрмейді. Балаларға күнделікті ертегі оқу арқылы зерек болатынын айтады. Қыз балалар ертегідегі «ай десе аузы, күн десе көзі бар» арулар сияқты сұлу, сымбатты болуға ұмтылса, ұл балалар «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын», «күн санап өсетін» ертегілік батырларға ұқсауға тырысып, спортпен шұғылдануға құлшынады екен.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады.Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.

Сыныптастарыма сауалнама жүргізген едім, «Бауырсақ» ертегіні талдап бояуға арналған дәптер құрастырып,балаларға бояуға ұсындым, сұрақтарға жауап алдым және бояуға арналған сюжетті ертегі сурет дәптерін бала-бақша балаларымен бөлістім. Бұдан шығатын қорытынды: Ең қызықты деген қазақ ертегілерін балаларға электронды, аудиотаспа түрінде оқуға,тыңдауға сыныптастарымның қызығушылығы артып, ұйымшыл, жауапты, достыққа берік, өздерін жақсы қасиетерге үйрете бастады.

Жүргізген сауалнамадан қорытынды:

1. Ертегі оқу арқылы ойлау, сөйлеу қабілеті дамып, ойы ашылады.

2. Ертегілер балаларды тәрбиеге бейімдеп, мәдениетке үйретеді. Ертегі оқыған бала өзінің ана тілін жетік білетін болады.















2. 3 Ертегі балаларды тәрбиелі болуға жетелейді

Балалардың мінез-құлқын зерттеумен айналысатын зерттеушілердің айтуы бойынша баланың ақыл ойының бірқалыпты дамуы үшін ертегіні тұрақты түрде әңгімелеп айту керек екен. Батырлыққа, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелейтін, түбі жақсылықпен аяқталатын ертегілерді тыңдау баланың ой-өрісін, қиялын шыңдайды.

Өмірде қиялсыз бала болмайды. «Қиялсыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді. Барлық балалар өздерінің қиялдары арқылы жақсылықты армандай алады. Адамның миында қиял пайда болған кезде көптеген жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады екен.

Н.Ә.Назарбаев айтқандай бала тәрбиесі қашанда маңызды міндеттердің бірі болып табылады [1]. Балаларды ертегімен тәрбиелеген елдің келешегі зор. Болашақта білімді, елін сүйетін адамдар көп шығады. Мысалы, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев бала кезінде Зере әжесінің, ал тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов бала кезінде Айғаным әжесінің ертегісін тыңдап өскен. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын ертегілер арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Ресейлік жазушы А.Н.Толстой «Ертегі – біз ұсақтап жинақтайтын, халықтың ұлы рухани мәдениеті, және де ертегі арқылы біздің алдымыздан халықтың мыңжылдық тарихы ашылады»,- деген екен. Көбінесе ертегілердің тәрбиелік құралы екеніне ата-аналар, яғни үлкендер сенбей жатады. Бұған К.Д. Ушинский көңіл бөліп былай деп жазды: «Халық ертегісінде балалардың ұлы және орындалған жыры бар  – халық балаларға өз армандарын айтады, асып кетсе, халықтың өзі осы арманға жартылай сенеді». А.С. Макаренко балаларға ертегілерді қолдану әдістемелері туралы былай деді: «Кішкентай балаларға ертегілерді айтуда ертегілерді қысқартуға, тілін өзгертуге, ертегіні толық түсінушілікке әкелуге болады және солай ету керек» дейді.

 

Ертегі терапиясын сыныппен жүзеге асыру

-   өміріндегі мүмкіндіктері мен құндылықтарды сезіну;

-   оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

-   үндестік пен күшті сезіну

Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегі әртүрде ұсынылады: ертегіні аудиотаспаға жазып, тыңдату, сюжетті бояуға арналған сурет дайындау, мултьфильмге дыбыстық дубляж жасау.

Ертегі терапиясы арқылы балаға мынадай қасиеттерді сіңіруге болады:

      Баланың шығармашылығы дамиды;

      Ойлау қабілеті дамиды;

      Баланың бойында тапқырлық дамиды;

      Өз ойын жеткізе білу;

      Рөлге ене білу;

      Сөйлеу мәдениеті және т.б. қасиеттері дамиды.

Қазіргі таңдағы көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, ертегі терапиясы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:

-          Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.

         Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.

- Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Клиенттің жасап шығарған шығармашылық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Клиенттің шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде терапевтке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.

- Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін  анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.

- Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің шығармашылық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.

- Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.

- Өз сезімдеріне зейін қойып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтад [4].

Балалар ертегіге ене отырып, нақты жағдайда шығармашылық 

конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинап, өздеріне жаңа ресурстар өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, басқаша ойлай бастайды, басқа қырынан қарай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне  кіріседі.

Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.

«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе»,- деп М.Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше., Болашақта шығармашылығы дамыған, еліміздің іргесін берік қалайтын болсақ, ертегіге ерекше көңіл бөлу керек.

 

































Пайдаланылған әдебиеттер 1.      ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 13-съезінен жолдауы. 3.      Зинкевич-Евстигнеева Т.Д., Грабенко Т.М. Практикум по креативной терапии. СПб, 1998
4.      Ертегі терапиясы, Төлеген. А. , Қазақстан мектебі, № 8, 2012 жыл.
5.      Соколов Д.М. Сказки и сказкотерапия. –М., 1996
6. Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - http://biblio.al.ru/ 7. Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапхана - http://www.kazneb.kz

7.Қазақ ертегілері.(құраст. Е.Дүйсенбайұлы) – Алматы,2009.

8.Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
































13