СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еліктеу сөз туралы түсінік

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: "Еліктеу сөз туралы түсінкі"

Просмотр содержимого документа
«Еліктеу сөз туралы түсінік»

Қазақ тілі

6 сынып


Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

Еліктеу сөз туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Еліктеу сөздің мағынасы жағынан айналадағы түрлі дыбысқа және қимылға, іс-әрекетке еліктеуден туған сөздер екенін өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып меңгерту

Күтілетін нәтиже:

-Еліктеу сөз жайында алғашқы түсінік қалыптасады

-Еліктеу деп аталатын атаудың мәнін түсінеді

-Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді

-Күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіре алады

-Көру, есту, ойлау, аңғарымпаздық қабілеттері артады

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа құру (сурет арқылы)

Дауыстап мәтін оқу (құрамында еліктеу сөз қатысқан мәтін)

Омырауымды сипалап таппаған галстугым иығыма шығып кеткен екен. Бұрып әкеп орнына қойдым да, зып беріп сыныпқа кірдім. Балалар дүр етіп түрегелді. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. «Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым-ау! » Жантас мұрнын уқалап, тырп-тырп басып, тақтаға шықты. Біз ду күліп жібердік.

Шіркін-ай қоңырау сыңғыр-сыңғыр етсе, жаным қалар еді-ау! Жаным қылп етіп мұрнымның ұшына келді.

-Қадыров. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Жарайды, отыр, Қадыров.

Буын-буынымнан әл кетіп, орныма сылқ ете түстім.

Қызығушылықты ояту

1.Шарды үрлеп, оны жарады. Шар тарс етіп жарылады

2.Сіріңкені жағып, стакандағы суға батырады. От лап етіп жанып, быж етіп сөнеді.

3.Шамды жағып, сөндіреді. Шам жарқ етеді

Оқушылардың өздері еліктеу сөзге ереже шығарады

Мағынаны тану

1.Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмысы(тақтамен жұмыс)

1-топ 230-жаттығу

2-топ 231-жаттығу

3-топ Еліктеу сөздерге сөйлем құра

Топтық жұмыс

1-топ Жұмбақ құрастыру (құрамында еліктеу сөз болуы тиіс)

«Екі жұлдыз, бір тілек»

2-топ Суретке қарап мәтін құрау (құрамында еліктеу сөз міндтті түрде болуы тиіс)

«Шапалақ»

3-топ Аудио дыбыстарды естіп, еліктеу сөздерді айту

«Бас бармақ»

Кері байланы. Топтар өзара бірін-бірі бағалайды

Сергіту сәті

Пантомима

Ой толғаныс

Тест тапсырмалары

1.Еліктеу сөзді тап:

А)ағарады ә)гүр-гүр б)бүлдіреді

2. Аң қимылын бейнелейтін еліктеу сөзді тап

А)тырс ә)жалт б)маймаң-маймаң

3.Қажетті еліктеу сөзді тауып қой: Қарға... етті.

А)бұрқ ә)шаңқ б)қарқ

4.Еліктеу сөзді тіркесті көрсет

А)сылқ-сылқ күлді ә)емін-еркін отыр б)мыңға жуық

5. Қажетті еліктеу сөзді тауып қой. Қатты қорыққаны соншалық денесі ... етеді.

А)Гүр-гүрс ә)Қалш-қалш б)Салдыр-күлдір

«5» - 5

«4» - 4

«3» - 3

1-ә 2-б 3-б 4-а 5-ә

Бағалау

Аты-жөні

Қосымша сұрақтар мен тапсырмалар

Жаттығу жұмысы

Топтық жұмыс

Тест

Қорытынды. Толық жауап-5 балл Жартылай жауап-3балл










Үй тапсырмасы

Әбділхамит Марқабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінен еліктеу сөздерді тауып, жазып келу

Кері байланыс

«Бес саусақ»

1. «Бас бармақ» Бүгінгі сабақта ең құнды не болды?

2. «Балан үйрек» Мен топта қалай жұмыс жасадым?

3. «Ортан терек» Мен бүгін қандай білім алдым?

4. «Шылдыр шүмек» Сабақ маған ұнады ма?

5. «Кішкентай бөбек» Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

1-тапсырма

Ой қозғау бос орынға еліктеу сөздерді қой

Қаз ..................., қарға ....................., сауысқан ....................., жылан .................., ит ......................

2-тапсырма

Берілген еліктеу сөздерге сөйлем құра

Жымыңдау, сылқ-сылқ, сақ-сақ, қарқ-қарқ, ыржың-ыржың, шиқ-шиқ күлу.

3-тапсырма “Ойлан, тап!”

Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен саңқ-саңқ етіп, үй ішіне естірте күлді. Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді. “Қара Көже” дейтіндерге “әу” деп жалт қарайтын болдым. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. - Азиат! - деп шарт еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді. Федоровтың көз оты жарқ етіп, дүние тұанданып, теңселіп бара жатқандай болды. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады.

Тексерілді