ҚАЗАҚСТАН БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ
ЕҢСЕСІ БИІК – ҰЛЫ ЖЕҢІС
ОРЫНДАҒАН: Шабақова Ш.Е
2017 жыл
Жеңіс күніне арналған сценарий
Шабақова Шырын
Автор: Шабақова Шырын
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан оғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушылармеды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан сғысы туралы буклет, үнтаспа, гүлдер, шарлар.
Мұғалім: Мектеп,түзел,тік тұр!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін! Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!
«Ұлы Жеңіс күніне»арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
«Ұлы Жеңіс күніне»арналған салтанатты жиынның рапортты берілсін:
4-сынып 3-сынып 2-сынып 1-сынып ,рапорт қабылданды,мектеп еркін тұр!
Мектеп меңгерушісі Муканова Күлмайраш Зейнелхановнаға сөз берейік.
Мұғалім сөзі: Қымбатты ұстаздар және оқушылар! Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
1941 ж 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақ жерінде Отанды қорғау үшін әскери бөлімдер жинақтала бастады. Барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полктер және батальондар жасақталды. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына 1196164 қазақстандық жауынгер шақырылды.Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын,ескермейтін тарихи оқиғалар болады.Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 –де болған еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1миллионнан астам жауынгер қатысып, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты. Қаншама жауынгер хабар-ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 дивизия жауынгерлерінің есімдері Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған. 1945 жылы 9- мамырда Ұлы жеңіспен аяқталды. . Міне, содан бері 72 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 72 жылдығы.
Соғыс туралы музыка ойнап тұрады.
| |
1. Ансар Бұлт түнеріп аспаннан Талмай көзден жас тамған Тұтқиылдан жау тиіп Қырғын соғыс басталған | Ерболсын Отанымыздың байтақ жерін қорғады. Ақ сүт берген анасын қорғады. Пәк жүзді баласын қорғады. Самал өскен даласын қорғады. |
Ибрахим Соғыс жалмап аға-іні бауырды, Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Жалғызынан айырыпты ананы, Әкесінен айырыпты баланы. | Нұралы Біріктіріп үміті мен тілегін, Біріктіріп барлық күшін жігерін. Ана үшін, бала үшін, жер үшін, Жасқанбастан тосты оққа жүрегін |
| |
| 5. Іңкәр Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге. Жұрт күйзелді, төгілді қанша көз жас, Түнерді қайғы бұлты талай үйде. | 6. Жақсылық Біздер үшін жанын қиған, Бас иеміз жандарға. Атақ-даңқын жеткіземіз, Ертеңгі атар таңдарға. |
| 7.Ералы Уалиев Болашақты бізге мирас етем деп, Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар, Әлия, Мәншүк аттары әнге айналған, Әлия, Мәншүк- қос жұлдыз көкте жайнаған. | 8.Ернұр Мұндай жойқын апаттың көріп түрін, Адамзат естімеген бұдан бұрын. Талқандап фашистерді азат болған. Айтамыз жыл сайынғы Жеңіс күнін. |
Нұрдана Арылтып жаудан жеріңді, Табанға жаншып өлімді, Жеңіспен желпіп өмірді. Оралды ерлер көңілді, Десеңдер, бұл қай күні! Тоғызыншы май күні! | 10.Бекарыс Отан үшін мерт болғанды танып , біл, Оларды әсте ұмытпайды халық бұл! Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді, Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр! Қара бұлтқа оранбасын күн көкте, Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те, Отанның бақыты үшін мерт болған, |
| 11.Бекнұр Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар, Кеудесін отқа төсеп лаулағандар. Бір сәтке сол ерлерді еске алайық, Жеңіс тойын бүгінде еске алайық, | 12.Ералы Үмбетов Жеңіс күні бар әлемге әйгілі Көктем шуақ – тоғызыншы май күні Айтшы, қане, біздің соғыс шеруі Кездейсоқ па көктемге сай келуі Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп Көңілдерге шұғыласын төкті көп... |
| 13.Мөлдір Отан - тарих, Отан - тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан - өлең, Отан - жыр, Көтерген көкке ел даңқын... Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап, сүйе біл.
. | 14.Аяужан Бақытты боп жүргенім Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің – тірегім, Құшағында гүл атам. Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң. Сенен бақыт тарайды БаршамызғаҰлыОтан.
|
| 15.Бекболат Жазылған жоқ өткен күн жаралары Сиреп кетті-ау қарттардың аралары Бабам жауға бермеген туған жерді Қорғайды әлі бабамның балалары | |
| |
| 1.Қарақат Бақытты болсын балалар Соғысты сүймес адамдар. Өркендей берсін қалалар, Гүлдене берсін далалар. | 2.Диана: Жеңіс келді қалама Жеңіс келді далама, Жеңіс келді әке боп, Жеңіс келді ән болып, Жеңіс келді алақай! Тоя жейтін нан болып. |
| 3.Інжу Тыныштық! Жаса тыныштық! Осы сөз бізге тым ыстық. Көркейе берсін еліміз, Көбейе берсін ырыс-құт! | 4.Ақсезім: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары Жігерленген құштарлықтың құралы Күрескердің арманы мен ұраны Қуаныш пен мерекенің бұланы. |
| 5.Фархат Ерліктерін мәңгі ұмытпай Есте сақтап жүреміз. Есімдерін көше, мектеп Атауынан білеміз | 6.Нұртілек Жеңіс күні құтты болсын, Құтты болсын аталар! . |
| 7.Нұртілеу Ұмытпайды ешқашанда Жауынгерді балалар | |
Көрініс: Ортаға киіз басуға жиналған аналар шығады. Аналар киіз баса отырып, ән айтады. Осы кезде соғыстың басталғаны туралы раиодан дауыс естіледі.
Радиодағы дауыс:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғыс басталды, Неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасады.» Аналар жаман хабарды естіп, залдан шуласып шығып кетеді. (таспадан шулаған, жылаған әйелдер мен балалардың дыбыстары естіліп тұрады)
Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар (ересек тобының бүлдіршіндері) музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді: Командирі (тәрбиеші) солдаттарды дайындық жаттығулар жасауға тұрғызады.
Командир: Түзулен, тік тұр.
Оңға бұрыл
Солға бұрыл
Алға қадам бас!
Біздің ұран
Отан үшін алға!
Ұран:
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.
Почташы қыз: - Сүйіші, сүйінші хат келді. Соғыста жүрген Күлпәш апаның баласына келген хатты. Қал –жағдайын жазып жіберген шығар оқыңыздар.
- Ал мен енді ары қарай жылжыйын
-Сау болыңыздар, мен екінші ауылға барып қалған хаттарымды таратып шығайын.
Анасы:
Хат оқып шығады: «Қымбатты ана».
Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым.. Өзіме бір-ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір, алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып, сізге жауап жазып отырмын.
Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз.Жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып, құшып сүйемін.Ұлыңыз Арсен. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.
Анасы: Балам –ау, бұл соғыс бірімізді де есеңгіретіп жіберді-ау. Енді қайттік бұл соғыс қашан аяқталады екен. Бұл азаптан қашан құтыламыз
Елеңдеумен, келер деумен күндіз-түні,
Қайран шешең, білсең қалай тозғанын.
Жылдар бойы жүрдім-ау үміт үзбей,
Бозаң белден күтіп қыршын боздағын.
Радиодағы дыбыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1945 жыл 8 май Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. Жауынгерлеріміз елге оралады, залға соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады. Аналар өз балаларын құшақтап, музыка әунімен барлығы билеп залдан шығып кетеді.
Оқушыларымыздың орындауында ән «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Мұғалім:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл! 1- сынып оқушыларымыздың орындауында «Батыр бала Болатбек»
Мұғалім:- Ұлы Отан соғысына қатысқандар. Білесіңдер ме? Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.
Осы аталған батыр аталарымыздың ішінде Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов аталарымыз біздің арамызда жүр. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз!
Мұғалім: Оқушыларымыздың орындауында «Біз Оттаның ұланымыз»
Мұғалім:- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ әкесін күте берді, күте берді.Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!
Сарбаздар әні
Жетпіс екі жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні
Жетпіс екі жыл .– жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы
Ән «Катюша»
Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын! Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ақ көгершін»
Салтанатты жиын аяқталды.