Тақырыбы: Көппен күткен Ұлы тойМақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
2-жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Зарипа Тасымоваға беріледі.
2-жүргізуші:
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,Даңқыңды асыр,- дей келе ортаға бір топ кыздың орындауындагы «Балымша» әніне кезек берейік.
1-жүргізуші. Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам.
Толықсиды нұрға толып, елжіреп
Ортада оқушылардың Наурыз туралы өлеңдері
Оқушылар
1) Наурыз-мейрам
Болмасын тек Арудың қабағы мұң,
Жалыны байқалсыншы жанарының.
Мынау Дала сілкінер шағы туды,
Наурыз келіп қалыпты-Жаңа жылың!
Сезіледі тіршілік жұрт қамынан,
Дәстүрін,баба жолын жұрт таныған.
Егін бітік,еліңде ақ мол болсын!
Қазақ та ұлт қой әр кез құт дарыған.
Құттықтасын әркім де тұрғыласын,
Көреміз қашаннан-ақ жырды басым.
Әр үйде ақ дастарқан жайылсын да,
Қазандары қайнатсын сүрдің асын.
Наурыз көже ішілсін мерекеде,
Ұлық тұтқан ұлт соны ел екен де.
***
Қанша ғасыр сән берген даламызға,
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.
Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухи шаттығымсың тасып толған.
Сені тойлап бабасы бабамыздың,
Әжемнің әжесіне ғашық болған.
Сен бүгін арнасысың дара күйдің,
Сан пейілдің төріңнен күлімдейсің.
Сен менің ұлы бабам Фарабидің
Кешігіп келе жатқан үніндейсің.
Басыңды көтер, қане, күн қақтаған,
Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.
Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған
Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың.
Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім,
Немерем тік көтеріп уақыт туын.
Ғашығына арнаған іңкәр сөзін,
Өзіңнің тойыңда айтса – бақыттымын.
*****
Көктем келбеті
Ызғарлы күн ауысып,
Көгінде қарын тауысып.
Көктем лебі еселі,
Таңғы нұрмен қауышып.
Табиғат көркін келтіріп,
Жан-жануар серпіліп.
Күттірген көктем келдің бе,
Жайқалған гүлмен желпініп.
Көк майса көктем келбеті,
Өзгеріп өңір, жер беті.
Адамзат, бейне көрінер,
Кеткендей қыспен бар дерті.
******
Таңғы әуен
Тамылжыған таңның әсем әуенін,
Сергек сезім, лағыл-ляззат дер едім.
Жамыраған ай жүзіктей сәуледен,
Шапағаттың шар айнасын көремін.
Таң шығынан сілкіндірген гүл-өңір,
Дір еткендей сезінемін денем бір.
Таңғы әуен – тершілікке құштарлық,
Құштарлық боп жамырайды өлең-жыр.
******
Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
Жүректің сарқылмасын жылылығы.
2-жүргізуші: Асылбек сен ақын емессің бе?Қане,бізге Наурыз туралы бір өлең шғарып берші.
1-жүргізуші:
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
2-жүргізуші.Ой бәрекелді!Жарадың достым!Енді уакыт оздырмай ортаға нағыз айтыскер ақындарымызды шақырайық.
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.
Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі. Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»деп аталатын дәм дайындалып таратылады.
Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
1-жүргізуші.
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!
Просмотр содержимого документа
«Көптен күткен Ұлы той»
Бекітемін:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Е.Байғұлиев
Тақырыбы: Көппен күткен Ұлы той Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. 2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. 3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу. 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
2-жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Зарипа Тасымоваға беріледі. 2-жүргізуші:
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,Даңқыңды асыр,- дей келе ортаға бір топ кыздың орындауындагы «Балымша» әніне кезек берейік.
1-жүргізуші. Құт береке, Наурыз айым келді деп, Жер түледі, жасыл желек желбіреп, Айналайын атамекен кең далам. Толықсиды нұрға толып, елжіреп
Ортада оқушылардың Наурыз туралы өлеңдері
Оқушылар
1) Наурыз-мейрам Болмасын тек Арудың қабағы мұң, Жалыны байқалсыншы жанарының. Мынау Дала сілкінер шағы туды, Наурыз келіп қалыпты-Жаңа жылың! Сезіледі тіршілік жұрт қамынан, Дәстүрін,баба жолын жұрт таныған. Егін бітік,еліңде ақ мол болсын! Қазақ та ұлт қой әр кез құт дарыған. Құттықтасын әркім де тұрғыласын, Көреміз қашаннан-ақ жырды басым. Әр үйде ақ дастарқан жайылсын да, Қазандары қайнатсын сүрдің асын. Наурыз көже ішілсін мерекеде, Ұлық тұтқан ұлт соны ел екен де. ***
Қанша ғасыр сән берген даламызға,
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.
Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухи шаттығымсың тасып толған.
Сені тойлап бабасы бабамыздың,
Әжемнің әжесіне ғашық болған.
Сен бүгін арнасысың дара күйдің,
Сан пейілдің төріңнен күлімдейсің.
Сен менің ұлы бабам Фарабидің
Кешігіп келе жатқан үніндейсің.
Басыңды көтер, қане, күн қақтаған,
Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.
Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған
Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың.
Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім,
Немерем тік көтеріп уақыт туын.
Ғашығына арнаған іңкәр сөзін,
Өзіңнің тойыңда айтса – бақыттымын.
*****
Көктем келбеті
Ызғарлы күн ауысып,
Көгінде қарын тауысып.
Көктем лебі еселі,
Таңғы нұрмен қауышып.
Табиғат көркін келтіріп,
Жан-жануар серпіліп.
Күттірген көктем келдің бе,
Жайқалған гүлмен желпініп.
Көк майса көктем келбеті,
Өзгеріп өңір, жер беті.
Адамзат, бейне көрінер,
Кеткендей қыспен бар дерті.
******
Таңғы әуен
Тамылжыған таңның әсем әуенін,
Сергек сезім, лағыл-ляззат дер едім.
Жамыраған ай жүзіктей сәуледен,
Шапағаттың шар айнасын көремін.
Таң шығынан сілкіндірген гүл-өңір,
Дір еткендей сезінемін денем бір.
Таңғы әуен – тершілікке құштарлық,
Құштарлық боп жамырайды өлең-жыр.
******
Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
Жүректің сарқылмасын жылылығы.
2-жүргізуші: Асылбек сен ақын емессің бе?Қане,бізге Наурыз туралы бір өлең шғарып берші.
1-жүргізуші:
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
2-жүргізуші.Ой бәрекелді!Жарадың достым!Енді уакыт оздырмай ортаға нағыз айтыскер ақындарымызды шақырайық.
Жігіт: - Сізді көріп сермеді жыр құлашын,
Кеудемде бір қамданып тұрды лашын.
Наурызда жөн сұрау айып емес,
Амансың ба? Атың кім Құрбыласым!
Қыз: - Жыр дегенің әнің бе жер тепкізген,
Жөн сұрайтын бар ма адам еркек бізден.
Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ,
Сыйлық беріп әжемді селт еткізген.
Жігіт: - Не десең де теңсіңдер, еріктерің,
Сый жинауға алаңға келіп пе едің?
Өйтетіндей ескеріп ерте тұрып,
Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?
Қыз: - Бейтанысқа біз қашан «таян» дедік,
Қозы келсе болар ма Баян да ерік.
Ұйқың әлі, жігітім, ашлымаса,
Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп?!
Жігіт: - Ағаттығым болды-ау бұл бір істеген,
Ендігіде жөніммен дұрыс келем.
Наурыздың, құрбылас, құтты болсын,
Танысармыз «бір көрген біліс» - деген...
2-жүргізуші
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.
Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі. Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»деп аталатын дәм дайындалып таратылады.
Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
1-жүргізуші. Жарқырасын Сұлужондай жеріміз! Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз Ел сүйсініп дәулетіне елімнің, Малға толып жатсын барқыт беліміз! 2-жүргізуші: Тойла бүгін тауларым мен боз далам, Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам. Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!