Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Шыршамен қоштасу"»
Тақырыбы: Шыршамен қоштасу
Мақсаты:
Білімділік: Жаңа жыл туралы айта отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертеңгілік
Өтілу барысы:
Жүргізуші:-Сәлеметсіңдер ме, құрметті, балалар! Бүгін біз шыршамен қоштасуға келдік.
Жасыл шырша келіп еді,
Мереке бізге әкелген еді,
Шыршаны әсем безендірдік
Ойнап, көңіл көтердік,
Шырша енді қоштасады,
Орманымен қауышады.
Жүргізуші:
-Шыршаға арнап өлең айтамыз, ойындар ойнаймыз, би билейміз.
Ән: "Шырша жыры"
балалардың өлең шумақтары:
Айбибі: Шырша айналып әндетіп
Би билейміз сәнді етіп,
Қандай жақсы шыршамыз
Өткізейік мәнді етіп.
Дайана:
Ақ қырауға малынған
Ақшақардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны.
Азат: собираемся мы кружок
Завертелись как снежок
За плечами елока
Пушистие иголоки.
Жүргізуші:
-Жарайсыңдар, балалар бізге қонақ келген сияқты.
Ортаға түлкі, аю, қасқыр келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар, біз мына әсем шыршаны алып кетуге келдік.
-Сәлеметсіңдерме орман тұрғындары, біз шыршаны сіздерге қайтарамыз, бірақ әуелі біздің балалармыздың өнерін тамашалауға қалай қарайсыдар?
-Ия әрине тамашалайық.
Би: "Жаңа жыл ойыншықтары"
Қанекей бәріміз бірге ойын ойнайықшы.
Ойын: "Жұптарынды тап"
Орман тұрғындары: Жарайсыңдар, қандай тамаша балалар! Ал енді біздің кететін уақытымыз болды. Шыршаны алып шығып кетеді. Қош сау болыңыздар!
Қане балалар орнымыздан тұрып көңілді бір би билейік.
"ОРДА СҰЛТАН" ЖШС "Алтын сақа" балабақшасы

Тобы: "Шаттық"
Өткізген тәрбиеші: Бөрібайқызы Райхан
Атырау 2018ж