Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік: Шыршамен қоштасу»
Мақсаты: Білімділік: Жаңа жыл туралы айта отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын!
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс Жүргізуші: Қыс мезгілінде қандай мереке болды? Кімдер қонаққа келді? Балалар: Жаңа жыл! Аяз ата, Ақшақар Жүргізуші: Балалар бүгін біз шыршамызбен қоштасуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Тамаша»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? №2 «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің орындауындағы тақпақтарымызға кезек береміз.
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)
Жүргізуші: Балалар мен сендерге енді жұмбақ жасырам сендер шешуін табасыңдар?
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)
Тікен, тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте (Шырша)
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар тағыда кезегімізді № 3 «Ақбөбек» тобының бүлдіршіндеріміздің орындауындағы тақпақтарымызға берейік.
Мадина:Шаттық жыр,шаттық жыр
Дидарыңда шаттық нұр
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық тұр
Бекнұр:Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Индира:Қыс қызығы тамаша Ойнаймыз біз таласа Думанымыз жалғассын Жаңа жылға тамаша!
Зульфия:Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан Аяз ата оралып.
Жүргізуші:Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық Құттықтаймыз келер жылды алдағы Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық Жылға шашу шашамыз Тойлап көңіл ашамыз Жаңа жылды қарсы алып Би билеп ән саламыз
Ән: «Біздің шырша тамаша»
Жүргізуші: № 4 «Аяулым» тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек береміз.
Ойын: «Шар жару»
Шарты: шарды балалар жарып ішіндегі тапсырмаларды орындайды.
Жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
«Бекітемін»
«Ай-Наз» жекеменшік балабақшасы
Мерекелік іс шара
«Шыршамен қоштасу»
Дайындаған: №3 «Ақбөбек» ортаңғы тобының
Тәрбиешісі: Чуйтанова Рахила
2016-2017 оқу жылы