СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есептік және реттік сан есім.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мұхтар ауылы, Мұхтар негізгі орта метебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балңабай Ардақ . Есептік және реттік сан есім

Просмотр содержимого документа
«Есептік және реттік сан есім.»

Тақырыбы: Есептік және реттік сан есім.

1-слайд

Мақсаты:

2-слайд

Білімділік: Жыл мезгілдеріне саяхат жасай отырып, сан есімнің мағыналық түрлерімен таныстыру. Реттік және есептік сан есімдерді ажыратуға, дұрыс қолдануға үйрету.

Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

3-слайд

Амандасу, түзу отырғызу, түгендеу.

  • Балалар, бүгінгі сабақта жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз.

  • 1жылда неше мезгіл бар?

  • 4 жыл мезгіліне байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?

Психологиялық дайындық:

4-слайд


  • Бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерің «онлайн» болсын!

  • Сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан балаларға көңілді смайликтер беремін.

  • Ал сабақ соңында бізге қонаққа ата келіп сыйлыққа баға таратады.

  • 1 жылда неше ай бар? Ендеше, балалар, 12 тапсырма орындаймыз.

Өтілгенді қайталау: ҚАНТАР

5-слайд

  • Жылдың басы қаңтар, ендеше, қантардың тапсырмасын орындаудан бастайық.

  • Сөз таптары дегеніміз не?

  • Сөз таптарына нелер жатады?

  • Зат есім дегеніміз не?

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сан есім дегеніміз не?

  • Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  • Енді үй жұмысын ашыңдар. Ескі оқулық бойынша 161-ж. «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма жазу керек болғансыңдар. 3бала оқып берсін. Жаңа оқулық бойынша 135-ж. Санамаланып келетін өлең жолдарын тауып жаздыңдар. 3 бала оқып берсін.

Көркем жазу: АҚПАН

6-слайд

  • Үй тапсырмасын жақсы орындапсыңдар.

  • Енді ақпан айының тапсырмасын орындайық. Дәптерімізді жинап, жаңасын таратайық. Жинағанда арттан алға беріп жіберіңдер, таратқанда алдан артқа беріп жіберіңдер.

  • Бүгінгі күнді жазыңдар. «Отызыншы қараша, сәрсенбі. Сынып жұмысы». Дәптерді көлденеңінен қойып, әдемі, көлбеу жазумен жазыңдар.

  • «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» деген сөйлемді көркем жазумен көшіріп жазыңдар.

  • Бұл жерде қ, т, м әріптеріне назар аударыңдар. Дұрыс жазыңдар.

Терме диктант:

  • Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жазыңдар.

  • Балалар, біздің ел қандай екен? Тәуелсіздігімізді алғанымызға қанша жыл болды?

  • Тәуелсіздік жырын кім айтып береді?

Оқушы:

Жаңа сабақ: НАУРЫЗ

7-слайд

  • Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім.

  • Бүгінгі сабақта есептік және реттік сан есімдермен танысамыз.


СӘУІР

8-слайд

-Біздің сыныпта неше бала бар? 29

- Неше? 29 – есептік сан есім.

- Есептік сан есім заттың санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.

  • Заттың саналудағы ретін (қатарын) білдіретін сан есімдер реттік сан есімдер деп аталады. Олар нешінші? деген сұраққа жауап береді.

9-слайд

  • Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер олар дауыты дыбысқа бітсе, -ншы, -нші, ал дауыссызға аяқталса, - ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

10-слайд


Жазбаша жұмыс: МАМЫР

11-слайд

162- жаттығу

  • Мәтінді оқыңдар.

  • Мәтін не жайлы? Бұл мамыр айының тапсырмасында Ұлы Отан соғысынан үзінді берілген екен?

  • Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

  • Құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазыңдар және олардың құрамын анықтаңдар, сұрақтарын айтыңдар.

  • Үш, екі жүз тоғыз, тоғыз мың екі жүз, екі миллион екі жүз мың, жүз елу екі, тоғыз, жеті, он жеті.


Ойнайық та, ойлайық! МАУСЫМ

12-слайд

Өздік жұмыс: ШІЛДЕ

13-слайд

  • Ескі оқулықтан 164-жаттығу, жаңа оқулықтан 142-жаттығу.

  • Есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңдар.

Жеті-жетінші, он-оныншы, бір-бірінші, үш-үшінші, жүз-жүзінші

  • Реттік сан есімдер қалай жасалды?

Ауызша жұмыс: ТАМЫЗ

14-слайд

139-жаттығу

  • Мәтінде қандай сан есімдер кездеседі? Олар қандай мағына білдіреді? Сендердің ойларыңша естіген нәрсені қалай ұмытпауға болады? Есте сақтау жолдарын санамалап айтып көріңдер.

  • Бұл әңгімені кім жазған?

  • Абай Құнанбаев жайлы не айта аласыңдар?

Бекіту ҚЫРКҮЙЕК

15-слайд

  • Ідеңгей «Бәйтеректің» суретіне қарап шағын мәтін құрайды.

  • ІІдеңгей 5 есептік сан есім жйне 5 реттік сан есім жазады.

  • ІІІдеңгей шағын тест жазады.ауабы мынадай болу керек

Сабақты бекітуге арналған шағын тест


1. Сан есім – заттың ... білдіреді.

А) санын Б) қимылын

Ә) атын В) сынын

2. Сан есімнің сұрақтары

А) кім? не? кімдер? нелер? Б) қандай? қай?

Ә) не істеді? не қылды? қайтті? В) қанша? неше? нешінші?

3. Сан есімдер қатарын тап

А) үш, қызыл, кітап Б) жиырма, оқыды

Ә)төрт, жүзінші, тоқсан В) тоқыды, көркем

4. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

А) 4 Б) 2

Ә) 6 В) 8

5. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) 4 Б) 2

Ә) 6 В) 8

Оқушының аты-жөні:_______________________________________


Қорытынды: ҚАЗАН

16-слайд











Үйге тапсырма: ҚАРАША

17-слайд

  • Балалар, ескі оқулықтағы 166-жаттығуда реттік сан есімдерді қатыстырып, берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.

  • Ал жаңа оқулықтағы 141-жаттығуда сан есімдерді тауып, жазыңдар. Реттік сан есімге айналдырыңдар.

Бағалау: ЖЕЛТОҚСАН

18-слайд

  • Міне Аяз ата да келді, ол сендерге мынадай бағалар әкеліпті:...

19-слайд












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!