СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есімдік. Әлеуметтік желілер.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары орыс сыныптарындағы қазақ тіліне арналған. Есімдік түрлері мен Әлеуметтік желілер туралы түсіндіріледі.

Просмотр содержимого документа
«Есімдік. Әлеуметтік желілер.»



Пән: қазақ тілі, 9-сынып

Күні: 09.11.16.

Мұғалімі

Куанышалиева Гаухар Кадыровна

Тақырыбы

Грамматикалық тақырыбы: Есімдік түрлері

Лексикалық тақырыбы: Әлеуметтік желілер

Мақсаты

Есімдікті түсіндіру, қайталату. Балалардың ой-өрісін кеңейту, өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Әлеуметтік желілер туралы түсініктерін кеңейту

Күтілетін нәтиже

А. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын біледі

В. Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана біледі.

С. Есімдік түрлерін меңгереді

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, слайд, карточкалар тарату, стикер, қиынды қағаздар

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

У/ы


Кіріспе




Оқушылармен амандасу.

  1. Сәлемдесу

  2. Тексеру


Үй тапсырмасын тексеру.

Айтылым

«Аяқталмаған сөйлем» ойыны

1.«Талдықорған» сөзі құрамына қарай....

2. «Бақытты» сөзі тұлғасына қарай...

3.«Қалам» сөзі деректі, өйткені.....

4. Осы шақ дәл қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді, мысалы....

5. Етістіктің 4 райы бар, олар...

6. Табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік....

7. Шымбұлақ - Қазақстандағы үздік....

8. Қазақтың ұлттық тағамдарына...


Жазылым

«Сөзжұмбақ» шешу

  1. Переходный глагол

  2. Непереходный глагол

  3. Начальная форма глагола

  4. Залог глагола

  5. Нарицательное существительное

  6. Качественное прилагательное

  7. Наклонения

  8. Желательное наклонение глагола

Мұғаліммен

амандасады.




Оқушылар аяқталмаған сөйлемдерді ауызша аяқтайды












Оқушылар сөжұмбақты шешіп, интерактивті тақтаға жауаптарын жазады

1

мин





3 мин









3 мин


Тұсаукесер

Ой қозғау.

Видеоролик көрсету

Оқушылар жаңа лексикалық тақырыпты табады.

3 мин



Негізгі бөлім
















  1. Жаңа тақырып.

(Сабақты слайд арқылы түсіндіру)

Есімдік (местоимение) – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.

Жіктеу (личное)

Мысалы: мен, сен, сіз, ол, олар, біз.

Болымсыздық (отрицательное)

Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқайда, ешқандай.

Сұрау (вопросительное)

Мысалы: кім? не? неше? қай? қалай? қашан?


Мысалдар

-Мен әлеуметтік желіде күніне 2 сағат отырамын.

-Маған әлеуметтік желіде отыруға ешкім тыйым салмайды.

-Сен қандай әлеуметтік желілерді пайдаланасың?


  1. Сөздікпен жұмыс

Лайк – лүпіл

Вертуальный мир – бәдік әлем

Электронная почта – электрондық пошта

Страница – парақша

Интернет – ғаламтор


Топтық жұмыс

Оқушыларды қиылған «лүпілдер» арқылы топқа бөлу

Мұғалім алдын-ала дайындалған жүрекше қағаздарды, оқушыларға таңдатады. Жүрекшенің артында «Фейсбук», «Инстаграм», «Вконтакте» деген жазу бар.

1-топ: Фэйсбук

2-топ: Иснтаграм

3-топ: Вконтакте





  1. Постер қорғау

Әрбір топқа тақырыптары бойынша мәлімет тарату. Оқушыларға плакаттарын беріп, жұмыс бағытын түсіндіру


  1. Сөздердің дұрысын жазу

Қазіргі заман әлеуметтік желінің дамыған заманы. Желілерде асығыс жазамыз деп, кейбір әріптерді тастап кетіп жатамыз немесе телефонда қазақша әріптердің жоқ екенін сылтауратып, қателіктерге бой ұрамыз. Сол қателіктерге мысал келтірейік және түзеп көрейік.

Цүндім, кеатрм, кәкелем, баратырм, келятрым, каксың, нестеп жатсын, битиватр, түсірватм





Оқушылар жаңа ережемен танысып, түсініп алады, мысалдар келтіреді







Оқушылар сөздікті дәптерге түсіріп алады




Оқушылар жүрекшелерді таңдап, әлеуметтік желілер бойынша топқа бөлініп отырады.







Берілген мәліметтер бойынша постер қорғау




Оқушылар сөздердің дұрысын жазады.

3 мин







2 мин





2 мин










2 мин








15 мин




3 мин


Қорытынды

Венн диаграмма

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны




Оқушылар кестені толтырып, пікірлерін жазады

3 мин

Кері байланыс

«Тілек қорабы»

Алдарыдағы қағазға өз тілектерін жазып, қорапқа салады.

Оқушылар қорапқа тілек жазылған қағаздарын салады.

2 мин

Бағалау

Жақсы жауап берген оқушыларды смайликтер арқылы бағалау

Бағаланады

2 мин


Үйге тапсырма

Көркем әдебиеттен есімдікке мысал жазу

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

1 мин












Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басып келеді. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп Әл-Фараби айтқадай, жас маман болсақ та, алдымызға биік мақсаттар қойып, соған жету үшін талпынсақ, уақыт өте біз жас маманнан бас маманға айналатынымыз сөзсіз.

Осы сөздерді басты назарға ала отырып, «Үздік сабағымды» ұсынғалы отырмын. Әлеуметтік желілер туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сабағым 9 сыныптың орыс бөлімінде өткізілді.

Лексикалық тақырыбы: «Әлеуметтік желілер»,

Грамматикалық тақырыбы: «Есімдік түрлері. Жіктеу, сұрау, болымсыздық есімдіктері»

Сабақ барысында көптеген жаңашыл бағыттағы әдіс-тәсілдер жүргізіліп, инновациялық, ғылыми бағытта қамтылып, ақпараттық коммуникативтік технология қолданылып, сабақтың мазмұнын аша түсті.

Сабақ оқушылармен амандасудан басталды. Оларды орындарына отырғызып болған соң, үйге берілген тапсырманы ойын ретінде сұрадым. Айтылым және жазылым бөлімдері бойынша, «Аяқталмаған сөйлем» ойыны мен «Сөзжұмбақ» құрастырып, сол бойынша үйге берілген қайталаудың барлық сұрақтары қамтыдым. Оқушылар айтылым бөлімін тез әрі қызығушылықпен орындады. Ал сөзжұмбақ шешуде интерактивті тақтаға шығуға құлшыныс білдіріп, белсенділік танытты.

Үй тапсырмасын тексеру.

Айтылым

«Аяқталмаған сөйлем» ойыны

1.«Талдықорған» сөзі құрамына қарай....

2. «Бақытты» сөзі тұлғасына қарай...

3.«Қалам» сөзі деректі, өйткені.....

4. Осы шақ дәл қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді, мысалы....

5. Етістіктің 4 райы бар, олар...

6. Табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік....

7. Шымбұлақ - Қазақстандағы үздік....

8. Қазақтың ұлттық тағамдарына...

Жазылым

«Сөзжұмбақ» шешу

  1. Переходный глагол

  2. Непереходный глагол

  3. Начальная форма глагола

  4. Залог глагола

  5. Нарицательное существительное

  6. Качественное прилагательное

  7. Наклонения

Желательное наклонение глагола


Үй тапсырмасына жақсы жауап берген оқушыларға, смайликтер таратып отырдым.












Үй тапсырмасын сұрап болған соң, оқушыларға 3 минуттық видеоролик көрсеттім. Оқушылар сол ролик арқылы сабақтың лексикалық тақырыбын табу керек болатын.

Лексикалық тақырып анықталған соң, грамматикалық тақырыпты слайд арқылы түсіндіріп, мысалдар келтірдім.

Есімдік (местоимение) – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.

Жіктеу (личное)

Мысалы: мен, сен, сіз, ол, олар, біз.

Болымсыздық (отрицательное)

Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқайда, ешқандай.

Сұрау (вопросительное)

Мысалы: кім? не? неше? қай? қалай? қашан?

Мысалдар

-Мен әлеуметтік желіде күніне 2 сағат отырамын.

-Маған әлеуметтік желіде отыруға ешкім тыйым салмайды.

-Сен қандай әлеуметтік желілерді пайдаланасың?
















Сабақ әрі қарай сөздік жұмысымен өрбіді. Бұл бір жағынан дәптермен де жұмысқа кіреді. Тақтаға сабақ барысында пайдаланылатын сөздерді интерактивті тақтада шығарып қойдым, оқушылар сөздікті дәптерлеріне көшіріп алды.

Лайк – лүпіл

Вертуальный мир – бәдік әлем

Электронная почта – электрондық пошта

Страница – парақша

Интернет – ғаламтор


Сөздікті көшіріп алған соң, оқушылар топтық жұмыс жасау үшін, топқа бөлінді. Оқушылар жүрекшелерді таңдады, ол жүрекшенің артында үш әлеуметтік желінің аттары жазылған, қай әлеуметтік желі түссе, сол топқа барып отыруы тиіс болатын.
















Оқушылар топқа бөлініп отырған соң, алдарындағы әлеуметтік желі бойынша мәліметтер тараттым. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, постер қорғау керектігін түсіндірдім. Оқушылар аса жоғары қызығушылықен постерлерін жасауға кірісіп кетті.

1-топ (Фейсбук)

Facebook – әлемнің миллиондаған нүктесін ұштастырып отырған ірі әлеуметтік желі. Ашық пікір алаңына айналған желінің тарихы және негізін қалаушысы Марк Цукерберг туралы қызықты деректерге қаныққыңыз келе ме?

– Егер Facebook-тен қате тапсаңыз, Марк Цукерберг сізге 500-20 000 АҚШ доллары аралығында ақшаны сыйға тартады.

– Google-ге қарағанда Facebook күніне екі есе көп қолданылады.

- Сіз тек Марк Цукербергтің парақшасын еш уақытта бұғаттай алмайсыз.

Ал егер бірнеше рет қайталасаңыз, парақшаңызбен қоштаса беріңіз.

– Facebook тек көк түспен безендірілген, өйткені қызылды-жасыл түстен Марктің көзі ауырады.

– Facebook айына 12,6 сағат уақытыңызды ұрлайды. Есесіне Марк минутына 450 доллар табады.

Марк Цукерберг 2004 жылы Гарвард университетінде оқып жүріп, Facebook әлеуметтік желісін жасаған.

Бөлмедегі достары Эдуардо Саверин қаржылай қолдаса, Дастин Московиц деген көп ұйықтайтын жігіт техниканың маманы ретінде ат салысқан. Гарвардтың 3 түлегі небәрі 9 күнде ірі желінің негізін қалаған.

Сонымен үш жүгірмек сайтты сынау үшін университеттегі ең әдемі бойжеткендердің суреттерін «қайсысы әдемі» деп, дауыс беру арқылы байқап көрген. 4 сағат өткенде парақшада мыңнан астам таңдау жасалған.

Фейсбуктің ауыздығы алынып, қыза түсті.

Үш айдың ішінде қаланың жартысы тіркеліп үлгерген. Facebook 

сағат санап дамыды. Мұны байқаған Марк қомақты қаржы демеушілерін іздестіруге асықты. Марк сенді, университеттен шығып, барлық қаражатын Facebook-ке инвестициялады.

Қаржылай қолдайтын кәсіпкерлермен келісті, соңына дейін күресті. Содан екі жыл өткенде, яғни 2006 жылдың қыркүйегінде 16 жасқа толған кез келген адам тіркеле алатындай, барлығына қолжетімді болып жасалды. Цукербургтің әлеуметтік желісі араға 10 жыл салып аудиториясы 1,4 млрд қолданушыны құрады.

Иә, Фейсбук – Марк Цукербургті планетаның ең жас миллиардері деңгейіне бірақ шығарды. Осылай жалғаса берсе, әлемдегі ең бай адам тізімін өзгертері сөзсіз.

Қазақстандағы фейсбук жағдайы туралы бірер сөз айта кетейік, фейсбуктің қазақ тілді толық нұсқасы әзірше жоқ. Біздің елімізде 18-24 жас аралығындағы азаматтар фейсбук желісін қолданатындардың ең үлкен тобын құрайды.

Бұл көрсеткіштің басым бөлігі нәзік жандылар қауымына тиесілі екендігі де анықталып отыр.

Қазақстан осы желіні қолдану бойынша Орталық Азия елдері ішінде бірінші орынды иемденіп тұр. Желінің белсенді, тұрақты, танымал блогерлері де бар. Жыл сайын әрбір қалада фейсбук қолданушыларының кездесуі өткізіліп тұрады. 



2-топ (Вконтакте)

«ВКонтакте» – ресейлік интернеттегі ең ірі әрі танымал әлеуметтік желілердің бірі. Рунетте аталған сайт - қолданушылар ең көп кіретін үздік үштіктің қатарында. Бүгін осы сайт пен оның негізін салушылар жайлы қызықты бірнеше дерек ұсынамыз.

  • Павел Дуров Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің филология факультетін аяқтаған бетте өзінің ағасымен бірге «ВКонтактені» (2006 жылы) жасап шықты.

  • Дуровқа әлеуметтік желі жасау идеясын Америкадан оралған досы тастаған.

  • Ресейлік жаңа әлеуметтік желіні «ВКонтакте» деп атауға «Эхо Москвы» радиостанциясының джинглы себепші болған. Ол радиодан әрдайым «В полном контакте с информацией» деген тіркесті естіген.

  • vkontakte.ru домені ресми түрде 2006 жылдың 1 қазанында тіркелді, ал сайттың бірінші функциялары 10 қазанда пайда болды.

  • Бастапқыда сайт жабық болған. Тек жеке шақырудан соң ғана тіркелу мүмкін болғанына қарамастан, кейінірек тіркелу еркін болды. 

  • «ВКонтакте» сайты тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар, басқа да ТМД елдерінде үлкен танымалдылыққа ие. Қазіргі таңда сайттың бір күндік аудиториясы 46 миллион адамнан асады.

  • «ВКонтакте» арқылы заңсыз контенттің, әсіресе, музыканың жиі таралуына байланысты сайтқа дыбыс жазу компаниялары бірнеше рет өз наразылықтарын білдірген. 2011 жылы АҚШ билігі «ВКонтакте» қарақшылыққа жол беріп отыр деген ресми мәлімдеме жасады.

Өз кезегінде сайт өкілдері "Пираттық контентке соны жүктеген қолданушылар жауапты" деп жауап қатты.

  • 2012 жылы vkontakte.ru домен аты vk.com-ге ауысты.

  • Әлеуметтік желінің танымалдылығы артқан сайын, Павел Дуровтың қалтасы қалыңдай түсті. Бүгінде рубльмен есептегенде, ол миллиардер болып саналады. 2011 жылдың өзінде оның байлығы 7,9 миллиард рубльге жеткен.

  • Қазіргі таңда «ВКонтактенің» 100 пайыз акциясы шамамен 1,5 миллиард долларға бағаланып отыр. Соның 40 пайызы Mail.ru Group-ке тиесілі, ал 12 %-ы Павел Дуровтікі.

Қалған 48 пайызын компанияның негізін салған Вячеслав Мирилашвили мен Лев Левиев 2013 жылы United Capital Partners-ке (UCP) сатып жіберді.

Танымалдылығы жөнінен Белоруссия және Украинада – бірінші орынды, Ресейде – екінші орынды және Қазақстан бойынша төртінші орынды иеленеді.










3-топ (Инстаграм)

2006 жылдың көктемінде Кевин Систром Пало-Альтодағы (АҚШ) Caffé del Doge кафесі маңында тұрған кезде оның қасына Марк Цукерберг келеді.

Ал содан бір жыл бұрын Цукерберг Кевинмен кешкі ас барысында оған Стэнфордтағы оқуын тастап, Facebook желісінің фото жобасын жүзеге асыруды ұсынады. Систром келісімін бермей кетеді.

«Оқу барысында стартап ашып, ақшаға кенелуге қызықпадым. Алдымен оқуды тәмамдап алу керек еді. Себебі Стэнфорд білімі мен үшін өте маңызды болатын. Ал Марктың идеясы ұтымды болса да, оны құрастыруға талай еңбектің қажет екенін түсінгенмін», - дейді Систром.

Мамандар Систромның Facebook компаниясында жұмыс істеуден бас тартқаны дұрыс шешім болғанын айтады. Кевин Стэнфордта қалып, Instagram әлеуметтік желісін құрастырады. Көп өтпей оны Марк Цукерберг 1 млрд АҚШ долларына сатып алады. Алғашқыда стартаптың табысы да, стратегиялық жоспары да жоқ болатын. Сондықтан ұсынылған сома Кевин тарапынан бірден мақұлданады. Компания сатылғаннан кейін де Систром мен Кригер өз қызметтерінде қала береді. Келісімшарт іске асқаннан кейін Марк Цукерберг Instagram әлеуметтік желісін Систром тәуелсіз түрде басқаратынын нақты айтады.

Бүгінде фото және видео алмасуға арналған әлеуметтік қызметі де бар Instagram бүкіл әлемге танымал. Оның жобасы бастапқыда "Burbn" деп аталып, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласынан бастау алады. Instagram желісін жүзеге асыруға Кевин өзімен бірге оқыған бразилиялық досы Майк Кригерді (Mike Krieger) шақырады.

Систром сандық экономика нарығында стартапты бірнеше айдың көлемінде миллиардты қамтитын компанияға айналдыру мүмкін екенін айтады. Расында 2010 жылы ұсынылған желінің қолданушылар саны бір жыл өтпей 15 миллионға жетеді. Бұл Facebook көрсеткішінен әлдеқайда жоғары болатын. Фотоны тек жүктеп қана қоймай, оның сапасын арттыру, өңдеу функцияларын да ұсынады. Алғашқы күні 25 мың тіркелуші жинай алған әлеуметтік желінің бүгінде 300 миллионнан астам қолданушысы бар. Бастапқыда тек iPhone смартфондарына арналып шығарылған қызмет түрі бір жыл өтпей Android платформасына да қосылады. Ал 2012 жылы Windows Phone оперативті жүйесінің онлайн қосымшаларының біріне айналады. 

























































Оқушылар топтық жасауға әбден үйренген, машықтанған. Бәрі ұйымдасқан түрде постер дайындап, оны қорғап берді. Постер қорғауға оқушылардың барлығы дерлік қатысты. Оқушылар постер қорғау барысында әлеуметтік желілердің қалай пайда болғандығын, оларды ойлап тапқан адамдар туралы көптеген тың деректер алды.

Қазіргі заман әлеуметтік желінің дамыған заманы. Желілерде асығыс жазамыз деп, кейбір әріптерді тастап кетіп жатамыз немесе телефонда қазақша әріптердің жоқ екенін сылтауратып, қателіктерге бой ұрамыз. Осы олқылықтарды түзеу мақсатынды оқушыларға әлеуметтік желілерде жіберілетін орфографиялық қателерді ұсындым. Интерактивті тақтада қате сөздер беріліп, оқушылар ол сөздердің дұрысын жазды: Цүндім, кеатрм, кәкелем, баратырм, келятрым, каксың, нестеп жатсын, битиватр, түсірватм















Сабақты қорытындылауда Венн диаграмма әдісін пайдаландым. Алдын ала дайындалған плакат тақтаға ілініп, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын оқушылар сол плакатқа жазды.























Кері байланыс бөлімінде «Тілек қорапшасын» пайдаландым. Оқушылар сабақтың басында топқа бөліну үшін алған жүрекшелерге өз тілектерін жазып, тілек қорапшасына салды.





















Оқушылар тілек қорапшасына тілектерін салған соң, оқушылардың жұлдызшаларын санап, сол жұлдызша бойынша бағаладым.

Үйге тапсырма беріп, сабағымды аяқтадым.

Сабақ өз мақсатына жетті деген сенімдемін. Оқушылар сабаққа өте белсене қатысып, қазіргі заманның актуалды тақырыбына қызығушылықтарын жасырмады.