СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есімдікті қайталау

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

есімдік тақырыбына ашық сабақ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаіліміне

Просмотр содержимого документа
«Есімдікті қайталау»

Күні: 11.12.2015 ж

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6 «А» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен түрлерін қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту:

ә) ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;

б) сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жүргізіп, бір- бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, тест жұмысы, кесте


Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық дайындық

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

3. Үй тапсырмасы:

134 бет, 1-тапсырма.

Жоғалған күшікке хабарландыру жасау, оны қорғау.

Өткен тақырыпты пысықтау

1 . Есімдік дегеніміз не?

2. Мағыналық түрлерін атаңдар.

3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Тапсырмалармен жұмыс:

Әбу Сәрсенбаевтың “Сен құрметте оны” өлеңін мәнерлеп оқып, жіктеу есімдіктерін табу.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты.

Өлім соққысын өз үстіне алды.

Тақтамен жұмыс:

Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз.

..... айтып тұрған қасиеттер .... баладан табылмасына ... кепіл?

..... ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен.

..... - Күршім өзені.

......... - Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер.

... елің - алтын бесік.

Есімдіктер: сіз, осы, кім, бұлар, мына, мынау, өз.

«Артық білім кітапта» Оқулықпен жұмыс

162-жаттығу. Берілген есімдіктерді мағыналарына қарай анықтап, сөйлем құрап жазыңдар.

Әрқашан, әркім, әлдеқалай, қайсыбір, бірнеше, кейбіреу, ешбір, әрқалай, ешқандай,ешқашан.

Сергіту сәті

  1. Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі бар? (Біз)

  2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды? (Сұрау есімдігі)

  3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды?

(жіктеу есімдігі)

  1. Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды,

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды.(жалпылау есімдігі)


«Сыңарын тап» ойынын ойнату.

Шығармашылық жұмыс. «Есімдіктер еліне саяхат» тақырыбында ертегі құрау, оны суретін постерда салып, қорғату.

Қорытындылау. Сөзжұмбақ шешкізу

Сабақты бекіту. Сематикалық картамен жұмыс

р/с

Мысалдар


жіктеу


сілтеу

сұрау

өздік

белгісіздік

болымсыздық

жалпылау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

барлық

кейбіреу

олар

мыналар

өздері

ешқашан

біздің

қайда

әлдеқашан

біреуге

дәнеңе

әне

қалай

тегіс

әрқашан










Рефлексия:

Бүгінгі сабақта бас арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта қол арқылы не жасай алдың?

Бүгінгі сабақта жүрегін арқылы нені сезіндің?

(оқушылар стикерге жауаптарын жазып тақтаға іледі)

Үйге тапсырма:

Күнделікті ашайық.

Тапсырманы тізіп жазайық.

Есімдіктен алған білімді

Ұмытпай еске салайық!

“Әрқашан күн сөнбесін” тақырыбында есімдіктерді қатыстырып ойтолғау жазу

Бағалау (смайликтермен)











Скачать

© 2017, 552 6

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!