СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"IF операторы" дәріс

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шарт – бұл бульдік мәні (true немесе false) бар кез келген өрнек.

Просмотр содержимого документа
«"IF операторы" дәріс»

if операторы


if операторы ең қарапайым түрде келесідей жазылады:


if (Шарт) әрекет;


Шарт – бұл бульдік мәні (true немесе false) бар кез келген өрнек. Әрекет тек шарт ақиқат болған кезде (true) орындалады. Қандай да бір шартты тексеру нәтижесінде бірнеше операторлар бір мезгілде орындалса, олар блок болып фигуралық жақшаның ішінде жазылады.


if (Шарт)

{

Әрекет1;

Әрекет2;

}


Көбінесе шарт ақиқат болғанда ғана емес, ол жалған болған кездегі әрекетті көрсету керек болады. Бұл жағдайда else кілттік сөзі қолданылады:


if (Шарт)

{

Операторлар блогы1

}

else

{

Операторлар блогы2

}


elseif кілттік сөзі алдыңғы шарттар жалған болғанда қосымша шарттарды тексеру үшін қажет:


if (Шарт1)

{

Операторлар блогы1

}

elseif (Шарт2)

{

Операторлар блогы2

}

elseif (Шарт3)

{

Операторлар блогы3

}

else

{

Операторлар блогы4

}


Айталық, Шарт1 мен Шарт2 жалған, ал Шарт3 ақиқат болсын. Бұл жағдайда РНР интерпретаторы алдымен Шарт1-ді тексереді, оның жалған екендігіне көз жеткізеді, содан кейін Шарт2-ні тексереді. Бұдан соң Шарт3-ті тексеріп, оның ақиқат екенін көріп, үшінші операторлар блогына енеді.


Мысалы:

$a = 1;

if ($a

{

echo "a айнымалысы 2-ден кіші";

}

elseif ($a

{

echo "a айнымалысы 3-тен кіші";

}

elseif ($a

{

echo "a айнымалысы 4-тен кіші";

}

else

{

echo "a айнымалысы 4-ке тең не одан үлкен";

}

?


$a айнымалысының мәнін өзгерте отырып, орындалу нәтижесін қараңыз.


Тернарлық шартты оператор

Тернарлық дегеніміз – үш операнды бар оператор. Ол келесідей болады:


Айнымалы = Шарт ? Мән1 : Мән2;


Егер Шарт ақиқат болса, онда айнымалыға Мән1 меншіктеледі, әйтпесе Мән2 меншіктеледі. Мысал:


$a = (1 ;