Пәні: Информатика
Сынып - 6
Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету. Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу;
Оқушыларды тізім бойынша тексеру;
Оқушылардың сабаққа дайындалуы;
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1) Фигураларды не үшін топтастырады? Оны қандай бұйрықтың көмегімен жүзеге асыруға болады?
2) Нысанды қалай жылжытуға (көшіруге) болады.
3) Нысанды қалай жоямыз?
4) Бірнеше нысанды бір мезгілде ерекшелеуге болама?
5) Нысанның мәтінмен орағытуларын атаңдар.
6) Суреттің пішімі бұйрығы не үшін қолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер». Тұсаукесер- латынша praesentio( Презентация) (көрме)-жаңа,жақында пайда болған ,жарияланған,жасалған әлденені (кітапты,фильмді,ұйымды және т.б) көпшілікке таныстыру.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.Бүгінгі күні Microsoft Power Point бағдарламасын әлемде 300 млн ға жуық адам пайдаланады.

Power Point бағдарламасын іске қосу үшін:
Пуск-Все программы-Ms Office-Ms Power Point
Слайд мынадай объектілерден тұрады:
-Тақырып
-Жолақ(Главная,Вставка,Дизайн,Анимация,Показ слайдов,Рецензирование, Вид)
-Құрылым
-Қалып күй
-Слайд
Power Point 2007 бағдарламасында құжаттың типі .pptx пішімінде болады. Слайд құру. Басты-Слайд құру командасын орындаймыз. Слайдқа сурет енгізу қажет болса Вставка Рисунок командасын орындаймыз. Enter пернесін басу арқылы қосымша беттер қосамыз.Тұсау кесерді қалай безендіреміз. Жолақтың Дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін арналған. Дайын Дизайны бар фондарды таңдауға арналған. Дайын болған слайдтты F5 немесе показ слайдов батырмасын басу арқылы іске қосамыз. Ctrl+N перенесін басу арқылы жаңа тұсаукесер бетін ашуға болады.
ІV. Тапсырмалар
Оқушылар өздері қалаған кез келген бір тақырыпты таңдап сол тақырып бойынша презентация жасау.
V. Қорытынды
1) Тұсаукесер деген не?
2) Тұсаукесер слайдының қасиеттерін атаңдар?
3) Power Point бағдарламасы терезесінің элементтерін атаңдар?
4) Жаңа тұсаукесерді қалай құрамыз?
5) Шаблон бойынша тұсаукесерді қалай құрамыз?
6) Слайдты қалай жоямыз?
VI. Үйге тапсырма
§27 Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер тақырыбын оқу 179-185 бет.
186 бет түйінді жазу.
187-188 бет өзіңді тексер орындап келу.
VII. Бағалау
Оқушыларды үй жұмысы мен практикалық тапсырмалары бойынша бағалау.