СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика и

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

тест жаттауға көмек беретін құрылғы. Бұлтест арқылы сіз оңай әрі жылдам жаттайсыз

Просмотр содержимого документа
«Информатика и»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті











ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Білім беруді ақпараттандыру

(пәннің коды мен атауы)

5В011100 Информатика

(мамандықтың коды мен атауы)

___________________________3________________________________

(кредиттер көлемі)





















Орал, 2017

1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

БҚМУ информатика кафедрасында_____________________________

(жұмыс бағдарламаны жасаған білім беру ұйымының атауы)

_ п.ғ.к., доцент Медешова А.Б.

2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

_______________________________________________________________

(т.а.ә. ғылыми дәрежесі, атағы, ұйым атауы)

_______________________________________________________________

3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 201_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

4. Жұмыс оқу бағдарламасы 5В011100 «Информатика» мамандығының.

(мамандықтың атауы)

элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген

5. ҚАРАЛҒАН физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында 2017 жылғы «15» қыркүйек 1 хаттама











Түсіндірме жазба


Мақсаты: студенттердің білім беру саласын ақпараттандыру және цифрлық технологияның білім беру саласындағы рөлі, орны туралы білімдерін қалыптастыру.

Курстың міндеті:

  • АКТ-ны қолдана білуі және оның әдістемелік мақсатқа сәйкестілігін білуі;

  • білім беру саласын ақпараттандыру туралы мемлекеттік құжаттарды оқып-үйрену икемділіктерінің қалыптасуы;

  • цифрлық ресурстарды дайындау және пайдалану, рәсімдеу әдістемесін меңгеруі;

  • цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда өзіндік үлес қосуға дайындалуы;

  • кәсіби, педагогикалық құзыреттілік қалыптасуы қажет.

Оқыту негізінен дәріс, практикалық сабақ, өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Сабақтың бұл түрлерінің барлығы студенттерді қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы дәрежелі маман болуға дайындауды жүзеге асыруды көздейді.

Пререквизиттері:

информатика, педагогика, психология, философия, жас ерекшелік физиологиясы

Постреквизиттері:

мектепте информатиканы оқытудың әдіс-тәсілдері

цифрлық ресурстарды қолдану әдістері


Пәннің тақырыптық жоспары


Мазмұны

Сағат саны

Дәріс

Практикалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе. Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары

1

1

1

4

2

Ақпараттандырудың негізгі ұғымдары

1

1

1

4

3

Білім беруді ақпараттандырудың методологиялық негіздері

1

2

1

4

4

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың нормативтік құжаттар. «Цифрлық Қазақстан-2020»

1

2

1

4

5

Білім беруді цифрландырудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері

1

2

1

4

6

e-Learning. Электрондық оқытудың ортасы.

1

2

1

4

7

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технология

1

2

2

4

8

Қашықтан оқыту мүмкіндіктері.

1

2

1

4

9

Интернет-ресурстарды пайдалану. Цифрлық ресурс.

1

2

2

4

10

Мобильді оқыту.

Әлеуметтік желінің білім алудағы орны.

1

2

2

4

11

Бұлттық технология.

Түрлі оқу платформалары.

1

2

2

4

12

АКТ құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту Білімді жетілдіруді ақпараттандыру

1

1

1

4

13

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі

1

2

2

4

14

Білім беруді ұйымдастырудың мониторингі мен сараптамасын ақпараттандыру жүйесі

1

1

2

4

15

Оқыту нәтижесін бақылау және өлшеуді ақпараттандыру

1

2

1

4


Жобамен жұмыс


4

2

7


Барлығы

15

30

23

67




Пәннің мазмұны

Кіріспе.

Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары. Білім беруді ақпараттандырубілім алушылардың интеллектуалды қабілетін күшейту және танымдық қызметін қайта құруына жағдай жасау мақсатында, цифрлық техника және ақпарат тарату құралы базасында ақпараттарды жинау, өңдеу, беру және ақпаратты сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық тәжірибеге жаппай енгізу.

Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік маңыздылығы.

Қоғамды цифрландырудың жүзеге асырылуы жағдайы.

Шетелдегі ақпараттандыру үрдісі.

Қазақстанда білім беруді ақпараттандырудың тарихи жүруі.

Ақпараттандырудың негізгі ұғымдары.

Ақпарат. Қоғамды ақпараттандыру, мемлекеттік ақпараттық саясат үғымы мен орны. Білім беруді ақпараттандыру ұғымы. АКТ. Цифрлық технология.

Білім беруді ақпараттандырудың методологиялық негіздері

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру саласындағы ғылыми зерттеулер. Білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. Цифрландыру бағыттары. Білім беруді цифрландыруды дамыту көрсеткіштері. Интернеттендіру, ауқымды желімен қамтамасыз ету. Білім беру жоспарлары мен бағдарламалары.

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың нормативтік құжаттары.

1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы.

«Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы.

ҚР СТ 34.017-2005. Ақпарттық технологиялар. Электрондық басылым. Электрондық оқу басылымы.

Білім беруді цифрландырудың мақсаты мен міндеттері. Білім беруді цифрландырудың негізгі қағидалары. Білім беруді цифрландыру жағдайында күтілетін нәтижелер.

Білім беруді цифрландырудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері.

Білім беруді цифрландырудың психологиялық және педагогикалық негіздері. Білім беруді цифрландырудың дидактикалық негіздері. Білім беруді цифрландыру жағдайында оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамыту алгоритмі.

e-Learning. Электрондық оқытудың ортасы.

Электрондық оқытудың тарихы. Электрондық оқытудың дидактикалық негіздері. Электрондық оқыту және информатика.

Мәтіндік, аудио, бейне және графикалық ақпаратты сандық формада ұсыну. Ақпаратты сығу үшін базалық технологиялар. Виртуалды әлемдегі 3D ұсыну мен анимация.

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технология. Цифрлық ресурс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мәні мен орны. Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияны құрастырушылар түсінігі. Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану.

Цифрлық ресурс. Цифрлық ресурс түрлері. Цифрлық ресурс дайындау әдістері. Мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу құрал -саймандары.

Қашықтан оқыту мүмкіндіктері.

Қашықтан оқыту ұғымы. Қашықтан оқытудың білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы орны. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруды нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы.

Интернет-ресурстарды пайдалану.

Білім берудің ақпараттық кеңістігі. Ауқымды желіде ақпаратты іздеу. Цифрлық ресурстар топтамасы. Заттар Интернеті. Үлкен көлемді деректер. Блок чейн технологиясы. Интернет -ресурсты пайдалану мәдениеті. Ақпараттық қауіпсіздік.

Мобильді оқыту мен әлеуметтік желінің білім алудағы орны.

Қоғамдық өмірде интернетке мобильді қолжетімділік мен әлеуметтік желілер рөлі. Смарт және мобильді оқыту технологиялары. Смарт қалам. Жекелеген смартфон багдарламалары мен қосымшаларын оқыту барысында қолдану ерекшеліктері. Планшеттік оқу. Мобильді оқыту мен әлеуметтік желіні пайдаланудың тиімділігі. Қазақстандағы әлеуметтік желілердің даму үрдісі. Жасанды интеллект. Smart -қызметтерді пайдалану. АКТ -дағы жасыл технология. Телеконференциялар.

Бұлттық технология. Түрлі оқу платформалары

Дата орталықтар. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері. Бұлтты есептеулер қағидаттары. Виртуалдау технологиясы. Бұлтты Web - қызметі. Мобильді технологиялардың негізгі терминдері мен тұжырымдамалары. Мобильді қызметтер. Мобильді технологиялар стандарттары. Түрлі операциялық жүйелер, программалар. Түрлі оқу платформалары

АКТ құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту. Білімді жетілдіруді ақпараттандыру

Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Педагогтардың ақпараттық технологиялар негізінде түйінді құзіреттілігін дамыту. Студенттер мен оқушылардың ақпараттық технологияларды қолдануға даярлығын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Білімді жетілдіру үрдісінде құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік қалыптастыру.

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі

Мектепті ақпараттандыру. Мектептi жаңа ақпараттық технология негiзiнде дамытуды басқару жүйесi. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мектепті басқару кезеңдері. Цифрлық технологияны оқу үрдісіне қолдануда оқушының өзіндік танымдық қызметі.

Білім беруді ұйымдастырудың мониторингі мен сараптамасын ақпараттандыру жүйесі

Мектептегі автоматтандырылған басқару жүйесі. Мониторинг – білім сапасын жоғары деңгейге жеткізудің,инновациялық жобаларды жасаудың ең тиімді түрі.Білім беру ұйымдарында мониторингілік зерттеу жұмысын жүргізудің маңыздылығы.

Халықаралық тәжірибеде жалпылай қабылданған бағалау түрлері.

Оқыту нәтижесін бақылау және өлшеуді ақпараттандыру

Автоматтандырылған бақылаушы және тестілеуші программалар. Бақылау мен бағалау. Бақылау мен өлшеудің компьютерлік құралдары. Үйретуші және үйретуші-оқыту программасы.

Жобамен жұмыс

Мобильді және веб-әзірлемелер. Оқыту, үйретуші, ойын, тестілеу программаларын жасақтау. Тақырыптық презентация, флипчарт дайындау. Смарт технологияны, интерактивті тақта, планшетті пайдалану.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша)

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319Заңы.//"Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз № 254-256. 01.01.2018 өзгерістер енгізілген.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен// Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 529-532 (26375. 01.03.2016 күшін жойған.

  3. "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы//Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 200-құжат
  4. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы// http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827
  5. ҚР СТ 34.017-2005. Ақпарттық технологиялар. Электрондық басылым. Электрондық оқу басылымы. Астана, 25.01. 2005, №1 бұйрық.

  6. Педагогические технологии информатизации образования. /Под ред. Беркимбаевой Ш.К. – А.: 2002 ж.;

  1. Теоретические основы создания образовательных электронных изданий. / М.И. Беляев, В.М. Вымятнин, С.Г. Григорьев, В.В.Гриншкун, В.П. Демкин, Г.А. Краснова, С.В. Коршунов, С.И.Макаров, Г.В. Можаева, М.И.Нежурина, Б.М. Позднеев, И.В. Роберт, А.В. Соловов, А.Г. Теслинов, С.А.Щенников - Томск: Изд-во Томского университета, - 2002ж, 86 с.

  2. Основы открытого образования /Андреев А.А., Каплан С.Л., Краснова Г.А., Лобачев С.Л., Лупанов К.Ю., Поляков А.А., Скамницкий А.А., Солдаткин В.И.; Отв. ред. В.И. Солдаткин. - Т.2. – Российский государственный институт открытого образования. - М.: НИИЦ РАО, 2002ж. - 680 с.

  3. Основы открытого образования /Андреев А.А., Каплан С.Л., Краснова Г.А., Лобачев С.Л., Лупанов К.Ю., Поляков А.А., Скамницкий А.А., Солдаткин В.И..; Отв. ред. В.И. Солдаткин. - Т.1. - Российский государственный институт открытого образования. - М.:НИИЦ РАО, 2002ж. - 676 с.

  4. Тажигулова А.И. Методология и технология информатизации среднего образования. Автореферат дисс.д,п.н., Алматы, 2009, 48стр.

  5. Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас – Алматы: «ҰАО» АҚ, 2011. – 87 б.

  6. Нургалиева Г.К., Тажигулова А.И. Педагогическая методология и технология информатизации среднего образования. - Алматы: НЦИ, 2011.-282 с.

  7. Информационные и коммуникационные технологии в образовании :

монография / Под.редакцией: Бадарча Дендева – М. : ИИТО ЮНЕСКО, 2013. – 320 ст

  1. Медешова А.Б. Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқарудың ақпараттық жүйесін жасақтау: Монография./А.Б.Медешова, А.Б.Искалиева. – Алматы: “Credos Itd C” баспасы, 2016. -140 б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Разработка электронных учебных изданий: Справ. Пособие. – Пенза: Изд-во Пенз. технолог. ин-та, 2001.–34 с.156

  2. Вашкевич Н.П. Сетевые технологии в образовании. Подготовка компьютерных учебных изданий на основе сетевых технологий: Учеб.пособие / Н.П. Вашкевич, С.А. Зинкин; Под ред. В.И. Волчихина. - Вып.1. - Пенза: Издво. Пенз. гос. ун-та, 2001ж. - 188 с.

  3. Доменко В.М., Бурсов М.В. Создание образовательных интернет-ресурсов. Учебное пособие. - СПбГИТМО(ТУ), 2002ж. - 104 с.

  4. Григорьева Ю.Ю. Создание курсов дистанционного обучения. Методические рекомендации. – Ростов-на-Дону: Ростовский-на-Дону государственный колледж связи и информатики, 2002ж.–44 с.

  5. Алдабергенова А. О. Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі, Алматы, 2010

  6. Совершенствование профессиональной деятельности педагога в условиях информационно-образовательной среды. / Курманалина Ш.Х. // Вестник Академии Педагогических Наук Казахстана. – 2010ж. №6.

Электрондық оқулықтар

  1. Медешова А.Б. Бастауыш мектептегі информатика. 2008.

  2. Медешова А.Б., Батрашева Э. Бастауыш мектептегі математика. (Қызықты математика). 3 сынып. 2016

  3. Медешова А.Б., Муратова А. Ұлттық дүниетаным. 4 сынып. 2016

  4. Музыка. 1 сынып. 2014.

  5. Әліппе. 1 сынып. 2015.

  6. «Вавуtype», «Stamina» пернетақталық жаттықтырғыштары

  7. Манипуляторлық жаттықтырғыштар

Интернет-ресурстар

  • http://bilimland.kz/kk/home

  • http://itest.kz/

  • http://e.edu.kz/sui/#/lcms/scorm/523425846

  • https://edugalaxy.intel.ru/

  • https://edugalaxy.intel.ru/?act=programms

  • http://moodle.nci.kz

  • http://nci.kz

  • http://zkoipk.kz

  • http://ab-learn.com

  • www.ict.edu.ru

  • www.phportal.informika.ru

  • www.testolog.ru