СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің алғашқы программам

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары информатика пәнінен 5 сыныптарға арналған.

Просмотр содержимого документа
«Менің алғашқы программам»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Талқылау және программалау

Мектеп: Көктал орта мектебі

Күні: 26.02.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Кобекова М.К.

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Менің алғашқы программам

Сабақ мақсаттары

5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну

5.3.3.1 - тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)

Бағалау критерийлері

  • Scratch бағдарламасында алғашқы программа жасай алады;

  • Тармақталу және цикл командаларын қолданып программа құрады;

  • Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып, анимация құрады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар тармақталу және цикл командаларынан құрылған программа құрылымын сипаттай алады

Пәндік лексика және терминология

ойын программалау ортасы, командалар, сюжет, статикалық кейіпкерлер, айнымалылар, есеп шығару жолдары, логикалық операторлар, спрайт, блок, сенсорлар, операторлар, дыбыс, қозғалыс

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Осы мәселені шешу үшін мен …

Идеямды жеткізу үшін мен келесі ….таңдадым.

Менің программамның құрамына келесі командалар кіреді: …

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы оқу, бірін-бірі бағалау, сыйлау.

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім

Алгоритмнің түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут











І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Оқушылар қағаздағы суреттер арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ: Scratch ортасы

2-топ: Спрайт

3-топ: Скриптер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Кім алғыр?»

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритмнің қанша түрі бар?

3. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

4. Орындаушы қаншаға бөлінеді?

5. Формальды және формальды емес орындаушының айырмашылығы?

6.Программа дегеніміз не?

Жауаптары:

  1. Алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.

  2. Алгоритмнің 3 түрі бар (Сызықтық, тармақталған, циклдік)

  3. Алгоритмді жүзеге асырушы.

  4. Орындаушы 2 бөлінеді (формальды және формальды емес)

  5. Формальды орындаушы бір команданы бір қалыпты, өзгеріссіз орындайды. Формальды емес орындаушы бір команданы түрлі әдіспен орындайды.

  6. Қандайда бір программалау тілінде жазылған алгоритм, компьютерге түсінікті командалардың жиынтығы.

қ/б: «Жақсы, жарайсың»


Қима қағаздар






Презен

тация



Сабақтың ортасы

20 минут

ІІІ. Жаңа сабақ «Бір сурет, 3 сөйлем»

Жаңа сабақта тақырыпқа қатысты суреттер беріледі, видеоролик

Скреч-анимацияланған ертегілер, мультфильмдер, ойындар мен модельдерді құрастыруға арналған жаңа программалау ортасы.

Scratch терезесін визуальды түрде үш бөлікке бөлуге болады:

Бөліктері

  1. - бөлік: Скриптілерді таңдау бөлігі,

  2. - бөлік: Скриптілер облысы,

  3. - бөлік: Негізгі жұмыс алаңы 

Әр бөлік екі ұяшықтан : жоғарғы және төменгі бөлімдерден тұрады. Бірінші бағанның жоғарғы ұяшығы түрлі-түсті 8 скрипт таңдау батырмаларынан тұрады:движение, контроль,внешность, сенсоры, звук, операторы, переменные. 
Бір батырманы белсенді еткенде, қалған батырмалары өшіріледі. Қосулы батырма сәйкес түске боялады. Осы кезде бағанның төменгі ұяшығында батырмаға байланысты командалар көрінеді.

Топтарға тақырыпқа сай суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап оқушылар сөйлем құрастырады.

1-топ:

Scratch – бұл кодты жазу процесін жеңілдететін бағдарламалаудың визуальді тілі. Оны әралуан көңілді және қызықты бағдарламалар жазу үшін қолдануға болады.

Scratch арқылы ең алғашқы бағдарлама жазу тәжірибесін жасай аламыз. 
«Циклдің» не екенін түсінуге оңай тапсырмалар бар, әртүрлі циклдік операторлар бар. 
Солардың көмегімен интерактивті түрде үйрететін кішігірім бағдарлама жазуға болады.

Scratch бағдарламалау ортасының атауы ерекше, осы бағдарламаның эмблемасы – кішкентай Scratch (орысша-царапка, қазақша- тырнауыш) деп аталатын мысықтың баласы.

2-топ:

Спрайттар Scratch-тің негiзгi құраушылары болып табылады. Scratch бағдарламасы оларды басқаратын әрбір спрайттар мен скриптерден тұрады.

Спрайттар:

  • сахнада қозғалады;

  • олар бірнәрсеге тиіп кеткен кезде әрекет етеді;

  • қолданушымен басқарылады;

  • келбетін өзгертеді;

  • мәтiндiк бұлттар арқылы сөйлейді;

  • дыбыстар шығарады және музыка ойнатып береді;

3-топ:

Программада объектілермен бірнеше әрекеттер жасауға болады: жылжыту, түрін өзгерту, басқа объектілермен байланыстыру және т.б. Объектілі- бағдарлы программалау ортасына негізделген сценарий түрлі-түсті және әртүрлі пішіндегі блоктардан құралған командалардан құрастырылады. Спрайттар – бұл сахнадағы бейнелер. Скриптер оларды бірнәрсені жасату мақсатымен жазылады. Басқа спрайттарға және бағдарламаны қолданушыға әсер ету туралы спрайттарға нұсқаулар беріледі

Дескриптор

- Скреч ойын ортасымен танысады.

- Жалпы сипаттамасы мен жіктелуін түйіндейді

қ/б: «Топтар бір-бірін бағалау»


Оқулық,

https://www.

youtube.

com/watch?

v=CXFU

pr4atMU






















Суреттер,

плакаттар


10 минут







IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Жұптық жұмыс

Міне осындай бағдарламаны құрыңыз, ол қалай жұмыс істейді оны түсіндіруге тырысыңыз. Тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану

Дескриптор:

  • Scratch бағдарламасында алғашқы программа жасай алады;

  • Тармақталу және цикл командаларын қолданып программа құрады;

  • Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып, анимация құрады

қ/б: «Ауызша кері байланыс»

Тапсырма

лар

Сабақтың соңы

5 минут


V. Сабақты қорытындылау «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі

Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.







Бағалау:

Рефлексия

VI. Үйге тапсырма: Менің алғашқы программам

Қима қағаздар, стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тапсырма

  1. «Кім алғыр?» әдісі

  2. «Бір сурет, 3 сөйлем» әдісі


Топтық жүмыс және жұптық жұмыс тапсырмалаын орындау,

алгоримді сөз түрінде сыныпқа айту, тармақталған алгоримтдерді қолдана отырып, ойын түрінде скрипт құрастыру

Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақтағы оқу мақсаттары дұрыс қойылған

Оқушылар бүгінгі сабақта оқу мақсатына жетті.

Сабақ өз уақытында жүргізілді. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар болған жоқ.

Басты тапсырмаларды орындаған кезде сұрақтарды пайдалану.

Оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы нәтижелерін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!