Доклад
Тақырыбы:
«Инновациялық технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың білім сапасын арттыру»
Хасенова Лаззат Тлегеновна
№ 19 орта мектебі
[email protected]
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.
«Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты:
-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
-оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы балаларды ойлана білу, шығармашылық қабілеттері артады.
-оқушылардың білім сапасын жақсарту, ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
-әр баланың өз ойын еркін жеткізе білуге, ізденуге тәрбиелеу.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін мультимедиялық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.
Интерактивті тақталар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады.
Мектеп дейінгі балаларға біріншіден интерактивті тақта қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.Интерактивті тақта балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.
Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Интерактивті тақта бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқындай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі таңда инновациялық технологияларының мынадай бар:
-Шығармашылық қабілеті артады.
- Өсіп келе жатқан жеке тұлға жан – жақты дамиды.
-Білім сапасының артуына ықпал етеді.
Инновациялық технологияның тұжырымдамалары:
Жаңа технология әдістерін қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.
Инновациялық технология - бұл өзіңіздің әдістемелік жүйең. Яғни, әр мұғалімнің оқыту технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесінің нәтижесі.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Инновациялық технологиялардың сабақта тиімді әдістерін пайдалану арқылы, оқушылардың білім сапасының артуына болады.Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген мұғалімнің алдында білім алған мынадай бала бейнесі:
1.Өз ойын еркін айта алатын
2. Танымдық күші қалыптасқан
3. Білімге деген қажеттілікті ұғынған
Қазіргі мұғалім:
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Инновациялық білімді дамытатын;
• Жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелетін;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
Бір сөзбен айтқанда әр ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан - жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез - келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігін ұмытпай,есте сақтағанымыз жөн.
Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.
Мұғалім, бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -
деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Қазақстан-2050» даму стратегиясы