СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Интеллектуалдық сайыс: "Ғажайып физика"

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шын жүйрік шабысынан танылады, Қатты білім, терең ой саналады. Баға берер әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпен қол соғылады. Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты, Білім мен тапқырлардың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. 

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалдық сайыс: "Ғажайып физика"»

"Ғажайып физика" интеллектуалдық сайысы

Жүргізуші: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 8 сынып оқушылары арасында өткелі отырған "Ғажайып физика" интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)


Жүргізуші: 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнержарысып,
Тәрбие - тәлімтабармән.
Бұлбәйгеойдыңбәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қошкелдіңіздер!


Жүргізуші:
Сайыстың өткізілу тәртібі
Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:
• бірінші кезең – 4 турдан тұрады
І тур. «Сәлем – сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)
ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)
ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)
ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)
екінші кезең – тәжірибелік (үй тапсырмасын көрсету) – 2 турдан тұрады
І тур. «Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету, 10-дық жүйе) Топтық кезеңде әр топ 3 физикалық құбылысты көрсетеді, оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.
- құбылысты көрсету
- қарсыластардың құбылысты түсіндіруі
- өз жауаптары
IІ тур. «Әділқазылар сұрақтары». (әділқазы сұрақтарына жауап беру).

Қорытындыларды бағалау, марапаттау тәртібі
Сайыстың қорытындысы бойынша әр қатысушының жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады, команда – жалпы есепте. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.


Сайысымызды бастаймыз
• бірінші кезең
І тур.«Сәлем – сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)
ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)

1.Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп;
Ол шама векторлық емес, скаляр шама;
Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады;
(жауабы: масса)
2. Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта;
Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана;
Оны сағатпен өлшейді;
(жауабы: уақыт)
3. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп;
Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;
Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек;
(жауабы: күш)
4. Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады;
Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз;
Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз;
(жауабы: үйкеліс)
5. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді:
Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді;
Жердегі ең ақылды кім?
( жауабы: адам)
6. Адам организмінде бар зат;
Заттың үш күйінің біреуі;
Жерде онсыз өмір жоқ.
(жауабы: су)
ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)

ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)
ТАБИҒАТ
10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия)
20–Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп)
30–Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық)
40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз)

ТЕХНИКА

10 –Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (3 кг)
20–Ең алғаш рет қыздыру шамын 1872 ж. Санкт-Петербургте кім ойлап тапты. (А.Лодыгин)
30 –Оқушы рюкзагының белбеуі неге жалпақ? (Жалпақ белбеу денеге қысымды аз түсіреді)
40 –Оттағы шәйнек неге ызылдап әндетеді? (ауа көпіршіктерінің су жылығанда ұлғайып, түбінен қопарылып жоғары көтеріле бастаған қозғалысынан ызыл туады)

ҚҰБЫЛЫС
10 –Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебін түсіндіріңдер (сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады, сондықтан ұстап тұру қиын)
20 – Судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма? (таяз жерінде ауырдады, терең суда тас ауыртпайды себебі суда адамды көтеру оңай. Архимед күші әсер етеді)
30- Күн эенергиясы жерге қандай жолмен жетеді? ( сәулелену)

40- Жылу қозғалтқышының қандай түрлері бар? (Іштен жанатын қозғалтқыш, газ және бу трубинасы, реактивті қозғалтқыш.)


Жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
Жүргізуші: Келесі кезекте • екінші кезең– тәжірибелік (үй тапсырмасын көрсету)
І тур. «Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету, 10-дық жүйе)Топтық кезеңде әр топ физикалық құбылысты көрсетеді, оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.
- құбылысты көрсету – 5 минут;
- қарсыластардың құбылысты түсіндіруі – 3 минут;
- өз жауаптары – 2 минут;
IІ тур. «Әділқазылар сұрақтары». (әділқазы сұрақтарына жауап беру ).

Жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз


Жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Қадірменді, ұстаздар және оқушылар Алтын уақыттарыңызды қиып , көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше қош –сау болыңыздар.