СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 01.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

" Ішкі энергия "

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жылулық қозғалыс дегеніміз не? Температураның өлшем бірлігі

Просмотр содержимого документа
«" Ішкі энергия "»

Сыныбы: 8а Уақыты: 14.10.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Ішкі энергия»

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Ішкі энергия тақырыбынан алған білімдерін нақтылау, теория арқылы алған білімдерін тәжірибеде көрсету.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: білімді тиянақтау

Сабақтың түрі: жарыс сабақ, топпен жұмыс

Сабақтың әдісі: ұжымдық және практикалық оқыту

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, күнделікті өмірмен байланыстыру

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә)кезекшілікті реттеу

б)оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқушылар төртбұрыш,үшбұрыш фигураларды таңдап 2 топқа бөлінеді. Әр топтың атауы,,ұраны айтылады.

II Сайыс түрлері:

1.Ойтолғаныс ( сұрақтар)

2.Логика ( логикалық сұрақтар, тапсырмалар)

3. «Кім тапқыр» ( жұмбақтар)

4. « Кім есепке жүйрік» ( есептер)

5. Біз тәжірибе жасаймыз (тәжірибе жасау)

Сабақтың ұстанымы: «Барлық істің басшысы-білім мен ұғым »

Ж.Баласағұн

Сайыс басталмас бұрын 2 топтан 2 оқушы шығады.Ұзындығы 10 см болатын жіпті шегеге орайды. Кім бірінші ораса, сол топ бірінші бастайды.

I топ «Физика» II топ «Температура»

I тур «Ойтолғаныс». Әрбір топқа 5 сұрақтан қойылады. Тез әрі дұрыс жауап берілген сұраққа 1 ұпайдан беріледі.

Физика тобына сұрақтар

1.Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

2.Температураның өлшем бірлігі?

3. Ішкі энергия қалай анықталады?

4. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері қандай?

5. Жылуөткізгіштік дегеніміз не?

Температура тобына сұрақтар

1.Броундық қозғалыс дегеніміз не?

2.Температураны өлшейтін құрал?

3.Конвекция дегеніміз не?

4Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі, ережесі?

5. Отынның энергиясын қалай анықтаймыз?

II тур «Логика».Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады.

Физика тобына сұрақтар

1.Үстел үстінде 4 стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? ( төрт стакан)

2.Ағаш басында жеті шымшық отыр.Оған тағы бесеуі қосылды.Бір кезде ұры мысық келіп біреуін жеп қойды. Сонда қанша шымшық қалды?(ешқандай)

3.Түйе малының бір төлінің аты басқа екі малдың төлінің атынан құралған.Ол қандай төл? ( тайлақ)

Температура тобына сұрақтар

1.Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? ( үшеу)

2.Толықтай бір адамның есімі. Жарты бөлігі сұрағы, жарты бөлігі жауабы.Ол қндай есім?(Несібелі)

3. 6 аяқ, 2 арқа, 1 бас. Бұл не? ( орындықта отырған адам)

III тур « Кім тапқыр». Әр топқа жұмбақтар қойылады.

Физика тобына жұмбақтар

1.Қабы бояу, діні бояу.( қарындаш)

2.Бөлінгенді табыстырып,біріктірсе табыстырып,жымдастырған жігін де, байқамайсың түгін де.( желім)

Температура тобына жұмбақтар

1.Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі ( сызғыш)

2.Күн – күн сайын жыртылдық, өміріміз бір күндік.(күнтізбе)

IV тур. « Кім есепке жүйрік». Әр топқа 2 есептен беріледі.

Физика тобына есептер

№1. Массасы 2 кг қорғасынды 1000С – қа қыздыру үшін қажет жылу мөлшерін табыңдар.

№2. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

Температура тобына есептер

№1. Массасы 3 кг болатты 1500С – қа қыздыру үшін қажет жылу мөлшерін табыңдар.

№2. Массасы 4 кг сутек толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

V тур. « Біз тәжірибе жасаймыз».Екі топқа да бірдей құралдар беріледі. Тәжірибе жасау уақыты 2 минут.

VI тур. «Сөзжұмбақ ». Сабақты бекіту үшін екі топқа да бірдей сөзжұмбақтар беріледі.

Қорытындылау. Бағалау.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!