Қайсар рухты Қайрат
Слайд: 1966 жылдың 13 наурыз айында Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында Қайрат есімді сәби дүниеге келеді.
Шырылдаған дауыс. Сахнада әке-шеше
1-көрініс
Анасы: кішкентай ғана ботақаным, қошақаным менің
Әкесі: иә, балам, менің көрген күнім осы, күндіз-түні ел малының соңында жүрем. Сен осы күнді көрмесін деп, сен ержеткенде ел намысын қорғайтын азамат болсын деп, сенің атыңды Қайрат қоямын. Сенің атың Қайрат-3 рет
Анасы: Қайратым менің, атаңның баласы болма, адамзаттың, халқыңның баласы бол, жаным.
Әкесі: арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, батыл бол.ү ғұмырың ұзақ болсын.
Анасы: қарашы, өзі бір ерекше туғанға ұқсайды. Жүзінде өмірге деген құштарлық, айбаттылығы бар сияқты.
Әкесі: болар бала бесігінен, тіл көзден сақтасын, біздің баламыз ер жеткенде ел намысын қорғайтын азамат болар әлі.
Анасы: әрине
Әкесі: жүр онда, шайың дайын болса.
2-көрініс
Слайдта: Арада біраз жыл өткен соң
Сахнада үстел жасалып тұрады.
Анасы: Қайрат, Қайрат, тұра ғой балам енді, әкең мал соңында жүріп әбден шаршаған шығар, барып жәрдемдесіп жібер.
Қайрат: Қайырлы таң , анашым. Әрине, барамын.
Анасы: онда бар, тез беті-қолыңды жуа ғой.
Қайрат: жарайды-деп сахнадан шығып кетеді. Сахнаға қайта оралып, анашым, мен әкеме жәрбемдесе берйін.
Анасы: Қайрат құлыным, наннан ауыз тие ғой.
Қайрат: мммм, қолыңа дерт бермесін апа, бәлішіңіз дәмді екен.
Анасы: бара ғой, құлыным, бара ғой. Күрсініп: Ей, зымырап бара жатқан өмір-ай. Кешегі кішкентай ғана ботақаным, енді міне жалын атқан жас жігітке айналып шыға келді. О,Жаратқан балаларымды аман-есен қылып, бәле-жаладан сақтай көр, - дейді де шешесі сахнадан шығып кетеді.
ІНІСІ, ӘКЕСІ, АНАСЫ ҮШЕУІ САХНАҒА КІРЕДІ. ӘКЕСІ ШАРШАҢҚЫРАП.
Інісі: отырыңыз әке, жайғасып.
Әкесі: малшы болып өткен өмірің құрысын. Ұлдарымды ЖОО түсіріп, сендердің білім алғандарыңды көруге жазар ма екен Жаратқан.
Інісі: әкетайым, неге сонша сары уайымға салындыңыз?
Әкесі: уайым емес, жай көңілім босап кеткені ғой.
Есік қағылып, ҚАЙРАТ, ҚАЙРАТ деген дауыс шығады.
Сыныптас қыз (Әсемай)- Қайрат, Қайрат
Інісі: Ооо, Айгүл.
Қайрат: Сәлем, Айгүл
Қыз: Сәлем бердік ата
Әкесі: амансың ба қызым?
Қыз: ертең ұстаздар күнінен шағын концертіміз бар еді. Қайрат екеуміз бірлесіп қабырға газетін шығарсақ деп едік. Қайрат біздің мектебіміздің комсомол ұйымының хатшысы емес пе? Соған Қайратты жіберсеңіздер екен.
Әкесі: еее, бара қойыңдар
Қайрат: жарайды әке, мен барып келейін, ұстаздардың да еңбегін ақтау керек қой. Қызбен Қайрат шығып кетеді.
Інісі: әкесін демеп тұрғызып жатып: әкешім, ал біз анамыздыңыстық бәлішінен дәм татайық, - деп кетіп қалады әкесімен.
3-көрініс
Қуанып сахнаға Қайрат шығады.
Қайрат: Әке, ана мында келіңіздерші. Сахнаға әкесі мен анасы шығады.
Анасы: не болды?
Қайрат: қараңыздар ұлдарыңызды құттықтап қойыңыздар, қалтасынан грамотасын алып шығады.
Бірлік ауылындағы Киров атындағы орта мектепті жақсы бітірген үшін және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандығы үшін Рұсқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы марапатталады.
Әкесі: ұлым, жарығым, өрісің кеңейе берсін. Жаманнан жақсы туады, адам айтса сенгісіз деген осы.
Анасы: құлыным, көсегең көгере берсін алтыным.
Інісі: қайрат, Қайрат мынаны қарашы, әскерден шақырту қағаз келді. Есіктің алдындағы шарбаққа іліп кетіпті. Жаңа көрдім. Оқышы тезірек.
Анасы: әскер дейді шошынып
Қайрат: несі бар әскери борышымды өтеу ер азаматтың парызы емес пе?
Інісі: дұрыс айтасың аға
Хатты әкесі қолына алып:
Әкесі: бұл жарықтықтың да дер кезінде келуін қарашы. Он жылдық мектепті бітірген сол еді, енді міне әскерге де шақырту қағазы келді. Не дейін саған ұлым, ешқашан мезі болма, ер азаматтың жүгін көтере біл.
Анасы: көзімнің қарашығы сен едің, сенсіз қалай болады екенмін.
Қайрат: анасын құшақтап
Анашым менің анашым, сен ғана маған данасың.
Өзіме мәңгі панасың, жылама менің анашым
Інісі: жүр кеттік сені шығарып салайын.
Ата-анасымен қоштасып, сахандан шығып кетеді.
4-көрініс
Анасы мен әкесі сахнада.
Әкесі: иә арада біраз жылдар өтті, ұлымыз әскери борышын өтеп, Алматыдағы сәулет құрылыс университетінің 1-ші курс студенті аталды. Ал кенже ұлымыз полтехникалық университеттің түлегі болды.
Қолында хаты бар қыз келеді: сәлем бердік ата, сәлем бердік ата, сіздерге қуанышты жағдай айтуға келдім.
Әкесі: айта бер ол не жағдай.
Қыз: қайраттан хат келіпті.
Анасы; әй жарығым, біздің көзіміз көрмейді. Өзің оқып бер
Қыз: сәлеметсің бе анашым, сәлеметсің бе әкешім. Өздеріңді қатты сағындым. Әскерді бітіріп оқуға түсе салысымен, арада көп уақыт өтіп кетті білем. Алла жазсса өздеріңе келемін, ұлдарыңыз Қайрат. Мінекей мынаны сақатп қойыңыздар, деп хатты ұсынады.
Анасы: аман бол қызым, әй шал, Қайратымыздан дейді ғой, жүрші екеуміз қайта оқиық. Балапаным, қошақаным....-деп сахнадан шығып кетеді.
5-көрініс
Слайд: қайсар рухты Қайрат ЖОО-да мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, ақындық қабілетімен де ерекшеленеді.
Сахнаға студент қыз-жігіттер шығады
Студент бала:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын маған қарсы кім туар.
Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі желдің жайын кім сұрар?
Қандай әдемі шумақтар дейсіздер ғой, ә?!
Қыздар: иә,иә
Сол кезде сахнаға Қайрат шығады.
Студент бала: о Қайрат келді ғой.
Қайрат: құрметті студент жастар, біз нағыз қазақтың жастарымыз. Мағжан Жұмабайев атамыз айтқандай:
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін-деген емес пе?
Студент бплп: дұрыс айтасың Қайрат
Қайрат: ақын болмасақ та, ақындыққа жақын жастар біздің тобымызда да бар. Талант текке кетпесін десек, осында өлең қасиетін ұғатын жастарға мүшәйра өткізсек қалай қарайсың?!
1-ші Қыз: ммм оның табылған ақыл. Біздің арамызда елін, жерін сүйетін жастар өте көп.
2-ші қыз: кел екеуміз бәстесейік, мүшәйра ұйымдастырайық. Сонда келіп түскен өлеңнің көбісі, туған жер, ел жайында болатындығына сенімдімін.
Студент жігіт: ой оны да айтасың ау, Қайрат осындай құлпырған қыздарымыз барда, ең алғашқы тақырып махаббат лирикасы болмай ма?
Қайрат: жарайды достар, кеттік қасиетті қара өлеңнің тақырыбы қай тақырыпта болмасын кемімейді, тек қана жүректен шықса болғаны.
Сахнаға бір жігіт (қыз) келеді: неғып тұрсыңдар, ана жақта Қонайевты тақтан алып, Колбин отырғалы жатыр. Қазақты біреу басқарады деген не деген сұмдық. Жүріңдер жүр, деп саханадан шығып кетеді.
Қайрат: бұл не деген сұмдық, қазақты біреу басқаратындай қазақ әлі өлген жооқ. Жүріңдер намысымызды таптатпайық.
Студент жігіт: дұрыс айтасың аға! – деп барлығы сахнадан жүгіріп шығып кетеді.
6-көрініс
Слайд: 1986 жыл 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.
Сахнаға декан шығады
Хатшы: кіруге бола ма?
Декан: кіріңіз
Хатшы: Бауыржан Рашидұлы, мына Рұсқұлбековтың жағдайын біржақты ету керек. Шақырту керек оны.
Декан: Шақырт
Хатшы: кіріңдер, әне өздері де келді, қараңызшы.
Декан: сонымен, алаңға ескертусіз шығып, оның үстіне студенттерді азғырып, патриот атанбақшысың ба?
Хатшы: неткен арсыздық, саған кім басшы болса да бәрібір емес пе?
Қайрат: сізге бәрібір шығар, кеудемізде ұлттық намысымыз жоқ болса, онда хайуанмен тең болғанымыз да. Жайылған малды кім жайса да бәрібір, ал біз қазақпыз, ұлтпыз соны сізден түсінуіңізді сұраймыз.
Декан: сен мына жалған намысыңмен қайда барып оңаласың, сендей бүлікшілді соттау керек.
Қасындағы қыз: сіздер не деп тұрсыздар, Қайраттың қандай студент екенін көріп жүрсіздер ғой. Адамды қорлау арымызға сын емес пе?
Хатшы: хм кім біледі, мүмкін сен Қайратқа бізден гөрі жақын шығарсың?
Қыз: сіз, сіз ...
ДЕКАН: мысқылдап күледі
Хатшы: қарашы өздерін.
Декан: Саветскийдің өліміне тікелей қатысы бар деп іздестіріп жатыр.
Хатшы: алаңға шыққаның аздай, енді кісі өлтіріпсің ғой
Қайрат: не? Адам өлтіргенім жоқ, қазақтың қайсар қыздарының шаштарынан сүйреп, мұзға отырғызып сабап жатқанынан шыдай алмадым. Сіз де қазақсыз, менің орнымда болсаңыз, азаптап жатқанда шыдап тұрар ма едіңіз?
Декан: қалай сайрайтыныңды сот шешеді. Қазір боссың.
Қайрат шығып кетеді.
Хатшы: бұны хаттамаға жазып қою керек, жүріңіз, ұлтшылын қарашы.
Слайд: мойынқұм 1986 жылдың желтоқсаны
Әке-шешесі сахнада
Радио: алмалы ауданындағы дүрбелең басылар емес. Колбинді тақтан тайдырмақшы болған қазақ жастарының екпіні басылар емес. Савитскийдің өліміне тікелей қатысы бар деген айыппен сәулет-құрылыс университетінің 1-ші курсч студенті Қайрат Рұсқұлбеков Ноғайбайұлы іздестірілуде.
Анасы: мына, мына адам не депе тұр, мына радио не дейді. Біздің ұлымыз не кісі өлтіруші ме сонда?
Әкесі: жоқ, жоқ өлтірген жоқ шығар
Анасы: жалған жаза шығар (жылай бастайды)
Әкесі: болды, болды
Анасы; біздің құлынымыз, біздің құлынымыз... біреулер келді деп шешгесі орнынан ұшып тұрып есікке қарай беттейді.
Слайд: жаңа 1987 жыл қарсаңында Қайрат туған ауылына келеді
Анасы: Ноғайбай құлындарың келді
Қайрат: анашым, сағындық қой сіздерді
Інісі: о, әкетай қалыңыз қалай?
Анасы: аман екенсің ғой деп қайратты құшақтап жатады
Қайрат: неге сонша мұңайып отырсыздар бір жағдай болып қалды ма?
Анасы: қайрат алматыдағы не дүрбелең, сені кісі өлтірді деп айыптап жатыр ғой.
Әкесі; тәйт, ары кісі өлтіргені несі? Бұл жалған жала.
Анасы жылап: бұл не сұмдық
Есік қағылады, бұл кім болды екен деп бәрі есікке қарайды
Екі мент келіп: Рұсқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы осы үйде тұра ма?
Анасы: сен кімсің?
Қайрат: мен
Мент: шық бері сені Светскийдің өліміне кінәлі деп айыптап жатыр деп кісендеп алып кетеді
Мент анасын жұлқылап итеріп жібереді
Әкесі: қайрат, қайрат
Слайд: көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін, 1987 жылы қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері Алматыда «бір төбелеске қатысты» Деген желеумен Рысқұлбековты Мойынқұм ауданында ұстайды.
Сахнаға мент пен қайрат шығады. Оны ұрып сабайды.
Мент: сонымен светскийді сен өлтірдің бе? Деп ұрады
Екінші мент: жастарды алаңға шақырған сен бе? Деп тебеді
Мент: мойындамайды ғой мына сүмелек, мойында дедім ғой. Саған 2 сағат берем, мойындайтын бол
Слайд: тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла шарғылар қолдана отырып, оны свицкийдің өліміне кінәлі етеді
Қайрат(жерде жатып): мен ешкімді өлтірген жоқпын, мұның бәрі жала
Орындыққа отырып, қалтасынан хат алып, аула жинаушыны шақырып,: ағатай, ағатай өтінемін мына хатты жазылған мекен жайға жіберсеңіз болды
Аула сыпырушы: жоқ болмайды. Біліп қойса басымды кеседі ғой.
Қайрат: ағатай өтінемін соңғы үмітім сізсіз.
Аулы сыпырушы: мен сені көрмедім, сен мені көрмедің
Қайрат: жарайды, ағатай
Екі мент қайтып келеді: иттің баласының жатқан жерін қарашы, тұр орныңнанг тұр.* деп қайраттың екі қолтығынан демекп сахнаның ортасына алып келеді.
Сол кезде қолында хаты бар анасы шығады.
Қайраттың хаты: құрметті қаракөз ханымдар мен жылы жүзді жеңгелер, анашым менің, шын жүректен ақ көңіліммен алғашқы көктемнің күлімдеген мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Қамөоршы халқым және ағаларым, жәрдем берер жағаларым, қыздар үшін тар қапаста келіп түсті тұлпарларың. Асыл анашым мына хаттың сендердің қолдарыңа жетер жетпесін кім біледі, егер де жетсе, сендерді жақсы көретіндігімді айтқым келеді. Сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кеткеніме өкінемін, әтттең! Сенші маған анашым, жаман еш нәрсе жасағаным жоқ кісі өлтірді деп жатқандары жала. Менің айыбым, ұлтымыздың намысын таптатқым келиегені, алаңға шыққан әрбір қызды өзімнің қарындасымдай көрдім, оларды мұзға отырғызып, шаштарын жұлып, үстеріне су шашқанда, ағатайлап, көмектесіңдер деп құлын дауыстары шыққанда, ет жүрегім езілді. Уақыт өтер бәрі өзгереді, еліміз егемендіккее қол жеткізсе, бейбіт заманның орнайтыныдығына сенемін. Қош бол анашым, қош бол қарындастарым, қош бол халқым менің!
Мұңлы музыка
Шешесі езіліп жылайды
Мент оң қолын көтергенде қайратты атады.
Анасы: ботам, құлыным, балапаным, зар қағып жылайды, сен мені неге тастап кеттің? Ботам ау....
Слайд: желтоқсан көтерілісіне арналады