СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қарттарым асыл қазынам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық тәрбие сағаты:Қарттарым асыл қазынам.

 

Просмотр содержимого документа
«қарттарым асыл қазынам»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттары бар ел, қазыналы ел.

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, өз ата – бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылық пен мейірімділікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, шарлар ғибрат сөздер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, көрермендер, ақ жаулықты аналар мен ақылгөй дана қариялар! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер! «Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қариялар болса жазылып қойған қатпен тең» - деген екен біздің бабаларымыз. Иә өмірді осы үлкендерсіз елестету мүмкін емес. Үлкендеріміз біздің алаңсыз күлуіміздің, нұрлы өміріміздің, тәтті ұйқымыздың бейбіт сақшысы бола білген, самайларын қырау шалып, жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз емес пе?

«Дария кеуде тау мүсін, Қарттарым аман –саумысың!?» дей отырып 1-сынып оқушыларының дайындаған «Қарттары бар ел, қазыналы ел» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Хор: «Аяулы анашым»

Аяулым:

Жыраулардың жазбай кеткен жырларын.

Арулардың ашпай кеткен сырларын.

Қорқытыңның қорқынышты мұң- зарын

Қобызыңның шанағынан тыңдадым.

Құлазыған сенің құла түздерің.

Не білмеген, не көрмеген ізгі елім.

Жазылмаған тарихымның жолдарын

Ауыз екі аңызыңнан іздедім.



Көркем сөз: оқмтын Толғанай.

Армысыңдар қарттарым

Шежірелі хаттарым.

Қатарың сиреп барады.

Бәйтеректі бақтарым.

Селдір тартқан шаштарың,

Бір қосылып бастарың.

Еске түсіп отыр ма

Бозбалалық шақтарың.

Кешегінің артымыз

Бүгінгінің қартымыз.

Дейсіңдер ау сырласып.

Күн барады қырда асып.

Небір бейнет көрдіңдер.

Кермек дәмін сездіңдер.

Заты асыл қарттарым.

Бәріне де төздіңдер.

Жадырап жаз өткесін

Қазанды күз жеткесін

Зейнетін көру шын бақыт.

Дәні жақсы болады

Сабағы нәрлі болады.

Қарттары назды болады.

Әдепті болса ұрпағы

Қартайғанмен өмірлерің

Сарғаймасын көңілдерің.

Әрқайсысы жеке тарих

Маңдайдағы әжімдерің.

Ғизат:

Мейірімді көзіңді.

Қамқоршы сөзіңді.

Кемеңгерім көреген.

Өмірге азық өнегең.

Аяулы едің не деген Асыл әжем!

Хор: «Асыл әжем»

Сабина:

Сәл еңкейген нұр жүзіңнен әл тайып,

Қуат кеміп бара жатыр қартайып.

Отбасында бала –шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқиып.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай.

Ниеті ақ, пейілі кең даладай.

Кімге болса қарттық жетер аяңдап

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.

Нұрғиса

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бақ әжем.

Ертегі айтып бер десем

Айтып берер тағы әжем.

Есбол.

Менің әжем гүл әжем.

Алтын әжем нұр әжем.

Анам үшін мен үшін.

Нағыз әжем тіл әжем.

Хор: «Анашым»



Алма:

Ата –әже мақтанышым менің де,

Қонақ болып отыр менің төрімде.

Өзіңе арнап былай тәтті үнменен

Ән салатын кезім келді менің де.

Ән «Бала тілегі»

Еңлікгүл:

Ата –әже ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлеңмен би

Сіздер үшін мереке шашулары.

Көрініс: «Ата мен немере»

Нұртілеу:

Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын.

Бара жатыр сарқылып қариялар.

Хор: «Әкешім»

Ата –аналарға сұрақтар беру:

  1. Сіз отбасындағы немерелеріңізге қандай тәрбие беріп келесіз?

  2. Өз немереңіздің қандай адам болғанын көргіңіз келеді?

  3. Немереңіздің ұнамай қалатын немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма? Ондай кезде қандай ойда боласыз?

  4. Өнегелі өсиет сөздер айтасыз ба? Әлде оны тыңдайтын бала жоқ па?

  5. Балаларды еңбекке қалай баулуға болады?

  6. Қыз бен ұл тәрбиесінің айырмашылығы неде?

  7. Балаға берілетін адамгершілік білім дегеніміз не? Оны қашан қай уақытта бастауға болады?

  8. Ата-әже сіз де бала болдыңыз, әжеңіз немесе атаңыз сізге ертегі, аңыз айтып берді ме? Ал сіз ше?



Қорытынды:

Ата –ана сыйлау –адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата –ана балаға бар өмірін арнайды.ата –ананың адам өміріндегі орыны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» - деген сөз бар. Бұл ата –ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата –ана тіпті қартайып аяқ қолынан әл кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша ата –анасының ризашылығын алмаған бала ешқашан жақсылыққа жетпейді деген сөз бар.

Біріншіден: бала ата –анамен сөйлескенде «Сіз» деп сөйлегені жарасымды «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін.

Екіншіден ата –ананың айтқандарын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал.

Үшіншіден:мейлі ата –ана қандай болса да, бала оларды мақтан тұтуы керек.

Міне балалар біз ата-аналарымыздың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай ақшаға сатып ала –алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса алдағы өмірлеріңде жүректерің кең, адал, мейірімді, қайрымды азамат болып өсіңдер. Қарттардың алдында әрқашан бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Көңіл бөліп қатысқандарыңызға көп рахмет.









































«Сам мектеп – балабақша кешені» КММ-сі







Қарттарым – асыл қазынам















Дайындаған: Г.Ермекбаева