Сабақтың тақырыбы : Қарттарым – асыл қазынам
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі бөлім
Жүргізуші: Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Құрметті шақырылған қонақтар!
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін ауылымызда қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін «Жібек жолы» ауылының әкімі Бектас Серік Мұқсымбекұлына береміз.
Ән шашу:
Жүргізуші:
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Ән шашу:
1-оқушы: Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
2-оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
3-оқушы: «Реніш» (Мұқағали Мақатаев)
Әй, балам – ай,
Шамалы – ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін кісілігің…
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…!
… Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез – мінезім емес менің.
Адамдардан қарым алу үшін
Не көрмедім, өмірде не кешпедім.
Аяры жоқ адуын жауыздықтан
Алып шықтым арымды тамыздықтап.
Амалым не жастықтың кер тұлпарын
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,
Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.
Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Би: «Қара жорға» - Мубарак Ілияс
4-оқушы:
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
5-оқушы:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
6-оқушы:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Би: Ән:
Жүргізуші:
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Жүргізуші:
Абай: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – деген.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
Ән:
Жүргізуші:
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлайық, қадірлейік!Құрметті ата-әжелер,тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!