№197 мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қасым хан (1511-1518 (1523 жж.)
Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
Пән мұғалімі: Айғараева К.М.
Сабақ өткізілетін сынып: 7 «в»
Өткізілген күн: 15.04.2013ж.
Қызылорда
Өткізілетін күн: 15.04.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: § 38. Қасым хан (1511-1518 (1523 жж.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қасым ханның тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі, Қасым ханның заңдары, Қасымханның ішкі, сыртқы саясаттары жайында мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Қасым хан жайында тарихи еңбектерді оқып, оның ғұмыр деректеріне байланысты ұлттық тарих ғылымында анықталмай жатқан тұстарын нақтылауға деген шәкірттердің ізденушілік әуестігін ояту. Тарихи оқиғаларды оқып-үйренуге қорытынды жасау арқылы ойлау қабілетін дамыту, алған білімін одан әрі тереңдету.
Тәрбиелік: Қазақ хандығының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, еліміздің өткен тарихына құрметпне қарауға, жасөспірімдердің Қасым хан сияқты белгілі тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, тірек сызбасы, тест, ассосация, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, XV-XVII ғ. Қазақ хандығы картасы,
ҚР картасы, тірек сызбасы.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы, қазақ тілі.
Сабақта пайдаланылған қосымша әдебиеттер: Қазақстандық энциоклопедиялар, «Елтұтқа» оқулығы, М. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі», Қ. Салғарин «Хандар шежіресі».
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастырушылық кезең (оқушылырды түгелдеу, сынып тазалығына назар салу, оқушы зейінін сабаққа аудару) .
II Үй тапсырмасын сұрау.
§ 37. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы (XV ғасырдың соңғы ширегі)
(Үй тапсырмасы ауызша, тест түрінде сұралады)
Үй тапсырмасын бекіту:
1. Сәйкестендіру тесті
1 | Қазақ хандығының құрылуы | ә | а) Тарихшы, ғұлама |
2 | Мұхаммед Хайдар Дулати | а | ә) 1465 – 1466 жж |
3 | Жоңғарлар кеткен соң Керей мен Жәнібек сұлтандар | г | б) Жәнібек пен Керей сұлтандар |
4 | Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары | б | в) Есен-бұға |
5 | Моғолстан ханы | в | г) 1457 жылы күзде Шу бойына келіп орналасты |
2. Сандар сөйлейді
1. 1422/23 – 1428 жыл - Барақ ханның ел билеуі.
2. 1457 жыл – Әбілқайыр хан қолының ойраттармен шайқасы.
3. 1480-1511 жылдар – Бұрындық (Мұрындық) ханның ел билеуі.
4. 1465- 1466 жылдар – Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары қазақ хандығын құрды.
5. XV ғасырдың 70-жылдар - Қазақ хандары Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды.
6. 1470 жыл - Керей бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады.
III Оқушыларды бағалау.
IV. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қасым хан тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі.
2. Қасым ханның заңдары.
3. Қасым ханның ішкі саясаты.
4. Қасым ханның сыртқы саясаты.
V. Жаңа матариалды түсіндіру.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым..
Қазақ ханы
Дүниеге кеуі 1445 жыл
Қ
айтыс болуы:1518 жыл(1518)
Сарайшық


Балалары:
М
омыш хан, Қасым хан




Хақ-Назар хан 1511 — 1518 жж
Ізашары: Бұрындық хан
Анасы: Жаған-бегім
Әкесі: Жәнібек хан Ізбасары: Момыш хан
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.
Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты.
Оқулықпен жұмыс
Қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри: ,,Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болған Қасым хан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп көп тараған, көпке мәлім болған”, деп жазады.
Қасым ханның қасқа жолы.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге қарағанда бұл заңға мына ережелер енген:
Мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
Қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
Елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас той, мереке, думан үстіндегі
Ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл).
Қасым ханның ішкі саясаты: (сызба арқалы түсіндіріледі)
Хан өзінің қасқа жолымен ел ішіндегі жағдайды түзеп, мемлекетті басқаруды күшейтіп алды. Қазақтардың этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталақтан басқару жүйесін жетілдірді. XVI ғасырдың басында Қасым хан ұлан – байтақ қазақ жерінің айтарлақтай бөлігін өз қол астына қаратты. Т.б.
Қасым ханның сыртқы саясаты:
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясатта айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресей мен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.
Қасымның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды.
Бұл мақсатпен Қасым хан Мауараннахр билеушісі Шайбани ханмен және оның ұрпақтарымен тоқтаусыз соғыс жүргізді. Т.б.
Жаңа сабақты есте сақтау, пысықтау:
Тест тапсырмалары:
Қасым ханның таққа отырған жылы
Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алды.
2. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?
Қасым хан тұсында халқының саны 1 миллионнан асты.
3. Қасым ханның атты әскерінің саны
Қасым ханның әскер саны 300 мың
Бес жолды өлең.
Қасым
Батыр, қамқоршы
Дамытты, бекітті, ұлғайтты
Қазақ хандығының беделін көтеруші.
Хан
Ойтолғаныс ,,Қасым ханға хат”
Қорытынды:
Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:
Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.
Үйге тапсырма беру.
§ 38. Қасым хан (1511-1518 (1523 жж.)
Эссе жазу, тест тапсырмаларына дайындалып келу, кестені толтыру,
келесі тақырыпқа 2 оқушы дайындалып келуге (ізденушілік, шығармашылығын дамыту)
Тест
1. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?
а) 20 жыл ә) 30 жыл б) 25 жыл в) 10 жыл
2. Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап, қаланы Қазақ халқының қол астына қаратты?
а) 1470 жылы ә) 1482 жылы б) 1485 жылы в) 1466 жылы
3. Шайбани хан Моғолстан ханның қолдауымен Қазақ хандығына қарсы шабуылға шығып, Сауран мен Сығанақты, Созақты қай ғасырда, нешінші жылы басып алды?
а) XII ғасырдың 35 жылдары б) XIV ғасырдың 70 жылдары
ә) XIII ғасырдың 60 жылдары в) XV ғасырдың 80 жылдары
4. Ақ Орда ханы Барақ ханның қайтыс болған жылы?
а) 1420ж. ә) 1427 ж. б) 1428 ж. в) 1438 ж
5. Қазақ хандығының құрылған жылы
а) 1435-1436 жж. ә) 1465-1466 жж б) 1468-1469 жж. в) 1470-1471 жж.
6. XV ғасырдың басында Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліске ұшырады?
а) Орыс әскерінен ә) Қытайлардан б) Моғол хандығынан в) Ойраттардан
7. Моғолстан ханы кім еді?
а) Мұхаммед Шайбани ә) Әмір Темір б) Ұбайдоллах в) Есен-бұға
8. 1465-1466 жылдары Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
а) Қозыбасы ә) Сауран б) Созақ в) Сығанақ
9. Керей сұлтан қай жылы хан сайланды?
а) 1438 жылы күзде б) 1448 жылы көктем
ә) 1458 жылы көктемде в) 1452 жылы қыс
10. 1470 жылы Керей мен Жәнібек бастаған қол қай жерлерге шабуыл жасап, қазақ хандығының құрамына кіргізді?
а) Отырар ә) Тараз б) Сығанақ в) Созақ пен Сауран
11. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
а) әл-Марвази ә) Идриси б) Мұхаммед Хайдар Дулати в) Рашид ад-Дин
12. Қазақ хандығының құрылуы туралы оқиғаны неше жылдан кейін жазды?
а) 100 жыл ә) 150 жыл б) 50 жыл в) 80 жыл
13. Әбілқайыр ханның қолбасшысы (Дайырқожа би) қай жылы Қобыланды батырдың қолынан қаза тапты?
а) 1452 жыл ә) 1456 жыл б) 1458 жыл в) 1459 жыл