«Қазақстан — Ұлы Дала елі»
Қазақстан –Ұлы дала еліміздің бүгінгі және ертеңгі кейіпінің формуласы
Қазақ халқы - ертеден елі үшін, қылыш сермеген батырларын, кимешек киген әжелерін, бұрымды қыздарын, «Аға»-деген інілерін, ойнай білетін аға -жеңгелерін, өзге адамды танымасада елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармаған, ұстамдылықпен, сабырлықты жанына серік еткен халық. Халқымызды жылатпай, қызымызды мұңайтпай, ұлымыздың абыройын төкпей, ұрпақты жалғастыра, өзгені де, өзінде сыйлай білген, сыйластық пен кішіпейілділік, ізеттілкпен Отанға деген махабатты жалғыз ғана отты кеудеге сыйдырып , таспен атқанды, аспен атып, алыстағы туыспен де, жақындағы көршіменде тату болған Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз. Міне, тәуелсіздік алғалы Қазақстан жерін 130-дан астам ұлт өкілдері мекендейді. Ал, көлемі бойынша тоғызыншы орынды алса, Республикамыздың аумағы 2724,9 километр квадратқа тең. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланса, 1990 жылы бостандыққа, еркіндікке ие болдық. Бұл, болашақ ұрпақ үшін үлкен қуаныш болатын.
Жо-жоқ, ширек ғасыр шежіресіне көп тоқталмай, Қазақстан –Ұлы дала еліміздің бүгінгі және ертеңгі кейіпінің формуласына тоқталсақ қайтеді. Ал, оның жауабы не?!Неліктен дейсіз ғой ?! Себебі, болашаққа қарай, өткенді бағалай білетін тұлға ретінде халқымызды қарастырамыз.
Формула дегеніміз не?! Физика , химия, математика, тіпті, биология пәнінде қарастыратын формуланың маңызы қандай? Күлдіңіз бе? Әлде, бұл туралы ойланбаған шығарсыз. Ал, формуланың Ұлы дала елімізге маңызы не ? Ары-қарай окысаныз (оқысаңыз) түсінетін боласыз. Тоқтаңыз, мәә, «оқысаңыз» сөзі қате жазылып кеткенін байқадыңыз ба?! Неліктен дейсіз ғой?(сіз білетін шығарсыз) мүмкін қазір айтып берермін.
Жақсы , формуланың не екенін айтайын. Формула дегеніміз есептің шешімі. Яғни, болашақтың кілті десек те болады. Енді, түсінген боларсыз... Бірақ, бұл ағылшын тілінен енген сөз. Баламасын қалай айтсақ болады екен... Жоқ, ғаламтордан да таппадым. Осыдан-ақ білім беруде үлкен өзгерістердің орын алуын да көре аламыз. Ұлттық тілімізді үш тілділікке айыр бастап, ҰБТ-дан қазақ тілін шегергенде «Қазақстан» деген елімізге «Қазақ тілі» деген сөздің маңызы не ?! Өзге ел күлетін де шығар, болашағыңызды ойлайтын алам болсаңыз, біз үшін жылайтын жайт. Қайдан, көшелерде , тіпті, маңызды деген төлқұжаттарда да қателер кездесіп жатса, формуланың қазақ тіліндегі баламасын кім іздесін. Үш тілділік болса, еліміз дамиды, деген, шенеуліктердің сөздеріне құлақ түрдіңіз бе?! Дамиды деген еді, ал, қандастарымыздың басқа елдің мәдениетінің бір бөлшегі бізде де болсын деп әкелген өнерді қаралады да қойды. Өнер сахнасын өнерімен тамсандырған «Ninety one» тобын тануға тиіссіз. Осы сөздермен Ұлы дала еліміздің қазақилығын көрмейтіндеймін. Көп адам үкіметтің күнәсі деп жатады. Бірақ, үкіметте отырған кімдер?! Ол, сіз бен біз. Ол, халық. Үкіметті кім жеңеді... Сіз бен біз. Себебі, үкіметте отырған сіз бен біз. Бірақ, формуланың жауабы «Қазақ тілі» емес. Көрсеткіш арқылы 20 % -ға ғана тең. Бұл үлкен көрсеткіш. Яғни, еліміз үшін үлкен үміт, кейбіреулерге, қауқарыс болмақ.
2724,9 мың км квадрат деп басында жазып өткен болатынмын. Бұл, тарих. Кейбіреулер өткенді ұмыт, болашақты ойла деп жатады. Бірақ, тарихсыз болашақ көрінбейтіні де сөзсіз. Ұмыту мен құрметтемеу бүгініміздің күнәсі. Аялаған жеріміздің алақандай бір бөлігін дінді құрметтеген, үлкенді сыйлаған, ата-ананы сүйе білген, қазақ халқына, бұйыруының да маңызы бөлек.Ата- бабаларымыз үшін кешегі Димаштың Қытай сахнасында ән айтып, Қытайлықтардың жанын тебіренте ән салуының өзі, «Тәңірдің сыйы» деп қазақтың қара домалақ баласын мақтан еткендері үлкен абырой. Себебі де үлкен. Қазақ жерінде кіндік қаны тамған сәбиді, өз қандасыңызы қалай мақтан етпейсіз. Ата-бабаларымыз аялай білген, намысымен қорғай білген, судай аққан терісі мен намысын жерге қаратпай алып берген, бүгінге жеткізген, ұлтымызға мың алғыс. Бұл – аманат. Бір жолдары «Байқоңыр» туралы , келесі де, алақандай тағы бір жеріміздің Қытайға өтетітіні туралы хабар жарияланған еді. Шындық па, жоқ, жалған ақпарат па, саясаткерлерге ғана мәлім. Шындығында «Аманатқа -қиянат жасамайды» дейді. Формуламыз үшін жердің де маңызы зор. 100 пайыздың 20%-ы жерге тиесілі екені сөзсіз.
Осыдан көрейік. Аманаттың біріне салт-дәстүріміз жатады. Салт-дәстүрімізді ұмытып кеткен отбасылардың да азды –көбі баршылық. «Қазақ аруы» деп жоба бастаған қазақ қызының салт-дәстүрді дәріптей, тәрбие беруі қазақ үшін маңызды. Ал, елімізде қаракөз қыздарымыз тұрғанда, ұлттық дәстүрімізді дәріптейді деп басқа ұлттың тәрбиелі, сұлу да қазақ тілін жетік меңгерген жанды алуы дұрыс емес дейді кейбіреулер. Ол, Қазақстанда туса, қазақ дәстүрі мен тілін жетік меңгерсе, қазақпын деп тұрса неге алмасқа? Қазағымыздың қаракөз қыздарымен теңесіп, дәстүрімізді толық білсе неге қатыспасқа... Кейбіреулер, дұрыс емес десе, кейбіреулер дұрыс дейді. Шыныменде, екі жақты, маңызды мәселе. Салт –дәстүр, сол, себепті де алдыңғы орында. Ол-аманат. Яғни, формуланың маңызды бөлшегі ретінде 20% -ды алмақ.
Тәуелсіздік- Қазақстан үшін зор мақтаныш. Тәуелсіздігіміздің биыл 25 жылдығы. Ширек ғасыр шежіресінің мерей тойы. Бостандық! Еркіндік! Тәуелсіздің сөзін естігенде Н.Ә.Назарбаевты айтпай кету мүмкін емес. Тәуелсіздіктің формуласында берілгені бойынша 20% .
Тарих –Ұлы дала елі үшін маңызы зор. Айтып отырғанымызда тарих. Тарихты қарасақ бірнеше томдық кітап. Қазақ ұлтында әлемге танымал спортшымыздың есімі, биші апамыз Шұғыла, күйші апамыз Дина, аңызға теңескен Қорқыт, жырлай білген Қазтуған, алғаш мектеп ашқан Ыбырай, қазақ әдебиетінің атасы Абайды тануымыз да, үлгі тұтуымыз да осы тарих. Олардың әлемге әйгілі болғанын да тарихтан білеміз. Өткенге үңілгендіктен 20% тарихқа жатады екен.
Барлығын жүзеге асыратын –сіз және біз. Тіршілік иесі... Жеті ғаламды ашқан да, тәуелсіздігімізді сақтау мен салт-дәстүрімізді сыйлау, тілді қастерлеу, жерді аялау, ұлт болашағын тәрбиелеу , тарихты ұмытпай, жетімді жылатпай, үлкенді құрметтейтін сіз бен біз. Ең маңыздысы халық. Фрмуланың жазылуы арқылы шыққан жауаптың мәні «Халық»! «Сіз бен біз», «Халық» Қазақстан –Ұлы дала бүгіні мен ертеңінің кейпінің формуласының жауабы. Қазақстан құндылығы арқылы формуланың жауабы 100 емес 120% болуының өзі ерекше. Мұның, жауабы - Ұлы дала елі. Қазақстан! Ерекше! Мәңгілік! Тәуелсіз! Қазақстанымыздың ширек ғасырлық тойы құтты болсын! Болашағымыз жарқын болғай!