Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 9 «А,Ә,Б»
Күні: 14.11.17ж
Сабақтың тақырыбы: §18. Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты.
Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюі Голощекннің есімімен байланысты болғаннын, саясатының жетістіктері мен зардаптарын түсіндіру;
Сабақтың міндеттері:
- Жеке және топпен жұмыс
- Республикадағы экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу төңірегіндегі ұлт қайраткерлерінің көзқарасымен оқушының патриотты сезімін ұштастыру;
- Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жылдармен жұмыс, тест
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: §16-17. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы
индустрияландыру.
Жылдармен жұмыс:
1911-1915 жылдары – «Айқап» газеті Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен шығып отырды.
1913-1918 жылдары – шығып тұрған «Қазақ» газеті либерал-демократиялық бағыттағы ұлт зиялыларының көзқарасын білдірді.
1914-1978 жылдар – бірінші дүниежүзілік соғыс
1916 жылы 25 маусым – « бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды тылдағы жұмысқа алу жөніндегі патша жарлығы.
1917 жылы 27 ақпан – Ресейде ақпан революциясы жеңіске жетті
1917 жылы – Ақмола қаласында қазақ жастарының «жас қазақ» ұйымы құрылды.
1918 жылы 5-13 мамырда Омбыда құрылған ұйым.
1917 жылы 17 наурызда - Ташкентте құрылған «Шура ислами» ұйымы болды.
1921-1925 жылдары – Жаңа экономикалық саясат
1926-1941 жылдары – Қазақстандағы индустрияландыру.
1937 жылы наурызда – Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды.
Сұрақ – жауап:
1. Елді индустрияландырудың мәні неде?
2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері неде?
3.Қазақстандағы индустрияландыру ісіне қатысты келіспеушіліктерге өз пікірлеріңді білдіріңдер.
4. Индустряландыру қазақтың ұлттық мәдениеті мен тіліне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Қазақстанда тоталитарлық жүйенің күшеюі.
2.Тәркілеу саясаты.
3.Қазақ зиялыларының «Кіші Қазан» бағытына қарсылығы.
Сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөлінеді.
І топқа тапсырма:
Голощокиннің «Кіші Қазан» идеясын жікте.
ІІ топқа тапсырма:
Тәркілеудің зардаптары қаншалықты ауыр болды?
ІІІ топқа тапсырма:
«Кіші Қазан» нәтижесі қандай болды?
IV. Сабақты бекіту:
І топқа жаңа сөздермен жұмыс
Орташа- бай шаруа мен кедей шаруа арасындағы аралық экономикалық жағдайды иеленген шаруа (жерді жалдамалы еңбексіз өңдеу, малы мен ауыл-шаруашылық құрал-саймандардың болуы).
Трагедия- апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.
«Бесеудің хаты»- қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932ж. 4-шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арнап жазылған хат қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі еді.
Тәркілеу (конфискация)- қандай да бір дүние –мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз-пұлсыз тартып алу.
Кулак- ауқатты шаруалар.
ІІ топқа Басты жылдар:
1927 жылы 15-23 қараша аралығында - 4 Бүкілқазақтық партия конференциясында қазақ байларын күштеп тәркілеу туралы шешім қабылданды.
1928 жылы 27 тамызда – Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет қабылданды
1928 жылы 30 тамыз – қазақ АКСР –і ХКК –нің « Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы» қаулы қабылданды.
700-дей шаруашылық – декретке сай тәркілеуге ілінді
145 мың бас мал – декреттің негізінде кедейлерге берілді
1930-31 жылдары – республикадан тыс жерлерге 6 800 адам жер аударылды.
1933 жылы – Голощокин қызметтен босатылды.
1932 жылы – «Бесеудің хатын» Сталинге Мүсірепов, Ғатаулин, Даулетқалиев, Алтынбеков, Қуанышевтар қазақтың мүшкіл ақуалын баяндады.
ІІІ топқа тапсырма Зымыран сұрақар дайындау
1.Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты кімнің есімімен байланысты болды?
2.«Кіші Қазан» идеясының мәні неде?
3.Ірі бай-феодалдардың дүние мүлкін тәркілну жөніндегі декірет қашан қабылданды?
4.Кулактармен күрес нені білдіреді?
5.Қазақ зиялыларының «Кіші Қазан» бағытына көзқарасы қандай еді?
6.«Бесеудің хатын» кімдер жазды?
7.Т.Рысқұлов Сталинге хатында не туралы жазды?
Үйге тапсырма беру: Мәтін бойынша тест дайындау