Қостанай облысы,Денисов ауданы,Денисов ауылы
«№3 Денисов орта мектебі»КММ
Пән мұғалімі: Нұрғазина Маржан Ерболатқызы
Сыныбы: 7
Пәні:Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ, түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, батылдыққа, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта,
Көрнекілігі: слайд, суреттер, қобдиша, асықтар, бағалау бағдаршамдары, кеспе қағаздар, жіп бумасы, оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
Күтілетін нәтиже:
-оқушылардың келер шақ және оның түрлерін меңгеруі
-келер шақ түрлеріне мысалдар келтіріп, ажырата алуы
-Болжалды келер шақ,мақсатты келер шақ, түрлерінңғ жасалуы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
1. Сынып оқушыларымен амандасу.
2. Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.
Мұғалім:
Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда ерекшелеу деп айтуымызға болады. Себебі, бүгін бізде ашық сабақ. Яғни, бүгінгі сабағымызда қонақтар қатысып отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта қысылып-қымтырылмай, жан-жақты білімдерімізді көрсетуге тырысамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Ауыспалы осы шақ. 109,111 жаттығуларды орындау.
-Өткен тақырыптарды пысықтау.
«Ыстық доп» стратегиясы бойынша үй жұмысы тексеріледі. Доп кімнің қолында, сол сұрақ қояды. Кімге допты лақтырады, сол оқушы жауап беру керек. Қойылатын сұрақтар:
-Етістік дегеніміз не?
-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
-Дара етістік және күрделі етістік дегеніміз не?
-Болымды және болымсыз етістіктер дегеніміз, және оларға мысалы.
-Салт және сабақты етістік дегеніміз не, және оларға мысал.
-Тұйық етістік дегеніміз не және оның жұрнағын ата?
-Етістіктің неше шағы бар және оларды ата?
-Осы шақ дегеніміз және оның түрлері?
-Өткен шақ дегеніміз және оның түрлері?
Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаздан қиылған геометриялық фигураларды міндеттерімен партаға шашып тастайды. Ұнаған фигураны таңдап алады, сонымен 2 топқа бөлінеді, міндеттерімен танысады
-геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу
-Әр топ мүшелері қолдарындағы жүректерін көршісіне ұсыну арқылы топ ішінде жағымды ахуал орнатады. «Жүректен жүрекке»
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Миға шабуыл
- Балалар жылдың неше мезгілі бар.
- Күз.Қыс. Көктем.Жаз.(жыл мезгіліндегі өзгерістерді айту )
- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз:
Алдымызда жылдың қай мезгілі келе жатыр? (көктемнің суретін слайд)
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : « Келер шақ,түрлері»
- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
-Қазір сіздердің қандай шағыңыз ? (Бақытты балалық шақ.)
-Ал қай шағыңыз өтіп кетті ? ( 6-7 жас аралығы балдырған сәби)
-Алдымызда келе жатқан шағымыз қандай ? (13-15 ересек бала шағы)
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Келер шақ қай мезгілді білдіреді?
1 - слайд (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету) Жыл мезгілдері туралы.)
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
2 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
Мысал: «Сендер үйге келерсіңдер»; «Асан ертең нағашы атасына бармақ»
мысалдары арқылы жаңа сабақтың ережесін оқушылар өздері шығарады.
Келер шақ қимылдың , іс-ірекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді.Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай үшке бөлінеді:
Мақсатты келер шақ Ӏс-кимылдын мақсатын білдіреді есімшенің - мақ/-мек жүрнағы Олар ауылға қайтпақ.
Ауыспалы келер шақ Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді –а-е/-й жұрнақтары Біз айтқанды орындаймыз.
Болжалды келер шақ Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. есімшенін -ар/-ер/- р жүрнағы
Әуелі өзіміз барармыз
«Артық білім кітапта» Оқулықпен жұмыс
113-жаттығу. Оқып шығып, осы шақ, келер шақ, өткен шақ мәніндегі етістіктерді теріп жазыңдар
1-топ осы шақ етістіктерді
2-топ келер шақ
117-жаттығу. Оқып шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғаннын түсіндіріңдер.
1.Жақсымен жолдас болсаң , жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң,қаларсың ұятқа.
2. Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер.
3. Семіздікті қой ғана көтереді.
4. Ексең егін,ішерсің тегін.
5. Тозбас жасау болмас,
Бас білмес асау болмас.
120-жаттығу.
Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, жіктеп, әр қайсысына сөйлем құраңдар.
Үлгі: Шаш-шашпақ. Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ.
Шаш. Оқы. Сөйле.Қайт.
Морфологиялық талдау.
Оқырсың, бармақ.
(әр топтан бір оқушы тапсырманы тақтада орындайды, қалған оқушылар жіктейді, сөйлем ойлап жазады.)
Оқырсың: түбірі оқы, негізгі етістік, -р келер шақ есімше жұрнағы, - сың 2 жақ жіктік жалғауы
Бармақ: түбірі бар, негізгі етістік, - мақ келер шақ есімше жұрнағы.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей: Көп нүктенің орнына тиісті болжалды келер шақ тұлғалы етістікті қойып, жазғыздыру (актив-студио қолданады)
Оқысаң ….., Оқымасаң....
Ақыл көпке .....,
Өнер көкке ......
Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең .....
Керекті сөздер: жеткізер озарсың, табарсың, тозарсың
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қолданып тиісті болжалды келер шақ тұлғалы етістікті қойып жазады. Мағынасын ашады.
2-деңгей:Мақалдың ішінен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықта
Мақал – мәтел ұсынады
Ата-ананың қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін,
Қаралы болғанда білерсің.
Жанашырдың қадірін,
Жалалы болғанда білерсің.
3-деңгей: Семантикалық карта.
№ | Сөздер | Осы шақ | өткен шақ | Келер шақ |
1 | Ол жазды | | | |
2 | Келмекші | | | |
3 | Келіп кетпек | | | |
4 | Қар жауып тұр | | | |
5 | Ол келе жатыр | | | |
6 | Кітап оқып отырмын | | | |
7 | Айтыппын | | | |
8 | Оқыған едік | | | |
Шығармашылық жұмыс
1-топ. «Болашақтағы мектепті қалай елестетер едің?» /эссе/
2-топ. «Менің болашақ мамандығым» /эссе/
Оқушылардың жазған шығармаларын оқытамын. Келер шақтағы етістіктерді тапқызамын.
Сабақты қорытындылау
-“Келісу - келіспеу” стратегиясы / қара, қызыл белгілерді көтеру арқылы /
1. Етістік іс - қимылды білдіреді.
2. Көретінмін етістігі келер шақ мағынасында қолданылады.
3. Қалау рай - ғы, - гі, - қы, - кі жұрнақтары арқылы жасалады.
4. Етістіктің төрт шағы бар.
5. Есімше түрлене алмайды.
6. Болымсыз етістіктен кейін жалғанған есімшенің – с тұлғасы жіктелгенде, кейде І жақта – с есімше жұрнағы мен жіктік жалғауы қысқарып кетіп, - н түрінде қолданылады.
7. Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
Үйге тапсырма:
Қазақстан: бүгін, кеше, ертең (Қазақстанның тарихына шолу жасайтын видеоролик дайындау )
1-топ. Бүгін
2-топ. Ертең
Оқушыларды бағалау:
Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап болған соң, сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды және басқа да оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне бағаларын қою
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар!