Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің қоғамдық рөлі
Сабақтың жалпы мақсаты:
А)Білімдік: 1/ Қазақ тілінің қоғамдық рөлін ұғындыру;
Ә)Дамытушылық:анық, жылдам оқуды дамыту.
Б)Тәрбиелік:туған тілін сүюге, сөз өнерін бағалауға баулу.
Сабақтың міндеті:
А) Мазмұнға байланысты міндеттер: Ана тілінің ерекшелігі, мазмұны, маңызы жайлы оқып біледі.
Ә) Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
- Өздері меңгерген теориялық ұғымдарды саралай келе, оқушылар өз пайымдаулары мен көзқарастарын білдіре отырып, төмендегі әрекеттерді орындайды:
1. Білімді игеру қажеттігін түсініп, өз бетінше әрекет жасайды.
2. Өз пікірін ашық айтып, пікірталасқа араласуға белсенді болады.
Б) Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
- Топтағы оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, берілген жаттығуды талдап салыстырады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы.
Сабақтың әдісі: Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Сабақтың көрнекілігі: қызықты грамматика, сызбалар, кеспе қағаздар, шешендік сөздер жинағы, электронды оқулық.
Сабақ барысы.
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Үй тапсырмасын тексеру, оқушыларды түгендеу.
* кеспе қағаздармен оқушылардың білімін тексеру;
*сызба бойынша үй тапсырмасын пысықтау;
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
«Тіл» сөзіне топтастыру жасау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
II. Мағынаны ажырату сатысы.Жаңа сабақ
Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз отбасында тәрбиеленеді. Өз ана тілін білмеген, қадірлмеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды. Ана тілі – білімнің негізгі құралы. Ана тілі арқылы басқа халықтардың тілін оқып үйрену де жеңіл. Сонда ғана адамзат білімді меңгеріп, ғылымды игеріп, сол арқылы халқына, еліне пайда келтіруге болады.
Тіл, ең алдымен, адамдар арасындағы қатынас құралы болғандықтан, ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді де, сол ортада қызмет атқарады. Тілдің адамдар арасындағы қатынас құралы болуы деген сөз – адамның бір-біріне ойын жеткізіп, түсінік алуы, сөйтіп, бір-бірімен қатынас жасауы, сөйлесуі.
III. Ойтолғаныс сатысы.
*Жаттығу жұмысы: 1-тапсырма жазбаша орындалады.
* Тіл туралы өлеңдермен жұмыс
*Сөз тіркестерін жаттау.
Мәтіннен түсінгенін кестеге толтыру:
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Үзінді | Үзінді жайлы пікір |
| |
Сабақты қорыту:
Ана тілі туралы өлеңді оқушылардың дәптерлеріне жаздырып, жаттату.
Қазақ тілі
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
Мағжан Жұмабаев
Оқушылар білімін бағалау.
Үй тапсырмасы: тіл туралы 5 мақал жазу.