СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақтың ұлттық киімдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақты қазақтың ұлттық киімдеріне қатысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айта отырып қорытындылаймын.

 

Просмотр содержимого документа
«Қазақтың ұлттық киімдері»

Қазақтың ұлттық киімдері

Заңғар жалпы орта білім беру мектебінің 
технология мен бейнелеу өнерінің мұғалімі Жангазинова Айнұр Құрманбаевна.

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлттық киімдер тобымен таныстыру
2 .Ұлттық киім туралы ұғымын кеңейту
3 .Эстетикалық талғамын кеңейту
4 .Ұлттық киім тақырыбы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау
Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе әңгіме
Оқушылардың ұлттық киім туралы түсінігін байқау мақсатымен сұрақтар қойылады.
1. Ұлттық киімдерге қандай киімдер жатады?
2. Неге олар ұлттық киімдер деп аталады?
3. Ұлттық киім несімен ерекшеленеді?
Жауабы:
1. Бас киім
2. Сырт киім
3. Шалбар
4. Аяқ киім
2) Ұлттық киім- бай-тарихи – мәдени мұра, өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді.
3) Киім қоғамның материялдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материялдық құндылықтар болса , екіншіден ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған ғимараттар еңбек, тұрмыс заттарымен қатар киімде өндірістік күштердің тарихи кезеңдердің дамуын,климаттық жағдайды, халықтың ұлттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді.
Оқушылардың көбінің ойында ұлттық киім дегенде қазақша ою-өрнегі бар сыртқы киімдер мен бас киімдер болады.Оқушының жауабын тыңдап болған соң, қазақша ұлттық киім туралы толықтырып нақты ұғым беру.
2. Сабақтың барысы: Көрнекілік арқылы «Ұлттық киімдер» суреттер жинағын пайдалана отырып, оқушылардың тақырып бойынша бойна сіңіріп, үйренгендерін айтқызамын.
Сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін тексеремін.
1. Іштік киімдер
2. Сыртқы киімдер
3. Сулық киімдер
4. Ерлер бас киімдері
5. Әйелдер бас киімдері
6. Аяқ киімдер
1 Іштік киімдерге жейде(көйлек), дамбал, камзол, кеудеше, бешпент, шалбар жатады.
Камзол- қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Камзол тек қазақта ғана емес, басқа түркі елдерінің ұлттық киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде камзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқарады. Камзолдар астарлы, жеңсіз
Жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас , оқа , күміс тиындармен әшекейленген, бойтұмар, қадап, әртүрлі әткеншектер ұлттық киім.
Кеудеше –жеңсіз , ойма жеңмен тігіледі, етегі шола келеді. Кеудешені әйел, еркек демей,еңкейген қариядан еңбектенген жасқа дейін киеді.
Дамбал- белуардантөмен киетін ышқырына ызып бау таққан іш киім.
Шалбар- белуардан төмен бұтқа киетін сыртқы киім.
Жейде- алдыңғы екі өңірі өте ұзын, камзол тәрізді төменге салбырап тұрады, түймелігі жоқ ішкиім.
Бешпент-жеңілдеу тігілген астарлы шапан. 
Жібек жіппен тігілген зер таспа тігілген шолақ жең бешпент.
Сыртқы киімлерге шапан, күні тон, ішік, тойжақы жатады. 
Тон- сыртқы киімдердің ішіндегі ең бет. 
Көп тараған көнеден жеткен киім түрі-тан.
Қазақ тілінде тон көне түркі тіліндегі киім сөзінің көне атауы бұл сөзден туындаған танаты, танамақ сөздері кию дегенді білдіреді. Тен-түрлі жануарлардың, әсіресе малдардың терісінен келеп тігілетін суықтан қорған, жылылық сақтайтын сырткиім. 
Шапан-қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәдепі сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі.
Ішкі- қазақтың әрі сәнді, әрі жылы дәстүрлі сыртқы киімдерінің бірі. Ішікті әиелдерде, еркектер де кие береді. 
Күпі- түйе мен қойдың жабағы жүнін ішіне қаратып, ұзыннан ұзын сырынған, сыртын әртүрлі матамен тыстап тікінен, пішімі кең, етегі тобыққа деиін түсіп тұратын суықта, аязда киетін сырткиім. 
Тайжақы – тай, құлын терісінен тігілген күрте.
Сулық киімдерге аба, шекпен, кебенек, кенеп, сырттық жатады.
Кебенек- жұқа киізден тігілген, жауында киетін сырт-киім. 
Шекпен- түйенің иірілген жүнінен тоқылған сырт киім. Шекпененнен су, да жел де өтпейді. 
Оба- жылқы терісінен түгі сыртына қаратылып тігілген, жауын- шашында киетін жамылғы.
Ерлер бас киіміне тақия, бөрік, тұмақ, құлақшын, қалпақ, малақай, мұрақ, башлық, шалма жатады. 
Тақия- кішігірім сәтен, шұға, барқыт сияқты маталардан әртүрлі тәсілмен тігілген баскиім. 
Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында таңертеңгі және кешкі мезгілдерде киеді.
Мұрақ- лауазымды адамдар киетін екі жағы қошқар мүйізделіп келетін, сән- салтанатқа киетін қалпақ.. Жай уақытта киюге қолайсыз. 
Тымақ- биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиім. 
Құлақшын- ерлердің бас киімі. Үй жануарларының терілерінен тігілген баскиім. Малақай- аң терілері мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігілген ерлер киіп жүретін бас киім. 
Бөрік- ерлер де қыздара киетін баскиім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген. 
Башлық- деп аталатын бас киім түрлері қазіргі кезде кездесе қоймайтын баскиімдер қатарына жатады. Тымақ тәрізденіп қалың не жұқа матадан немесе жұқа ақ киізден тігіледі. Су өтпес үшін жаңбырда, қатты боранда желмен қардан қорғау үшін тымақтың сыртынан киеді. Ал жаз айларында күннің аптабы мен шаңнан қорғаған. 
Әйелдер бас киімдеріне тақия, бөрік, сәукеле, қасаба, орамал, жаулық, кимешек, күндік жатады. 




Қыздардың тақиясы қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленген. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар- ретінде үкі тағылған.
Қасаба- үшкірлеу төбесіне 1 шоқ қауырсын қадап, маңдай тұсын түгелдей асыл тас, алтын, күміс әшекейлерімен безеп, оң жақ самай тұсына 5-6 қатардан ілмелі моншақ күміс қоңыраушалар байлап ұзын салпыншақты етіп жасаған қыз тақиясының бір түрі. Оны үйлену тойына кейде қалыңдық сәукеленің орнына да киген. 
Бөрік- аң терісінен тігіп, жиегіне жұрын жүргізіп, жұқа жүн немесе жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім.
Кимешек- қазақ әйелдеріне тәнөзіндік ерекше киім- кешекті ақ мата, кейде жібек матадан тігіп жиегін көмкеріп, сан алуан түрмен әшекейлеп дайындайды. Кимешекті жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер киеді. 
Жаулық- қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі, егде әйелдердің басына орап тартатын ең негізгі баскиімдердің бірі. Әз әжелерді, асыл аналарды ардақтағанда «ақ жаулықты» деп дәріптеуі сондықтан.
Орамал- Қазақ әйелдерінің басына салатын орамалын да жаулық деп атаған. Орамалдар пішіміне қарай шаршы және қиықша болып келеді. 
Сәукеле- қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. 
Сәукеле- ұлтымыздың парасатын, тәрбиесін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсеткен. Оның биіктігі мен сәнделуі күймен шағылысқан заңғар таң шыңдарын елестетеді. 
Аяқ киімдерге саптама етік, шоңқайма, көк етік, мәсі, кебіс жатады. Саптама етік- қонышы ұзын, киіз байпақпен шалбардың балағын беліне салып киетін етік. Оны ертеде қолдан иленген көннен адамның аяғы мен тізе буынын суықтан сақтауға бейімдеп киіз байпақтың сыртынан киген. Ішкі табанына киіз ұлтарақ салып және байпақтың ішінен қалың шұлғау ораған, кейде байпақтың ішінен шұлғаулы мәсі киеді. 
Көк етік- малдың сауыр терісінен өңделген былғарыдан сәндеп тіккен аяқкиім түрі. 
Көк етіктің қонышы, күшіні оюланып, кестеленіп тігіледі. Ертеде көк етікті көбінесе сал- серілер, батырлар киген. 
Мәсі- өкшесіз, жұмсақ,, аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқкиім. Мұны көп жерлерде іші былғары байпақ, көзел деп атайды. Ол аяққа жеңіл, тазалыққа жақсы, әрі икемді.
Кебіс- көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалыпқа қатырылған қонышсыз аяқкиім. Кебісті басын жұмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше сірісін, тұмсығын күміс, зер жіптермен оюлап әшекейлеген. Кебіске тақа, ұлтан салған. Мәсінің сыртынан киген кезде қолқылдамай нығыз тұратындай етіп сәйкестіріліп тігілген.
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар 
1. Киім кию оң қолдан басталады.
2. Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды.
3. Көпшілік алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды.
4. Өте ұзын немесе өте қысқа киім киюге болмайды.
5. Киім киюдің алдында оны сілку керек. 
6. Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. 
7. Шалбарды және етікті отырып киеді.
8. Киімнің жағасын басуға болмайды. 
9. Жастық орнына шалбарды жастауға болмайды. 
10. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.
11. Бас киімді босағаға емес, төрге іліп кояды. 
12. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды.
Дәптермен жұмыс
Дәптерлеріне ұлттық киім жазылады. Ішкі киімдер атауларын пайдаланып сөилемдер құратып жаздыру.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қазақтың ұлттық киімдеріне қатысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айта отырып қорытындылаймын.


  • 2




Скачать

© 2017, 2631 8

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!