Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебіндегі мектеп бітіру кешінің салтанатты бөлімі
Тақырыбы: «Қош бол, алтын ұя мектебім!»
Өтетін күні: 18 маусым 2015 жыл
Өтетін уақыты: сағат 1800
Өтетін орны: Мәжіліс залы
Безендірілуі: Сахнаны түрлі-түсті шарлармен безендіру.
Көрнекілік: Слайдтар.
Жүргізуші: Ихсанова Нұргүл Рамазанқызы
(музыка)
Жүргізуші:
Қайырлы кеш! Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар!
Он бір жыл бойы оң-солын таныған жас түлектер арамыздан талпынып қанат қаққалы тұр. Олар бүгін алдарына ақ қанат арман арқалап, жүректері лүпілдеп, қолдарына аттестат алғалы тұр.
Толқимыз толқып тұрмыз баршамызда
Мұндай күй болған бәлкім баршаңызда
Қол соғып, қошаметпен шақырайық
Түлектер келсін кәне ортамызға.
2) Жүргізуші: Үлкен өмір есігін ашқалы тұрған түлектерімізді қол соғып ортаға шақырайық ағайын!
(«Атамекен» әнінің музыкасы)
| № | Түлектің аты-жөні | Қысқаша сипаттама |
| 1 | Рахметова Кенжегүл | Қарапайым, қабілетті оқушы. Барлық пәндерді жауапкершілікпен оқиды. Болашақта дәрігер болуды армандайды. |
| 2 | Кажжанова Гульдана | Үлгілі оқушы, барлық пәндерді жетік меңгерген, соның ішінде қазақ тілі тарих пәндерінен аудандық олимпиада жеңімпазы. |
| 3 | Сембаева Жаннұр | Қарапайым, сыныптастарына жаны ашитын көпшіл оқушы. Биология пәнін таңдап, ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетті. Болашақта мұғалім болуды армандайды. |
| 4 | Жұмабай Мағжан | Мінезі жайлы, қарапайым оқушы. Физика – математика пәндеріне өте қабілетті. Бірнеше рет аудан атынан облыстық регадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. |
| 5 | Өтегенов Фархат | Үлгілі, сыпайы, жайлы оқушы. Барлық сабақтардан қабілеті жоғары. Физика пәнінен аудандық олимпиада жүлдегері. Физика пәнінің жақсы маманы болуды армандайды. |
| 6 | Тлешова Гулнара | Қабілеті жоғары, ашық жарқын оқушы. Өлең шығарады, әдебиет пәнінен көптеген жарыстар жеңімпазы. Облыстық, республикалық Абай, Қадыр оқуларынан, шығарма жазу байқауларынан жүлделі орын алып, мектебіміздің абыройын көтеріп жүрген оқушы. |
| 7 | Абдрахманова Аружан | Өнерлі, жауапкершілігі мол оқушы. Би үйірмесіне қатысып, облыстық, республикалық халықаралық дәрежедегі байқаулардың жеңімпазы. |
| 8 | Нұрғожа Шыңғыс | Тұйық мінезді оқушы. Өте шебер, қабілетті. Жасаған бұйымдары республикалық байқауда «Алтын медаль» иегері атанды. |
| 9 | Өтегенова Айдана | Мінезі ашық. Айналасындағыларға мейірімді оқушы. Орыс тілі пәніне ерекше қабілетті, аудандық олимпиада жүлдегері. |
| 10 | Айтқалиева Айгерім | Адамгершілігі мол оқушы. Ағылшын тілі пәнін сүйіп оқиды. |
| 11 | Тыныштыбай Райымбек | Мінезі ашық, сыныптастарының ортасында беделді. Барлық пәндерден қабілеті жоғары. Биология пәнінен аудандық олимпиада жеңімпазы. Физика, биология пәндерінен облыстық регатаға қатысты. |
| 12 | Жалелов Бауржан | Мінезі тұйық оқушы. Физика, математика пәндерінен ерекше қабілетті. |
| 13 | Мирамбаев Жиенбай | Мінезі ашық, мейіріміді оқушы. Барлық пәндерге қабілетті. География пәнінен аудандық олимпиада жеңімпазы. |
| 14 | Разакова Сауле | Мінезі ашық-жарқын. Гуманитарлық пәндерге қабілетті. Тез ұққыш. |
| 15 | Муратжанов Марат | Салмақты, жауапкершілікті білетін оқушы. Экология саласында бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы. |
3) Жүргізуші: Иә, уақыт деген зымыран! Алдарыңызда кеше ғана тарыдай боп мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгін таудай болып мектеп қабырғасынан аттанғалы отыр. Ақыл, қайрат, білімді зерделеріне тоқып, үлкен білім ордасынан тағы бір жас толқын үлкен өмірге араласпақшы.
Бұлар – Көкбайрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.
Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Әсіресе мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі қалары сөзсіз.
Ендеше салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
(ҚР гимні ойнайды)
4) Жүргізуші:
Алтын ұя, алтын бесік – мектебім,
Мәңгі есімде анам болып өткенің.
Парызыңды өтедің сен білемін,
Ал, қарызым саған берер көп менің, - дей келе құттықтау сөз кезегін және аттестаттарды табыс ету рәсімін жүргізуді мектебіміздің директоры Нигметов Берік Задагерейұлына береміз.
(музыка)
5) Жүргізуші:
Бірге өткізген күндерін қыс-жазына,
Жазып шықты қаншама іс-қазына,
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейін жетекші ұстазына, - дей келе сөз кезегі
мектеп түлектерінің сынып жетекшісі Белкаиров Мұхсим Идиатұлына беріледі.
(музыка)
6) Жүргізуші:
Қандай ғажап балаңызға қарашы
Қол жеткен бақытына балашы,
Ұл-қыздарың азамат боп есейді
Сөз кезегі сізге ата-анасы
Ата-аналар атынан сөз кезегі Беккарнаева Самал Серікқалиқызына беріледі.
(музыка)
7) Жүргізуші:
Қуаныштан алаулайды реңім
Толқып тұр ғой кеудемдегі жүрегім,
Есте қалсын Ұстазымның мәңгілік
Арнап оған айтқан құрмет тілегім, - деп түлектерге сөз береміз.
Тлешова Гүлнараға сөз кезегін ұсынамыз.
(«Атамекен» әнінің музыкасы)
8) Жүргізуші:
Білім алып құшағыңда тек сенің
Өткердік қой бала шақтың көктемін,
Шақырады бізді өмір майданы
Қош бол ана - туып өскен мектебім,- дей келе жас өнерпаз Меңдіғарина Жадыраның орындауында «Мектебім» әні. Қошемет көрсетіп, қабыл алыңыздар!
9) Жүргізуші:
Қымбатты түлектер! Үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар. Қанаттарың талмасын, биіктерге самғаңдар! Мектеп өмірі артта қалды, алдарыңызда күтіп тұрған үлкен өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте берулеріңді тілейміз.
Жолдарың болсын түлектер
Жақсы жолда болыңдар,
Орын тауып өмірден
Армандарға қоныңдар - дей келе салтанатты жиынымызды
жабық деп жариялаймыз. Қайта қауышқанша аман-сау болыңыздар!
(музыка)