БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК
 | «Бекітемін» Тәрбие жөніндегі директордың орынбасары ________ Хайруллина Н.Г. «____»__________ 2015ж. |
ашық тәрбие сағаты

СТ-622 топ жетекшісі:
Г.Т.Жумабаева
Орал қаласы – 2015
Тақырыбы: « Қош келдің, Әз Наурыз!»
«Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау - әр адамның ең әуелі борыштарының бірі. Өйткені өзіңді және жақындарыңды білімді етуден маңызды еш нәрсе жоқ»
Сократ.
Мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрі, әдет – ғұрып, жөн – жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, оқушы бойында әдептілік және алғырлық, адами қасиеттерін қалыптастыру. Аталы сөзден ғибрат алуға баулу, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, сахналау өнеріне баулу, Ұлыстың ұлы күнін мақтанышпен қарсы алып құрметтей білуге тәрбиелеу.
Наурыздың-мағынасы
Бұнда топ оқушысымен Наурыз жөнінде жалпы мәлімет дайындаған болатынбыз.
«Наурыз» - «нау» -жаңа, «рыз» - күн деген ұғымды білдіреді. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
«Наурыз» сөзі - біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден ай аты, үшіншіден ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.
Мында келесі оқушы Наурыз мейрамы қашаннан бастап тойланды, қай елдерде тойланды осы жөнінде мәлімет берді.
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады, тал-теректер бүршік жарады.

Ұлыстың ұлы күні, яғни, Жаңа жылда Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Адам баласына құт-береке, бақ-даулет сыйлайды.
«Батаменен ел көгерер» деген бабаларымыз, Осында топта дайындаған 1 оқушы Қыдыр баба болып батасын береді!
Армысыңдар, жамағат. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсақ жол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын, Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! Ұлы халқым тоқ болсын! Көйлектерің көк болсын! Қайғы уайым жоқ болсын! Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! ! |  |
Ұлттық ойындар
Тәрбие сағатымыздың келесі бөлімінде топ оқушылары ұлттық ойындар жөнінде қысқаша мәлімет беріп өтті. Айтып кететін болсақ: Арқан тарту, Алтыбақан және де тоғыз құмалақ.
Арқан тарту – ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету.

Алтыбақан – қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді.

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.

Салт дастүр
Бұл бөлімде оқушылар топ-топқа бөлініп, салт дәстүрлерімізді көрініс ретінде көрсетті.
1 топ Тұсау кесу дәстүрін көрсетті. Бұл бала тәй-тай еткенде жасалатын думанды дәстүр. Бұнда оқушылар кішкентай баланы әкеліп, алдын ала дайындаған ала жіппен, аяғын тұсап байлайды. Топтан 1 оқушыны көпті көрген үлкен кісі, жүріс-тұрысы ширақ деп алып сәбидің тұсауын өткір пышақпен кеседі. Ақ пен қарадан есіп жасалған ала жіп «Біреудің ала жібін аттамасын» деген жақсы ниетті білдіреді. Тұсауы кесілген соң сәбиді екі оқушы екі қолынан ұстап, ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры айтылды.

2 топ Бесік той дәстүрін көрсетеді. Нәрестені алғаш бесікке бөлеуге байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен бесікке салады. Ортаға әжелер шығып бесіктің жабдығын даярлап, шашуға әкелінген тәттіні, күміс теңгені түбек салатын тесік астына қолын тосқан қыздарға үлестірді де, бесікті отпен аластап, қыз бала болғандықтан көпшігінің астына айна, тарақ салып, баланы бөледі. Сонан соң бесіктің үстіне жеті не тоғыз нәрсе жабады. Әрбір жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мысалы: көк шапан жабу – бала ержеткенде халықшыл болсын, дастарқан жабу — бай болсын, т.б. ырымды білдірген.

3 топ Азан шакырып ат кою рәсімін көрсетті. Азан шакырып ат кою сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбиді ортаға алып, ата шығып құлағына 3 қайтара айқайлап атын айтты. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.

ҚАЗАҚ ТАҒАМДАРЫ, ДАСТАРХАН МӘЗІРІ
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас — адамның арқауы», «Жаман ауруға —бір жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» деп халық тегін айтпаған.
Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған. тамақтардың негізгі түрлері: ет, сүт, қымыз, сарымай, құрт ірімшік мал өнімінен дайындалған.
Топ оқушылары өздерінің дайындап акелген дәмдерін ұсынды. Айта кететін болсақ: бауырсақ, шелпек, құрт, ірімшік, бесбармақ және т.б. Соның ішінде Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көжені дайындап акелді және дайындалу әдстерін түсіндіріп өтті.
Топтан 1 оқушы шығып, наурыз көжені дайындауға қолданылатын 7 түрлі тағамдарын көрсетті. Ол тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш, сүрленген ет, жүзім. Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы керектігін айтты. Түркі халықтарының ұғымында жеті мен тоғыз киелі сандар.

Салт-дәстүрлермен, ұлттық ойындар көрсетіліп болғаннан кейін оқушылар өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршілікке өмір тойы.
Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы
Қазақ биі

Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Ән: «Наурыз Көктем» орындайтын Рамазанов Жанболат пен Барадосова Рабиға

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би: «Қара жорға»

Тәрбие сағатымыз келесі игі тілектермен тамамдалды: Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!
