СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

???ы? негіздері

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

Е?бек ???ы?ыны? ?атынастары

Жоспары:

  1. Е?бек ???ы?ы туралы жалпы т?сінік
  2. Е?бек ???ы?ыны? ?айнар к?здері

Адамзат ?о?амыны? ?мір с?руіні? ал?ы шарты е?бек. Е?бек дегеніміз адамдарды? ?мірі ?шін ?ажетті материалды?, рухани ж?не бас?ада ??ндылы?тар жасау?а ба?ыттал?ан адам ?ызметі.

            Е?бекті? барысында адамдар арасында е?бек ?атынастары ?алыптасады. Е?бек ?атынастары дегеніміз тараптарды? ?детте жеке е?бек ж?не ?жымды? шарттар негізінде белгілі бір е?бек ?ызметін ж?зеге асыруы ж?нінде туындайтын ж?мыс беруші мен ?ызметкер арасында?ы ?атынастар.

            Е?бек ???ы?ы е?бек нар?ы ?рдісіні? ?рекеті, жалдамалы е?бекті ?йымдастыру мен пайдалану барысында ?алыптасатын ?ызметкерлерді? е?бек ?атынасын ж?не онымен ты?ыз байланысты ?атынастарды реттейтін ???ы?ты? бір саласы. Е?бек ???ы?ыны? негізгі ма?саты ж?мыс беруші мен жалданушы ?ызметкер арасында ?атынастарды ???ы? ар?ылы реттеу ж?не за?сызды??а жол бермеу.

            Е?бек ?атынастары е?бек ???ы?ыны? п?ні болып табылады. Е?бек ?атынастары е?бек ???ы?ыны? негізгі б?лігі бола т?рып, ?о?амды? е?бек саласында?ы материалды ж?не рухани игіліктерді игеру барысында ?алыптасады.

            ???ы?ты? бас?а салалары сия?ты е?бек ???ы?ыны? ?дістері е?бектік ???ы?ты? ?атынастар?а ж?не сонымен ты?ыз байланысты бас?а да ?атынастар?а ы?пал ететін т?сілдерден, амалдардан ж?не ??ралдарынан т?рады. Е?бек ???ы?ы ?дісі е?бек ???ы?ыны? п?ні болып табылатын е?бектік ???ы?ты? ?атынастар ж?не сонымен ты?ыз байланысты бас?а да ?атынастарды ???ы?ты? реттеуді? ?зіндік ерекшеліктеріні? барынша жалпылама к?рінісі. Е?бек ???ы?ыны? ?дісі ???ы?ты? реттеу ?андай т?сілмен іске асырылады деген сауал?а жауап береді. Е?бек ???ы?ы ?дістері ???ы?ты? нормалардан к?рініс табады.

            Е?бек ???ы?ы ?дістерін мынандай белгілермен:

  1. Е?бектік ???ы?ты? ?атынастар ж?не соларды? негізінде туындайтын бас?а да ?атынастарды реттейтін императивтік ж?не диспозитивтік нормаларды? ?осындысымен;

  2. Е?бек ???ы?ы п?нін реттейтін орталы?тан?ан, жергілікті ж?не шартты ?дістерді? ?осындысымен;

  3. ?леуметтік ?ріптестікті? тараптарыны? ?кілдерін ?атыстыра отырып ?о?амды? ?атынастарды реттеуде ?леуметтік ?ріптестік келісімдерді барынша ке? пайдаланумен;

  4. Жалдамалы е?бекті пайдалануды реттеуді? даралы?ы мен саралап жіктелінуі;

  5. Е?бек дауларын шешуді? ерекше т?ртібін бекітумен сипатталады.

    Е?бек ???ы?ы ж?йесі жалпы ж?не ерекше сия?ты екі б?лімнен т?рады. Е?бек ???ы?ыны? жалпы б?лімі жалпылама сипатта?ы ж?не е?бек ???ы?ы институттарыны? барлы?ына бірдей ?олданылатын нормалардан т?рады. Ол нормалар е?бек ???ы?ыны? п?нін, негізгі ?а?идаттарын, е?бекті ?йымдастыруды? жалпы м?селелерін ?амтиды. Е?бек ???ы?ыны? ерекше б?лімі е?бектік ???ы?ты? ?атынастарды? ж?не онымен ты?ыз байланыста?ы е?бек ?атынастарыны? жекелеген элементтерін ?амтиды.

    Е?бек ???ы?ы негіздері дегеніміз за?намалармен белгіленген, арнайы ??зіретті органны? нормативті актілері.

    Е?бектік ???ы?ты? ?атынастарды ж?не онымен ты?ыз байланысты е?бек ?атынастарын реттейтін нормативті актілерді? т?мендегідей ?зіндік ерекшеліктері бар:

  1. е?бек туралы нормативтік актілер ж?йесінде Е?бек ж?не халы?ты ?леуметтік ?ор?ау министрлігі ?абылда?ан за?ды? к?ші бар актілерді? саныны? к?птігі;
  2. ж?мыс берушімен е?бек ?жымы арасында к?сіпорын де?гейінде ?абылданатын жергілікті нормативтік актілерді? саныны? басымдылы?ы;
  3. нормативтік актілерді? жалпы ж?не арнайы болып б?лінуі.

Е?бек ???ы?ы негіздері за?ды? к?шіне ?арай: за?дар, за?ды? к?ші бар актілерге ?аза?стан Республикасы Президенті жарлы?тары, ?кімет ?аулысы, ?кімі, б?йры?тар, ережелер ж?не жергілікті нормативтік актілерге ж?не ?рекет ету де?гейлеріне байланысты республикалы?, салалы? ж?не жергілікті болып б?лінеді.

Е?бек ???ы?ыны? ?айнар к?здері к?рделі, к?п де?гейлі ??рылым, ол ???ы? нормалары ж?йесі мен е?бек ?атынастары ??рылымыны? ішкі бірлігін к?рсететін, ?зара байланысты?ы, ?рт?рлі за?ды? к?ші бар е?бек жайында?ы нормативтік ???ы?ты? актілерді? жиынты?ын ?амтиды. Е?бек туралы за?намалар да ?аза?стан Республикасыны? Конституциясына негізделеді ж?не Е?бек кодексінде (2007), ж?мыскерлерді? кейбір санаттарыны? е?бек ?атынасын реттейтін бас?а нормативтік ???ы?ты? актілерден т?рады. ?аза?стан Республикасы бекіткен Халы?аралы? шарттарды? е?бек туралы ?лтты? за?дар алдында басымдылы?ы бар, ж?не егер оны ?олдану ?шін ?аза?стан Республикасыны? за?ын шы?ару шартта к?рсетілмеген болса, тікелей ?олданылады. ?аза?стан Республикасыны? Конституциясына с?йкес, халы?аралы? ынтыма?тасты? ?а?идатын негізге алып ?аза?стан халы?аралы? ???ы?ты? ?а?идаттары мен нормаларын мойындайды ж?не ??рметтейді.

Е?бек ???ы?ыны? негізгі деректік к?здеріне е?бек саласында ?абылдан?ан халы?аралы? шарттар, келісімдер, конвенциялар жатады. Мысалы 1958 жыл?ы 25 маусымда Женевада ?аласында д?ние ж?зіні? бірнеше мемлекеттері ?ол ?ой?ан «Е?бек ж?не к?сіпкер саласында?ы кемсітушіліктер туралы» халы?аралы? Конвенция ?абылдан?ан. Осы Конвенция 1999 жыл?ы 20 шілдеде №444 За?мен ?аза?стан Республикасы ?осылды. Сондай а? Женева ?аласында 1999 жыл?ы 17 маусымда Халы?аралы? е?бек ?йымы Бас конференциясыны? 87 – сессиясында ?абылдан?ан «Балалар е?бегіні? е? жаман т?рлеріне тыйым салу ж?не жою ж?ніндегі ш??ыл шаралар туралы» конвенция ?абылданды. Б?л Конвенция?а да ?аза?стан 2002 жыл?ы 26 желто?санында?ы №367-II За?мен ?осылды. Женевада 1930 жыл?ы 28 маусымда Халы?аралы? е?бек ?йымы Бас конференциясыны? 14 – сессиясы «М?жб?рлі немесе міндетті е?бек туралы» Конвенция ?абылдады. Б?л Конвенция?а ?аза?стан 2000 жыл?ы 14 желто?санда?ы №120 – II За?ымен ?осылды. Женевада 1957 жыл?ы 25 маусымда Халы?аралы? е?бек ?йымы Бас конференциясыны? 40 – сессиясы ?абылда?ан «М?жб?рлі е?бекті жою туралы» Конвенция?а ?аза?стан Республикасы 2000 жыл?ы 14 желто?санда?ы №117 – II За?ымен ?осылды. Женевада 1948 жыл?ы 9 шілдеде Халы?аралы?  е?бек ?йымы Бас Конференциясыны? 31 – сессиясы ?абылда?ан «Ж?мыспен ?амту ?ызметін ?йымдастыру туралы» Конвенциясына бізді? еліміз 2000 жыл?ы 14 желто?санда?ы №119 – II За?ымен ?осылды.

Е?бек ???ы?ы ?айнар к?здеріні? арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда ?абылдан?ан №251 – III ?Р3 «?аза?стан Республикасыны? е?бек кодексі». Кодекс Жалпы ж?не Ерекше б?лімнен, 6 б?лімнен, 40 тараудан,  341 баптан т?рады.

Е?бек ???ы?ты? ?атынастар саласында?ы ?леуметтік ?ріптестік. ?леуметтік ?ріптестік дегеніміз ат?арушы билік органдары ?кілдеріні?, ж?мыс берушілер мен ?ызметкерлер ?кілдеріні? м?дделерін келістіруді ?амтамасыз етуге ба?ыттал?ан ?атынастар мен тетіктер ж?йесі. ?леуметтік ?ріптестік ?ріптестер арасында?ы жасалатын ?зара келісім ар?ылы ж?зеге асырылады. Келісім, салалы?, айма?ты? – республикалы?, салалы? ж?не айма?ты? де?гейде ?ызметкерлеріні? е?бек жа?дайларын, ж?мыспен ?амтылуын ж?не ?леуметтік кепілдіктерін белгілеу мазм?нын ж?не тараптарды? олар бойынша міндеттемелерін аны?тайтын, ?леуметтік ?ріптестер арасында жасалатын ???ы?ты? акт.

            ?аза?стан Республикасында?ы ?леуметтік ?ріптестік мынадай міндеттерді шешуге ба?ыттал?ан:

  1. ?леуметтік ж?не е?бек ?атынастарын ж?не солар?а байланысты экономикалы? ?атынастарды реттеуді? тиімді тетігін жасау;

  2. ?о?амда?ы барлы? жіктерді? м?дделерін объективті т?рде ескеру негізінде ?леуметтік т?ра?тылы? пен ?о?амды? келісімді ?амтамасыз етуге ж?рдемдесу;

  3. ?ызметкерлерді? е?бек ???ы?тары кепілдіктерін ?амтамасыз етуге ж?рдемдесу, оларды? ?леуметтік ?ор?алуын ж?зеге асыру;

  4. барлы? де?гейдегі ?леуметтік ?ріптестер арасында?ы консультациялар мен келісс?здер процесіне ж?рдемдесу;

  5. ?жымды? е?бек даулары мен жанжалдарды шешуге ж?рдемдесу.

    ?леуметтік ?ріптестік мынандай ?а?идаттар?а негізделеді:

  6. тараптар ?кілдеріні? ?кілеттігі;

  7. тараптарды? те? ???ы?тылы?ы;

  8. тал?ылау ?шін енгізілетін м?селелер тізбесін та?дау еркіндігі;

  9. міндеттемелер ?абылдауды? еріктілігі ж?не тараптарды? оларды орындау міндеттілігі;

  10. тараптарды? м?дделерін ??рметтеу;

  11. ?леуметтік ?ріптестерді? ?аза?стан Республикасыны? за?дарын, ?аза?стан Республикасыны? халы?аралы? шарттары мен міндеттемелерін са?тауы;

 

 

           

Просмотр содержимого документа
«???ы? негіздері»

«Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК





Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

______Тлембаева А.Б.

«_____» _______20__ж

















Теориялық сабағының әдістемелік нұсқамасы





Пән: Құқық негіздері


Тақырыбы: «Жеке және ұжымдық еңбек шарттары»



Мамандық: «Емдеу ісі», «Стоматология», «Фармация»



Курс: 1,2,3





































«Әлеуметтік-экономикалық пәндер»

ЦӘК отырысында қаралды

Хаттама № ____

«_______» ___________20 __ж

ЦӘК төрайымы: ___________





Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған: Мырзагулова А.Қ.

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы



Тақырыбы: Жеке және ұжымдық еңбек шарттары


Сабақтың мақсаты:

білімділік: Еңбек құқық қатынастарының тараптары, жеке еңбек шарттары. ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың өз құқықтарын жете біліп, заң біліміне деген қызығушылығын туғызу.

тәрбиелік: Студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге, ата-ана алдындағы

борышы мен міндетін сезінуге, конституцияны, т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

дамытушылық: Студенттердің ойлау, тыңдау, сөйлеу қабілеттерін

қалыптастыра отырып, өз бетімен ізденуге үйрету, өз көзқарасын қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға дағдыландыру, тез ойлауға талпындыру, студенттердің танымдық қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру, топтық жұмыс

Сабақтың уақыты: 90 мин

Сабақты өткізу орны:

Пәнішілік байланыс: «Еңбек құқығының қатынастары»

Пәнаралық байланыс: қоғамтану

Сабақтың жабдықталуы: а) Көрнекіліктер: тірек-сызба, слайд.

б) Үлестірмелі материал: кеспе қағаздар, кестелер

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. А.Ибраева, Г.Әлібаева, Қ.Айтқожин, «Құқықтану» Алматы 2006 ж

  2. А.Ибраева, Б.Қуандықов, Ш.Маликов, С.Есетова «Құқықтану» Алматы 2007 ж

  3. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов «ҚР құқық негіздері» Алматы, 2003 ж

Қосымша:

  1. Ғ.Сапарғалиев «Мемлекет пен құқық негіздері» Алматы, 2005 ж

  2. ҚР Конституциясы Алматы 1997 ж



Меңгеруі тиіс: Еңбек құқық қатынастарының тараптары. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы


Білуі тиіс: Жеке және ұжымдық еңбек шарттарын білуі керек.


Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы



І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 25 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 35 мин

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин

V. Қорытындылау – 7 мин

VІ. Үйге тапсырма – 3 мин

Сабақ барысы



І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

а)Студенттердің сабаққа қатысымын тексеру.

ә)Кабинеттің тазалығын қадағалау.

б)Сабақтың жоспары және мақсатымен таныстыру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 25 мин



1 тапсырма. Тестпен жұмыс



1) Жеке еңбек шарты -

a) еңбек құқығының негізгі институты

b) азаматтық құқықтың негізгі институты

c) отбасы құқығының негізгі институты

d) жеке тұлға құқығының негізгі институты

e) дұрыс жауап жоқ

2) Жеке еңбек шарты дегеніміз не?

a) жұмыс берушінің басқа ұйыммен келісімі

b) жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім

c) қызметкердің бұрынғы жұмыс орнымен келісімі

d) жұмыс берушінің ұйым басшысымен келісімі

e) жұмыс берушінің жеке өз келісімі

3)Еңбек шартының анықтамасына қайсысы келмейді?

a) еңбек шарты дегеніміз азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру жолы болып табылады

b) еңбек шарты еңбек құқықтық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады.

c) енбек шарты әр кездеде екіжақтын наразылығы болып табылады.

d) азаматтарды жұмысқа қабылдау , басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады.

e) барлығы дұрыс

4) Жұмысшы ұйымның еңбек ұжымына қалай кіре алады?

a) жұмыс жасағасын

b) еңбек шартын бұзу арқылы

c) шарттардан бас тарту арқылы

d) еңбек шартын жасасу арқылы

e) барлығы дұрыс

5) Жеке еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жағдайларын неше топқа бөлуге болады?

a) 1

b) 2

c) 3

d) 4

e) 5

6)Жеке еңбек шарты неше жастан бастап жасалынады?

a) 18

b) 16

c) 21

d) 25

e) 20

7) Еңбек шартының мерзімі туралы қай бабта айтылған?

a) 8

b) 9

c) 10

d) 15

e) 20

8) Ұжымдық еңбек шарты алғаш пайда болған қала –

a)Оңтүстік Америка

b) Германия

c) Солтүстік Америка

d) Франция

e) Ұлыбритания

9) 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында ұжымдық шарт қай елде пайда болды?

a)Оңтүстік Америка

b) Германия

c) Солтүстік Америка

d) Франция

e) Ұлыбритания

10) Жеке енбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері Еңбек туралы Заңның қай бабында көрсетілген?

a) 18

b) 16

c) 21

d) 25

e) 20

11) Жұмыс берушінің міндеттері:

a) - негізгі қызметінен босамаған кәсіподақ мүшесіне қоғамдық міндеттерді орындау үшін кәсіподақпен келісілген мерзімде ақылы бос уақыт беру;

b) - кәсіподақ комитетіне кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат беру;

c) - кәсіподақтың есепшотына бас бухгалтердің атына жазбаша түрде кәсіподақ комитеті берген тізім бойынша кәсіподақ мүшелерінің жарналарын аудару.

d) - кәсіподаққа жұмыс істеу үшін телефоны бар үй-жай беру;
e) барлығы дұрыс

12) №1 цех үшін - 3 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар   қызметкерлерге – неше күн демалыс береді?
a) 21 күн

b) 20 күн

c) 10 күн

d) 5 күн

e) 3 күн

13) 5 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге неше күн демалыс беріледі?

a) 21 күн

b) 20 күн

c) 10 күн

d) 5 күн

e) 3 күн

14) 10 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге демалыс беру мерзімі

a) 21 күн

b) 20 күн

c) 10 күн

d) 5 күн

e) 3 күн

15) № 2 цех үшін - 3 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар  қызметкерлерге неше күн демалыс беріледі?
a) 21 күн

b) 20 күн

c) 10 күн

d) 5 күн

e) 3 күн

16) Жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес жайлардың бірі –

a) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде

b) ұйым (заңды тұлға) таратылғанда, жұмыс берушінің (жеке адамның) қызметі тоқтағанда;

c) қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқанда;

d) қызметкердің саны немесе штаты қысқартылғанда

e) жеке еңбек шартының қолданылуы мерзімі ішінде қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкестігі аңғарылғанда;

17) Жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша қай жағдайда бұзылуы мүмкін?

a) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде;

b) ұйым (заңды тұлға) таратылғанда, жұмыс берушінің (жеке адамның) қызметі тоқтағанда;

c) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда;

d) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар ошарсыз кетті деп танған жағдайда;

e) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шекктеуді, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқталуы тиіс.

18) Белгілі бір мерзім дегеніміз –

a) екі жылдан аспайтын мерзім

b) алты айдан аспайтын мерзім

c) бір жылдан аспайтын мерзім

d) уш жылдан аспайтын мерзім

e) төрт жылдан аспайтын мерзім

19) Жалақыны 1 айдан көп уақытқа кешіктерілген жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерге берешек соманың неше пайызын төлеуге міндетті?

a) 0.2 %

b) 0.3 %

c) 0.4 %

d) 0.5 %

e) 0.1 %

20) 10 жылдан артық үзіліссіз еңбек өтілі бар қызметкерлерге демалыс беру мерзімі

a) 21 күн

b) 20 күн

c) 10 күн

d) 5 күн

e) 3 күн


Тест жауаптары:

1 с ,

2 д,

3 д,

4 в,

5 с,

6 е,

7 а,

8 с,

9 е,

10 в,

11 д,

12 д,

13 в,

14 е,

15 д,

16 в,

17 д,

18 е,

19 с,

20 д


2 тапсырма. Сөзжұмбақпен жұмыс

Ұ

Ұ



Ж





Ы





М





Д



Ы





Қ







Сұрақтары:



  1. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —кімге беріледі.

  2. Қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім түрі

  3. Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен ненің мерзімін белгілеуге болмайды

  4. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің қандай сақтандыруға құқығы бар.

  5. Кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім

  6. Қызметкерлердің мейлінше тиімді еңбек етуіне мүмкіндік беретін терең және жан-жақты білімдері мен дағдылары көрініс тапқан белгілі бір кәсіптің бағыты,нақты бір түрі.

  7. Жеке еңбек шарты бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге нені дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.


Жауабы: жұмыс беруші, жеке, сынақ, әлеуметтік, ұжымдық, мамандық, жалақы

3 тапсырма. Кеспе қағазбен жұмыс.











































































































3 тапсырма. Анаграммамен жұмыс



л


е

е


т

а

ұ

л


э

ю

т

р


ң

б

с

з

ж

ы

р

г

и

Т


г

е

к

х

ъ

м

м

о

н

Ә


д

и

д

а

ш

д

щ

ъ

о

Р


ң

ә

о

у

л

ы

қ

в

м

Т


і

л

ө

қ

а

р

д

а

и

ч


п

т

ж

а

ө

ы

р

у

к

к


ғ

і

к

з

а

р

а

л

а



Жауаптары: Еңбек , ұжымдық даулар, еңбек даулар, эргономика , тәртіптік жаза, еңбек стаз, еңбек сатысы, еңбек міндеттері.



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 35 мин



Жеке және ұжымдық еңбек шарттары



Қоғамдық еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары ерекше маңызға ие. Құқықтық еңбек қатынастарының мынандай ерекше белігілері бар:

  1. қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді;

  2. қызметкердің еңбек ұжымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен жүзеге асырылады;

  3. қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті;

  4. қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.

Еңбек құқығы пәніне құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын және олармен тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастар қатарына мынандай қатынастарды жатқызуға болады:

  1. жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар;

  2. ұйымдастыру басқару;

  3. әлеуметтік экономикалық;

  4. өндірістегі кәсіби дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру жөніндегі;

  5. тәртіптік жазалар қолдану мен материалды шығынды, зиянды орнына келтіру;

  6. еңбек туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мен бақылау жөніндегі;

  7. еңбек дауларын қарау жөніндегі қатынастар.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативті құжаттардың бірі еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер. Еңбек шартын:

  1. медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға;

  2. ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға, сондай ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;

  3. соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;

  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілкті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.

Еңбек шартының мазмұны. Еңбек шартында:

  1. Тараптардың деректемелері: жұмыс беруші жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын мекен жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; жұмыс беруші заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; қызметкердің аты, тегі, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды;

  2. Белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы;

  3. Жұмыстың атқарылатын орны;

  4. Еңбек шартының мерзімі;

  5. Жұмыстың басталу күні;

  6. Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

  7. Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;

  8. Егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және зиянды және қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

  9. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері;

  10. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

  11. Еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;

  12. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;

  13. Сақтандыру жөніндегі талаптар;

  14. Тараптардың жауапкершілігі;

  15. Жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.


Еңбек шарты:

  1. Белгіленбеген мерзімге;

  2. Еңбек кодексінің 29-бабының 1 тармағының 3,4,5 тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерімге жасалуы мүмкін. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есепетеледі;

  3. Белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

  4. Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;

  5. Маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.

Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:

  1. Жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты;

  2. Тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

  3. Еңбек қызметін растайтын құжат;

  4. Әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);

  5. Алдын ала медициналық медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;

  6. Салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктердің көшірмелері қажет.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар:

  1. Еңбек кітапшасы;

  2. Тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

  3. Еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінде көшірме;

  4. Қызметкерлерге жалақы төлеу ведомсынан үзінде көшірмелер;

  5. Жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі

  6. Қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Еңбек кітапшаларының нысанын, оны жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар еңбек кодексінің нормаларын көрсете отырып жүргізілуге тиіс.

Сынақ мерзімі. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге еңбек кодексінің нормалары еңбек шартының ұжымдық шарттары талаптары қолданлады. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауы тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және оны бөлісу мәселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босатудемалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тәртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі және жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, әлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мәселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кәсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға әлеум. кепілдіктер беру (кәсіпорын есебінен кәсіптік қайта даярлау, қосымша жәрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мәселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бәрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым әлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр. Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.

ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТЫНЫҢ ҮЛГІСІ
    Қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау мақсатында жұмыс берушілер атынан (аты-жөні) және қызметкерлер мен кәсіподақ комитетінің (бастама тобы) атынан (аты-жөні) өзара бірлесіп, осы Ұжымдық еңбек шартын жасасты.
 
     1. Жалпы ережелер
1.1. Шартқа қол қойған жақтар негізгі, облыстық, салалық (тарифтік) келісімдерге сәйкес міндеттемелерді өз мойнына алады.
1.2. Ұжымдық шарт қол қойылған сәттен бастап үш жылға дейін заңды болып табылады.
1.3. Ұжымдық шарт осы уақытта жұмыс істеп жүрген барлық қызметкерлерге, сонымен бірге жаңадан қабылданған қызметкерлерге де қатысты болады.
1.4. Ұжымдық шартқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар екі жақтың келісімімен жүргізіледі.
1.5. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.
 
     2. Еңбекақы төлеу
2.1. Жұмыс беруші кепілдендірілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмайтын айлық жалақы төлеуге міндеттенеді.
2.2. Жалақының мөлшері осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкесанықталады.
2.3. Жалақы әрбір айдың (күні) күні төленеді.
2.4. Қызметкерлерге осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкес, жұмыстың қорытындылары бойынша сыйақы төленеді.
2.5. Кәсіподақпен келісе отырып, тоқсан сайын тиімді түрде еңбек еткені үшін қызметкерлерге тоқсандық сыйақы төленеді.
2.6. Кәсіподақпен келісе отырып, жыл қорытындылары бойынша қызметкерлерге 13-інші айлық жалақы төленеді.
2.7. Жаңа өндірісті (технологияны, өнімді) игеру кезеңінде қызметкерге бұрынғы орташа жалақысы деңгейінде қосымша төлем жүргізеді. Қосымша ақыны төлеу мерзімі екі айдан аспау керек.
2.8. Жұмыс беруші жалақыға қосылатын үстемеақы мен қосымша ақылардың төмендегідей түрлерін белгілейді:
- кәсіби шеберлігі үшін  (сома) теңге;
- бір-бірімен байланысты кәсіптерді игергені үшін (сома) теңге;
- зиянды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін (сома) теңге;
- ұзақ іссапарлар үшін (сома)  теңге.
2.9. Кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысы бойынша берешектерді жабатын қаражаттар іздеуге міндетті.
2.10. Жалақыны 1 айдан көп уақытқа кешіктерілген жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерге берешек соманың 0,1% мөлшерінде өсімақы төлеуге, сонымен бірге көлік шығындарын, балаларды мектепке дейінгі және мектепте ұстау, денсаулық сақтау қызметтеріне байланысты төлемдерді төлеуге міндетті.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин. Бүгінгі сабақты төмендегі сұрақтар арқылы бекітемін.



  1. Республикамызда қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемлекетте қандай дамуына әкелді?

  2. Еңбектік құқықтық қатынастарды реттеуде басшылыққа алатын қағидалар өзге құқық салаларына тән неше топқа бөлінеді?

  3. Құқық салаларына қатысты қағиданың бірінші түрін ата?

  4. Мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау қай бапта жазылған?

  5. 2001 жылы 23 қаңтарда қандай заң қабылданды?

  6. Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларын қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық акті қандай көзі болып табылады?

  7. Кәсіп одақ туралы заң қай жылы қай айда қабылданды?

  8. Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы заңына сәйкес келетін акті қалай аталады?

  9. Еңбек қатынастарының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтардың осы саласының нормаларымен реттелетін қандай шеңберін анықтау қажет.

  10. Еңбек құқығы деген қандай қатынастарды реттейтін жеке сала?

  11. Қазақстан Республикасындағы еңбектік құқықтық қатынастарды реттеу неше негізгі әдісі пайдаланылады?



V. Қорытындылау – 7 мин. Сабақты қортындылап,сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

VІ. Үйге тапсырма – 3 мин Жеке және ұжымдық еңбек шарттары. Осы тақырып бойынша ізденіп, өзіндік жұмыстар жасап, термин сөздерді жаттап келу.


Пайдаланылатын әдебиет: А.Ибраева, Г.Әлібаева, Қ.Айтқожин, «Құқықтану» Алматы 2006 ж 125-128 бб


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!