СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құстар қайтып келеді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды музыка бағыттын ажыратуға, аңықтауға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Құстар қайтып келеді»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка. Тақырыбы:Құстар қайтып келеді..

Бағдарламалық мазмұны: 1. Балаларды өздігінен музыка бағытын (баяу, көтеріңкі, жоғары, төмен) ажыратуға, анықтауға үйретуді жалғастыру. 2Музыканың әр қимыл сипатын бере білуге, ырғақты сезіне білуге, белсенді орындауға дағдыландыру. 3.Құстарға деген қамқоршылыққа тірбиелеу.

Құралдар: Құстар тура­лы әңгімелесу, суреттер жинау; мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер сайысын;

Әдіс тәсіл: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, көрсету.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту.

Куан шаттан алақай

Куанатын келді күн

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күнде бүгін

Суретке назар аудару.

Балалар суретке назар аударады.


Әңгімені мұқият тыңдайды.



Ұйымдастыру кезеңі

Жаңылтпаш : Көк тырна, көп тырна, Қара қарғаларға Ала қарғаларға,

Тыраулап тек көп тұрма. Ала қарғалар үйір, Қара қарғалар үйір.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: құстардың тіршілігі, пайдасы туралы әңгімелеу. «Құстар қыста тоңады» тақырыбында жұмыс ұйымдастыру. Құстарға байланысты халық болжамын қолдану, жинақтау, бақылау.

-Қандай құстарды білесіңдер? Жыл мезгіліне сәйкес құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Келді аққу, көкте қаз, Көптен күткен көктем кеп,

Орманда бұлбұл сайраған. Құлпырып дала жайнаған.


Іс – әрекет кезеңі: Жұмбақ шешу:

Көктемде ұшып келеді, Тау басында ағаш үй,

Жаздай концерт береді. Соны мекен етеді. Қыста алысқа кетеді,

Бұл қандай құс? Бұл қандай құс? (Қараторғай)


Ән тыңдау. «Қараторғай» Ақан сері. Үнтаспа.

Әндердің бір қатары табиғатпен тығыз байланысты болады. Олар бірде тау – тас, өзен –суды жырласа, енді бірде сол табиғат аясындағы құстарды әнге қосады. Әнде Ақан сері талай жыл серігі болған Қараторғайының қартайған қалпына жанашырлық білдіреді, қамқорлық, мейірімділік танытады.

-Ән қалай орындалады? - Әннің көңіл күйі қандай? –Қандай құстарды білесіңдер?

Қос қанатын иіп ап, Қара киім киіп ап,

Жарға келіп қонады. Балшықтан үй салады. Бұл қандай құс?

-Дұрыс, қарлығаш. Олай болса қарлығаш туралы ән орындаймыз.

Ән айту. «Қарлығаш». А.Жұбанов.

Әуенді қимыл – қозғалыс. «Тырналар биі».

Музыкалық – дидактикалық ойын: «Құстар мен балапандар».

Техникалық құралдардың көмегімен аспаптардың дыбысын ажырату.Балаларды ести, тыңдай білуге дағдыландыру. Есту қабілетін арттыру.


Музыкалық аспапта ойнау: «Сауысқан» Е.Құсайынов.

Әліппе – дәптермен жұмыс.




Балалар зейінін әңгімеге аударады.


















Ән тыңдайды.

Балалар музыкалық аспаппен танысады.

Оқу іс-әрекетін қорыту

Сонымен бүгінгі іс – әрекетімізде не үйрендік? Әнімізді неге арнап айттық? Қандай құс туралы музыка тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма?

Балалармен достасып, Айтыңдаршы, балалар,

Жазда бақты қорғайды. Кім қорғайды қыстап қалған торғайды?

Күзде кетер қоштасып,

Жақсы орындаған балаларды ерекше атап өту, мақтау, мадақтау.



Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:1. Құстар туралы біледі.

2.Балалардың сөйлеу мәдениеті дамиды.

3.Зер салу,есте сақтау қабілеттері қалыптасады.