Сынып сағатының тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
Сынып сағатының мақсаты:
Қыз балаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, оларды құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сынып сағатының көрнекілігі: Шарлар, суреттер,
Сынып сағатының барысы:
Мақсат:
«Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз.
Диас:
Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Мақсат:
Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді.
Диас:
Мақсат, бұлай қыздар жайлы айтып тұра берсек,өзіміздің сыныбымыздың қыздарымыз кетіп қалар. Оданда 7 «Ә» сыныбының қыздарына арналған мерекелік кешімізді бастайық.
Мақсат:
Бүгінгі 2017 жылдың 8 наурызға арнап 7 «Ә» сыныбының жігіттері дайындаған Бірге: мерекелік кешін ашық деп жариялаймыз.
Диас:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Жігіттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін аруларға бағыштайды, - дей келе ортаға Ақтілекті тамаша әнімен шақырамын.
Мақсат:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе келесі кезекті үш тілді таза меңгерген Арсен, Мади, Ерболға беремін.
Диас:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап арулардың,
Өнерлерін жолдайтын қазақтың баласы бар деп « 7 «Ә» жігіттері» КВН командасын ортаға шақырамыз. (Жігіттерден құралған топ аналар, ұстаздар, қыз-келіншектер жайында қызықты әзілдер айтады)
Мақсат:
Аяулысың, сыныбымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда 7 «Ә» сыныбының жігіттері дайындаған флешмоб.
Диас:
Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай Мақсаттың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Мақсат:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп қыздарымыз аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік?
Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек. Ең көп тапқан көрерменімізге сыйлығымыз бар.
1.Ананың көңілі балада,
............. Баланың көңілі далада.
2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,
............ Қарызыңнан құтыла алмайсын.
3. Ана сүтін ақтамағанды,
............ Ешкім мақтамайды.
4. Атасыз үй батасыз,
............. Анасыз үй панасыз.
5. Ананың құны,
............. Ананың сүті.
6. Ата - ананың қадірін,
................ Балалы болғанда білерсің.
7. Ағайын алтау,
................. Ана біреу.
Диас:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Алмасты қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Мақсат:
Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Диас:
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.- дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?! Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген.
Мақсат:
Ортаға бүгінгі күннің аруларын шақырамын.Қарсы алып қошемет көрсете отырайық.
№1 ару – Мадина (Мади)
№2 ару – Елназ(Елжан)
№3 ару – Индира (Ильяс)
№4 ару –Саягүл( Саян)
№5 ару - Қарлығаш (Қуаныш)
№7 ару –Дина (Диас)
Диас:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен – дей келе ортаға қыздарды ойын ойнауға шақырамын.
№1 ойын «Өте маңызды мәлімет»
Шарты:
Тұтқындардың қолына маңызды құжат бар, сол құжаты діттеген жерге жеткізу қажет. Ол үшін ойыншылар екі топқа бөлінеді. Құжат жыртылмайтындай қағаз болғаны дұрыс. Ойыншылар екіге бөлініп қатар тұрады. Барлығының қолдары артқа байланады, қағазды аузымен бір - біріне беру арқылы соңғы адамға жеткізуі қажет. Мұнда жылдамдық қажет. Қағаз жерге құламауы керек. Қай топ бірінші болып орындаса сол топ жеңімпаз.
№2 ойын «Қолғап пен түйме»
Шарты:
Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар беріледі. Ал қыздардың киімінің үстінен көйлек немесе халат кигізіледі. Ер адамдар серіктес әйелінің үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып шығуы тиіс.
№3 ойын Басам
Шарты
Шарды тобыққа байлау керек. Ойын мақсаты: өз шарыңды жарғызбай, басқанын шарын жару. Ойыншылар саны: шектеусіз. Керек-жарақ: үрленген шарлар.
Мақсат:
Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Бірге:
7 «Ә» сыныбының сұлу қыздары мерекелеріңіз құтты болсын!