“Түйме қыз-2017” сайысы Мақсаты: 1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту, жетілдіру.
3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.
1-Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген,раушан гүлдей қош иісті, кішкентай арулар бүгін сынға түспек! Ендеше, сайысымызды бастауға рұқсат етініздер! 2-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, 1-Жүргізуші: Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларды Қол соғып хошеметпен қарсы алайық. “Қыз сыны”әні ойнап тұрады.
1.Аруларға біз бүгін тамсанайық, Қыздар деп біз бүгін ән салайық. Келе жатқан Айлана Құрметпен қол соғып, қарсы алайық!
2. Білім құйған бойына, Сақтап жүрер ойына. Игерген бар білімді, Шақырайық ортаға, Сабатарова Альфия
3.Әдемі қыз үлбіреп, Қос жанары мөлдіреп, Келеде, әне, Аделья Апай білесіз бе, бүгін мен Түйме қыз байқауына келдім деп.
4.Өнер жиған бойына, Салтты сақтап бойына. Шығады қазір ортаға Сануварова Самира
5.Сабырлы қыз Аяру Өн бойында бар талап, Игерген бар өнерді, Өнерінді төк енді.
6.Сыпайы оның мінезі, Күліп жүрер үнемі, Келді бүгін Адия Көрсетуге өнерді
7.Сөйлеген сөзі ақтандай, Ағарып таң атқандай. Қошеметпен,қарсы алайық, Шығады, Айым ақ мандай!
1-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1-бөлім «Мен қазақтың қызымын»(өзін таныстыру). 2-бөлім «Біле білген білімді» (сұрақтар) 3-бөлім «Әлди әуен әлемі» (өз өнерлерін ортаға салады). 4- бөлім «Тал бойына жарасар сәндік киім» (киім үлгілерін ұсынады). 5-бөлім «Суреттер әлемі»( Менің отбасым тақырыбында сурет салып ,баяндау) 6-бөлім «Талаптыға нұр жауар» ( үй тапсырамасы )
2-Жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға, Әділдікпен қара қылды жаруға. Әділдікпен алқаларын сайлайық, Ақ аруды тандап бүгін алуға. Әділқазылар мүшесі таныстырылады. 1. 2. 3. 4. 1-Жүргізуші: Ақ тілеуі ата-ананың аялаған, Баласын шапағаты саялаған, Ежелден қыз өсірген қайран қазақ, Ақ батасын арудан аямаған. Ақ жаулықты ана қыздарға ақ батасын беріп, ақ жол тілейді.Тұмар тағу арқылы арулардың реттік нөмері анықталады 2-Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін, Бір басына өнері жетер деймін, Бәсекеге түскен кішкентай ару қыздар, Таныстырып өздерін өтер деймін Сайысымыздың бірінші бөлімі ”Мен қазақ қызымын”өзін таныстыру. Бірінші номерлі аруымыз ------ Екінші нөмерлі аруымыз ------ Үшінші номерлі аруымыз ------ Төртінші нөмерлі аруымыз ----
1-Жүргізуші: Таныс болдық арулар тегіменен, Туып-өскен мекені,еліменен, Маған тартқан бәрі ақын көрінеді, Таныстырып кетті ғой тегі өлеңмен 2-Жүргізуші: Сырлары көп ғылымның, Шешілмеген әлі де. Тереңдігі білімнің, Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.
.”Біле білген білімді» Сайсымыздың бұл бөлімі сұрақтардан тұрады. Табақтан нөмерленган карточкаларды алып , сұрақтарға жауап береді. 1.ҚР президенті кім? 2.ҚР рәміздерін атап шық 3.Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата? 4.Бір жылда неше мезгіл бар? 5.Бір жылда неше ай бар? 6.Төрт түлік малды ата? 7.Апта күндерін атап шық
«Жидек» тобының ------------------- биін тамашалаңыздар
2-Жүргізуші: Ал,кімнің өнері бар қаншалықты, Би билеп ,ал біреулер ән салыпты. Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға, Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
Сайысымыздың 3 бөлімі ”Әлди әуен әлемі” ,- деп аталады аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.
Бірінші номерлі аруымыз ------ Екінші нөмерлі аруымыз ------ Үшінші номерлі аруымыз ------ Төртінші нөмерлі аруымыз ----
1-Жүргізуші : Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-ана жолынан.
Шебер қолдар, суреттерн көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан -5-бөлім «Суреттер әлемі» деп аталады. ( Менің отбасым тақырыбында сурет салып ,баяндау)
Бірінші номерлі аруымыз ------ Екінші нөмерлі аруымыз ------ Үшінші номерлі аруымыз ------ Төртінші нөмерлі аруымыз ----
2-Жүргізуші: Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік. Сайысымыздың 4-бөлімі ”Тал бойына жарасар сәндік киім” деп аталады, Аруларымыздың өз ойларынан туындаған киім үлгілеріне береміз
1-Жүргізуші: Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па? Сайысымыздың 6-бөлімі «Талаптыға нұр жауар» деп аталады. Яғни арулар өздері әзірлеген тамақтарын таныстырады. Бірінші номерлі аруымыз ------ Екінші нөмерлі аруымыз ------ Үшінші номерлі аруымыз ------ Төртінші нөмерлі аруымыз ---- 2-Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Әділқазылар әділ бағасын қорытындылап бергенше «Жидек» тобының ---------------- биіне береміз.Қортынды сөз қазылар алқасына беріледі
Көгере бер, көркейе бер, өсе бер.
Өмір жолы еңбекпенен шешілер
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Үйреттік біз білмегенін
Осымен бұл қызықты тәмамдасақ
Тағы да үйретеміз аман болсақ.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Ата-аналарға сөз беру.
Бүгінгі «Бүлдіршін аруы» сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
«Ақбұлақ-монтессори бөбекжай балабақшасы»

Өткізгендер: «Жидек» тобының тәрбиешілері: Ахатова А.Қ
Минбаева А.Б.
Қостанай қаласы
2017 оқу жылы