Просмотр содержимого документа
«Қызықты география әлемі»
Түсінік хат
Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан оқушыларды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде бұл бағдарламаның тәлім тәрбиелік , білім-танымдық рөлі зор. Бағдарлама 68 сағатқа лайықталып құрастырылған. Бұл бағдарлама оқушыларды жер табиғатының зерттелу тарихымен, түрлі табиғат кешендері: жазықтар мен таулар, өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, климат белдеулері, аралдар, әлем елдері т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.
«Қызықты география әлемі» курсының негізгі мақсаты- оқушыларға географиялық орта туралы алғашқы түсініктердің пайда болуы, оның даму тарихы және жер қабықтарындағы жалпы заңдылықтар туралы түсінік беріп, дүниетанымдарын кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларға география ғылымының тарихы адам баласының жер шарын бірте-бірте қалай ашып білуімен байланысты екендігін түсіндіру;
- ұлы саяхатшылар мен географтардың жаңалықтары мен қорытындыларын меңгерту;
- оқушыларды географиялық заңдылықтарды түсінуге, өз бетінше білім алуға үйрету.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- карта бойынша атауы және көрсетуі;
- карта бойынша анықтауы және өлшеуі;
- кескін картаға түсіре білуі;
- баяндай алуы;
- түсіндіруі;
- болжай алуы тиіс.
Әрбір оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар келесісін күрделендіріп, бір-біріне жалғасып келеді. Осы көрсетілген іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар ұйымдастырушылық, рухани, ойшылдық және біліктілік қасиеттерге ие болады.
Курс бағдарламасының мазмұны
Барлығы 68 сағат; Аптасына 2 сағат
| Реті | Тақырып аты | Сағат саны | Мерзімі |
| а | б | в |
| 1 | Кіріспе | 1 | | | |
| 2 | Тұңғыш географиялық зерттеулер | 1 | | | |
| 3 | Әбунәсір әл Фараби | 1 | | | |
| 4 | Марко Поло зерттеулері | 1 | | | |
| 5 | Христофор Колумб ашулары | 1 | | | |
| 6 | Васко да Гамма аушулары | 1 | | | |
| 7 | Фернандо Магеллан ашулары | 1 | | | |
| 8 | Джеймс Кук ашулары | 1 | | | |
| 9 | Ш.Ш.Уәлиханов зерттеулері | 1 | | | |
| 10 | №1 сарамандық жұмыс | 1 | | | |
| | Географиялық карта | | | | |
| 11 | Географиялық картаның шығу тарихы | 1 | | | |
| 12 | Географиялық карта және оның түрлері | 1 | | | |
| 13 | Топографиялдық карталар | 1 | | | |
| 14 | №2 сарамандық жұмыс | 1 | | | |
| | Литосфера | | | | |
| 15 | Әлемнің ірі жазықтары | 1 | | | |
| 16 | Амазонка ойпаты | 1 | | | |
| 17 | Батыс Сібір жазығы | 1 | | | |
| 18 | Әлемнің биік таулары | 1 | | | |
| 19 | Әлемнің ең биік шыңы-Джомолунгманы бағындыру | 1 | | | |
| 20 | Сөнбеген жанартаулар | 1 | | | |
| 21 | Сөнген жанартаулар | 1 | | | |
| 22 | №3 сарамандық жұмыс | 1 | | | |
| 23 | Номенклатура | 1 | | | |
| | Атмосфера | | | | |
| 24 | Халық ауа райын қалай болжаған? | 1 | | | |
| 25 | Дүниежүзінің климаты | 1 | | | |
| 26 | Қазақстанның климаты | 1 | | | |
| 27 | №4 сарамандық жұмыс | 1 | | | |
| | Гидросфера | | | | |
| 28 | Су туралы не білеміз? | 1 | | | |
| 29 | Мұхит ағыстары | 1 | | | |
| 30 | Мұзтаулар | 1 | | | |
| 31-32 | Дүниежүзінің ірі өзендері | 2 | | | |
| 33 | Сарқырамалар | 1 | | | |
| 34 | Қазақстан сарқырамалары | 1 | | | |
| 36-36 | Дүниекжүзінің ірі көлдері | 2 | | | |
| 37-38 | Теңіздер | 2 | | | |
| 39 | Шығанақтар | 1 | | | |
| 40 | Бұғаздар | 1 | | | |
| 41-42 | Аралдар | 2 | | | |
| 43 | Архипелагтар | 1 | | | |
| 44 | Номенклатура | 1 | | | |
| 45 | №5 сарамандық жұмыс | 1 | | | |
| | Биосфера | | | | |
| 46 | Ерекше өсімдіктер | 1 | | | |
| 47 | Ерекше жануарлар | 1 | | | |
| | Географиялық қабық | | | | |
| 48 | Экваторлық климат белдеу | 1 | | | |
| 49 | Субэкваторлық климат белдеу | 1 | | | |
| 50 | Тропиктік климат белдеу | 1 | | | |
| 51 | Субтропиктік климат белдеу | 1 | | | |
| 52 | Қоңыржай климат белдеу | 1 | | | |
| 53 | Субполярлық климат белдеу | 1 | | | |
| 54 | Полярлық климат белдеу | 1 | | | |
| 55 | №6 сарамандық жұмыс | 1 | | | |
| | Жер бетіндегі адамзат | | | | |
| 56 | Ірі этностар | 1 | | | |
| 57 | Шағын этностар | 1 | | | |
| 58-59 | Әлемнің алып елдері | 2 | | | |
| 60-61 | Көне мемлекеттер | 2 | | | |
| 62-63 | Микромемлекеттер | 2 | | | |
| 64-65 | Аралдық мемлекеттер | 2 | | | |
| 66 | №7 сарамандық жұмыс | 1 | | | |
| 67 | Номенклатура | 1 | | | |
| 68 | Курсты қорыту | 1 | | | |