«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Көп-аз, көбірек-азырақ
Сабақтың мақсаты: Көп-аз, көбірек-азырақ ұғымдарымен таныстыру. Реттік және сандық ұғымдарымен таныстыру, санауды, салыстыруды үйрету. Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту. Тапқырлығын арттыру.
Сабақтың міндеті: Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, жаттығуларды орындата отырып қимыл үйлесімдігін, саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, тыңғылықты, ынталы жұмыс істеуге тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Сиқырлы математика» кітәбіне қосымша дәптер, суреттер, бояу қарындаштар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
-Балалар, біз бүгін ойыншықтар дүкеніне саяхаттайық. Ойыншықтар дүкенінде нелер көп болады?
Балалардың жауабы:
-Ойыншықтар көп болады.
-Балалар, дүкенші бізден көмек сұрап тұр. Дүкеніндегі ойыншықтардың көптігі сонша, ол санынан шатасып қалыпты. Кәне көмектесейік пе? Ол үшін бірнеше тапсырмаларды дайындап қойыпты. Кәне сол тапсырмаларды орындайық.
-Балалар, мына сөреде тұрған ойыншықтарды қараңдаршы. Дүкенші осы ойыншықтардың қандайы көп, ал қандайы біреу-ақ екен деп сұрайды?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Енді дүкеншінің екінші тапсырмасын орындайық.
Мына қояндардың бәріне сәбіз беру керек. Сәбіздер қояндарға жетер ме екен?
-Жоқ, жетпейді.
- Неге?
-Қоян сәбізден көбірек, ал сәбіз аз.
-Олар бірдей болуы үшін не істеу керек?
-Тағы да сәбіз қосу керек.
-Қанша сәбіз қосу керек?
-бір сәбіз қосу керек.
-Өте тамаша, сендер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
3-тапсырма
-Енді дүкеншінің үшінші тапсырмасын орындайық. Мына заттар қалай аталады?
-Олар алма, саңырауқұлақ, алмұрт.
-Енді айтыңдаршы, алма көбірек пе, әлде саңырауқұлақ көбірек пе?
-Алма саңырауқұлаққа қарағанда көбірек. Саңырауқұлақ азырақ.
-Қаншаға аз?
-Екі саңырауқұлақ аз.
-Енді алмұрт көбірек пе, саңырауқұлақтар көбірек пе?
-Алмұрт көбірек.
-Қаншаға көп?
- Бір алмұртқа көп.
Сергіту сәтін өткізу.
-Тышқандар шықты көшеге,
Сағат неше болды деп.
1,2,3,4 тартып қалды аспадан,
Кенет шықты бір дүрсіл,
Тұра қашты тышқандар.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
4-тапсырма
«Назар аудару» ойыны
-Балалар, мына сөрелерде тұрған ойыншықтарды мұқият қараңдар. Екі сөредегі ойыншықтар бірдей екен. Бірақ арасындағы бір ойыншық жоғалып кетіпті. Қаншасыншы ойыншық жоғалып кетті?
Балалар сөредегі ойыншықтарды мұқият қарап, жоғалған ойыншықтың нешінші тұрғанын табады.
5-тапсырма
Алманың әуелде, сосын, кейінірек қандай болып еді, соларды көрсеткіш сызықтармен сыздыру.
III .Қорытынды.
–Балалар, дүкенші сендерге көмектескендеріңе көп рахмет айтады. Дайындаған сыйлығын береді.
Балаларды мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Шамаларды салыстыру
Сабақтың мақсаты: Шамалармен таныстыру, үлкен-кіші, кең-тар, биік-аласа, жуан-жіңішке, шапшаң-баяу, біркелкі ұғымдарымен таныстыру, салыстыруды үйрету. Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту. Тапқырлығын арттыру.
Сабақтың міндеті: Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, жаттығуларды орындата отырып қимыл үйлесімдігін, саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, тыңғылықты, ынталы жұмыс істеуге тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Сиқырлы математика» кітәбіне қосымша дәптер, суреттер, бояу қарындаштар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
1-тапсырма. Суретті бояту
-Балалар, алдарындағы кітәптағы суретте не бейнеленген?
-Орманның суреті салынған
-Дұрыс, суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Аңдарды көріп тұрмыз.
-Алдымен суреттегі ағаштарды салыстырайық. Ең үлкен ағашты табыңдар.
-Суреттен қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?
-Аю, бұғы, қоян, жылан, кірпі, тырна, торғайлар, тасбақа
-Суреттің жоғары жағында не бейнеленген?
-Күн, бұлт бейнеленген. Құстар ұшып жүр.
-Төменде не бейнеленген?
-Аңдар, гүлдер, саңырауқұлақтар, көл, шөптер
-Суреттегі ең үлкен аңды атаңдар?
-Ең үлкені-аю
-Ең кішісі қандай аң?
-Ең кішісі-тасбақа
-Жылан қандай?
-Жылан жіңішке, ұзын
-Дұрыс, енді осы суреттерді сендер бояп қойыңдар.
Балалар суреттерді бояуға кіріседі.
Сергіту сәті
-Тышқандар шықты көшеге,
Сағат неше болды деп.
1,2,3,4 тартып қалды аспадан,
Кенет шықты бір дүрсіл,
Тұра қашты тышқандар.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
2- тапсырма Біліп ал, мәреге кім тезірек келер екен?
-Балалар мына суретте екі жануар жарысып келеді. Олар қандай жануар кім атайды?
-Құлын мен тасбақа
-Айтыңдаршы қайсысы мәреге бірінші келуі мүмкін?
-Әрина, құлын бірінші келеді.
-Не себепті?
-Өйткені тасбақаның жүрісі баяу, құлын одан шапшаң жүреді.
-Балалар суреттегі жануарларды бояуға кіріседі. .
III .Қорытынды. Балалар бұл сабақта үлкен-кіші, кең-тар, биік-аласа, жуан-жіңішке, шапшаң-баяу, біркелкі ұғымдарымен танысады. Жазуға жаттығады.
Балаларды мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Реттік жәнеи сандық есептеу
Сабақтың мақсаты: реттік және сандық ұғымдарымен таныстыру, санауды, салыстыруды үйрету. Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту. Тапқырлығын арттыру.
Сабақтың міндеті: Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, жаттығуларды орындата отырып қимыл үйлесімдігін, саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, тыңғылықты, ынталы жұмыс істеуге тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Сиқырлы математика» кітәбіне қосымша дәптер, суреттер, бояу қарындаштар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
б) «Шалқан» ертегісін еске түсіру.
II. Негізгі бөлім.
1-тапсырма.
-Суреттегі ертегі кейіпкерлерінің саны қанша?
-Жануарлар қанша?
-Адамдар қанша?
Балалар ертегі кейіпкерлерін санап, санын айтады.
2-тапсырма.
-Мына суреттегі қуыршақ-ойыншықтар қалай аталады?
-матрёшкалар
-бұлар орыс халқының ағаштан жасалатын матрёшка қуыршақтары, олардың түр-түсі бірдей етіп жасалады. Саны көп, үлкенді кішілі. Кәне, санайықшы, мұнда неше матрёшка бар екен?
Балаларға матрёшкаларды ретімен санатамын.
3-тапсырма.
-Үйге кірді Маринка,
Соңғынан –Иринка,
Одан соң Игнат келді,
Балалардың бәрі қанша енді?
Балалар санын айтады.
4-тапсырма.
Суреттегі гүлдер мен саңырауқұлақтарды ретімен санату.
-Неше саңырауқұлақ, неше гүл бар?
Балалар жауабын айтады.
Сергіту сәтін өткізу.
-Тышқандар шықты көшеге,
Сағат неше болды деп.
1,2,3,4 тартып қалды аспадан,
Кенет шықты бір дүрсіл,
Тұра қашты тышқандар.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
5- тапсырма Үлгі бойынша жаз.
-Балалар, мына үлгідегі нүктені, сызықтарды жалғастырып жазыңдар. Алдымен үзік сызықтарды қосыңдар. Әр нүктенің, сызықтың арасындағы бос төркөзді қалдыруды ұмытпаңдар.
Балалар, үлгі бойынша жазуға кіріседі.
III .Қорытынды. Балалар бұл сабақта алыс, жақын, жоғарыда, төменде ұғымдарымен танысады. Жазуға жаттығады.
Балаларды мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: 2 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: Балаларға 2 цифры мен санын таныстыру
Міндеттері:
1. 2 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 2 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 1 және 6 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 2 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Өткен сабақтарда 0,1 сандарымен таныстық. Естеріңде бар ма?
-- Иә
-- Кітаптағы сызғышты қараймыз, 2 саны қалай шықты? Оның көршілерін ата.
-- 1-ге 1- ді қоссақ 2 шығады. 2 санының көршілері 1 және 3 сандары.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз.Ең басында кубик қанша еді? Тышқан бір кубик әкеп қосты, енді қанша болды?
-- Ең басында 1 кубик болатын, тышқан 1 кубик әкеп қосты, сонда 2 кубик болды. 1+1= 2
-- 2- ші тапсырмаға қарайық. Сұрақтарға жауап бер: Аспанда неше күн бар?
-- Аспанда 1 күн бар
-- Жапалақта қанша көз бар?
-- Жапалақта 2 көз бар
-- Бүркіттің қанаты нешеу?
-- Бүркіттің қанаты 2-еу
-- Қазда қанша аяқ бар?
-- Қазда 2 аяқ бар
-- Қолда қанша саусақ бар?
-- Қолда 5 саусақ бар
Сергіту сәті:«лақ» сергіту жаттығуын жасату.
-- 3-ші тапсырманы қарайық. Үлгі бойынша +,= амалдарын және 2 цифрын жазыңдар. (Балалар үлгі бойынша әдемілеп жазған жазуын қадағалау )
Қорытындылау. Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Барлық өтілген сандарды балаларға қайталатып, естеріне түсіру.
Міндеттері:
1. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қосып, азайта білуге үйрету.
2. Әр суреттерді бір-біріне қосу арқылы дұрыс ойлап есептеу дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 5 және 0 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда өткен сандарды қайталаймыз. Барлығымыз кітапқа қараймыз, өткен сабақтарда қандай цифрмен таныстық?
-- 10 цифрымен таныстық.
-- сонымен біз қандай цифрларды өттік?
-- 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
-- Қандай таңбалармен таныстық?
-- +,-,=, ,
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- Кітабымыздын 5 және 0 деген бетіне қарайық. Әр цифрды берілген суретпен сәйкестендіріп қос. 1 цифрына сәйкес қандай сурет тұр?
-- сиыр 1-еу.
-- Ендеше сызықша арқылы 1 цифрынан сиырға жүргіземіз. Келесі 2 цифрына сәйкес ненің суреті?
-- стол 2-еу.
-- 3-ке қандай сурет?
-- тышқан 3-еу.
-- 4-ке қандай сурет?
-- пальма ағашы 4-еу.
-- 5-ке –күшік, 6-ға – доп, 7-ге – шынжыр, 8-ге – мысық, 9-ға – кекс, 10-ға – шыбынның суреттегі сандары сәйкес келеді.
Қорытындылау.
Балалар үйге тапсырма: 5 және 1, 5 және 2, 5 және 3 беттердегі тапсырмаларды орындап келіңдер, келесі сабақта тексерем.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Барлық өтілген сандарды балаларға қайталатып, салыстыру белгілерін ажырата білуге үйрету.
Міндеттері:
1. Суреттегі бейнелерді санап, салыстыру белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету.
2. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
-- Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 5 және 4 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда берілген суреттерді санау арқылы бір-бірімен салыстырамыз. Барлығымыз кітапқа қарайық, 1- ші тапсырманы орындаймыз. Екі жақтағы суреттерді салыстырып, ,
-- 9.
-- мысық нешеу?
-- 4-еу
-- Қайсысы көп?
-- Ит
-- Ендеше қалай жазамыз?
-- 4
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- Үйрек нешеу?
-- 7-еу
-- Балапан нешеу?
-- 10
-- Қайсысы көп?
-- Балапан. 7
-- Доп нешеу?
-- 8.
-- Қуыршақ нешеу?
-- 6
-- Қайсысы көп?
-- Доп. 86
-- 2-ші тапсырмаға қараңдар. Рет-ретімен санап шық, бәрін бір сөзбен ата.
-- Ара, қоңыз, көбелек, шегіртке, шыбын, сона. Бәрін бір сөзбен- жәндіктер деп атаймыз.
Қорытындылау.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Сопақ.
Сабақтың мақсаты: Балаларға сопақ фигураларды көрсетіп таныстыру.
Міндеттері:
1. Геометриялық фигура- сопақ туралы түсінік беру, сопақ сөзін түсіндіру .
2. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
-- Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 5 және 5 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда Сопақ-геометриялық фигураның бір түрімен танысамыз. Барлығымыз кітапқа қарайық, бұл геометриялық фигура- сопақ деп аталады. Өзінің аты айтып тұрғандай сопақ келген.1-ші тапсырмаға қараңдар. Мұнда әртүрлі геометриялық фигуралар берілген бір-бірімен салыстырып, атап шығыңдар.
-- Әрқайсысының фигуралары әртүрлі. Домалақ, сопақ, квадрат, тік төртбұрыш, үшбұрыш.
-- 2-ші тапсырмаға қараңдар. әр қатарда бір-бір фигурадан тұр, 2-ші қатарда бір фигура жетіспейді, ол қандай фигура?
-- 1-шіде тік төртбұрыш, 2-шіде үшбұрыш жоқ.
-- Сол фигураларды салыңдар.
-- 3-ші тапсырмаға қараңдар. Заттар қандай геометриялық фигураларды еске салады? Сызықпен қосыңдар.
-- Домалақ фигураға – алма, доп, өрік, қызанақ;
-- Сопақ фигураға – қияр, шар;
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- квадратқа – кубик, үйдің терезесі;
-- Тік төртбұрышқа – кітап, үйдің есігі,үйдің қабырғалары;
-- үшбұрышқа – шырша, үйдің шатыры.
Қорытындылау.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Сандардың құрамы.
Сабақтың мақсаты: Балаларға сандардың құрамын таныстыру.
Міндеттері:
1. Сан құрамын есептеу арқылы тез шығара білуге үйрету .
2. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
-- Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 5 және 6 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда сандардың құрамымен танысасыңдар. Барлығымыз кітапқа қарайық, 1-ші тапсырмаға қараңдар. Мысалдарды шығарыңдар.
-- 1+2=3 3-2=1;
2+2=4 4-2=2
3+2=5 5-2=3
4+2=6 6-2=4
4+3=7 7-2=5
5+3=8 8-3=5
6+3=9 9-3=6
7+3=10 10-3=7
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- 2-ші тапсырмаға қараңдар. Қажет цифрларды жаз.
-- 1+2=3+2=5+1=6+3=9+1=10
10-1=9-2=7+1=8-2=6-1=5-1=4
9-2=7+1=8-3=5+2=7-4=3
-- Келесі 5 және 7 деген бетті ашамыз. 1- ші тапсырмаға қараңдар. Мысалдарды шығарып, суретті безендіріп бояңдар.Егер есептің нәтижесі 3 болса – қызғылт – сары,
4 – сары
5 – қызыл
6 – қоңыр
7 – көк
8 – жасыл ; осындай сан шықса, осындай түспен бояйсыңдар.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма. 2-ші тапсырманы орындап келіңдер, келесі сабақта тексеремін.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Барлық өтілген сандарды балаларға қайталатып, естеріне түсіру.
Міндеттері:
1. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қосып, азайтып есептерді дұрыс шығара білуге үйрету.
2. Әр суреттерді бір-біріне қосып, азайту арқылы дұрыс ойлап есептеу дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 5 және 8 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда есептер шығарып үйренеміз.
-- сонымен біз қандай цифрларды өттік?
-- 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
-- Қандай таңбалармен таныстық?
-- +,-,=, ,
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- Кітабымыздын 5 және 8 деген бетіне қарайық. Әртүрлі суреттер берілген, осыларды бір-біріне қосып азайту арқылы нәтижелерін тауып, есептер құрастырамыз.
-- 1-ші суретте барлығы неше майшам бар?
-- 6
-- Оның нешеуі жанып бітті?
-- 2
-- Ендеше 6-2=4 деп жазамыз.
-- Келесі есеп: бұтақта барлығы неше жапырақ болды?
-- 8
-- Оның нешеуі ұшып кетті?
-- 3
-- Енді қалай жазамыз?
-- 8-3=5
-- Дұрыс келесі есептерді де осылай өздерің шығарыңдар, сабақ соңында тексеремін.
Қорытындылау.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Сызғышпен танысу.
Сабақтың мақсаты: Балаларға сызғышпен өлшеуді таныстыру жайлы мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Сызғышпен кесінділерді өлшей білуге үйрету.
2. Әртүрлі геометриялық фигураларды танып, оларды өлшей білу дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 6 және 1 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда сызғышты қолдану тәсілімен танысасыңдар.
-- 1-ші тапсырмаға қараңдар. Сызғыштың суреті тұр, мұнда 0-ден 1-ге дейін 1 см деп айтамыз. Ал сызғыштың үстінде кесінді тұр, оның ұзындығы қаншаға тең?
-- 4-ке (4см)
-- 2-ші тапсырма: Геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлше. Шыққан санды қасындағы белгіге жазыңдар.
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- 3-ші тапсырма: Қарындаштың ұзындығын өлше, шыққан санды қасындағы белгіге жазыңдар.
Қорытындылау.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Тік бұрыш. Тік төртбұрыш.
Сабақтың мақсаты: Балаларға бұрыш, тік бұрыш, тік төртбұрыш жайлы мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
2. Әртүрлі геометриялық фигураларды танып, оларды өлшей білу дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 6 және 2 деген бетті ашамыз. Әртүрлі геометриялық фигуралар берілген, аттарын оқимын мұқият тыңдаңдар.
-- 1-ші тапсырма: Тік, сүйір және доғал бұрышты салыңдар.
(тәрбиешінің көмегімен салады)
-- 2-ші тапсырма: Геометриялық фигуралардағы бұрыштардың әртүрлі түрлерін тап, оларды белгілеп қойыңдар.
-- Кітабымыздын 6 және 3 деген бетіне қарайық.
-- 1-ші тапсырма: Нүктелерді түзумен қос. Шыққан кесіндіні өлше.(1.-2см; 2.-4см; 3.-5см; 4.-8см; 5.-1см; 6.-7см )
-- 2-ші тапсырма: Үлгі бойынша сыз.
Үйге тапсырма: Кітаптағы 6 және 3 деген беттегі 3-тапсырманы орындайсыңдар, келесі сабақта тексеремін.
Қорытындылау.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: 2 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: : Балаларға 2 цифры мен санын көрсетіп, таныстыру
Міндеттері:
1. 2 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 2 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: «Сиқырлы математика» кітәбіне қосымша дәптер, суреттер, бояу қарындаштар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау.
б) Құрал-жабдықтарын даярлату.
II. Негізгі бөлім.
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 1 және 6 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 2 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Сан көрсетілген сызғыштан 2-ні тап.2 санының көршілерін атаңдар.(1 және 3)
1-тапсырма.
-Кубиктер қанша еді?Енді қанша болды?(1-еу болған, енді 2-еу)
- 1-ге 1-ді қоссақ қанша болады екен?(2)
2-тапсырма.
- Сұрақтарға жауап бер:
1.Аспанда неше күн бар?(1)
2.Жапалақта қанша көз бар?(2)
3.Бүркіттің қанаты нешеу?(2)
4.Қазда қанша аяқ бар?(2)
5.Қолда қанша саусақ бар?(5)
Сергіту сәтін өткізу.
-Тышқандар шықты көшеге,
Сағат неше болды деп.
1,2,3,4 тартып қалды аспадан,
Кенет шықты бір дүрсіл,
Тұра қашты тышқандар.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
3- тапсырма.
- Үлгі бойынша жаз.
Балалар 2 санын жазып шығады.
III .Қорытынды. Балалар бұл сабақта 2 санының ұғымымен танысады. Жазуға жаттығады. Балаларды мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: +,-,= белгілері.
Сабақтың мақсаты: : Балаларға +,-,= белгілерін көрсетіп, таныстыру
Міндеттері:
1. +,-,= белгілері туралы ұғым қалыптастыру, +,-,= белгілерінің жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,салыстыру,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: «Сиқырлы математика» кітәбіне қосымша дәптер, суреттер, бояу қарындаштар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау.
б) Құрал-жабдықтарын даярлату.
II. Негізгі бөлім.
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 1 және 7 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы +,-,= белгілері.
1-тапсырма.
-1тасбақаға 1 тасбақаны қосса неше тасбақа болады?(2тасбақа)
- 1-ге 1-ді қоссақ қанша болады екен?(2)
- 1дөңгелекке 1дөңгелекті қосса неше дөңгелек болады?(2 дөңгелек)
- 1-ге 1-ді қоссақ қанша болады екен?(2)
- 1үшбұрышқа 1үшбұрышты қосса неше үшбұрыш болады?(2 дөңгелек)
-1-ге 1-ді қоссақ қанша болады екен?(2)
2-тапсырма.
- Салыстыр,сәбіз қай жақта көбірек:сол жақта ма немесе оң жақта ма?(сол жақта)Мына сандардың қайсысы көбірек:1ме немесе 2ме?(2)
Сергіту сәтін өткізу.
-Тышқандар шықты көшеге,
Сағат неше болды деп.
1,2,3,4 тартып қалды аспадан,
Кенет шықты бір дүрсіл,
Тұра қашты тышқандар.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
3- тапсырма.
- 1 цифрын қызыл түске боя,2 цифрын-жасыл,ал қалғандарын көк түске боя.
4-тапсырма.
Үлгі бойынша штрихтап сыз.Дөңгелек қаншасыншы болып тұр?
III .Қорытынды. Балалар бұл сабақта +,-,= белгілерімен танысады. Жазуға жаттығады. Балаларды мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: 3 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: : Балаларға 3 цифры мен санын көрсетіп, таныстыру
Міндеттері:
1. 3 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 2 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: «Сиқырлы математика» кітәбіне қосымша дәптер, суреттер, бояу қарындаштар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау.
б) Құрал-жабдықтарын даярлату.
II. Негізгі бөлім.
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 1 және 8 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 3 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Сан көрсетілген сызғыштан 3-ті тап.3 санының көршілерін атаңдар.(2 және 4)
1-тапсырма.
-Кубиктер қанша еді?Енді қанша болды?(2-еу болған, енді 3-еу)
- 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады екен?(3)
2-тапсырма.
-Әр табақшада үш алма болсын,қанша жетпесе,соншасын сал.
- Бірінші табақшада неше алма?(1)
- 3-еу болу үшін неше алма жетпей тұр?(2)
- Ендеше 1+2=3
- Екінші табақшада неше алма бар?(2)
- 3-еу болу үшін неше алма жетпей тұр?(1)
- Ендеше 2+1=3
3- тапсырма.
- Үлгі бойынша жаз.
Балалар 3 санын жазып шығады.
- Келесі 1 және 9 деген бетке қараймыз.
1-тапсырма.
-Қолшатыр балалардың бәріне жете ме?(жоқ)
-Неге?(қолшатыр 2-еу,балалар 3-еу)
-Олар тең болу үшін не істеу керек?(1 қолшатыр қосу керек)
-Қай сан көбірек:2ме немесе 3пе?(3)
-Ендеше 2+1=3 3-1=2
2-тапсырма.
-Заттардың санын көрсет.
-гүл-2,саңырауқұлақ-1,көбелек-3
3-тапсырма.
-Есептерді ойлап тап та оларды шығар.
2+1=3 3-1=2
1+2=3 3-2=1
III.Қорытынды. Үйге тапсырма:4-тапсырма.(Заңдылықтарын тауып қатарды жалғастырыңдар).
Балалар бұл сабақта 3 санының ұғымымен танысады. Жазуға жаттығады. Балаларды мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:: Геометриялық фигура-үшбұрыш.
Сабақтың мақсаты: Балаларға үшбұрыш фигураларды көрсетіп таныстыру.
Сабақтың міндеті:
1. Геометриялық фигура- үшбұрыш туралы түсінік беру, сопақ сөзін түсіндіру .
2. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
-- Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 2 және 0 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда - үшбұрыш геометриялық фигураның бір түрімен танысамыз. Барлығымыз кітапқа қарайық, бұл геометриялық фигура- үшбұрыш деп аталады. Өзінің аты айтып тұрғандай үшбұрыш келген.
1-ші тапсырмаға қараңдар. Сұрақтарға жауап бер:
1.Үшбұрышта қанша бұрыш бар?(3)
2. Үшбұрышта қанша қабырға бар?(2)
3. Үшбұрышта қанша төбе бар?(1)
2-ші тапсырмаға қараңдар. Үшбұрыштарды көк түспен,ал дөңгелектерді қызыл түспен боя.
3-ші тапсырмаға қараңдар. Үлгі бойынша қатарды жалғастыр.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
сергіту жаттығуын жасату.
4-ші тапсырмаға қараңдар.Үлгі бойынша жаз.
Қорытындылау. Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:: 4цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: Балаларға 4 цифры мен санын таныстыру
Сабақтың міндеті:
1. 4 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 4 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 2 және 2 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 4 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Өткен сабақтарда 3 санымен таныстық. Естеріңде бар ма? (Иә)
-- Кітаптағы сызғышты қараймыз, 4 саны қалай шықты? Оның көршілерін ата.( 3-ке 1- ді қоссақ 4 шығады.4 санының көршілері 3 және 5 сандары.)
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Қандай цифрлар жоқ болып тұр? Көрші сандарын ата және жаз.(1,3,3,2-4)
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Ең басында кубик қанша еді? Тышқан бір кубик әкеп қосты, енді қанша болды?(Ең басында 3 кубик болатын, тышқан 1 кубик әкеп қосты, сонда 4 кубик болды. 3+1= 4)
-- 3- ші тапсырмаға қарайық. Үйшіктерді толтыр. (1,2-1,3-2-1)
-- Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
Бас бармағым-әкем Шылдыр шүмек-әпкем Кішкентай бөбек-мен
Балан үйрек-анам Бір үйде біз нешеуміз?
Ортан терек-ағам Бір үйде біз бесеуміз.
-- 4-ші тапсырманы қарайық. Үлгі бойынша 4 цифрын жазыңдар. (Балалардың үлгі бойынша әдемілеп жазған жазуларын қадағалау )
--Келесі 2 және 3 беттегі тапсырмаларға қарайық.
--1-тапсырманы қарайық.Себеттерден саңырауқұлақтар қаншаға кем?Олар бірдей болу үшін не істеу керек?(1-еу кем.3+1=4,4-1=3)
--2-тапсырмаға қарайық.Заттарды сана.(1,3,4,2)
--3-тапсырмаға қарайық.Есептер ойлап тап та,оларды шығар.(3+1=4,4-1=3)
Қорытындылау.Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:: Ойнай отырып,ойла
Сабақтың мақсаты: Балаларға заттардың пішініне қарай реттеп орналастыруға үйрету.
Сабақтың міндеті:
1. Пішін туралы ұғым қалыптастыру.
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 2 және 1 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы ойнай отырып,ойла.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Түрлі көкөніс суретін ешбірі қайталанбайтын етіп сал.Түріне қарай бөліп,қап ішіне орналастыр.(қызанақ-домалақ,қияр-сопақша,асқабақ-домалақ,қырыққабат-домалақ)
-Әр қапта қанша көкөніс бар?(1қапта-7;2қапта-2)
-- Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
Бас бармағым-әкем
Балан үйрек-анам
Ортан терек-ағам
Шылдыр шүмек-әпкем
Кішкентай бөбек-мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Ботаға көлге баратын ең қысқа жолды табуына көмектес.
Қорытындылау.Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:: Геометриялық фигура-квадрат.
Сабақтың мақсаты: Балаларға квадрат фигураларды көрсетіп таныстыру.
Сабақтың міндеті:
1. Геометриялық фигура- квадрат туралы түсінік беру, квадрат сөзін түсіндіру .
2. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
-- Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 2 және 4 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда - квадрат геометриялық фигураның бір түрімен танысамыз. Барлығымыз кітапқа қарайық, бұл геометриялық фигура- квадрат деп аталады.
1-ші тапсырмаға қараңдар. Сұрақтарға жауап бер:
1.Квадратта қанша бұрыш бар?(4)
2. Квадратта қанша төбе бар?(2)
3. Квадратта қанша қабырға бар?(4)
4.Қабырғаларды салыстыр,сен нені байқайсың?(қабырғалары тең,бірдей)
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
сергіту жаттығуын жасату.
2-ші тапсырмаға қараңдар.Ойын: «Төртінші артық».Безендіріп боя,артық затты сызып таста.(1топта-шляпа артық,2топта-торғай,3-сүзгі,4-картоп,5-киіз үй,6-қызанақ,7-стол,8-шкаф,9-балық,10-доп)
Қорытындылау. Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:: Геометриялық фигура-тік төртбұрыш.
Сабақтың мақсаты: Балаларға тік төртбұрыш фигураларды көрсетіп таныстыру.
Сабақтың міндеті:
1. Геометриялық фигура- тік төртбұрыш туралы түсінік беру, тік төртбұрыш сөзін түсіндіру .
2. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
-- Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 2 және 5 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда – тік төртбұрыш геометриялық фигураның бір түрімен танысамыз. Барлығымыз кітапқа қарайық, бұл геометриялық фигура- тік төртбұрыш деп аталады.
1-ші тапсырмаға қараңдар. Квадрат пен тік төртбұрышты салыстыр.Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата.(квадраттың қабырғалары бірдей,ал тік төртбұрыштың қабырғалары әртүрлі)
2-ші тапсырмаға қараңдар.Бірдей геометриялық фигураларды бір түспен боя.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
сергіту жаттығуын жасату.
3-ші тапсырмаға қараңдар.Жетіспей тұрған фигураны тап.(дөңгелек)
Қорытындылау. Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Барлық өтілген сандарды балаларға қайталатып, естеріне түсіру.
Сабақтың міндеті:
1. 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қосып, азайта білуге үйрету.
2. Әр суреттерді бір-біріне қосу арқылы дұрыс ойлап есептеу дағдыларын дамыту.
3. Балаларды төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 3 және 0 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабағымызда өткен сандарды қайталаймыз. Барлығымыз кітапқа қараймыз, өткен сабақтарда қандай цифрмен таныстық?
-- 5 цифрымен таныстық.
-- сонымен біз қандай цифрларды өттік?
-- 1,2,3,4,5
-- Қандай таңбалармен таныстық?
-- +,-,=, ,
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
1-ші тапсырмаға қараңдар. Алдар Көсемен бірге 10-ға дейін және кері қарай сана.(балалар тура және кері санап үйренеді)
2-ші тапсырмаға қараңдар. Қалып қойған цифрларды тап. (1 және үш)
3-ші тапсырмаға қараңдар. Ең қысқа қарындашты көк түспен, ал ең ұзынын қызылмен боя.
4-ші тапсырмаға қараңдар. Қандай екі саннан 5 санын шығаруға болады? (4+1=5, 3+2=5, 1+4=5, 2+3=5 )
--Келесі 3 және 1 беттегі тапсырмаларға қарайық.
1-ші тапсырмаға қараңдар.Есеп ойлап тап та, оны шығар. (4+1=5, 5-1=4)
2-ші тапсырмаға қараңдар. Шығар.
2+3=(5) 5-2=(3) 2+1=(3) 1+4=(5) 3-2=(1) 4-3=(1)
3+2=(5) 5-3=(2) 1+2=(3) 4+1=(5) 3-1=(2) 4-1=(3)
Қорытындылау.
Балалар үйге тапсырма: 3 және 1 беттегі 3-тапсырманы орындап келіңдер, келесі сабақта тексерем.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: 6 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: Балаларға 6 цифры мен санын таныстыру
Міндеттері:
1. 6 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 6 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика».
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 3 және 2 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 6 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Өткен сабақтарда 5 санымен таныстық. Естеріңде бар ма?
-- Иә
-- Кітаптағы сызғышты қараймыз, 6 саны қалай шықты? Оның көршілерін ата.
-- 5-ке 1- ді қоссақ 6 шығады. 6 санының көршілері 5 және 7 сандары.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Берілген саннан кейінгі келесі санды жазып қой.
-- 2-ден кейін 3, 1-ден кейін 2, 4-тен кейін 5, 3-тен кейін 4
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Ең басында кубик қанша еді? Тышқан бір кубик әкеп қосты, енді қанша болды?
-- Ең басында 5 кубик болатын, тышқан 1 кубик әкеп қосты, сонда 6 кубик болды. 5+1= 6
-- 3- ші тапсырмаға қарайық. 6 болғанға дейінгі берілген заттардың суретін сал. 2 қоңыз, 6 қоңыз болу үшін неше қоңыз салу керек?
-- 4 қоңыз саламыз.
-- 3 сәбіз, 6 сәбіз болу үшін неше сәбіз салу керек?
-- 3 сәбіз саламыз.
-- 4 гүл, 6 гүл болу үшін неше гүл салу керек?
-- 2 гүл саламыз.
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасатамын.
-- 4-ші тапсырманы қарайық. Үлгі бойынша 6 цифрын жазыңдар. (Балалардың үлгі бойынша әдемілеп жазған жазуларын қадағалау )
-- Балалар 3 және 3 деген бетті қараймыз.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Қандай екі саннан 6 санын шығаруға болады?
-- 1+5=6; 2+4=6; 3+3=6; 4+2=6; 5+1=6; 6+0=6.
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Салыстыр. Белгілерді қой: ,
-- 31; 2
-- 3- ші тапсырмаға қарайық. Есеп ойлап тап та, шығар.
-- 5+1=6; 6-1=5
Қорытындылау.
Балалар үйге тапсырма: 3 және 4 беттегі тапсырмаларды орындап келіңдер, келесі сабақта тексерем.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
«_____» _______2011 ж. Қызықты математика
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:: Ойнай отырып,ойла
Сабақтың мақсаты: Балаларға заттардың пішініне қарай реттеп орналастыруға үйрету.
Сабақтың міндеті:
1. Пішін туралы ұғым қалыптастыру.
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балаларды сабаққа даярлау, құрал-жабдықтарын дайындату
II. Негізгі бөлім.
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 3 және 5 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы ойнай отырып,ойла.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Екі бірдей тортты тап та, оларды безендіріп боя. (Балалар бірдей екі тортты тауып бояйды.)
-- Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
Бас бармағым-әкем
Балан үйрек-анам
Ортан терек-ағам
Шылдыр шүмек-әпкем
Кішкентай бөбек-мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Заңдылығын тап та, кестені толтыр.
-- 3-ші тапсырмаға қараймыз. Жұбын тап. Заттарды сен қандай белгілері бойынша біріктірдің?
Қорытындылау.Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: 7 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: Балаларға 7 цифры мен санын таныстыру
Міндеттері:
1. 7 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 7 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 3 және 6 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 7 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Өткен сабақтарда 6 санымен таныстық. Естеріңде бар ма?
-- Иә
-- Кітаптағы сызғышты қараймыз, 7 саны қалай шықты? Оның көршілерін ата.
-- 6-ға 1- ді қоссақ 7 шығады. 7 санының көршілері 6 және 8 сандары.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Қай цифр жоғалып қалған?
-- 3 цифры жоқ.
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Ең басында кубик қанша еді? Тышқан бір кубик әкеп қосты, енді қанша болды?
-- Ең басында 6 кубик болатын, тышқан 1 кубик әкеп қосты, сонда 7 кубик болды. 6+1= 7
-- 3- ші тапсырмаға қарайық. Геометриялық фигураларды бір-біріне қосу арқылы есепті шығар.
-- 4+3=7; 1+6=7; 2+5=7
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- 4-ші тапсырманы қарайық. Үлгі бойынша 7 цифрын жазыңдар. (Балалардың үлгі бойынша әдемілеп жазған жазуларын қадағалау )
-- Балалар 3 және 7 деген бетке қараңдар.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Цифрлар жасырынбақ ойнауда. Цифрларды тап та, безендіріп бояңдар.(балалар цифрларды тауып бояйды.)
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Берілген цифрды қандай екі саннан шығаруға болады?
-- 1+6=7; 5+2=7; 3+4=7; 4+3=7; 2+5=7. 2+3=5; 2+2=4; 3+3=6.
-- 3- ші тапсырмаға қарайық. Әр қоршаудың ішіндегі «артық» затты тап та, сызып таста. Ол неге «артық»?
-- 1-ші қоршауда футболка, 2-ші қоршауда шаян, 3-ші қоршауда очки, 4-ші қоршауда тиін артық.
Қорытындылау.
Балалар үйге тапсырма: 3 және 8,3 және 9 беттердегі тапсырмаларды орындап келіңдер, келесі сабақта тексерем.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: 8 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: Балаларға 8 цифры мен санын таныстыру
Міндеттері:
1. 8 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 8 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 4 және 0 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 8 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Өткен сабақтарда 7 санымен таныстық. Естеріңде бар ма?
-- Иә
-- Кітаптағы сызғышты қараймыз, 8 саны қалай шықты? Оның көршілерін ата.
-- 7-ге 1- ді қоссақ 8 шығады. 8 санының көршілері 7 және 9 сандары.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Қандай цифрлар жоқ болып тур? Көрші сандарын ата.
-- 2,4,6,7 сандары жок. 2-нің көршісі 1мен 3, 4-тің көршісі 3 пен 5,6-ның көршісі 6 мен 7, 7-нің көршісі 6 мен 8.
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Ең басында кубик қанша еді? Тышқан бір кубик әкеп қосты, енді қанша болды?
-- Ең басында 7 кубик болатын, тышқан 1 кубик әкеп қосты, сонда 8 кубик болды. 7+1= 8
-- 3- ші тапсырмаға қарайық. Тік және кері есеп. Тек 8 қойды ғана боя.
-- Балалар 8 қойды ғана бояйды.
Сергіту сәті:«лақ» сергіту жаттығуын жасату.
-- 4-ші тапсырманы қарайық. Үлгі бойынша 8 цифрын жазыңдар. (Балалардың үлгі бойынша әдемілеп жазған жазуларын қадағалау )
Қорытындылау.
Балалар үйге тапсырма: 4 және 1 беттегі тапсырмаларды орындап келіңдер, келесі сабақта тексерем.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: 9 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: Балаларға 9 цифры мен санын таныстыру
Міндеттері:
1. 9 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 9 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 4 және 2 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 9 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Өткен сабақтарда 9 санымен таныстық. Естеріңде бар ма?
-- Иә
-- Кітаптағы сызғышты қараймыз, 9 саны қалай шықты? Оның көршілерін ата.
-- 8-ге 1- ді қоссақ 9 шығады. 9 санының көршілері 8 және 10 сандары.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Қандай цифрлар жоқ болып тур? Көрші сандарын ата.
-- 7-нің көршісі 6мен 8, 5-тің көршісі 4 пен 6,6-ның көршісі 5 пен 7, 9-дың көршісі 8 бен 10.
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Ең басында кубик қанша еді? Тышқан бір кубик әкеп қосты, енді қанша болды?
-- Ең басында 8 кубик болатын, тышқан 1 кубик әкеп қосты, сонда 9 кубик болды. 8+1= 9
-- 3- ші тапсырмаға қарайық.Домалақ нанның үйге оралуына көмектесулерің керек. Жолды көрсеткіш сызықшалармен көрсетесіңдер.
-- Балалар 1-ден 9-ға дейінгі сандарды сызықшаның көмегімен біріктіреді.
Сергіту сәті: «қоян» сергіту жаттығуын жасату.
-- 4-ші тапсырманы қарайық. Үлгі бойынша 9 цифрын жазыңдар. (Балалардың үлгі бойынша әдемілеп жазған жазуларын қадағалау )
-- Балалар 4 және 3 деген бетке қараңдар.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Есептер ойлап тап та, шығар. (4-1=3, 9-2=7)
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Қандай екі саннан 9 санын шығарып алуға болады? Кестені толтыр.(1+8=9, 3+6=9, 2+7=9, 6+3=9, 7+2=9, 4+5=9, 5+4=9)
-- 3- ші тапсырмаға қарайық.Пирамидаларды қызылға,жасылға,сарыға және көкке боя, комбинациялар қайталанбайтын болсын.
Қорытындылау.
Балалар үйге тапсырма: 4 және 4,4 және 5 беттердегі тапсырмаларды орындап келіңдер, келесі сабақта тексерем.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.
Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: 10 цифры мен саны
Сабақтың мақсаты: Балаларға 10 цифры мен санын таныстыру
Міндеттері:
1. 10 цифры мен саны туралы ұғым қалыптастыру, 10 цифрының жазылу әдісін үйрету
2. Есептеу,сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту
3. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар: С.Л. Мадалиева, А. Сәулебаева «Сиқырлы математика»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
__ Балалар сиқырлы математика кітабымызды алайық, 4 және 6 деген бетті ашамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 10 цифры мен саны. Барлығымыз кітапқа қараймыз, 0-ден 10-ға дейінгі саны бар сызғыш берілген. Өткен сабақтарда 9 санымен таныстық. Естеріңде бар ма?
-- Иә
-- Кітаптағы сызғышты қараймыз, 10 саны қалай шықты? Оның көршілерін ата.
-- 9-ға 1- ді қоссақ 10 шығады. 10 санының көршілері 9 және 11 сандары.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды ортасынан бір клетка тастап жазып шығыңдар. (балалар сандарды жазады.)
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Ең басында кубик қанша еді? Тышқан бір кубик әкеп қосты, енді қанша болды?
-- Ең басында 9 кубик болатын, тышқан 1 кубик әкеп қосты, сонда 10 кубик болды. 9+1= 10
-- 3- ші тапсырмаға қарайық. Берілген суреттегі ұшақты рет-ретімен санап шық.
Сергіту сәті: сергіту жаттығуын жасату.
-- 4-ші тапсырманы қарайық. Үлгі бойынша 10 цифрын жазыңдар. (Балалардың үлгі бойынша әдемілеп жазған жазуларын қадағалау )
-- Балалар 4 және 7 деген бетке қараңдар.
-- 1- ші тапсырмаға қараймыз. Үшбұрыштарды онға толтыр, нешеу жетпейді?
-- «8» үшбұрыш жетпейді, 2+8=10; «9», 1+9=10; «7», 3+7=10; «4»,6+4=10; «2», 8+2=10; «6», 4+6=10; «5», 5+5=10; «3», 7+3=10; «1», 9+1=10;
-- 2-ші тапсырмаға қараймыз. Екі бірдей машинаны тап та, оларды боя.
Қорытындылау.
Балалар үйге тапсырма: 4 және 8,4 және 9 беттердегі тапсырмаларды орындап келіңдер, келесі сабақта тексерем.
Барлық балалардың сабақ бойы дәптерлеріне жазған жазуларын тексеру, сабаққа белсене қатысқан балаларды атау, мадақтау, бағалау.