СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қызықты математика

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыстың тақырыбы: «Қызықты математика»

Сайыстың мақсаты: 

  • Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру;
  • Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін тереңдету;
  • Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:  үлестірмелері карточкалар, нақыл сөздер, бағалау парағы

Просмотр содержимого документа
«Қызықты математика»

Сыныбы: 5«А», 5«Б».

Сайыстың тақырыбы: «Қызықты математика»

Сайыстың мақсаты: 

  • Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру;

  • Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін тереңдету;

  • Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:  үлестірмелері карточкалар, нақыл сөздер, бағалау парағы.



Сайыс барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»

ІІІ. Сайыс жоспары:

1-кезең. Таныстыру.

2-кезең. «Математикалық хоккей». Топ ойыншылары жеке-жеке тақтаға есеп шығарады.

3-кезең. «Жалғасын тап!». Сандарға байланысты мақал-мәтелдердің жалғастыру.

4-кезең. «Алма жинау».
5-кезең. «Жорға». Математикалық жұмбақтар шешу.

6-кезең: «Теңге алу». Адасқан әріптерді табу.

7-кезең. «Кім тапқыр?»сайысы /Топ басшылары /



ІV. Қорытыдылау (Марапаттау).



Сайыс барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер!

Жарысқа 5«А»мен 5«Б» сынып оқушылары қатысады.

Жүгізуші: Ал, кәнекей сайысты біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық - деп 1 - кезең: Таныстыру кезені. Сөз кезегін әр топқа береміз(таныстыру, ұраны).

1-кезең. Таныстыру: топтардың сәлемдесуі,ұраны: ең үлкен ұпай 5 ұпай.

І – топ: Ойшылдар тобы.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Тобымыздың аты: Ойшылдар
Тобымыздың ұраны: Оқу - білім азығы
Білім - ырыс қазығы
ІІ – топ: Білімділер тобы.
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Тобымыздың аты: Білімділер
Тобымыздың ұраны: Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні қаріп

Әділқазылар ұпайы.

Жүгізуші: Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста, - деп 2 - кезеңге көшейік.



2 – кезең. Математикалық хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)

Әділқазылар ұпайы.

Жүгізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақыл шың,

Қиындыққа өткізер, - деп келесі кезеңге көшейік

3 – кезең. Жалғасын тап! (Санға байланысты мақал-мәтелдер жалғастыру). Әр дұрыс айтқан мақалға 1 ұпайдан қойылады.

І – топ: Ойшылдар тобы:

1. Жеті жұрттың тілін біл,... (7 түрлі білім біл)

2. Білекті 1-ді жығар,... (Білімді 1000-ды жығар)

3. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына) 

4. 30 тістен шыққан сөз,.. (30 елге тарайды)

5.1 кісі қазған бұлақтан,... (1000 кісі су ішеді)

ІІ – топ: Білімділер тобы.

1. 100 сомың болғанша,... (100 досың болсын)

2. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 

3. 1 жылы сөз,... (көп күнге азық)

4. Жерді 2 рет жыртқан,... (өнімді 2 есе алады)

5. 1 күндік жолға шықсаң,...(3 күндік азық ал)

Әділқазылар ұпайы.



Жүргізуші: Бұл жерге келмейді, ешкім ермек үшін,

Есеп - қисап, сан - цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім мен оларды айтпақ үшін деп, келесі кезеңге барайық.

4 – кезең. Алма жинау. Ең үлкен ұпай 5 ұпай.
Шарты: Алма ағашынан алманы алып сыртындағы тапсырманы орындау арқылы себетке жинау. Себетке алманы көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Әділқазылар ұпайы.

Сергіту сәті: Кім жылдам? (сандар дайындау)
Екі топтың мүшелеріне цифрлар ілінеді. Санды оқыған кезде екі топ мүшелері өзіне ілінген цифр бойынша жылдам орнын тауып тұруы тиіс: 123450, 134205, 104253, 425301, 254013, 531420, 243051, 352014

5 – кезең. Жорға. /Жұмбақтар шешу/ Әр дұрыс жауап берген жұмбаққа 2 ұпай беріледі. 

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш – линейка – ruler)



2. Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырады ол бізді. (Натурал сан)



3. Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құралды.

Айтыңдаршы канеки

Қалай ғана аталды (бұрыш)



4. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер – окружность – circle)



5. Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді

Шыққан тегін білсе де. (түзу – прямая – line)



6. Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (циркуль – циркуль – сircle)



7. Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар – цифры – figure)



8. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (Дәреже-степень-degree)

Әділқазылар ұпайы.

Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтар қиын болсын - дей отырып келесі кезеңге көшейік.



6 - кезең. “Теңге алу”. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 1 ұпай беріледі. Адасқан әріптерді орнына қою.

1. АНС - САН

2. ЗҮУТ - ТҮЗУ

3. УБК - КУБ

4. ЛЕСУӘ - СӘУЛЕ

5. ҰРШЫБ - БҰРЫШ

6. КИРЬЛУЦ - ЦИРКУЛЬ

7. ЕШБЕҢР - ШЕҢБЕР

8. ӘРЕДЕЖ - ДӘРЕЖЕ

9. ІСЕКДІН - КЕСІНДІ

10. ЕУҢТЕД - ТЕҢДЕУ

Әділқазылар ұпайы.

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты

Ол еңбектену, жалықпау - деп соңғы кезеңге жол тартайық.

7 – кезең: «Кім тапқыр?»сайысы /Топ басшылар сайысы /. Әр дұрыс жауап берген тапсырмаға 3 ұпайдан.

І – топ: Ойшылдар тобы:

1. 2бала көзін басты

5 бала тұра қашты

Үшеуі сайға тығылды

2-уі ойға тығылды

Қанша бала тығылмақ

Ойнайды екен, жылдам тап? (12)



2. Аулада 5 үйрек, қорада 3үйрек.

1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды, қалғаны неше үйрек? (6)



3. Портфелімде әуелі, 13 жаңғақ бар еді,

Науат пен Сағатқа, Самат пен Маратқа , Апасына Қанаттың,

-2 - 2ден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын , айта қойшы шешімін? (3)



ІІ – топ: Білімділер тобы:

1. Биік терек алда тұр

Басында көп алма тұр

Бұтақ сайын 5 алма

5бұтақта неше алма

Қане ойлап бағайық

Шешімін тез табайық. (25)

2. 11 түйе,5 жылқы,2 сиыр, 2 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бол күлкі.(25)

3. Бір-бірімен жарысқан - 4 аю, 1 арыстан, 2 қой мен 1 түлкі Бәрі нешеу кім білді? (8)

Жүргізуші:Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,

Ал қазір әділ қазылар сөз алады

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар уақыт берейік.

Жүргізуші: Жас достарым

Мұны жақсы ұғайық

Математика құрметтеуге лайық,

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың , қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну.

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Қорытындылау. Сайыс жеңімпаздарын анықтап, сайысқа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.

Бағалау парағы



Әділ қазының аты-жөні: ..................................................................................



Сайыс кезеңдері


Ойшылдар тобы:

Білімділер тобы:

1. Таныстыру.



2. «Математикалық хоккей».



3. «Жалғасын тап!».



4. «Алма жинау».



5. «Жорға».



6. «Теңге алу».



7. «Кім тапқыр?»



Қорытынды ұпай








Скачать

© 2017, 531 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!