Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 18.09.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Таным
Пән / Предмет: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып /Сквозная тема:"Деніміз сау боп өсеміз"
Тақырыбы / Тема: «Қағаз бетінде бағдарлау: жоғары,төмен, оң жақ,сол жақ,ортасы.Есту және көру диктанттары.
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная : Балаларды заттардың кеңестікке орналасуын, орынын,ажырата білуге үйрету. Анықтау арқылы салыс- тыра білу,ұғымдарды саналы меңгерту.
2.Дамытушылық – развивающая : Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Ойын,тілін дамыту
3. Оқыту – обучающая : Бірнеше заттардың биіктігін, көлемін, ұзындығын салыстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық әрекетін жетілдіру..Есту және көру диктанттары
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, демонстрациялық материал, түсіндіру. , сұрақ – жауап,
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,
Көп тілділік полиязычие: жоғары-
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Ғажайып сәт:
Қонаққа кірпі келеді, балалармен амандасады,балалардан көмек сұрайды.
Кірпі: балалар маған көмектесіңдерші, менің қолымда қағаз бар,ол қағазда былай деп жазылған."Қағаздың жоғары жағына үш балманың,мөменгі жағына екі алманың суретін сал, оң жағына алмұрттың, ортасына шиенің суретін сал."-делінген. алмен қағаздың бетңн бағдарлай алмаймын.
Тәрбиеші: кірпі сен уайымдама, біз саған көмектесеміз, біздің бүгінгі сабақ кеңістікті бағдарла деп аталады.
2.Негізгі бөлім
Кеңістікті бағдарлай алу туралы түсініктерін қалыптастыру. Заттардың кеңістікте үстінде және астында орналасу орнын анықтау, ажырата білуге үйрету. Суреттер көрсету. Суретке қарап заттардың орналасуын ( жоғарыда, төменде) көрсетіп айтып беру.
Балалар енді кірпінің тапсырмасын орындайық. ол ұшін алдарыңда тұрған ақ параққа сурет саламыз жоғарғы жағына үш алманың суретін салайық,қағаздың төменгі жағына екі алманын суретін салайық. жарайсыңдар
Енді қағазға мұқият қараңдар шатыстырып алмаңдар. оң қолдарың қайда, дұрыс оң жаққа алмұрттың суретін салайық. ақ парақтың дәл ортасын көрсетіңдерші, (балалар ортасын көрсетеді) дұрыс сол жерге шиенің суретін саламыз.
Сондай-ақ топта шкафтың жоғарғы, төменгі жақтарында қандай заттар, қалай орналасқаны туралы сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі. Мысалы: - Жыл мезгілдері туралы буклет қай жерде орналасқан ? – Буклет шкафтың жоғарғы жағында орналасқан.
-Ермексаз қай жерде орналасқан ?-Ермексаз төмендегі шкафтың астыңғы сөресінде орналасқан.
Сергіту сәті: Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Бір орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын,
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тапсырма: Геометриялық фигураларды орын орнына қойып, қалай орналасқанын көрсетіп, айтып беру. 
« Жоғарыда-төменде» жаттығуы. Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген декоративтік таблица.
Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Беті жабық қорапта жұлдызшаның, самолеттің, құстың, инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың картоннан немесе фанерадан ойылып алынған фигуралары қойылады.
Жаттығудың мазмұны.
Бала қораптан қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орнын анықтап, декоративтік таблицаға бекітеді. Мысалы: бала самолетті таблицаның жоғарғы жағына - аспанға, ал балықты - төменгі жағына судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: самолет жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде - су ішінде жүзеді" дейді.
Бұл жаттығу "жоғарыда - төменде", "биік - аласа" ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдайымен салыстыра білуді үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды дамытады.
«Тез ойла» ойын.
Мақсаты: 1.Балаларға суреттерді көрсетіп салыстыру, жоғарыда, төменде деген түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.
Көрнекілік: ойыншықтар, суреттер.
Барысы: тәрбиеші балаға суреттерді көрсетіп жоғарыда, төменде қандай заттар, ойыншықтар тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Тақтамен жұмыс: Бұлт, күн, үй, шөптер, тал, қызғалдақты киіз үйдің сол жағына, көбелекті жоғары, күннің көзін оң жаққа, шөптерді төмен жаққа орналастырамыз, т.б. қағаздан қырқылған суреттерді магнитпен тақтаға жапсыру.
3.Қортынды
Кірпі: балалар сендерге көп рахмет, маған сендердің көп көмектерің тиді.мен мен қайтайын сау болыңдар, (балалар кірпімен қоштасады)
Тәрбиеші: балалар бүгінгі сабаққа жақсы ат салысқандарың үшін көп рахмет.