Бұл жұмбақтар ғой:
Піл мен аю ұйықтайды,
Ұйықтайды қоянда да.
Барлықтары ұйқыға жатады,
Бұл қай кезде болады?
Күн шығып нұрын шашады
Балалар балабақшаға барады
Бұл қай кезде болады?
Аспанда күн жарқырап,
Балалар серуенге шықты
Бұл қай кезде болады?
Балаларға тағы бір жұмбақ жасырынады:
Алдымен қара тұлпар озық келер,
Арғымақ мойнын созып кейін келер,
Соңынан боз арғымақ басып озып,
Айналып бірін-бірі жүре берер.
/ Түн, таң, күн/.
Балалар аю уақытында тұру үшін не істеу керек?
Балаларға жұмбақ жасырады:
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?
/Сағат/.
дұрыс сағат
Ендеше балалар екі орталыққа бөлініп біріміз шығармашылық орталығына сағат жапсырып аюға сыйлайық, біріміз танымдылық орталығына барайық.
Тәрбиеші: Сеңдер балабақшаға келгенде не істейсіңдер алдымен?
Сосын не жасайсыңдар?
жақсы балалар, біздің аю да жаттығуды ұнатады, өзінің достарын бір қатарға қойып:
Қайсың бірінші? Қайсың соңғы? екенің санап көрейік
Дидактикалық ойын «Дұрыс сана»
Мақсаты: балаларды бес көлемінде санау дағдыларын бекіту.
Шарты: үстел үстінде тиын, қоян, түлкі, қасқыр, тыщқан тізілп тұрады. Балалар кезек-кезек санайды.
санау әдісін ескертеді (санағанда: оң жақтан солға қарай, асықпай, барлық ойыншықтарды санау керек екенін түсіндіреді, таяқшаны санағанда әр ойыншыққа тигізуін талап етеді).
Мысалы: Бір, екі, үш, төрт, бес. Неше ойыншық?
бес ойыншық. Қайсысы бірінші- қасқыр; қайсысы соңғы-кірпі.
Дидактикалық ойын: «Тәулік бөліктері »
Мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Шарты: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
Сергіту:
Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Тәрбиеші үстел үстіне бес пирамиданы қойып балаларға санауға талап етеді.
Тәрбиеші: неше үлкен пирамида?
Үлкен пирамидалардан біраз ары қарай кішірек бес пирамидаларды бір қатарға қояды.
Тәрбиеші: кішкентай пирамиданын саны нешеу?
Дұрыс пирамидалардын саны бірдей.
Бірақта олардың көлемі әр-түрлі: үлкен, кішірек.
Пирамидалардың саны бірдей екнін көру үшін не істеу керек?
Оларды бір-біріне жақындатып қою керек.
Тәрбиеші үлкен пирамидаларды бір қатарға қояды, ал кішірек пирамидаларды үлкен пирамидалардын алдына қояды.
Сонда ғана неше үлкен, неше кішірек пирамида бар екенін көреміз.
Тәрбиеші фланелеграфтын бетіне жан-жаққа алмаларды қояды. Бір баланы шақырып: бес үлкен алманы алып бір қатарға тізіп қоюын талап етеді.
Сосын төрт кішірек алманы алып, үлкен бес алманын астына қарай бірінен сон бірін тізіп қоюын талап етеді.
Тәрбиеші: үлкен аламанын саны нешеу?
Кішірек алманын саны нешеу?
Қандай алмалар көп?
Қандай алмалар аз?
Қандай сан көп?
Қандай сан аз?
5 саны аз, әлде 4 саны ма?
Теңдікті құрып көрейік.
Бала тағы бір кішірек алманы қосып қояды.
(алмалардын саны бірдей екенін көріп байқайды)
Барлық алма санын бірге санауға талап етеді.
Тәрбиеші жолақшаның жоғарғы жолында бес кішірек дөңгелектерін тізіп қоюын талап етеді, ал төменгі жолында сонша үлкен дөңгелектерді тізіп қоюын талап етеді.
(қиындыққа түскен балаларға, жеке жақындап көмектеседі) дөңгелектерді бірінен сон бірін қою керек екенін ескертеді.
Тәрбиеші: дөңгелектер туралы не айтуға болады?
Олардын көлемі әртүрлі: бірі үлкен, бірі кішірек.
Тәрбиеші: үлкен дөңгелек саны нешеу?
Кішірек дөңгелек саны нешеу?
Дидактикалық ойын: «Қайда барасың, нені табасың». Мақсаты: кеңестікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету. Тапқырлыққа баулу.
Шарты: топтын әр-бір жерлерінде ойыншықтарды жасырып қояды.
Баланы ортаға шақырып:
Тәрбиеші: оң жаққа барсаң - қонжықты табасың; сол жаққа барсаң – жалаушаны табасың; ортаға қарай барсаң – құыршақты табасың. Қайда сең барғын келеді?
Бала қайда барғысы келеді, сол бағытты тандайды.
Ойыншықты тауап алған сон, жүрген жол бағытын қайталап айтып беру керек.
Мен сол жаққа бардым театр бұрышында қонжықты тауап алдым.
Дидактикалық ойын «Кеңістікті бағдарла»
(жеке түрде өткізуге болады).
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Шарты: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну.
Мысалы: балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс
Шығармашылық орталығында балалары жасаған сығат жапсырмасын аюға сыйлайды.
|