Просмотр содержимого документа
«Қала күніне арналған мерекелік шара»
Көркейе бер-Ақтауым
Музыка залы әсем безендірілген, теледидарда Ақтау туралы видеоролик жүріп тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті балалар, қоңақтар, әріптестер. Еліміз елордасы Астана қаласының 20 жыл, ал Туып өскен қаламыз Ақтаудың 55 жыл мерей тойы құтты болсын. Сендер осы тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бүлдіршіндерсіндер.
Ақтау қаласы шапшаң қарқымен жылдан жылға дамып, көркейіп келеді.
Көшелері құлпырған сала-сала
Алаңдары кең құшақ сайран дала.
Көргендері арлы арудан айнымайтын
Ақ көңілді кең пейіл қайран қала – деп ортаға бүлдіршіндерімздің Ақтау қаласына арналған өлең шұмақтарын тарту етуге шақырамыз.
1бала: Ақтауым менің сүйкімді,
Гүлдей жайнап құлпырды.
Қызықты болып барады,
Бір күннен – бір күні.
2бала: Әлемдегі дара бір
Әсем сәндік қала бұл
Кәрі КАСПИЙ жағасында
Ару қалам Ақтау тұр
3бала: Нұр сыйлап қала көркіне
Көк теңізім Каспийдей,
Бұл ғажайып Ақтауым
Күннен күнге көркейуде
Жүргізуші: Ән көңілмен құйылды
Қайғы бұлты шегілді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді
Ән: «Туған өлке»
Жүргізуші: Біз балдырған тек басқан
Дос құшағы кең ашқан
Тілегіміз бейбіт күн
Ашық болсын көк аспан – дей отырып «Балапан» тобының бүлдіршіндері өз биін сыйлайды.
Би: «»
Микки маус пен сайқымазақ келеді музыкамен. (Света, Ақерке)
М: Салем балалар, ақтау қаласының мерекесі құтты болсын! Бізді таныдыңдар ма? Сендер осы қалада тұрасыңдар ма? Қандай керемет, өте әдемі, көркем қала екен. Маған қатта ұнады. Ал сендердің қалаларыңда балаларға арналған ойын сауықтар бар ма? Қандай жерлер бар көңіл көтеретін.
Балалар: 1.Теңіз. Жазда шомыламыз,
2.Ақбота паркі.
3.Ақтау, Бәйтерек ойын сауық алаңы
4.және тб көптеген аквапарктер бар
Жарайсыңдар көп жерлерді біледі екенсіңдер.
Енді мен сияқты әдемі киініп алған қыздармен билегім келіп тұр.
Би: «Хорошее настроение»
Жүргізуші: Біз ойнайтын дөңгелек
Өзгелерден тым бөлек
ойынымызды ойнайық
Қызығына тоймайық
Ойын: «Теңіз жануарларын тап»
Жүргізуші: Барлық елдің бөбегі
Бір – бірімен туысқан
Бәрімізге төгеді
Өз шуағын күміс таң – дей отырып қазір «Достық» әнін жырлайық
Ән: «Достық»
Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Кәрі Каспий жағасында
Жарасады сәніміз – деп ұлдарымыздың теңізшілер биін тамашалайық
Би: Теңізшілер (ұлдар)
Жүргізуші: Болсын кіші – бойымыз
Биікке ұшу – ойымыз
Біз бақытты балдырған
Тойға ұласқан тойымыз –деп балаларымыздың тақпақтарын жалғастырайық
Сайқымазақ: Ой балалар сендермен өте көңілді уақыт өткіздік, солай емес па минни?
Минни: Ия дұрыс айтасың, өте өте қызықты болды. Рахмет сендерге. Біз сендерге мерекеге арнап сыйлық алып келдік. Бірақ ол үшін сендер біздің сұраққа жауап бересіңдер. Солай ма?
Ақтау қаласында қандай ескерткіштер бар. Кім айтады?
(Тобанияз, қашаған , құрманғазы)
Ақтау қаласында қандай парктер бар?
(Ақбота)
Біздің теңізіміздің аты қалай аталады?
(Каспий)
Ақтау қаламыз неше жасқа толды? 55 жас
Жарайсыңдар өте дұрыс. Сендерге арналған сыйымызды табыстаймыз.
Жүргізуші: Жыр арнадым еліме тебірене
Үміт артам елімнің ертеңіне
Ақтауымның туған күні құтты болсын
Отаным жылдан жылға көркеюде
Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын
Елімде бейбіт, тыныш заман болсын деп балалар сендерге өз тілегімізді арнаймыз.
Бұл мереке ұлы думан
Жан қалмасын жай тұрған
Би билейік бәріміз
Мәз болсын жас- кәріміз
Ақтаудың туған күніне арналған мерекемізді бүлдіршіндер биімен аяқтайық
Би: «»