СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қалдырған ізін мәңгілік...

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған бағдарлама

Просмотр содержимого документа
«Қалдырған ізін мәңгілік...»

«Алматы темір жол көлігі колледжі» білім беру мекемесі









Алматы темір жол көлігі колледжінде ұстаздар күніне орай өткізілген «Қалдырған ізін мәңгілік» атты музыкалық кеш бағдарламасы





Жауапты: «Жылжымалы құрам» бөлімінің арнайы пәндер

оқытушысы Уразгалиева А.Ж

















Алматы 2017 жыл

Күні: 2.10.2017 жыл

Орны: Мәжіліс залы

Ұйымдастырушы: «Жылжымалы құрам» бөлімінің арнайы пән оқытушылары мен студенттері

Жауапты: «Жылжымалы құрам» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Уразгалиева А.Ж



Концерттік бағдарлама барысы алдын-ала студенттер мен жауапты ұстаздар түсірген, «Студенттік өмір» атты бейне-ролик арқылы жүргізіледі. Алдымен экраннан оқиғаның бастапқы сюжеті көрсетіледі де, оқиға жалғасы көрініс, ән, би арқылы сахнада жалғасады



Жүргізуші: Қайырлы кеш аяулы ұстаздар! Мұғалім  мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы  ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған,  ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз. Ардақты ұстаздар қауымы сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып,

ұстаздар күні мерекесінде алғашқы құттықтау сөз Колледж директоры Қалиев Алмаз Айдарбекұлына береміз.



«Аманат» әнімен Т-2 тобының студенті Булгунчинов Жанибек



Жүргізуші: Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, Студенттік өмірден үзінді көрсеткіміз келіп отыр. Ендеше экранға назар аударайық!

Концерттік бағдарлама барысы алдын-ала студенттер мен жауапты ұстаздар түсірген, «Студенттік өмір» атты видео арқылы жүргізіледі. Алдымен экраннан оқиғаның бастапқы сюжеті көрсетіледі де, оқиға жалғасы көрініс, ән, би арқылы сахнада жалғасады

Студенттік өмір көрінісі басталады:

  1. Қазақ тілі сабағы

  2. Мәнерлеп оқу

  1. «Қара жорға»

  2. «Шығыс биі»



  1. Студенттік махаббат көрінісі

  2. Ән:«Алғашқы махаббат» Т-1-1 тобы Құлжанов Дінмұхаммед

  1. Жатақханалық өмір көрінісі

  1. «Танго» биі

  1. Емтихан

  1. Қоштасу сөзі мен видео. «Ұстазым» әні барлық қатысушылармен орындалады.

Жүргізуші: Жүзіңде боп мейірімнің нұры басым,
Бала жанын байыппен ұғынасың.
Ізгілікті өмірдің ортасында
Қарапайым боп жүрген ұлы жансың,-дей келе құттықтау сөз «Жылжымалы құрам» бөлімінің меңгерушісі Агибаев Бауыржан Серікұлына беріледі.

Концерттік бағдарламаның соңы!