СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қалғұты ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

ғылыми жоба

Просмотр содержимого документа
«Қалғұты ғылыми жоба»


ҚАЛҒҰТЫ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ



Қалғұты 1957 жылы Күршім совхозы боп құрылды. Қалғұтының 10 бөлімшесі болды, бірақ 1958 жылы қайтадан қалғұты совхозы болып бөлініп, 10 бөлімшеден 5 бөлімше қалды. Олар Бурабай, Жылытау, Қаратоғай, Ақши; Егіндібұлақ.

Мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысты. 4 түлік малдың 3 түрін өсірді. Олар, сиыр, қой жылқы.

Директоры Василенко деген кісі болған. 1960-68 ж В. Сағидоллин, 1978-82 жылдары Б.Байжуллин, 1995 жылдары Совхоз тарап кетті.

Ақаш Жүнісов 1927 жылы 23 февральда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауыл советі Терісайрық бойында туған.

Отан соғысы кезінде 1943 жылы июнь айында Өскемен қаласы іргесінде Аблакеткада Ертісті бөгеу жұмысына қатысқан. 1944 жылдың қаңтарында Риддер қаласына өндірістің соғысқа кеткен азаматтарының орнын басуға «фабрика-заводской обучение» дейді, қысқаша айтқанда ФЗО мектебінде оқып, шахтада жұмыс істеуге жаттығып, шахтаға түсіп жұмыс істеген. Соғыс біткен соң оқуын қайта жалғастырып, 1947-1948 оқу жылдары Өскемен қаласы Жамбыл пансионаты орта мектебін бітірген.
1950 жылы Зайсан қаласындағы педучилищені бітіріп, «Бастауыш класс мұғалімі» мамандығын алған.

Мектеп оқушыларының жазғы үш айлық каникулы кезінде алыстан келген немерелеріне туған өлке тарихына байланысты сейіл-серуен өткізіп, жәдігерлік орындарды көрсетіп, ежелгі дәуірлерге байланысты тарихи мағлұматтар берумен әуестенген. Ал, 1984 жылы Қаратоғай ауылының төңірегінен табылған, табанында руникалық жазуы бар тас мөрдің жайы көпшілік қауымға баспа беттерінен таныс. Тас мөр жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбековке қолма-қол тапсырылған. Ғалым Алтай Аманжоловтың «Ертіс бойы ескерткіштері» топтамасына кірістіріліп, Алматы қаласындағы «Республика алаңындағы» тік төртбұрышты цемент екі плита бетіне тас мөр табанындағы руникалық жазу ойылып жазылған.

1989 жылы Қалғұтыға Алматыдан келген оқымыстыларды Еңбек ауылына таяу Қозыбай фермасының іргесінде сай қуысына апарып тас дәуіріндегі алғашқы адамдардың тастан құрал жасаған орнын көрсеткен. 1994 жылы басылып шыққан мұқабасының сыртында алтын киімді сақ ханы суреті бейнеленген «Қазақстан тарихы» кітабының оныншы бетінде: «1989 жылғы маусымда Қозыбай атты олжалы жер (Ескерту: табылған жәдігерлер сол жердің атымен аталады) Шығыс Қазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қалғұты өзенінің бойында, Күршім ауданының Қаратоғай ауылына таяу бір бүйірде».-деп жазылған.

Алғашқы қауым адамының қолымен жасалған тас бұйымдары, олардың ішінде шапқыш құрал, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелінген сындырғыштар бар – осының бәрі Қозыбай өндірістік учаскесінің биік сөресінен табылған.

Әйгілі "Ақбілек" романы Жүсіпбек Аймауытовтың Алтай аймағына, дәлірек айтқаңда Күршім мен Марқакөл аудандарын жалғастырған Қалғұты бойына сапарға шыққанында жазылғанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.

Романның басында: "Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар..." - деген жолдар сол сапар әсерінен туған.

Жүсіпбектің Алтай сапары Алаш қайраткерлерінің саяси және ағартушылық істерімен байланысты. Ж.Аймауытовтың 1914-1919 жж. Семейдегі мұғалімдер дайындайтын семинарияда оқығаны белгілі. Сол жылдары бұл оқу орнын Қалғұты бойындағы Терісайрықта тұратын Үкіртайдың Зәйнолласы да аяқтайды. Оқуын бітірген Зәйноллаға Алашорда басшылары қаражат бөліп, арнайы нұсқау-тапсырма береді. Алаштың өз алдына автономиялы ел болуына орай жастар арасында оқу және өнер үйірмелерін ашу мақсатында жұмыстар жүргізуін тапсырады.

Осы тапсырмаға сәйкес Зейнолла мен Семейде мал дәрігерін даярлайтын оқуда жүрген інісі Құнапия елді бірлескен тіршілікке, тоған алып, егін салуға үгіттейді. Зәйнолла алғаш Семейден келген тұста жұрт әлі тыныш еді. Ол Алашорда үкіметінің сенімін ақтауға құлшыныс жасайды. Елдің игі жақсыларымен келісіп, Егіндібұлақ бойының балуаны Дүйсенбіні милиция қызметіне тағайындатады. Алашшылар тапсырмасымен еріктілерден отыз бес адамды қаруландырып, әзірлейді. Бірақ, көп ұзамай ақ пен қызылдың аласапыраны басталып кетеді.

Алаш қайраткерлерінің ұстанған бағыттарын кеңестік автономия құрылған жылдарда ұлттық зиялы қауымның жаңа бір легі өз мүмкіндігінше жалғастырып бақты. 1921 жылы Қазақ Орталық атқару комитетінің төрағасы Сейітқали Мендешев жаңадан құрылған губерниялық құрылымдардың жұмыстарымен танысу және күн тәртібіндегі істерді жүзеге асыру мақсатында Семейге көрнекті тарихи тұлға Смағұл Сәдуақасовты жібереді. С.Сәдуақасов Семейге келісімен ұлттық кадрларды даярлап, оқытып, іске араластыру мәселелеріне зор көңіл бөледі. Жүсіпбек Аймауытов Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Ендігі кезекте Смағұлдың жеке тапсырмасымен Күнгей Алтайдағы жағдай қандай және бір кезде Үкіртайұлы Зейноллаға берілген тапсырма қалай орындалып жатыр, ол не бітірді, не тындырды деген сұрақтарға жауап беру үшін Жүсіпбек 1921-1923 жылдар аралығында Алтайға барған.

Жүсіпбек бұл аймаққа келместен бұрын ағайынды Зәйнолла мен Құнапия Қалғұты мен Бөкенбай жерінде мәдениет үйін ашуды қолға алған еді. Екеуінің де Алаш қайраткерлерінен үйренгені бар, әр ауыл, әр рудың ақсақал, қарияларымен тіл табысып, қауырт жұмысқа кіріседі. Қазіргі Қаратоғай мен Егіндібұлақ жерінде мектеп үйін салу жұмысын қолға алады. Жүсіпбек бұл өлкедегі істерді шолып, жергілікті азаматтарға көмек көрсетуді ғана ойлаған жоқ. Алтайдағы өмір өзгерістері жазушының сүбелі «Ақбілек» романының жазылып шығуына да түрткі болған.

Жүсіпбек Аймауытов Терісайрық бойындағы Үкіртай отбасына келіп, Зәйнолла мен Құнапияның сый-құрметіне бөленеді. Егіндібұлақ пен Қаратоғайдағы салынып бітуге таяған мәдени орындарды көреді. Құнапиямен бірге Қаратоғай ауылына еңкейіп төніп тұрған Қарасеңгір тауындағы жартасты Қараекем шатымен (қазіргі Торғай сайы) биікке көтеріліп, таудың күнбатыс етегіндегі Құнапияның қайын атасы болыс Керей Ысқақпен жүздесіп, сейіл құрады. Елдегі ақ пен қызылдың лаңы жайлы сыр шертеді.

Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілектегі" жер, кісі аттарымен негізгі әңгіме желісі қазіргі Күршім ауданына қарасты Қалғұты жерінде болғанын аңғартады. Жазушы романының уақиға шиеленісінің басталуында: "Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамайлап ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр, бейсауат. Көтегейі - Күршім жақ, бет алысы - Қараекем шаты. Қараекем шаты - жартас, дәл аясы - шұңқыр, көгал".

Мұндағы Қараекем шаты - Қарасеңгір тауындағы қазіргі аталып жүрген Торғай сайы. "Дәл аясы - шұңқыр, көгал" дегені, осы сайдан шыға келгендегі қазіргі Қаратоғай ауылы тұрған жер, Қалғұты өзені бойындағы көгалды жазықтық. Уақиғаға байланысты романдағы жер аттары Бөкенбай тауының теріскей беті, Терісайрық бойындағы Маубас пен Қарасеңгір бауырындағы Қаратоғай ауылы аралығында. Алтай күнгейінде Жүсіпбектің араласуымен ауылды кеңестендіру жұмыстары жүргізіледі.

"Ақбілек" романында аласапыран жылдардағы ауыл өмірінің шындығы, адамдар тағдырындағы өзгерістер дәлме-дәл бейнеленген. Роман кейіпкерлері заманмен, дәуірмен өзгеріске түсіп, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Бұл кез - Алаштың көзі ашық азаматтары қатер үстінде жүрсе де, қазақтың өз алдына автономия алуына күш-жігерін жұмсаған тұсы еді. 20-жылдардың соңына қарай елдегі жағдай өзгеріп, өктем билік алашшыларды қудалауды ұйымдастырады.

Дархан жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 1925 жылы Күршімге баруы туралы әңгімелер - әлі күнге дейін ел аузында. 1961 жылы Аймұхамбет деген ақсақал айтып еді: Жүсіпбек Әділхан, Мысбаев Мейраш, Дариға болыстардан қаржы жинап, темір шатырлы мәдениет үйін салдырады. Ақнайман байы Темірхан да көп көмек беріпті. 1945 жылы өртеніп кеткен бұл үйді көргендер бір жағында мешіт, бір жағында дәрігер бөлмесі бар еді, кейін ауылдық кеңестің конторына айналды дейтін. Тойша, Мәли, Түсіпжан дейтін ақсақалдар қолдан құйған кірпіштен салынған мектеп туралы да айтатын.

Ел шежіресінде Ақбілек аты бар. Найман ішінде Қожамбет. Сырымбеттің кенжесі Жұмағұлдан Жирен, одан Ерасыл, одан Бұтабай, Ғаббас, Шолақайдар. Шолақайдардан Маубас, одан Ақбілек қыз.

Ел әңгімелерінен түйгенім: Дәриға бұрыннан болыс болған. Екі кісіге тұрмысқа шыққан, біріншісінен қызы болған. Жасы Жүсіпбектен көп үлкен. Отағасы Өтеулі молла, мектептерге малдай, ақшалай көмек беріп тұрған. Жүсіпбекті Дәриғаға қосу - қисынға келмейді. Солдаттар Ақбілекті алып кетті деп Дәриғаны мегзеу де қисынсыз. Сондықтан мен Дәриға болыс пен Ақбілек қыз екі бөлек кісі, бірі егде, бірі жас деймін. Жүсіпбек жазған көркем шығармада жиынтық бейне сомдалған. Әнікей апай да бекер іздестірмесе керек. Сол кездерде керек екенін білдік пе? Анығын айтып беретін қарттар бар еді ғой!

Қорытындай келе Менің туған жерім - қасиетті, құтты қоныс. Ол мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, дала тәлімін, тәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмай керіліп жатқан кермиық кең дала мені сабырлылық пен салмақтылыққа, кеңпейілділікке тәрбиеледі. Ал жаныңа тыныштық сыйлап, анда-санда әрлі-берлі сипай өтіп, қытығыңа тиетін барары мен келер жері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе, сыңғыр күлкісі еріксіз елітетін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырай ағып, сабырлылық пен байыптылыққа баулыды. Төбесі көкті тіліп, бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті, жайқалған жасыл желегінен өмірге сүйіспеншілікті, жылыжүзділікті, қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқорлықты үйрендім. Қарап тұрсақ, адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп, сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп, тұла бойыңның шымырлайтыны да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес, оның көкейіңе салған адамдық ұстанымын да сағынғандықтан болар.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Шежірелі тау қойнауында.

  2. Pushkinibrary.kz

  3. Isled-kraivedkz

  4. Cqiirbis_64