СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғылыми жоба "«Су тіршілік көзі»"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аннотация

Тақырыбы: «Су тіршілік көзі»

 

Тақырыптың өзектілігі:

Су киелі зат. Сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдей отыра, өз жеріміздегі сулы жерлерді зерттеу, қасиетін, маңызын білгізу. Су - адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат, оны үнемді қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы. 

 

Ғылыми жобаның басты мақсаты:

Судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрену.

 

Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді алға қоямыз:

• Жер шарындағы судың қоры туралы білу;

• Еліміздегі су көздері туралы ақпарат жинау;

• Суды үнемдеу жолдарын анықтау және оны қолдануға үйрену.

 

Болжам:                                  

Жинақталған материалдармен таныстыру нәтижесінде әр адамды суды үнемдеуге, оны қорғауға өз үлесін қосуға жұмылдыруға болады.

 

Зерттеудің кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі.
  2. Эксперименттік кезеңі.
  3. Аналитикалық талдау кезеңі.
  4. Практикалық кезең.

 

 

-2-

Дайындық кезеңі:

        Ақпарат беттерінен материалдар жинау, құдық жайлы мәліметтер жинау. Ауыл адамдарымен кездесу ұйымдастыру.

 

Эксперименттік кезең:

       Санитарлық-эпидемологиялық сараптау бөлімінен дәлелдеме ақпарат алу. Суреттер жинастыру. Құдық суын ішіп, құдық суымен сусындаған ауылдастар пікірін жинау.

 

Аналитикалық талдау кезеңі:

        Құдықтың суын ішіп, күнделікті өмірде қолдану арқылы, судың жұмсақ, мөлдір, ішкенде шипасы бар екенін, шаруашылықта жұмсақ, маңызы зор сұйықтық екенін дәлелдеу.

 

Практикалық талдау кезеңі:

        Құдық зерттеулерге сене отырып, құдық туралы маңызды мәліметтер жиналды, қлорытынды жасалу негізінде ұсыныстар жасалды.

 

Тәжірибенің әдістемесі:

        Ғылыми әдебиеттер, анализдердің нәтижесінің барысында сараптау әдістермен, оқушының құдық тәралы жинаған деректерді талдау әдістері арқылы жасалады. 2-3 сыныптарда «ауылдағы сулы жерлер» және «су – тіршілік көзі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Су туралы киелі сөздер жатталып, мағынасы түсіндіріледі.

 

Жаңалық және дербестігі:

       Жаңатілек ауылының құрылу тарихын зерттеп, ауылдағы адамдардың құдық туралы әңғімелерін жинақтау. Құдықтың қазылу туалы мағлұматтар жинап, көп маңызды мәлімет алдым.

 

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жоба "«Су тіршілік көзі»"»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Зерде





Тақырыбы: «Су тіршілік көзі»



Бағыты: Табиғат туралы ғылым

және дамуы бар саяхат маршруттар


Дайындаған: окушы аты жони


Секция: Экология


Ғылыми жоба жетекшісі:









201_-201_ оқу жылы

Аннотация

Тақырыбы: «Су тіршілік көзі»


Тақырыптың өзектілігі:

Су киелі зат. Сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдей отыра, өз жеріміздегі сулы жерлерді зерттеу, қасиетін, маңызын білгізу. Су - адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат, оны үнемді қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы. 


Ғылыми жобаның басты мақсаты:

Судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрену.


Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді алға қоямыз:

• Жер шарындағы судың қоры туралы білу;

• Еліміздегі су көздері туралы ақпарат жинау;

• Суды үнемдеу жолдарын анықтау және оны қолдануға үйрену.


Болжам:

Жинақталған материалдармен таныстыру нәтижесінде әр адамды суды үнемдеуге, оны қорғауға өз үлесін қосуға жұмылдыруға болады.


Зерттеудің кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі.

  2. Эксперименттік кезеңі.

  3. Аналитикалық талдау кезеңі.

  4. Практикалық кезең.



-2-

Дайындық кезеңі:

Ақпарат беттерінен материалдар жинау, құдық жайлы мәліметтер жинау. Ауыл адамдарымен кездесу ұйымдастыру.


Эксперименттік кезең:

Санитарлық-эпидемологиялық сараптау бөлімінен дәлелдеме ақпарат алу. Суреттер жинастыру. Құдық суын ішіп, құдық суымен сусындаған ауылдастар пікірін жинау.


Аналитикалық талдау кезеңі:

Құдықтың суын ішіп, күнделікті өмірде қолдану арқылы, судың жұмсақ, мөлдір, ішкенде шипасы бар екенін, шаруашылықта жұмсақ, маңызы зор сұйықтық екенін дәлелдеу.


Практикалық талдау кезеңі:

Құдық зерттеулерге сене отырып, құдық туралы маңызды мәліметтер жиналды, қлорытынды жасалу негізінде ұсыныстар жасалды.


Тәжірибенің әдістемесі:

Ғылыми әдебиеттер, анализдердің нәтижесінің барысында сараптау әдістермен, оқушының құдық тәралы жинаған деректерді талдау әдістері арқылы жасалады. 2-3 сыныптарда «ауылдағы сулы жерлер» және «су – тіршілік көзі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Су туралы киелі сөздер жатталып, мағынасы түсіндіріледі.


Жаңалық және дербестігі:

Жаңатілек ауылының құрылу тарихын зерттеп, ауылдағы адамдардың құдық туралы әңғімелерін жинақтау. Құдықтың қазылу туалы мағлұматтар жинап, көп маңызды мәлімет алдым.


-3-

Жұмыс нәтижелері және қорытындылары:

Сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу барысында, ауылдағы құдық суының, өзен, көл, канал суларынан таза, мөлдір, шипалы екеніне көз жеткізу. Құдықты қазудың оңай жолдарын іздестіру, оқушыларды еңбекке баулу. Суды, ауыл құдығын қастерлеу, сақтау жолдарын дамыту. Құдық басына топ серуен ұйымдастыру. Құдық қазған адамдардың еңбегін бағалау, үлгі ету. Дүниетану, салауаттану сабақтарында судың қасиетін, маңызын түсініп оқу арқылы, сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру.



















-4-

_ сынып оқушысы

___оқушының аты жөні____

«Су-тіршілік көзі»

атты ғылыми жобасына





Пікір


_ сынып оқушысы аты жони ғылыми жоба жазу алдында мақсат қоя отырып, баспа беттерінен қажетті ақпаратты жинақтап, ауыл адамдарымен сұқбаттасып маңызды деректерді ала білген Санитарлық – микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін арнайы орындармен байланыс жасап судың құрамын зерттеуге қол жеткізген. Жүргізген зерттеу жұмыстарымен қорытындылап, терең талдау жасап, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі болып отырған адам денсаулығына қажетті судың шипалылығын ашып жазған. аты жони ауылына арнап шығарған өлең жолдарынан аңғаруға болады.

Болашақта аты жони осы қасиетті құдық суының еліне шипасы тиіп сұранысқа енеді деген үмітті іске асады деп ойлаймын. аты жони талабы таудай. Осы ғылыми жобасын әрі жалғасытырады деп сенемін.

Ауыл адамдары аты жони құрбы-құрдастары құдық суын қадір тұтады, табиғатқа деген қамқорлықтары артады.

Жетістігі: Жоба оқушының өз ойымен ұштасып жазылған. Судың қасиеті ауыл адамдарының еңбектері де ескеріліп жазылған.







Ғылыми жетекшісі: Д Назерке Т

Бастауыш сынып мұғалімі.



-5-

Мазмұны.


І. Кіріспе...................................................................................................7 бет


ІІ. Негізгі бөлім........................................................................................8 бет

  1. Судың қасиеті................................................................................8 бет

  2. Шипалы құдық-жанға дауа..........................................................9 бет

  3. Бұлақ көрсең, көзін аш.................................................................9-10 бет

  4. Ауыл адамдарының құдық туралы ой-пікірлері.......................10 бет


ІІІ. Қорытынды........................................................................................11 бет

  1. Ауыл – ырысы, мол құт - мекен...................................................11 бет

  2. Санитарлық микробиологиялық зерттеу нәтижесі..................12 бет


Пайдаланған әдебиеттер.


Сілтемелер.


Қосымшалар.






















-6-

І. Кіріспе.

1. Оқушының өзіндік ой-пікірі.

Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы: «Су – тіршілік көзі» деп аталады. Бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатым: ата кәсібін жалғастыру. Судың табиғаттағы қасиетті, киелі зат екенін ұғыну арқылы, ауылдағы сулы жерлердің көзін ашу, қорғау. Тұщы судың көзін ашып, артына мұра қалдырып, рахметін алған ағалардың еңбегін бағалау, дәріптеу.

Су екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың пайдасы мен қасиеті туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.

Ауылда болып жатқан өзгерістер мен үшін үлкен жаңалық. Баянауыл аудана Жаңа тілек ауылы оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде, Желтау тауының солтүстік-батыс етегінде, Ащысу өзенінің оң жағалауындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан. Савхоз құрылғанда пайда болған су құбырлары көпке жетпей, қолданыстан шығып қалған. Ал ауылдағы құдық суларынан сол кездегі адамдардан қазіргі біздерге дейінгі ауыл тұрғындары сусындауда. Сондай құдықтың бірі «Жаңа тілек құдығы». Төбесінде кішкентай ғана шатыры бар, бұл құдықты мен кішкентай кезімде ертегідегі үйлерлерге ұқсатамын. Сол жерге әке-шешеммен бірге су алуға келіп, құдық суынан шелектен ішіп алатынбыз. Осы құдық жайлы ой мені көп толғандырды. Сол себепті мен ауыл адамдарымен сұхбаттастым. Қазіргі кезде ауылым көркейіп өсіп келеді. Ауылымның әрбір жеріне, адамдарына деген балалық махаббатым шексіз. «Су ішкен құдыққа түкірме» деген қазақтың тыйым сөзі, осы құдыққа арналып айтылғандай. Шалғайкетсем де, құдығымның суын сағынып, көз алдыма елестетіп, кішкентай іні-сіңлілеріме қорғап жүруді тапсырамын.





-7-

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Судың қасиеті.


Су – тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза болмайды. Құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді. Табиғатты адам мен жануар, өсімдікке бес түрлі жағдай міндетті түрде қажет. Атап айтсақ: ауа, жылу, жылу, жарық, тамақ және су. Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90 %-ға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 27 кг кемісе адам өледі. Адам баласы су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Су – табиғаатта ең көп таралған зата. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Осы орайда Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолын оқығым келіп отыр:

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік тәмам, бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

Су бар жерде бау-бақша, орман –тоғай, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Сондықтан қазақ «Сулы жер – нулы жер» -деп бекер айтпаған. Бүгінгі менің тақырыбым «Су – тіршілік көзі» деп аталады. Өзім болсам, бүгін суы шипалы, жері құнарлы, көк майса шөбінде малы жайылған, сылдырлап аққан өзені бар. Қазақ халқы суды қадір тұтумен қатар оны жалпы халыққа, жан-жануар дүниесіне өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.

Су – тазалықтың белгісі. Сондықтан суға байланысты тыйым сөздер де орын алған. Мысалы: «Су ішкен құдыққа түкірме», «Судың бетін ашық қалдырма», «Түнде суға барма».





-8-

2. Шипалы құдық – жанға дауа.

Ауыз – қазақтың алтын бесігі, тереңірек айтсақ, күре тамыры. Сөз өрнегін айшықтап, жырдан кесте төккен ақын – жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші-сазгерлеріміз де, аты аңызға айналған даналарымыз сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан, құдығынан су ішіп сусындаған. Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі, шипалы суы, жайнаған гүлі өшпес қымбат қазына екені белгілі.

Сондықтан мен бүгін ауылымыздың шипалы, мөлдір де таза суымен сусындатып ертелі-кеш маңына су алу үшін келіп жататын адамына толы қарапайым құдық туралы сөз қоозғағым келіп отыр.


  1. Бұлақ көрсең, көз аш.

Бұл құдық 1972 жылы шілде айында осы елдің байырғы тұрғындары аталарымның арқасында қазылған екен. 1974 жылы елде су құбырлары /колонкалар/ ашылуына байланысты бұл құдық қолданыстан шығып қалған. «Бұлақ көрсең, көзін аш» - демекші, осы құдықты ауылымының тұрғындары қайта қазып, іске жаратқан санитарлық-эпидемиологиялық сараптау барысында бұл құдық шипалылығы үшінші орын алады екен. Суы таза, мөлдір, ішкенде жұмсақғ тұщы саналады. Жаңа тілек ауылында қазір қазылған құдық саны көп. Бірақ, бүкіл ел осы құдық суын ауыз суы ретінде пайдаланады.

Әсіресе, суды елдің кәрі ата-әжелері сүйсініп ішеді. Құдықты қазып кеткен аталарымыз осы өмірде жоқ болса да, ізін жалғастырушы балалары баршылық. Осы құдық жайлы деректі мен ауыл тұрып жатқан ағаларыман естідім.

Әрине құдық қазу оңай шаруа емес. Күннің аптап ыстығына қарамай, мойымай құдық қазып, елден рахмет алған, бейнетін көріп, зейнетін тапқан осы аталар екен. Ең бірінші қазғанда қиыршық тас, құм, саз қазып, көп күнгі

-9-


еңбектен соң құдықтан су шыққаны алге аян. Құдықтағы суды ішуге және күнделікті шаруаға қасиеті: беті – қолын жуған адамның келбетін келтіреді, суы денеге жұмсақ тиеді. Ал шашты жуғанда еш қоспаның керегі шамалы, сабынмен жусаңыз шашыңыз жұп-жұмсақ болып жалтырап шыға келеді. Құдықтың тереңдігі 20 метрге жетеді.

Қазір осы құдық ерекше қамқорға алынған. Жан-жағы тазартылып, қоршалған. Әрбір ауыл адамы су алып болған соң, арнайы жасалған құдық қақпанған жайып қояды. Түнде құдықтың бетін ашық тастамайды.


  1. Ауыл адамдарының құдық туралы ой – пікірлері.


.................: «Құдықтың суы тұщы, дәмді. Ішсең шөліңді қандырады. Жуынсаң денеге жұмсақ тиеді. Осы құдықты қазған аталарымызға мың алғыс білдіреміз.»

.................: «Әкем осы құдықты қазуда көп жұмыс атқарды. Көптеген қиындықтар болды. Бұл құдықтың тереңдігі 20 метр. Суға жаман нәрселердің түспеуін қатты қадағалап, қорғап жүретін. Әкемнің осы құдықты қазуда еңбегі зор деп санаймын.»

.................: «Құдыққа ерте келемін. Суы тұнық, таза жұмсақ. Қазір көп үйде құдық бар. Бірақ осы құдықтың суындай таза, мөлдір, жұмсақ су жоқ. Келешекте осы құдық суы қолданыстан шықпай, мөлдір тұщы суымен халықты сусындата берсе екен деп тілеймін.»







-10-


ІІІ. Қорытынды.


Ауыл – ырысы, мол құт – мекен.

Сулы жер – нулы жер. Жергілікті жердегі аз ғана байлығымызды қорғап, маңызын білу әрбір ауыл азаматы мен азаматшаларының міндеті деп білемін. Бұл құдықтан атам, әжем, әке-шешем су ішкен болса, мен де осы құдық суына қанып, маңызын, қасиетін түсініп өсемін. Ауылымның әрбір қазынасы мен үшін үлкен мәртебе-байлық. Келешекте осы құдықтың суы үлкен сұранысқа еніп, шипалылығы мен қасиеті ескеріліп емдік – шипалық сулар шығарылады деген үміттемін. Сол себепті өз шығармашылығымнан ауылыма шипалы суға арнаған өлең жолдарым бар.


Ауылым – ырыс, мол құт – мекенім,

Мәңгіге аз байлығын үлгі етемін.

Саяңда ойнап, өсіп, білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Ер жетіп үмітіңді біз атқарамыз

Жеріңдегі байлықты біз сақтармыз.

Қасиетті Жаңа тілек жер – мекенім

Көркейтетін болашақ – біз жастармыз – деп құдық туралы ғылыми жұмысымды аяқтағым келеді.











Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бастауыш мектеп. №3 2007 жыл

  2. Қазақтың ырым тыйымдары. Атамұра 2001 жыл

  3. Тұрсынзада Есімжанов «Су туралы толғау» 2002 жыл. Рауан.

  4. Өз шығармашылығы 2017 жыл


























Сілтемелер:

  1. Бастауыш мектеп. №3 2007 жыл 22-23 бет

  2. Қазақтың ырым тыйымдары. Атамұра 2001 жыл. 29,67 бет.

  3. Тұрсынзада Есімжанов «Су туралы толғау» 2002 жыл Рауан 77бет.

  4. Өз шығармашылығы. 2017 жыл






































ҚОСЫМШАЛАР





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!