СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қалың елім, қазағым. Қызыл жеміс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.                                                                     

Просмотр содержимого документа
«Қалың елім, қазағым. Қызыл жеміс.»

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары Бөлім 1. Қалың елім, қазағым. Қызыл жеміс.

(сабақ тақырыбы) Пән атауы: Қазақ әдебиеті.

Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.

2022 жылғы « 01 » ______11______

1. Жалпы мәліметтер Сабақ түрі: практика. Курс, оқу жылы, топ: МГ- 411.1қ

2. Оқыту мақсаты: Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру. Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты) (құндылықтарды игерту).

Жалпы адамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік, отбасы тұтастығы, заман тыныштығы.

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру. Бағалау өлшемдері:

1) Басты кейіпкердің ерекшелігін сипаттайтын мінез-құлықты анықтайды;

2) Шығарманың композициялық ерекшелігін ажыратады, ойын сюжет желісін негізге алып дәлелдейді.

1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер,

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.

https://youtu.be/VeTUMowUi2k bilimland.kz

сайтынан Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасын тыңдау.

https://youtu.be/adBWh0t7cYU Қызыл жеміс



https://youtu.be/kJh1q3cHgks Масғұт поэмасының сюжеттік-композициялық құрлымын білетін боласыз.

4. Сабақтың барысы

Сабақтың басы ( мин)

Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: Ширату кезеңі: «Көңілді гүл» әдісі бойынша студенттер шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы-жылы тілектер айтады.

Білу; Түсіну.

  • І.Ұйымдастыру кезеңі: Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады. «Көңілді доп» әдісі бойынша студенттер шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, үйге берілген тапсырмалар бойынша жауап береді. Оқушылар назарын сабаққа аудару

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Қызығушылықты ояту

1-тапсырма: «Масғұт» поэмасының аудионұсқасын тыңдату. Оқушылар өздеріне ерекше әсер еткен үзінділері бойынша ауызша мәнерлеп оқып береді.

Оқушылардың жауабы тыңдалады. «Көңілді доп» Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Оқытушы студенттердің қолына доп ұсынады. Допты бірінші алған оқушы шығарма мазмұны бойынша ең маңызды оқиғасын қысқаша сипаттап айтады. Допты келесі оқушыға лақтырады. Осылайша әр оқушы шығармадан үзіндіні ауызша мәнерлеп оқып береді.

2-тапсырма. А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасындағы кейіпкерлерге салыстырмалы талдау жасаңыздар. Масғұт бейнесі арқылы дәріптелетін құндылықты анықтап, шығармадан мысал келтіріңіздер. Құндылықтар: Намыс, Достық, Билік, Адалдық, Махаббат, Отбасы.

3-тапсырма. «Венн диаграммасымен» салыстыру жасаңыздар. Көркем шығармадағы заман көрінісі Қазіргі заман көрінісі







Дескрипторлар:

  1. «Көңілді доп» ойыны бойынша әр оқушы бөлімнің маңызды оқиғаларын мазмұндап айтады;

  2. Поэмадағы кейіпкерлерге салыстырмалы талдау жасайды;

  3. Масғұт бейнесі арқылы дәріптелетін құндылықты анықтайды;

  4. Дастаннан үзінділер келтіреді;

  5. Құндылықтың қазіргі қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін өмірмен байланыстырып мысал келтіреді. Студенттер топта жұмыс жасайды, жұмысты аяқтаған соң топ алдында қорғайды.

Түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.




Арун-Рашид халиф


Харун ар-Рашид Аббас әулетінен шыққан халиф (786-809). Һарун әр-Рашидтың тұсында халифат қолөнер, сауда мен мәдениет (әсіресе, әдебиет) дамыған. Һарун әр-Рашид арабтардың әйгілі «Мың бір түн» ертегісінің кейіпкерлерінің бірі.

Қыдыр ата


«Хызыр» араб сөзі, Жасыл адам деген мағына береді. Қыдыр аталуының себебі: егер бір жерге отырып, кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл болады екен

Шырыш бұзған

Тыныштығын, берекесін кетірген, шырқын бұзған

Халифа


Орта ғасырларда мұсылман дініндегі  елдердің діні мен үкіметін бір өзі басқарып отырған мемлекет билеушісінің құрметті атағы, лауазымы.

Пәруардігер

Жаратушы Алла, Құдай

Құда

Құдай сөзінің қысқарған түрі.

Ғапіл боп

Қапы қалып, арманда болып, опық жеп

Сабақтың ортасы: ( мин) Қолдану; Талдау. Мағынаны тану кезеңі.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. 1-тапсырма. «Кейіпкерді зерттеу»

Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану тапсырмаларымен жұмыс жасайды:

А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасындағы басты кейіпкердің ерекшелігін сипаттайтын мінез-құлықты анықтаңыздар. Мысал келтіріп, шығармадан үзінділерін оқып беріңіздер.

1. Поэманы мұқият оқып таныс, аудио-бейне жазбаны зер салып тыңда.

Топқа бөлінеді. Масғұт, Қыдыр шал, Ақ алма, Қызыл алма.

1-тапсырма: «Әдебиет үйірмесі» тәсілі арқылы топтық жұмыс. Әдебиет үйірмесін құру үшін рөльдерді бөліп алады. Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Сөз тапқыш: Негізгі жұмысы – мәтіннен тапсырмаға қатысты ақпараттар жинайды. Топтағы ой талқысында талдаған негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады. Мақалдар табады.

1топ.

Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қыдыр ата образын ашыңыз.

Мінездеме беруші (кейіпкерлерді сипаттаушы): Негізгі жұмысы - кейіпкер туралы ойланып басқа оқушыларға олардың әрекеті арқылы, оларға қатысты мінез - құлқы туралы айтып береді, яғни мінездеме береді.

2-топ.

Кейіпкерлер диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер, суреттемелерді тауып, шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Масғұттың образын ашыңыз.

Баяндаушы : Негізгі жұмысы - өз тобында өткен ой талқысын бүкіл сыныпқа баяндап береді .

3-топ.

Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы және кейіпкердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Масғұттың бейнесін, халық бейнесімен байланыстырып ашады.


Дескрипторлар:

  • кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді

  • автордың кейіпкер сипаттамасы, портретін суреттеуіне дәлелдер келтіреді;

  • кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;

  • диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;







Тапсырма: Маңызды ақпараттар жазыңы


Шығарма қашан жазылды?

Қашан, қайда жарық көрді?

Шығарма оқиғасы қашан болған?

Поэманың кейіпкерлері

Оқиға қайда болған?

Поэмадағы ақын ойы қай шығармалармен үндеседі?

Шығарманың құрылысы, ұйқасы

1887 жылы

1909 жылы Петербург қаласы

Харун-Рашид халифа дәуірінде

Масғұт, Қыдыр шал, хан

Бағдат қаласында

1-қарасөзі, 37-қарасөзі, өлеңдеріндегі қоғам туралы ойлары

4 тармақты 44 шумақ, 11 буын, қара өлең ұйқасы


1. Оқиғаның басталуы

«Масғұт» поэмасының сюжеттік-композициялық құрлымы.

Бағдат шаhарында Масғұттың қарақшыдан дәрменсіз шалды құтқарып, өзінің жаралануы.


2. Оқиғаның байланысы

Шалдың Масғұтты бұзылған тамға ертіп барып, үш түрлі жемісті ұсынуы. Масғұттың қызыл жемісті таңдауы. Қыдыр шалдан бата алуы.

3. Оқиғаның шиеленісі

Шәмсі - жиhан атануы. Масғұттың халифаға уәзір болуы. Қыдыр шалдың аян беруі.

4. Оқиғаның шарықтау шегі

Жаңбыр суын ішкен жұрттың ақылынан адасуы. Жынданған халықтың сарайға келуі.

5. Оқиғаның шешімі

Хан мен уәзірдің амалсыздан жаңбыр суын ішіп, көппен бірдей болуы.


«Масғұт» поэмасының сюжеттік-композициялық құрлымын негізге ала отырып, берілген шумақтарды сәйкестендіріңіздер.

Дескриптор:

  • Үзіндінің мазмұнын түсінеді;

  • Композициялық құрлымы бойынша талдайды;

  • Сәйкестендіру жұмысын жүргізеді, шығармадан үзінділер келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау:

«Топтық бағалау» парағы арқылы бағалайды

Өлшемдер

төмен

орта

жоғары

Кейіпкерге тура, жанама мінездеулерді толық береді




Топ жұмысын мазмұнды, жүйелі орындаған




Жұмыстарын талғамға сай безендірген.




2-тапсырма:

«5 минуттық жазба» тәсілі арқылы, жеке жұмыс. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралап, бір нұсқаны таңдап ойыңызды білдіріңіз.

Мен үшін Масғұт...

Мен үшін Қыдыр шал ....

Мен үшін бұл поэма ...

Бекіту: https://youtu.be/adBWh0t7cYU

Шал қандай қиянатқа ұшырады?

Шалға кім араша түсті?

Шал Масғұтқа деген ризашылығын қалай білдіргісі келді?

Шал қандай адам?

Масғұттың қызыл жемісті таңдау себебі?

Масғұттың жағымды мінезі: Ақылдылығы, көрегенділігі, адамгершілігі, білімділігі.

Масғұттың жағымсыз мінезі: Халықпен санаспауы, халифаға ғана қызмет етуі.

Тәрбиелік мәні неде? Дескриптор:

  • Кейіпкердің ұнамды қасиетін анықтап, оның оқырманға әсерін болжайды.

Өз қалауларымен автор орындығында оқу ұсынылады.

Бір нұсқаны таңдап ойыңызды білдіріңіз

(Кез келген оқушылар өз жазғандарын сынып алдында оқиды.)

Қалыптастырушы бағалау:

« Өзін – өзі бағалау» парағы арқылы бағалайды.

Оқушының аты жөні

5

4

3






Сабақтың соңы ( мин) Рефлексия: «Бағдаршам»

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

Үй тапсырмасы: (5 мин)

Г.Орда т.б. Қазақ әдебиеті. 31-34 беттер, 35 бет, 1-тапсырма.


«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»



Бекітемін басшының ОӘЖ

жөніндегі орынбасары

_______ А.М.Қайырлиева
2022 ж. "____" ___________







Ашық сабақтың тақырыбы:

Бөлім І. Қалың елім, қазағым. Қызыл жеміс.





Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы - Акишева З.И





Орал - 2022 жыл

Қаралды: Келісілді:

Тілдер ПЦК-сының төрайымы Колледж әдіскер

_________ А. М. Мизамова _________С.К. Утишкалиева

Хаттама № _____________ Хаттама _________

«__» __________ 2022 ж. «__» __________ 2022 ж.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!