СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Сиқырлы әлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру  

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: Сиқырлы әлем

Мақсаттары:

- Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа , шапшаңдыққа баулу

- Дамытушылық: Ойлау қабілетін жетілдіру

 - Оқыту: Геометриялық фигуралар, бұрыш, тік бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Ресурстармен қамтамасыз ету: пішіндер

Билингвалдық компонент: пішіндер-фигуры, тікбұрыш-прямоугольник, үшбұрыш-треугольник

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезе0ңі

Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді) - Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Достарға шашайық.

 

ІІ. Негізгі бөлімі:

-Балалар бүгін мен сендерді сиқырлы пішіндер әлеміне шақырамын!

-Балалар сендердің барғыларын  келеді ме?

-Ендеше сиқырлы пішіндер әлеміне немен барамыз?

 -Поездбен

- Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.

Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:

Қимылды ойын:

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу. Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік, Жүрісті үдеттік. Гу - гу, гу - гу гуілде, Қалып қойма біріңде. - Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.

- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын. Төрт қабырғасы бар бұрышпын, Қай жағынан қарасаңда, Төрт қабырғам тең бұрышпын.

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш: -Үшбұрышпын, үшбұрышпын, Үш қабырғам бар бұрышпын, Төртбұрыштан аз болсам да, Орны бөлек үшбұрышпын. - Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?  

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын, Дөңгелек боп домаладым. Ай сияқты, күн сияқты Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай? - Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық.

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

Сергіту сәті:

- Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көңілденіп біз енді,

Бой сергітіп алайық.

 «Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Балалар, менің «Кеңістікті бағдарлау»деген тапсырмам бар.

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.

 

ІІІ. Қорытынды:

Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз. Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

- Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін төртке топқа бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді.) 1-топ: Пішіндерден үй құрастырады.

- Үй қандай пішіндерден тұрады?. - Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

2-топ: Құрт

- Құрт қандай пішіндерден тұрады?

- Төрт дөңгелектен тұрады.

- Үлкен, орташа, кіші, одан да кіші, кішкентай дөңгелектен тұрады.

3-топ: Машина

Просмотр содержимого документа
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Сиқырлы әлем»

Ересектер Қарлығаш тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: Сиқырлы әлем

Мақсаттары:

- Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа , шапшаңдыққа баулу

- Дамытушылық: Ойлау қабілетін жетілдіру

- Оқыту: Геометриялық фигуралар, бұрыш, тік бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Ресурстармен қамтамасыз ету: пішіндер

Билингвалдық компонент: пішіндер-фигуры, тікбұрыш-прямоугольник, үшбұрыш-треугольник

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезе0ңі

Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
- Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Достарға шашайық.


ІІ. Негізгі бөлімі:

-Балалар бүгін мен сендерді сиқырлы пішіндер әлеміне шақырамын!

-Балалар сендердің барғыларын келеді ме?

-Ендеше сиқырлы пішіндер әлеміне немен барамыз?

-Поездбен

- Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.

Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:

Қимылды ойын:

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.

- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
 

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?
- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық.

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

Сергіту сәті:

- Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көңілденіп біз енді,

Бой сергітіп алайық.

 «Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Балалар, менің «Кеңістікті бағдарлау»деген тапсырмам бар.

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.


ІІІ. Қорытынды:

Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.
Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

- Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін төртке топқа бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді.)
1-топ: Пішіндерден үй құрастырады.

- Үй қандай пішіндерден тұрады?.
- Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

2-топ: Құрт

- Құрт қандай пішіндерден тұрады?

- Төрт дөңгелектен тұрады.

- Үлкен, орташа, кіші, одан да кіші, кішкентай дөңгелектен тұрады.

3-топ: Машина

- Машина қандай пішіндерден тұрады?
- Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.

Тағы не құрастыруға болады?

Жарайсыңдар!

- Балалар, ендеше поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
- Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.