СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«қасіретті қаңтар»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««қасіретті қаңтар»»

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК  «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ-Тәуелсіздік кепілі  21ЕА-ХІ-1 тобының топ жетекшісі: Аникенова Н.Н.

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

«ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР»

ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ-Тәуелсіздік кепілі

21ЕА-ХІ-1 тобының

топ жетекшісі: Аникенова Н.Н.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі  Құрметті Төраға!  Құрметті Мәжіліс депутаттары!    Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік.  Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет.   Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру- алдымызда тұрған өте маңызды міндет. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі Құрметті Төраға! Құрметті Мәжіліс депутаттары!

Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік.

Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. 

Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру- алдымызда тұрған өте маңызды міндет. 

11 қаңтар 2022 жылы

11 қаңтар 2022 жылы

Енді алғашқыда атқаратын жұмыстың бағытын айқындап бергім келеді.   Бірінші  Антитеррорлық қимылдарды табысты аяқтау қажет. Азаматтарымыздың қалаларда, елді мекендерде және ауылдарда жақындары мен балаларын уайымдамай жұмыс істеп,  еркін жүріп-тұрып, оқи алуы үшін құқықтық тәртіпті толықтай қалпына келтіру керек. Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталды. Еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды.

Енді алғашқыда атқаратын жұмыстың бағытын айқындап бергім келеді.

Бірінші

Антитеррорлық қимылдарды табысты аяқтау қажет. Азаматтарымыздың қалаларда, елді мекендерде және ауылдарда жақындары мен балаларын уайымдамай жұмыс істеп,  еркін жүріп-тұрып, оқи алуы үшін құқықтық тәртіпті толықтай қалпына келтіру керек.

Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталды. Еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды.

Екінші  Содырлар мен олардың бейбіт тұрғындарға қарсы қыл­мыстарға қатысы бар сыбайластарын түгел тауып, жазалау керек. Лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын тыңғылықты анықтау өте маңызды.  Тағы бір өзекті мәселе - содырлардың жасырын «ұяшықтары»  мен олардың командалық пунктінің қызметі не себепті мемлекеттің назарынан тыс қалды? Арнаулы жедел тергеу тобы өз жұмысын сапалы әрі толық көлемде атқарып, трагедияның барлық себебі мен мән-жайын ашуы керек.

Екінші

Содырлар мен олардың бейбіт тұрғындарға қарсы қыл­мыстарға қатысы бар сыбайластарын түгел тауып, жазалау керек. Лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын тыңғылықты анықтау өте маңызды.

Тағы бір өзекті мәселе - содырлардың жасырын «ұяшықтары»  мен олардың командалық пунктінің қызметі не себепті мемлекеттің назарынан тыс қалды? Арнаулы жедел тергеу тобы өз жұмысын сапалы әрі толық көлемде атқарып, трагедияның барлық себебі мен мән-жайын ашуы керек.

Үшінші  Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету - біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз. Төртінші  Қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына кел­тіру керек. Толығымен қалыпты өмір­ге ораламыз. Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңызды. Мемлекет қаржылай көмекпен қатар, кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін ұсынады. Атап айтқанда, несиелер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл белгілеу тоқтатыла тұрады.

Үшінші

Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету - біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз.

Төртінші

Қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына кел­тіру керек. Толығымен қалыпты өмір­ге ораламыз. Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңызды. Мемлекет қаржылай көмекпен қатар, кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін ұсынады. Атап айтқанда, несиелер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл белгілеу тоқтатыла тұрады.

Бесінші  Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз.  Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішін­де ішкі көші-қон саласын тәртіпке кел­тіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек.      

Бесінші

Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз.

Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішін­де ішкі көші-қон саласын тәртіпке кел­тіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек.      

Бұл міндетті шешу үшін келесі басымдықтарға назар аудару қажет.   Бірінші  Құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажет. Біз полицияның сервистік моделін құру және қылмыстық процесті жаңғырту ісінде біршама іл­геріледік. Бірақ жаппай террористік шабуылдарға қарсы тұруға да­йын болуымыз керек. Күштік құры­лым­дардың қолбасшылары жаңа жауын­герлік дағдыларды шыңдауға, қорғаныс пен шабуылдаудың тиімді құрал-жабдықтарымен жабдықтауға шұғыл кірісуі қажет. Екінші  Ұлттық гвардияны сан мен сапа тұрғысынан нығайту. Өңірлерде оның жаңа бөлімшелерін жасақтап, бар бөлімшелерді күшейту, көліктік және материалдық-техникалық қамта­масыз ету мәселелерін шешу қажет.

Бұл міндетті шешу үшін келесі басымдықтарға назар аудару қажет.

Бірінші

Құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажет. Біз полицияның сервистік моделін құру және қылмыстық процесті жаңғырту ісінде біршама іл­геріледік. Бірақ жаппай террористік шабуылдарға қарсы тұруға да­йын болуымыз керек. Күштік құры­лым­дардың қолбасшылары жаңа жауын­герлік дағдыларды шыңдауға, қорғаныс пен шабуылдаудың тиімді құрал-жабдықтарымен жабдықтауға шұғыл кірісуі қажет.

Екінші

Ұлттық гвардияны сан мен сапа тұрғысынан нығайту. Өңірлерде оның жаңа бөлімшелерін жасақтап, бар бөлімшелерді күшейту, көліктік және материалдық-техникалық қамта­масыз ету мәселелерін шешу қажет.

Үшінші  Полицейлердің құқық­тық қорғалуын арттыру. Билік өкіл­деріне шабуыл жасау мен заңға бағынбайтындар үшін жауап­кершілікті күшейту қажет. Төртінші  Әскердің жауынгерлік қабілетін арттыру. Қысқа мерзімде Арнаулы операция күштері қолбас­шылығын құру. Бесінші  Шекара қызметінің ұйым­дастыру және басқару принциптерін қайта қарау керек. Мемлекеттік шекараны әскери қорғаудан жедел жұмыс әдістеріне баса назар аудартқан реформаларға ревизия жүргізу. Алтыншы  Сыртқы, әскери, қыл­мыс­тық және қаржылық барлауды қоса алғанда, барлау қызметін толықтай құру қажет.

Үшінші

Полицейлердің құқық­тық қорғалуын арттыру. Билік өкіл­деріне шабуыл жасау мен заңға бағынбайтындар үшін жауап­кершілікті күшейту қажет.

Төртінші

Әскердің жауынгерлік қабілетін арттыру. Қысқа мерзімде Арнаулы операция күштері қолбас­шылығын құру.

Бесінші

Шекара қызметінің ұйым­дастыру және басқару принциптерін қайта қарау керек. Мемлекеттік шекараны әскери қорғаудан жедел жұмыс әдістеріне баса назар аудартқан реформаларға ревизия жүргізу.

Алтыншы

Сыртқы, әскери, қыл­мыс­тық және қаржылық барлауды қоса алғанда, барлау қызметін толықтай құру қажет.

Жетінші  Түрлі күш құрылымдары арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету керек. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік орган­дардың іс-қимылдарының алгоритм­дері өзектендіріліп, ведомствоаралық үйлестіру күшейтілуі қажет. Сегізінші  Қарулы күштердің өздігінен шешім қабылдай алуын қамтамасыз ету, басшыларының жауапкершілігін күшейту қажет. Тоғызыншы  Діни экстремизмге қарсы күресте жүйелі іс-шаралар кешенін іске асыру. Олардың криминалмен, әсіресе қылмыстық-атқару мекемелерінде  сыбайласып кетуіне мүлдем жол бермеу керек, жолдары қаралады.

Жетінші

Түрлі күш құрылымдары арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету керек. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік орган­дардың іс-қимылдарының алгоритм­дері өзектендіріліп, ведомствоаралық үйлестіру күшейтілуі қажет.

Сегізінші

Қарулы күштердің өздігінен шешім қабылдай алуын қамтамасыз ету, басшыларының жауапкершілігін күшейту қажет.

Тоғызыншы

Діни экстремизмге қарсы күресте жүйелі іс-шаралар кешенін іске асыру. Олардың криминалмен, әсіресе қылмыстық-атқару мекемелерінде  сыбайласып кетуіне мүлдем жол бермеу керек, жолдары қаралады.

Келесі мәселелерге тоқтала кетсек:    Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіп­керлеріміз жанар-жағар май өндіру және оны бөліп-тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз.  Келесі мәселе – «Самұрық-Қазына» қоры қызметінің тиімділігі. Бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Яғни, осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың КЕГОК, Қазақгаз және Қазақстан темір жолы сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. 

Келесі мәселелерге тоқтала кетсек:

  • Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіп­керлеріміз жанар-жағар май өндіру және оны бөліп-тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз.
  • Келесі мәселе – «Самұрық-Қазына» қоры қызметінің тиімділігі. Бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Яғни, осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың КЕГОК, Қазақгаз және Қазақстан темір жолы сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. 
 Кәсіпкерлер мен жалпы қоғам тарапынан «Оператор РОП» деп аталатын компанияның қызметіне қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастыруға дейін жетті.  Үкіметке «Оператор РОП» ЖШС-ның утильдік алым жинаумен пайдалануын тоқтату бойынша шара қабылдауды тапсырамын. Мұнымен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек.  Біздің қоғамды, әсіресе елорда тұрғындарын тітіркендіретін демесек, қатты алаңдататын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Орасан зор қаражат жұмсалды, қарыз алынды. Шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісім-шарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба әу-бастан қателік еді, оны мойындау керек. Оған қоса, бұл жобадан күшті жемқорлықтың иісі шығады.
  • Кәсіпкерлер мен жалпы қоғам тарапынан «Оператор РОП» деп аталатын компанияның қызметіне қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастыруға дейін жетті.  Үкіметке «Оператор РОП» ЖШС-ның утильдік алым жинаумен пайдалануын тоқтату бойынша шара қабылдауды тапсырамын. Мұнымен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек.
  • Біздің қоғамды, әсіресе елорда тұрғындарын тітіркендіретін демесек, қатты алаңдататын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Орасан зор қаражат жұмсалды, қарыз алынды. Шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісім-шарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба әу-бастан қателік еді, оны мойындау керек. Оған қоса, бұл жобадан күшті жемқорлықтың иісі шығады.
 Үкімет мүшелері мен депутат­тардың, әкімдердің еңбек­ақы­ларына тоқталайын.  Өткен жылдың соңында бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды. Негізі аталған санаттағы мемлекеттік қызметшілердің жала­қысы толығымен жеткілікті деп санаймын. Сондықтан Үкімет мүше­лерінің, өңірлер әкімдерінің және депутаттардың жалақысын көтеруге бесжылдық мораторий жариялауға болады деп есептеймін.  Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жалақы мен зейнетақыны бірнеше рет көтердік.  Бірақ әрдайым бағаның бақылаусыз өсуімен бетпе-бет келеміз. Бірнеше жыл бойы жоғары инфляция экономикамыздың басты проблемасы болып отыр. Ол экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бұл мәселеге нүкте қоятын кез келді. Бағаны және халық­тың инфляциялық күтуін тұрақ­тандыру керек.
  • Үкімет мүшелері мен депутат­тардың, әкімдердің еңбек­ақы­ларына тоқталайын.  Өткен жылдың соңында бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды. Негізі аталған санаттағы мемлекеттік қызметшілердің жала­қысы толығымен жеткілікті деп санаймын. Сондықтан Үкімет мүше­лерінің, өңірлер әкімдерінің және депутаттардың жалақысын көтеруге бесжылдық мораторий жариялауға болады деп есептеймін.
  • Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жалақы мен зейнетақыны бірнеше рет көтердік.  Бірақ әрдайым бағаның бақылаусыз өсуімен бетпе-бет келеміз. Бірнеше жыл бойы жоғары инфляция экономикамыздың басты проблемасы болып отыр. Ол экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бұл мәселеге нүкте қоятын кез келді. Бағаны және халық­тың инфляциялық күтуін тұрақ­тандыру керек.
 Келесі мәселеге жекелей назар аударғым келеді. Төтенше жағдай режімінің енгізілуіне байланысты жекелеген қаржылық-өнеркәсіптік топтардың капиталды шетелге, оның ішінде жалған мәмілелер жасау жолымен жылыстату тәуекелі артып тұр. Біз қазірдің өзінде жекелеген тұлғалардың есепшоттарындағы қозғалысты байқадық.  Мемлекеттік қызметке алу талабын жетілдіру, артық талаптар мен кедергілерді жою керек.  Жұмысқа қабылдау мен жоғарылатудың нақты принципі «меритократия» болуы керек. Мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандық үшін ашық болғаны жөн.
  • Келесі мәселеге жекелей назар аударғым келеді. Төтенше жағдай режімінің енгізілуіне байланысты жекелеген қаржылық-өнеркәсіптік топтардың капиталды шетелге, оның ішінде жалған мәмілелер жасау жолымен жылыстату тәуекелі артып тұр. Біз қазірдің өзінде жекелеген тұлғалардың есепшоттарындағы қозғалысты байқадық.
  • Мемлекеттік қызметке алу талабын жетілдіру, артық талаптар мен кедергілерді жою керек.  Жұмысқа қабылдау мен жоғарылатудың нақты принципі «меритократия» болуы керек. Мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандық үшін ашық болғаны жөн.
 Келесі. Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы. Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Мұғалім – мектептің жүрегі».  Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
  • Келесі. Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы. Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Мұғалім – мектептің жүрегі».
  • Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Қадірлі отандастар! Қиын күндер артта қалды. Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін! Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек. Ең бастысы, береке-бірлікті, ты­ныш­тық пен тұрақтылықты сақтауы­мыз қажет.   Енді Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат.  Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Қадірлі отандастар!

  • Қиын күндер артта қалды.
  • Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін!
  • Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек.
  • Ең бастысы, береке-бірлікті, ты­ныш­тық пен тұрақтылықты сақтауы­мыз қажет.  
  • Енді Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады.
  • Бұл шынайы жаңару кезеңі болады.
  • Егемен елімізді бірге өркендетейік!
  • Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. 
  • Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
ЕЛІМІЗДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ЕНГІЗІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮНГІ 23:00-ДЕН ТАҢҒЫ 7:00-ГЕ ДЕЙІН ҮЙДЕН ШЫҚПАУЛАРЫҢЫЗДЫ ЕСКЕРТЕМІН!  Еліміз тыныш,  жұртымыз аман,  тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.

ЕЛІМІЗДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ЕНГІЗІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮНГІ 23:00-ДЕН ТАҢҒЫ 7:00-ГЕ ДЕЙІН ҮЙДЕН ШЫҚПАУЛАРЫҢЫЗДЫ ЕСКЕРТЕМІН!

Еліміз тыныш,

жұртымыз аман,

тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!