СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қатты денелердің қысымы

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қатты денелердің қысымы. Жаңартылған білім жүйесінде жасалған сабақ жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«Қатты денелердің қысымы»

Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қысым

Мектеп:№59

Күні:17.01.2019

Мұғалімнің аты жөні: Кеулимшатова Н

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

§23 Қатты денелердің қысымы

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.3.1.2 – қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;

7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап беру.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты берілсе орындау.Өз бетінше жұмыс жасау. Сұраққа жауап беру. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасау. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындай отырып, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алу.

Бағалау критерийлері

1.Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

2.Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасай алады.

3.Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік мақсаттар


Термин сөздер: қысым, қатты, дене

Құндылықтарға баулу



Еңбек және шығармашылық өмір бойы білім алу. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын

Алдыңғы білім

Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы


Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)


І.Ұйымдастыру

Сәлемдесу; Сыныпты түгелдеу;

Ширату жаттығуы «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» әдісін пайдаландым (екі қолыменде жазу, мысалы өз аты-жөнін жазу). Бұл әдіс арқылы оқушылардың екі жақ миы да жұмыс жасайды.

«Түстер терапиясы» әдісі арқылы 3 топқа бірігеді.

1-топ «Қатты денелер» (Қызыл түс)

2-топ «Сұйықтар» (Жасыл түс)

3-топ «Газдар» (Көк түс)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Дұрыс және бұрыс» әдісі (5минут)

1-топ

1.Бөлінбейтін бөлшек-атом

+

2.Сутек атомын «О» деп белгілеміз

-

3.Дене немесе кез-келген зат атомдар мен молекулалардан тұрмайды

-

4.Дүниеде не бар болса, соның барлығын материя дейді

+

5.Молекулалары ретсіз орналасатындар – аморфты денелер деп атайды.

+

6.Пішіні мен көлемін сақтау – қатты денеге тән емес

-

7.Ауа-әртүрлі газдардың қоспасы

+

8.Дененің газ күйіндегі молекулалары бір-біріне тығыз орналасқан

-


2-топ

1.Дене немесе кез-келген зат атомдар мен молекулалардан тұрады

+

2.Шыны кристалл денеге жатады

-

3.Пішіні мен көлемін сақтау-газ күйге тән қасиет

-

4.Дене деп нақты көлемі мен пішіні бар нәрсені айтады

+

5.Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады.

+

6.Денелердің атомдары мен молекулаларының арасындағы кеңістікке екіншізаттың атомдары мен молекулалары ене алмайды.

-

7.Молекулалары белгілі бір ретпен қайталанып орналасатын денелер кристалл денелер деп атайды

+

8.Сұйықтың көлемін өзгерту оңай

-


3-топ

1.Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту-сұйыққа тән қасиет

+

2.Газ-берілген көлемді түгел қамтымайды

-

3.Таза металл, ас тұзы аморфты денелерге жатады

-

4.Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі

+

5.Зат деп денелерді де, атомдар мен молекулалардан тұратын кез-келген басқа нәрсені де айта береді

+

6.Дененің газ күйінің молекулалары өте тығыз орналасқан

-

7.Бір зат молекулаларының арасына екінші бір зат молекулаларының енуін диффузия деп атайды

+

8.Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болады.

-


Сөздік қоры

Қазақша

Ағылшынша

Қатты

Solid

Сұйық

Liquid

Газ

Gas

Молекула

Molecule

Атом

Atom

Графит

Graphite

Алмаз

Diamond

Кристалл

Crystal

Аморфты дене

Amorphous body


Қалыптастырушы бағалау

Смайликтер арқылы бағалайды

Суреттер жинағы



















Сабақтың ортасы

(30 мин)


ІІІ. Топтық жұмыс

«Дайындал.....назар сал......оқыңдар» әдісі арқылы жаңа сабақ ашылады. (Алдымен оқушылар жаңа тақырып жайлы видео көреді. Әр оқушы берілген тақырыпты түсіндіруге көмектесетін сөздер жинағын алады.Тақырыпты әр топ бөлім бойынша оқиды. Оқушылар тапсырманы жоспарлайды. Постер арқылы қорғайды)

1топ «Қатты денелер»

Қатты, дене, мысал, атом, молекула, кристалл, аморф.

2топ «Сұйықтар»

Қысым, күш, аудан, формула, түрлендіру, ереже.

3топ «Газдар»

Қысым, күш, Ньютон, Паскаль, өлшем бірлік, ХБЖ.

(Оқылым, жазылым, айтылым, жинақтау, қарым-қатынас дағдаларын қалыптастырдым)

Дескриптор

1.Берілген сөздер жинағын постерлерінде қолданады.

2.Қатты денелер жайлы мағлұмат біледі.

3.Қатты денелердің қысымы және оның формуласын біледі, формуланы түрлендіре алады.

4.Қысымның өлшем бірлігін біледі.

Қалыптастырушы бағалау

«Фигуралар» әдісімен бағалаймыз (оқушылар қолдарындағы карточкаларды көтереді)

Төртбұрыш-түсіндім

Үшбұрыш-жартылай түсіндім

Дөңгелек-әлі оқитыным бар

ІV. Жеке жұмыс

«Есептер шығару» әдісі (Есеп шығару арқылы оқушылардың физикалық ойлауын дамытып, теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын дамытамын. Оқушылардың практикалық білігі артады)

А-деңгей

1.100 см2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.

2.Салмағы 200 Н, ауданы 4м2 кілемнің еденге түсіретін қысымы.

В-деңгей

1.Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын табыңдар.

2.Массасы 175кг, әрбір бәтеңкесінің табанының ауданы 0,4м2 астроновтың ұшар алдындағы Жер бетіне түсірген қысымы. (g=10Н/кг)

С-деңгей

1.Шынжыр табанды ДТ-75 М тракторының массасы 6610кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

Дескриптор

1.Есептің берілгенін жаза алады.

2.Берілгенін ХБЖ-ға айналдыра алады.

3.Есептің формуласын жазады.

4. Формуланы түрлендіре алады.

5.Есептің жауабын дұрыс шығара алады.

Қалыптастырушы бағалау «Блок ортасында бағалау»










































Карточкаларстикерлер




















Сабақтың аяғы

(3мин)

«Түсініктеме арқылы бағалау» Кері байланыс «Тазалық кері байланысы»

VІ. Үйге тапсырма: Есептер шығару 4.1-жаттығу

Түрлі түсті қағаз қиындылары









Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау




Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!