СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ халқының байырғы уақыт өлшемдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының байырғы уақыт өлшемдері»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 12 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Тақырыбы: «Қазақ халқының уақыт өлшемдері»

Бағыты: «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану»




Орындаған: Толыбай Сымбат Қанатқызы Семей.қ, «№ 12 ЖОББМ» КММ-нің 6 «Е» сынып оқушысы

Ғылыми жетекшілері:

1. Тусупова Қырмызы Жумакасовна – «№ 12 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

2. Зейноллина Ұлжан Жандосқызы – «№ 12 ЖОББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі















2021 жыл

Мазмұны:

  1. КІРІСПЕ

    1. Байырғы қазақ өлшемдері;

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Көшпенді қазақ халқының уақыт туралы көзқарасы;

    2. Табиғатпен байланысып жатқан уақыт өлшем бірліктері.

  3. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

    1. Қол сүйектері арқылы ай күндерін санау әдісі;

    2. Уақыт өлшемдерінің нақты уақыты.

  4. ҚОРЫТЫНДЫ

  5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




















Аннотация

Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.

Ата-бабамызда бұл замандағыдай дәл өлшейтін аспап-жабдықтары болмаған. Сондықтан да ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.


Аннотация

Каждое казахское слово имело свои пределы и размеры. Люди знали, что у каждого измерения есть функция, поэтому они видели в этом внешнее проявление своего внутреннего духовного веса. Внешний размер объекта, его высота и глубина, твердость и мягкость - все это явления, влияющие на чувства.

У наших предков не было таких точных измерительных приборов, как сегодня. Таким образом, в результате непрерывного развития и обновления опыта, накопленного веками от поколения к поколению, сформировалась уникальная национальная система измерения.


Annotation

Each Kazakh word had its own limits and dimensions. People knew that each dimension has a function, so they saw this as an external manifestation of their inner spiritual weight. The external size of an object, its height and depth, hardness and softness - all these are phenomena that affect the senses.

Our ancestors did not have such accurate measuring devices as they do today. Thus, as a result of the continuous development and updating of the experience accumulated over the centuries from generation to generation, a unique national measurement system has been formed.


Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі:

Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, олардың танымын кеңейткен. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Қазақ халқының өмірі мал шаруашылығы, егін егу болғандықтан ертеректе осы шаруашылықтарға сай өлшем бірліктерін дене мүшелері: саусақпен, аяқпен, қолмен, буынмен өлшеудің әдістерін меңгерді. Бұнымен бірге судың тереңдігін, көлем өлшемдерін, уақытты өлшей білген.

Мысалы:

1) Жылдамдықты: қас - қағым сәт, бір жылт еткен ғұмыр, көзді-ашып жұмғанша.

2) Уақытты: сүт пісірім, шәй қайнатым, бие сауым, ат шаптырым, қозы көш жер, кешке дейін, түнге дейін деп білген.

3) Ұзындықты: шынтақ елі, бармақ елі, табан елі, саусақ елі.

4) Семіздік, яғни жылқы малын өлшем бірлігімен: кере қазы, сере қазы, табан қазы, би қазы, шынтақ қазы – деп анықтап отырған.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан1 бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы екенін, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • уақыттың қажеттілігі мен қазақ халқының уақыт өлшемдерінің пайда болуы тарихын анықтау;

  • қазақтың ұлттық өлшемдерінің мағынасын ашып, қазіргі өлшем бірліктердегі баламасын анықтау.

Зерттеу объектісі:

Байырғы өлшемдердің қолданымдары.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Осы жобада анықталған зерттеулер мен жинақтар математика, логика 1Мысқал-Шығыс елдерінде кең тараған салмақ өлшеуіші

пәндерінен қосымша сабақтарда кеңінен қолданылса, оқушыларды логикалық ой-өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасады.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысым кіріспеден және екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.














































І. Кіріспе

Ғылым мен техника дәуірлеген бүгінгі таңда еліміздің болашағы үшін, сапалы білім ала отырып ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіре оқу басты міндет. Халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес келетін кейбір ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, қазақ халқының уақыт өлшемдері мен осы кездегі уақыт өлшемдері сәйкес келетіндігін дәлелдеп көрсеткім келді. Өмірде қолданылуы басым дейтініміз — халқымыздың этноматематикалық білімі өскен ұясынан, баққан малынан, еккен егінінен, түрлі жасаған қолөнер бұйымдарынан, салған әні мен күйінен, яғни күнделікті өмірінен бастау алып дамуында.

Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем — өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші. Өлшемнің ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты қашықтық мөлшері бар.

Ата-бабамызда бұл замандағыдай дәл өлшейтін аспап-жабдықтары болмаған. Сондықтан да ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге.


    1. Байырғы қазақ өлшемдері

Қазір барлық нәрсенің арнаулы өлшеуіші бар, өлшеуішсіз өмір жоқ.

Өлшеудің және өлшеуіштің қажеттігі тіпті ерте кезде туды, бірақ өлшеу аспаптары мен өлшеу тәсілдері қазіргідей болып бірден қалыптасқан жоқ.

Адам әуелі өлшеуіш етіп өз мүшесін не оның қозғалыстағы белгілі бір қалып немесе айналадағы жұртқа таныс бір нәрсені алып, сонымен өлшейді. Бұл қарапайым өлшеуіштер қазіргідей дәл өлшеу үшін қолданылмады, адамның сол кездегі өмір талабына жеткілікті болған жуық өлшеу үшін немесе таныс бір нәрсемен салыстыра отырып өлшенетін нәрсенің қандай екенін шамамен білу үшін қолданылады.

Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде елі (сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең өлшем: 1 елі ≈ 2 см), қарыс (бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы: 1 қарыс ≈ 23 см), шынтақ (ежелден бері қолданылып келе жатқан шамамен екі қарысқа тең өлшеуіш), аршын (метрге тең өлшем), шынашақтай («шынашақ» - саусақтың кішкентайы), батпан (үлкен, ірі – көлемдік өлшем) т.б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген.

Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен: «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады».















ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Көшпенді қазақ халқының уақыт туралы көзқарасы

Көшпенділердің уақыт туралы көзқарасы оның өмір сүрген ортасымен, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты болған. Тіпті, уақытқа қойған аттары мен әр мезгілді атауының өзі алдындағы малымен, қанжығасындағы арқанымен ұштасып жатады. Шаруашылық ерекшелігіне байланысты қалыптасқан уақыт ұғымын білдіретін тұрақты сөз тіркестерінен: аттың жалы, түйенің қомы, сиыр сәске, бие сауым уақыт, сүт пісірім уақыт, қой қоралап ел орынға отырған уақыт, мал өріске шыққанда, мал төлдеген кезде, қошқарға күйек байлаған кезде, мал өрістен қайтқанда болып келсе, тарих тұрғысынан ел санасына сіңіп қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген тарихи дәуірді білдіретін уақыт өлшемдері бар.

Мерзім өлшемдері:

Бір сәт, қас қағым, ә дегенше - 1 секунд

Сүт пісірім - 5 – 10 минут

Бие сауым - 1,5 сағат

Ет пісірім - 2,5 – 3 сағат

Бір түн, бір күн - 24 сағат

Апта - 7 күн

Ай - 30 – 31 күн

Тоқсан - 3 ай

Жыл - 365 күн

Ғасыр - 100 жыл

Адам өмірі де: жас (1 жыл), мүшелмен (12 жас) есептеліп, бір мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас) т.с.с. бөлінеді.


2.2. Табиғатпен байланысып жатқан уақыт өлшем бірліктері

Табиғатпен байланысып жататын өлшемдер: ай туғанда, алғаш қар жауғанда, жер көктегенде, күн арқан бойы көтерілгенде, жұлдыздар өшкенде, күн батарда, күн көтерілгенде, күн еңкейгенде, күн ұясына батқанда, күн күркірегенде, күн төбеге келгенде, қансонарда, қырау түскенде, таң бозарып атқанда, шөп сарғайғанда, жыл құсы қайтқанда, таң сәріде, елең-алаңда болып келеді. Бұдан бөлек әр маусым ауысқандағы күн мен түннің теңелген уақыттарын да қазақ өз түсінігі мен дүниетанымына сай арқардың тас басары, боқырауын, отамалы тектес атаулармен білдіріп отырған.

Адам тіпті ерте кезден бастап түрлі шамаларды (ұзындықты, ауданды т.б) өлшеумен қатар уақытты да өлшеді, бірақ алғашқы уақыт өлшеуіштерінің дәлдігі аз болды. Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірбие жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді. Табиғат құбылыстарының, мысалы күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысып, ай формасының өзгеріп отыратындығын және бұл өзгерістерде белгілі бір мерзімде қайталап келіп отыратын периодтылық бар екендігін байқап, адам оларды өлшеуіш етіп қолданды. Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра келтіре білді. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде халық өлшемі мен атауы да бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (Мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқан).

Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс-кеш, түн ортасы т.б. Қыс, көктем, жаз, күз – мезгіл өлшемдеріне жатады.

Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мысалы: елең-алаң, құланиек, таң сәрі, құлқын сәрі, таң бозара алакеуім, таң біліне, таң ата, күн шыға, күн қызара, күн қыза, күн көтеріле, күн арқан бойы көтеріле, түске жақын, тал түс, шаңқай түс, талма түс, сәске түс, түс ауа, түс қайта, бесін, екінді, кеш, көлеңке басы ұзара, күн бата, ымырт, іңір, апақ-сапақ, жөппелдеме, намаздыгер, ақшам (намазшам), ақшам жамырай, бей уақыт, қас қарая, түн қараңғысы, ай туа, түн ортасы, жұлдыз сөне т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес халқымыздың таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау, тіл қабілетінен жоғары тұрғанын дәлелдеп береді. Мезгілді қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған.

Ең алдымен адам не күннің, не түннің ұзындығын уақыт өлшеуіші етіп алды, содан кейін күннің де, түннің де ұзындығы үнемі өзгеріп отыратындығын байқап, олардан гөрі тұрақты өлшеуіш ретінде тәулікті-күн мен түннің ұзындығын - алды. Бірақ тәулікті әр ел әр түрлі есептеді: ирандар мен гректер тәулікті күннің шыққан кезінен бастап, ал еврейлер мен түріктер күннің батқан уақытынан бастап есептеді. Сонымен қатар тәулікті не күндізгі, не түнгі сағат он екіден бастап есептеу мәселесі көтеріледі, өйткені алғашқы екеуі жұмыс мерзімін екіге бөліп, есептеу жұмыстарында қолайсыздық туғызды.

Сөйтіп, тәулік түнгі сағат 12-ден бастап есептелінетін болды. Бір күн мен бір түннен құралатын тәулік, ертеден келе жатқан әдет бойынша, қазір де бір күн деп аталады.



















III. Іс-тәжірибелік бөлім

Мен зерттеу жұмысымда халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталып, көптеген қызықты мәліметтер алдым. Жобамның практикалық бөлімінде мен ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыз - көне өлшем бірліктерін пайдалана отырып сүт пісірім уақыттың дәлме-дәл қанша уақытқа тең екенін бақылап көрдім. Менің есептеуім бойынша 1 литр мөлшеріндегі сүттің орташа отта пісу уақыты 7 минутқа тең.

Келесі бір қызықты тәжірибием - қолымыздағы ұсақ сүйектерді пайдалана отырып ай күндерін санау. Бұл санау жүйесін мен ең алғаш өзімнің әжемнен естіген болатынмын және де өзімде қолданып, бірге есептеп көргенді дұрыс деп санадым. Зерттеу жұмысым қызықты екенін осылай жұмыс жасап жатқанда байқадым.


3.1. Қол сүйектері арқылы ай күндерін санау әдісі

3.2. Уақыт өлшемдерінің нақты уақыты























IV. Қорытынды

Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен. Білім бере отырып тәрбиелеген. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған.

Қазақ халқының ауыздан – ауызға тараған есептері, оның тыныс тіршілігін табиғатпен, қоғаммен қарым- қатынасын ойлау жүйесін дамығандығын білдіреді. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмады. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған.

Ойын, тілін, білімін дамыту үшін ауыз әдебиетінің түрлерін пайдаланып, жаңылтпаш, жұмбақтар айтқызып, ертегілерді, аңыз әңгімелерді қолданған.Осы арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өз ойын қорыта білуге, есте сақтау қабілетінің дамуына, бір сөзбен айтқанда баланың зеректігін қалыптастыруға үйреткен.

Өзімнің ізденіс кезімде қазақ халқының өлшем бірліктерін оқи отырып, математикада қазақтың өлшем бірліктерін, шығу тарихымен таныса отырып, қазіргі өлшем бірліктерінің баламаларын анықтауға, яғни қатар қолдануға болатын мүмкіндіктерін негізге алдым.

2000 жыл бұрын дүниежүзінің матемагтары ғажайып қалалар салды. Жердің көлемін өлшеумен шектелмей Жер мен Айдың ара қашықтығын да есептеп шығарды. Осының барлығы математиканың арқасында қол жеткізді. Ал, біздің ата- бабамызда қазіргі замандағыдай дәл өлшейтін аспап-жабдықтары болмаған. Олар тәуліктің уақытын немесе жыл мезгілін болжап білетін. Тіпті өз жастарын да шамамен ғана білетін. Бірақ уақыт өте келе олар күн мен жұлдыздарды бақылау арқылы уақытты өлшеуді үйренді. Бұл негіздеме арқылы біз бабаларымыздың күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөз тіркестерінің қазыргі уақыттағы өлшем бірліктермен сай келетінін байқай аламыз.

Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге.

Қазақта бар өлшемдер,

Сөзімді менің көркемдер.

Елі, қарыс қадам бар,

Қазақша нағыз өлшемдер.

Жақсы – жаман арасы,

Бес елі деп өлшенер.

Білу үшін шырағым,

Білмегенді сұрағың,

Жүрген елдің ойында,

Ескі өлшемдер мол екен.

Бұл өлшемдерді білейік,

Есте ұстап жүрейік.






























V. Пайдаланған әдебиеттер

  1. А.Көбесов, «Математика тарихы».

  2. Қожаметова К. Ж. “Теоретико – методологические основы казахской этнопедагогики” – Алматы. Дәуір, 1994.

  3. Марғұлан А.Х. “Орталық Қазақстандағы Беғазы – Дандыбай мәдениетінің куәлары”.

  4. Әбу Насыр Әл - Фараби “Ғалымдардың шығуы”.

  5. Интернет желісі: https://bilimsite.kz/bastaush/2419-tapkyrlar-sayysy.html