•Балаларды қазақтың ұлттық
салт-дәстүрлеріне баулу.
•Ойын арқылы балаларды адамгершілік, адалдық, әділдік сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру.
•Ұлттық ойындарды ойнай отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.
•Ұлттық ойындар денсаулық үшін орны ерекше екеніне атап өту, ережелерімен таныстыру.Бір жігіт, бір қыз ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын алдарына қойып, уыстап тұрады. Қыз сақинаны әр ойыншының уысына салғандай болып, барлық ойыншы айналып өтеді. Сонан соң жігітке:
- Сақина кімде, тап! - дейді. Барлық ойыншы жігітке қарап, қуыстанғандай түр көрсетеді. Жігіт өзі ұйғарғанынан:
- Сақинаны бер! - деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы өнер көрсетеді. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады.
Осыдан кейін ортаға келесі жұп, қыз бен жігіт шығады. Бұл ойында қыздар тек сақина салушы ғана болады. Іздеуші әр ойыншының алдын барғанда әзіл айтып, күлдіріп те жүруі керек. Сол әдіспен сақина ұстап отырғанды байқап, тауып алуы да ықтимал.
Просмотр содержимого документа
«"Қазақ халқының ұлттық ойындары"»